Логика ғылым ретінде



бет8/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

IV. ОЙ ТҰЖЫРЫМЫ



  1. Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік

Ойлаудың үшінші формасы — ой тұжырым. Ол пайымдау мен ұғымға қарағанда, құрылымы жағынан анағұрлым күрделі. Өйткені бұл олармен теңелмейді, олардан құралады және белгілі бір байланысын болжайды. Осының нәтижесінде, ойлауда өзіндік функцияларымен сапалы айрықша форма құрылады. Басталған аналогияны аяқтай келе, өзіміздің ақыл-ой қызметіміздің атомы — ұғым, ал молекуласы — пайымдау десек, онда ой тұжырымы — сол ақыл-ой қызметінің өзі деген сөз. Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, түсіндіру, болжау, дәлелдеу, бекерлеу, көзін жеткізу, күдік тудыру, сұрау, талап ету, тыйым салу — барлығы және де басқа ойлау әрекетінің формалары белгілі ой тұжырымының түрлеріне ие болады. Сондықтан біз ойлау мен ой тұжырымын жасау, екеуі бір нәрсе деп қорытуға құқылымыз.


Ойлаудың бұл формасында формальды-логикалық талдау: ой тұжырымының мәні неде, оның рөлі мен құрылымы қандай; олардың негізгі типтері нені қамтиды; олар өзара қандай қатынаста болады; олармен қандай логикалық операциялар жасау мүмкін деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Мұндай талдаудың мәні, адамдарды ежелден таңдандырған сөздің орасан күшінің «құпиясы» осы ой тұжырымында (және олардың дәлелдеуге негізделуінде) жатқандығында болады. Және оған қол жеткізген кезден бастап, логика ғылым ретінде басталады деп есептеуінде. Қазіргі кезде біз логиканың күші деп айтатын нәрсені, осы ой тұжырымы қамтамасыз етеді екен. Міне, кейде логиканы тұжырымдалған білім туралы ғылым деп атауы да осы себептен болар. Мұнда ақиқаттың елеулі үлесі бар. Барлық ұғымдар мен пайымдауда алдыңғы пікірлер өз-өзінен маңызды болса да, мәндерін логикалық функцияларына байланысты, тек ой тұжырымына (ендеше дәлелдеулерге) қатысты ғана толығымен ашады.
Ой тұжырымы теориясы — логиканың неғұрлым жан-жақты терең қарастырылған бөлігі. Бұл — тағы да біздің қолымызға таным мен қарым-қатынастың алып құралын беретін өте тиімді теория.
Өмірде біз білімнің тура және жанама түрдегі екі тегімен қаруланғанбыз және соларды пайдаланамыз.
Тура білімді біз сезім мүшелері көмегімен аламыз: «Қант тәтті», «Бұлбұл әдемі сайрайды», «Қар ақ», «Раушан гүлдерінен жұпар иіс аңқиды» деп. Олар біздің біліміміздің елеулі бөлігін құрайды және соның негізі болып табылады.
Бірақ біз әлемдегі нәрселердің бәрі туралы талдау жасай алмаймыз. Мысалы, ешкім ешқашан homo sapiens сияқты биологиялық түрдің қалай пайда болғанын бақылаған жоқ. Алайда ол туралы білім бар. Ол басқа білімнен алынған. Мұндай білімдер құрама (тұжырымдалған) деп аталады. Оларды алудың логикалық формасы қызметін ой тұжырым атқарады.
Жалпы түрде белгілі білімнен жаңа білім тұжырымын алатын ойлаудың формасы түсініледі.
Біздің ойлауымызда мұндай форманың болуы ұғым және пайымдау сияқты объективті шындықтың өзімен шартталған. Егер ұғым негізіне — шындықтың нәрселік сипаты, ал пайымдау негізіне — нәрселердің байланысы (қатынасы) жатса, онда ой тұжырымының объективтік негізін нәрселердің неғұрлым күрделі өзара байланысы — олардың өзара қатынасы құрайды.
Ой тұжырымы ғылыми және күнделікті ойлауда кең пайдаланылады. Олар біздің білімімізді аяқталған кешенге қатысты күрделі ой конструкциясына байланыстырып қана қоймайды, сондай-ақ, оларды байытып, осы білімдерді ары қарай күшейтеді.
Ұғымдарымен, пайымдауларымен бірге ой тұжырымы сезімдік танымның шектеулілігін жеңеді. Сезім мүшелерінің шамасы келмейтін жерлерде: қандай да бір нәрсенің немесе құбылыстың пайда болу себептерін, оның мәні мен тіршілік ету формасын, даму заңдылықтарын және т.б. анықтауда олар таптырмас құрал.
Ой тұжырымы енді тура бақылауға болмайтын өткенді тану құралы ретінде пайдаланылады (мысалы, Күн жүйесінің пайда болуы). Оның үстіне олар әлі бақылауға келмейтін, болашақты түсінуде де өте маңызды рөл атқарады. Әдетте, болашақтағы кейбір дамуды алдын ала болжау, көрегендік таныту сияқты, адамзат қоғамының даму заңдылықтары негізінде болжамдар жасалады.
Күнделікті өмірде сіздер мен біз қадам басқан сайын ой тұжырымдарын жасаймыз. Көшеде адамдардың, машиналардың, жол полициясы қызметкерлерінің, дәрігерлердің жиналып қалғанын көргенде, біз сірә, жол апаты болған-ау деп болжаймыз.
Үйге келіп, есіктің ашық, пәтердің қаңырап босап қалғанын көргенде, біз тонау болған ғой деген ой тұжырымға келеміз.
Заң тәжірибесінде ой тұжырымдары айрықша рөл атқарады. Әдебиет жанры ретінде детектив және кино өте әйгілі. Өйткені ой тұжырымы өнерін меңгергендіктен, бізге қадағалап бақылау ұнайды. Белгілі ізкесушілер ең күрделі таңғажайып қылмыстық оқиғалардың түйінін шешеді. Шын мәнінде, заңгерлердің құралы тек қана логика: онда ол алдын ала тексеру болжаған қылмыскер, қылмыстық әрекеттің кұрылу механизмі, қылмысқа итерген түрткі туралы барлық мүмкін ой тұжырымын құрумен көрінеді. Ал сот дегеніміз, белгілі тұжырымды алу мақсатындағы деректерді талдаудан өзге ештеңе де емес. Тіпті, жалпы кінәлау қорытындысы, тек ой тұжырымының бір формасы ғана.

Ой тұжырымының құрылымы


Ой тұжырымында төмендегілерді айырып көрсетуге болады:


1. Соңғы пайымдау қорытылатын пайымдау.
2. Алдыңғы пайымдаудан шығатын пайымдау.
3. Бірінші мен екіншінің арасындағы логикалық байланыс.
Егер біздің сөзімізде ой тұжырымының алдыңғы екі элементі айқын басым болса, онда үшінші элемент айқын көрінбейді. Бірақ ойлаудағы барлық пайымдауларды біртұтас етіп, яғни ой тұжырымын «тастан қалағандай» етіп біріктіреді.
Соңғы пайымдау тұжырымдалатын пайымдау алғышарт деп аталады.
Алдыңғы пайымдаудан тұжырымдалатын пайымдау қорытынды (немесе тұжырым) деп аталады.
Ой тұжырымының үшінші элементі оның сыртқы құрылымында, әдетте «сондықтан», «яғни», «сол себептен», «өйткені», «не», т.б. сөздерімен көрінеді. Бұл сөздер пайымдаулар арасында логикалық байланыстың бар екенін меңзейді. Біз үшін мұнда ой тұжырымының бар екенін білдіретін белгілер болып есептеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет