«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет4/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Дәріс Макроэк

C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A
Бұл теңдіктің сол жағы, шығындық жағы, келесідей компоненттерден тұрады:
С (consumption) – тұтынуға үй шаруашылықтарының шығындары, оған азық-түлік өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге төлемдер, әртүрлі қызметтер, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, демалысқа және т.б. жұмсалатын шығындар жатады; бірақ тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға кеткен шығындар кірмейді, өйткені олар инвестициялық шығындарға кіреді;
I (investment) –фирмалардың инвестициялық шығындары, яғни олардың машиналарды, шикізатты, құрылысқа жұмсаған шығындары;
G (government) – тауарлар, қызметтер және инвестицияны сатып алуға мемлекеттік шығындар;
NE (net export) таза экспорт, яғни сыртқысауда балансының сальдосы, ол экспорт пен импорт арасындағы айырмашылықты көрсетеді. егер де экспорт импорттан жоғары болатын болса, онда оңды сальдо құрылады, егер де керісінше болса, онда теріс сальдо қалыптасады.
Инвестицияның жалпы және таза түрлері бар. Жиынтық инвестиция таза инвестициялар мен амортизациялық аударымнан тұрады. Егер де жалпы инвестицияның жалпы сомасынан өндірі үрдісі кезінде тозған машиналар мен механизмдерді қалпына келтіруге жұмсаған соманы алып тастасақ, яғни өзіндік амортизациялық аударымды, онда қалған бөлігі таза инвестицияны құрады.
Теңдіктің оң жағы, табыстық бөлігі құралады:
C+S – халықтың тұтынуына және қор жинауына кететін өзіндік қызметінің нәтижелері мен еңбек ақысы түріндегі табыстары; P (profit) – корпорация пайдасы;R (rent) – рента немесе жалгерлік төлем түріндегі табыстары;i (investment) – жинақтары бойынша пайыздық ставка;
T (tax) – кәсіпкерлік қызметке салықтар, өйткені ол құралдар фирмалардан алынады да, мемлекеттің табысына көшеді;A (amortization) – амортизациялық аударымдар, фирманың табысынан қайтадан тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтардың орнын толтыруға өндіру үрдісіне қайта түсетін.
Басқа сөзбен айтқанда, табыстар бойынша есептеу әдісі бойынша – жұмысшылардың еңбек ақысы, пайданың барлық түрлері, ренталық табыстар, амортизациялақ аударымдар мен жанама салықтар қосылады.
ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі әсерін тигізеді, яғни ЖІӨ-нің номиналды және нақты түрлері айрықшаланады.
Ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ номиналды деп аталады, ал тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ - нақты ЖІӨ деп аталады. Өйткені нақты ЖІӨ-ге бағалар деңгейі әсерін тигізбейді, бұл көрсеткіш тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің негізгі көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет