Во-первых, в связи с тем, что одним из направлений деятельности ШОС является обеспечение информационной безопасности, Казахстану необходимо инициировать в рамках ШОС обсуждение понятийного аппарата. Кажущаяся незначительность процедуры, тем не менее может оказаться впоследствии большой проблемой, заметно снижающей эффективность прилагаемых в этой сфере усилий.
Во-вторых, Казахстану следует продумать свою информационную политику по формированию в казахстанском локальном информационном пространстве позитивного имиджа ШОС, а также стран-партнеров Казахстана по ШОС.
Так, можно констатировать, что казахстанцы мало знают о Китае, его культуре, внутриполитической ситуации и внешнеполитических целях. Восприятие Китая в основном стереотипизировано и основывается на определенных мифах. Что касается России, она имеет позитивный имидж в казахстанском информационном пространстве. Основополагающим фактором такого имиджа остается общее культурное пространство.
Что касается ШОС, то блиц-опрос показал, что очень небольшой процент респондентов знает ШОС как организацию, ее состав, цели и направления деятельности. Учитывая то, что дальнейшая экономическая интеграция пространства ШОС предполагает развитие бизнес-сети не только на уровне государственных компаний, но и на уровне среднего бизнеса, важность проведения информационной политики не вызывает сомнений. Социально-гуманитарный вектор развития ШОС также только выиграл бы.
В-третьих, представляется целесообразным создание в рамках ШОС своего рода Инновационно-Экспертного Совета. Целью создания такого Совета явилось бы содействие развитию и реализации высокотехнологичных проектов, предлагаемых представителями интеллектуальных кругов стран-участниц, и предполагающих высокий уровень интеграции государств-участников ШОС в рамках их реализации. Для Казахстана, имеющего в мировых рейтингах высокие показатели в области «изобретательности» населения и имеющего низкие котировки по факторам, обеспечивающим возможность практической "капитализации" ноу-хау, такой механизм явился бы одной из возможностей изменения сложившейся ситуации.
В-четвертых, особое внимание могло бы быть уделено развитию единого научно-образовательного пространства в рамках ШОС. В данном случае спектр возможных инициатив довольно широк: от создания единого пространства в области высшего образования, неплохим вариантом было бы создание единого Университета ШОС, до создания единого банка специалистов в различных областях и выработки механизма для их свободного перемещения в зоне ШОС в целях осуществления научно-педагогической деятельности.
Таким образом, несмотря на имеющуюся в аналитических кругах дискуссию относительно того, чего больше Казахстан получает от членства в ШОС: вызовов или преимуществ, следует принять членство в ШОС как данность. Основные направления развития Шанхайской Организации Сотрудничества не только не противоречат, но и предоставляют широчайший спектр возможностей для реализации национальных интересов Республики Казахстан.
________________________________
-
Хартия ШОС // http://www.infoshos.ru/?id=33
-
Выступление Президента Н.А. Назарбаева на заседании Совета глав государств-членов ШОС в расширенном составе //http://www.akorda.kz/
-
Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира // http://www.akorda.kz/.
-
См. например Султанов Б.К. Казахстанско-российское сотрудничество и проблемы обеспечения безопасности в Центральной Азии // Казахстан и Россия: экономические и политические аспекты стратегического партнерства. Материалы международной научной конференции. – Алматы, 2007. - С. 59-69/
-
Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира // http://www.akorda.kz/.
-
Закон Республики Казахстан «О борьбе с терроризмом».
-
См. например Выступление Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. на открытии Международной конференции мира и согласия 13 февраля 2003 года. // http://www.akorda.kz/
-
Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на IV специальном заседании Контртеррористического комитета СБ ООН 26 января 2005 г. //// http://www.akorda.kz/
-
Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на дебатах 62-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН 25 сентября 2007 года // http://www.akorda.kz/
-
Выступление Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. на открытии Международной конференции мира и согласия 13 февраля 2003 года.; Выступление Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева на Международном форуме “Евразийская интеграция..." Астана, 18-19 июня 2004 г; Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в Академии общественных наук КНР 21 декабря 2006 г.
-
Военная доктрина Республики Казахстан. Ч.2 // http://www.unesco.kz//.
-
Н.Назарбаев: Три кита единой евразийской Идеи - ЕврАзЭС, СВМДА и ШОС (лекция в Евразийском университете им. Л.Гумилева) 27.05.2006.
-
Стратегия индустриально-инновационного развития //http://ru.government.kz/.
-
Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира // http://www.akorda.kz/
-
Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире». Астана 28 февраля 2007 г. (Часть 2) // http://www.akorda.kz/
-
Послание Президента Н.Назарбаева народу Казахстана «Рост благосостояния граждан Казахстана — главная цель государственной политики» 29 февраля 2008 г. // http://www.kazembassy.com.ua/
-
http://www.investkz.com/articles/4430.html/.
-
А.Каукенов Экономическое сотрудничество в ШОС: состояние и проблемы // ШОС в поисках нового понимания безопасности. Материалы международной научной конференции 4.10.2007 – Алматы, 2008. – С. 113-114
-
http://www.prime-tass.ru/news/show.asp?id=600540&ct=news /.
А.Р. Әліпбаев
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе-теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын. КСРО-ның саяси алаңнан кетуі көптеген елдер сияқты орталықазиялық елдері үшін де күтпеген саяси оқиға болды. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі саяси-экономикалық жағдайының елеулі түрде тұрақсыздануына әкеліп, оларды сыртқысаяси таңдауда күрделі тығырыққа тіреді. Жетпіс жыл қатаң одақтастық жүйесінде өмір кешкен елдер шектеулі көлемде болса да қандай да бір дербес топқа шоғырланбаса әлемнен сырт қалатындай күйге көшті.
Өйткені бұған дейін аймақтағы елдерді өз ықпалында ұстауға ұмтылып келген көршілес мемлекеттердің ішінде негізгі тізгін Ресейдің еншісінде еді, кейін бұл аймақтағы елдер Кеңестер одағының тіпті құрамдас бөлігі болып танылды. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда орын алған осы кеңістікпен тығыз қарым-қатынастарға, ыңғайы келсе өз мүддесіне сай ықпал жасауға ұмтылған мемлекеттер де жеткілікті болғаны анық. Соның негізінде бірқатар мемлекеттердің геосаяси мүдделері Орталық Азия елдерінің аумағында тоғысып жатты. Олардың қатарынан шекаралас жатқан Ресей, Қытай, Иран, Түркия сияқты елдерді көруге болады. Осы аймақты өзінікіндей көретін Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқаны қол астында ұстағанды қойып өзі саяси-экономикалық қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан кезі еді. Ал осы сәтте Түркия сияқты әлде қайда орныққан мемлекеттер Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттестіктерін қалыптастырып, екіжақты ынтымақтас-тықты дамыта түсті. Түркия елі мен орталықазиялық елдер арасындағы тарихи түптамырлық қатынастың нығаюына басты негіз болды. Осы орайда жалпы аймаққа көптен көрісе алмаған туысындай ұмтылған Түркия қандай мемлекет деген орынды сұрақ туындайды. Орталықазиялық елдер қандай елмен қарым-қатынасқа түсуде? Жауапты Түркияның саяси-экономикалық әл-ауқатына сараптама жасау барысында ғана айқындауға болады.
Түркия – жаңа қарқынмен дами бастаған, заманға сай өнеркәсіпті, сауданы, дәстүрлі ауыл шаруашылығын, қол өнерді қамтыған ел десе болады. Сонымен бірге саяхаттық және көлік тасымалының инфрақұрылымы жеткілікті түрде таралған ел. Қызмет көрсету саласы жалпы ішкі өнім үлесінің 52 пайызын құрайды.
Елде жеке меншік қатынасы, әсіресе сауда саласында, тоқыма өнеркәсібінде, киім-кешек өндірісінде өте жылдам екпінмен даму үстінде болғанымен, мемлекет әлі де өнеркәсіптің негізгі салаларында, банктік жүйеде және көлік пен коммуникацияда да жетекші рөлді атқарып келеді. Дүниежүзілік банктің топтамасы бойынша Түркия орташатөменгі кірістегі елдер қатарында, әлемде ЖІӨ бойынша 27-орында екен. 2002 жылғы мәлімет бойынша жалпы жұмысбастылардың 34 пайызға жуығы (24 млн адам) ауыл-шаруашылығында, 19 пайызы өнеркәсіпте және 47 пайызы қызмет көрсету саласында. ЖІӨ өндірісінің салалық құрылымында басты орында қызмет көрсету саласы 66 пайызды құраса, өнеркәсіп 21 пайыз, ал ауыл шаруашылығы 13 пайыз (2001 ж.) болатын [1]. Қаржы саласындағы әл-ауқатына қатысты Дүниежүзілік валюталық қор 2002-2004 жылдар аралығында Түркияға 16 млрд доллар көлемінде тұрақтандыру несиесін бөледі. Тұрақтандыру бағдарламасының негізгі бағыттары мемлекеттік қаржыға өте икемді және өте жеңіл бақылау құрылымын беру арқылы мемлекеттік шығынды қысқарту еді. Қаржылық тұрақтандыру жолында Түркияның нәтижесі үкіметке түріктік лирді деноминациялауға мүмкіндік тудырды: 2005 жылдың қаңтарынан бастап 1 000 000 есеге азайтылған ақша өлшемі айналымға түсті. Ал Түркия елінің өнеркәсібіне көңіл бөлетін болсақ, 1990 жылдардан бастап елде өңдеу өнеркәсібі жетекші орында болды, оның үлестік салмағы 80 пайыздан астам болса, өндіру өнеркәсібінің үлестік салмағы небәрі 5 пайыз көлемінде де, қалған бөлігі энергетика, газ және сумен қамтамасыз етуге келеді [2]. Мұнай өндіру оны қажет ететін көлемді қамтамасыз ете алмауда. Сол себепті елдің сыртқы саясаты да оның ішкі экономикалық әлеуетін нығайтудан тыс қала алмайды. Түркия елімен жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуда елдің орталықазиялық елдерге қарасты көзқарасын айқындау өте маңызды болып табылады.
Түркияның жалпы сыртқы саясатын мұқият қарастыратын болсақ, оның негізгі бағыттары АҚШ мемлекетімен қалыптасқан дәстүрлі серіктестік қатынасымен және Еуропалық Одаққа мүше болу ұмтылысымен айқындалады. Әрине, сонымен бірге Түркия аймақтық сыртқы саясатымен теңестіру әрекетінде Орталық Азия елдері, кавказдықтар мен Ресей Федерациясы, Израиль, мұсылман елдері арқылы байланысты нығайтуға тырысуда. Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында Түркия АҚШ сияқты елдің ұлттық мүддесін кеңейтуге ұмтылуда емес пе деген күмән да туындайды. Өзі мүшесі болып табылатын Солтүстік атлантикалық одақтың аймақтағы ұстанымының нығаюына мүдделілігі, әлемдік нарыққа энергия көздерін жеткізуді қолына алу ниеті де байқалып қалатын сияқты. Жалпы мұндай мүмкіндік туған жағдайда қандай мемлекет болмасын өз уысынан шығара қоймас. Дегенмен де, Түркияның орталықазиялық елдерге қатысты сыртқы саясаты тараптардың экономикалық және сыртқы экономика саласындағы серіктестік мүдделеріне қарай құрылуда деуге болады.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның тәуелсіздігі түріктік сыртқы саясатқа жаңа өлшемдер кіргізуге мәжбүр етті. Көптеген салаларда екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықтың жедел өрбуіне тарихи және мәдени бірегейлік пен жалпы ортақ тіл ұқсастығының байланыстылығы өзіндік әсер еткені сөзсіз. Түркияның Орталық Азия елдеріне қатысты негізгі саясаты өзінің саяси және экономикалық тәуелсіздігіне енді ие болған аймақтағы елдердің жаңа арнада дамуына және демократиялық мән-жапсарды игеруге қолдау көрсету деп белгіленген болатын. Жаңа саяси мәнде өткен алғашқы екіжақты ресми сапарлар да басым бағыттарды айқындаған еді.
1992 жылы бастау алған түрік тілді елдер мемлекет басшыларының бас қосуы өзінің жалғасын бүгінгі күнге дейін жалғастырып келуі - өзара ынтымақтастықтың нығая түскендігінің көрінісі. Орталықазиялық елдердің халықаралық, аймақтық ұйымдарға, оның ішінде Солтүстік атлантикалық одақтың «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қатысуы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы Түркия тарапынан тек қолдауға ие болуда. Сондай-ақ өзаралық экономика саласындағы байланыстар жедел қарқынмен дамуда. Аса жоғары табыстар сауда, коммуникация саласында кең өріс алғандығы өте айқын. Сонымен бірге техникалық тұрғыдан орталықазиялық елдерге көмек беру үшін Ынтымақтастық және даму жөніндегі түріктік агенттіктің (Түріктік халықаралық кооперация агенттігі – түрікше қысқартылымы-ТІКА) құрылуы мемлекеттер арасындағы байланысты жақындата түсті.
Агенттіктің негізгі мақсаты орталықазиялық елдерге әртүрлі саладағы жобалар мен бағдарламалар арқылы оның ішінде ауыл шаруашылығы, білім беру, кіші және орта кәсіпкерлік, энергетика, саяхат және тағы басқа да түріктік көмекті тиімді үйлестіру болатын.
Түркия тарапынан аймақтағы елдерге берілген несиенің жалпы көлемі 1 275 млрд доллар болса, оның 700 млн долларынан астамы игерілді. Бұл несиелер арқылы аймақты түріктік іскер тұлғаларды қызықтыра алатын инвестициялық кеңістікке айналдыру көзделінген еді. Түркияның осы аймақтағы елдермен сауда айналымы 2005 жылы 1,9 млрд долларға жетсе, жалпы түріктік компаниялардың капитал құюы 4,5 млрд доллардан асқан. Сонымен бірге түріктік мердігерлердің аймақтағы жүзеге асырған жобаларының жалпы құны 12 млрд долларды құрайды [3].
Әрине, бұл екіжақты қатынастардың жоғарғы шегі емес, екі тараптың бір-бірімен алмасатын саласы да жеткілікті, бейбіт ынтымақтастық нәтижесінде тек бір-бірін толықтыра түсері хақ. Мәдениет пен білім саласындағы өзара ынтымақтастық та алғашқы күндерден бастап-ақ кең етек алған болатын. Орталық Азия елдерінен жастар Түркияға білім бағдарламалары арқылы біліктілігін арттыруға аттанып жатқан кезде, түркиялықтар да Қазақстан, Қырғызстан сияқты елдерде білім алуға келген еді. Соның негізінде көпшілігі осы аймақта өздерінің еңбек жолын жалғастырды.
Түріктік капитал Каспийдің мұнай қорын игеруде және Еуропаға мұнай тасымалдауға арналған мұнай құбырларын салуда жетекші орынға ие болуға ұмтылуда. Сол бағытта 2002 жылы Түркия Әзірбайжан және Грузиямен Баку-Тбилиси-Джейхан құбырын салу жөніндегі келісімге келген болатын.
Сондай-ақ Түркияның Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастығы да белсенді түрде кеңеюде, әсіресе газ бен мұнай көздерін зерттеп,игеру саласында. Соңғы кездері осы елдерге деген түріктік мемлекеттік, сонымен бірге жеке меншікті қаржы салымы елеулі түрде өсе түсуде.
Өзінің жан-жақты ойластырылған сыртқы саясатында Түркия Орталық Азиямен бірнеше бағытта, яғни саяси, экономикалық, мәдениет пен ғылым және білім саласында ынтымақтастығын дамытуда. Қарым-қатынастардың нығая түсуіне мемлекеттік жүйемен қоса түріктік жеке бизнес әлеуеті мен әртүрлі қоғамдық, діни және саяси ұйымдар да өздерінің күш-жігерін салуда.
Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы жасалған 1992 жылдың наурызында Сүлеймен Демирель баспасөз мәслихаты барысында Түркия «жаңа егеменді мемлекеттер үшін мәдени орталық және тарихи магнит» болады деп мәлімдеген болатын [4]. Жаңа мемлекеттермен байланысты нығайту Экономикалық ынтымақтастық ұйымының шеңберінде де қолдау тапқан еді. Бұл ұйым 1964 жылы аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түркия, Иран және Пәкістан арасында құрылған болатын. Аймақтық ынтымақтастық ұйымын дамыту үшін 1985 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы деген атпен қайта жандандырғаны белгілі. Ал 1992 жылы бұл ұйымға Ауғанстанмен қоса Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түрікменстанның мүше болуы ұйым шеңберін кеңейте түсті. Ұйымға 10 мемлекет мүше болып, 300 млн адам тұратын жалпы 7 млн шаршы км аумақты қамтыды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдері мен Түркияны бірге қамтыған бірден-бір аймақтық ұйым болып табылады. Ұйым шеңберінде сауданы дамытуда Түркия белсенді рөл атқаруда, Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен үлгілеріне сай сауда тәртібін енгізіп, теңізге шығуы шектелген Орталық Азия елдері үшін әлемдік сауда орталықтарына мүмкіндікті ашатын көліктасымалы торабын дамыту көзделуде. Ұйымның жұмысы нәтижелі болу үшін оны жетілдіру мәсселелері қозғалып және транзитті тасымал жөніндегі ұйымның ауқымды келісімдері қайта қарастырылуда. Экономикалық ынтымақтастық ұйым көлеміндегі шешімін іздеген негізгі мәселелердің бірі Алматы-Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын теміржол жобасы, сонымен бірге Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Сауда және Даму Банкін құру.
Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы мәдени байланыстар да екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ерекше екпін беріп келеді. Бүгінгі күні мәдени саладағы қатынас шеңберіне қосылуға Ресей жағыда кет әрі емес. Бұл ең алдымен түріктік мәдениет пен өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым ауқымында кең етек алып отыр. 2009 жылдың 2 сәуірінде Ұйымның штаб-пәтерінде өткен кездесу барысында ұйым жетекшісі Дүйсен Қасеинов: «Әлемнің түріктілді халықтарының мәдениеті мен өнерін сақтап және насихаттауды зерттеудегі өз қызметінде ешқандай саяси мақсат көзделмейді, адамзаттың ізгілікті мұрасының мәдени көпқырлығын басшылыққа алып Ұйым мүшелерінің ішкі ісіне араласпайды», - деп мәлімдеген болатын [5]. Яғни, бұдан Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар тек саяси астарға ғана негізделмегенін, елдер арасындағы таза мәдени байланыстардың құндылығы да ерекше екендігін көруге болады. Екіжақты ынтымақтастықтың болашағынан зор үміт күтуге болады. Түркияның сыртқы саясатының негізі мен қайнар көзі «Елдегі бейбітшілік, жаһандық бейбітшілік» қағидаты болу керектігін Ататүріктің өзі өсиет етіп кеткендігін білеміз. Соған орай түріктік сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық елдермен, ең алдымен көршілес мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, орын алған шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу, аймақтық және халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге үлес қосу болып табылады. Бүгінгі күрделі де маңызды халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүру қағидасына екі жақ та мүдделі болары анық.
-
В.Аватков: Перекресток геополитических интересов России и Турции - Кавказ и Центральная Азия // http://www.centrasia.ru/news.
-
Дружиловский С.Б., Хуторская В.В. Политика Турции и Ирана в Центральной Азии и Закавказье. // Иран и СНГ/ Под ред. Н.М.Мамедовой. М.: ИВ РАН, Институт изучения Израиля и Ближнего Востока, 2003.
-
Уразова Е.И. Евразийское направление внешней политики Турции при правительстве Партии Справедливости и Развития (ПСР). // Турция в новых геополитических условиях (материалы круглого стола март 2004). Под ред. Ульченко Н.Ю. М.: ИВ РАН, ИИИиБВ, 2004
-
Отношения с республиками Центральной Азии и Организация экономического сотрудничества //http://www.mfa.gov.tr
-
http://www.turksoy.org.tr
М.С. Мырзабеков
ҚАЗАҚСТАН-НАТО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӘСКЕРИ-САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ
Биполярлы әлемдік тәртіптің жойылуы халықаралық қатынастар жүйесіне көптеген позитивті өзгерістер әкелумен қатар, жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуына да жол берді. Әлемдік деңгейдегі екі қуатты мемлекеттің қауіпсіздігі контекстінде қарастырылып келген ғаламдық тәртіп жүйесі ендігі жерде халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Жаңа өзгерген жағдайға бейімделген бұндай жаңаруларды жүзеге асыру, ең алдымен халықаралық қатынастар жүйесінде әрекет жасап келген институттарды құрылымдық-басқару және даму стратегиясын қабылдап реформалау арқылы ғана мүмкін болды. Осындай жаңаруды басынан кешірген және жаңа жағдайға байланысты өзіне жаңа функциялар мен міндеттемелер қабылдаған ұйымдардың бірі НАТО болып табылады.
Соңғы жылдар аралығында НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер орын алып, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Бұл процесс Қазақстанның Солтүстік Атлантика Шартты Ұйымы (НАТО) шеңберінде әріптестіктің жаңа формаларын енгізу арқылы өз жалғасын табуда. Соның нәтижесінде НАТО-ның әскери құрылым стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырап, осы ұйымға мүше-мемлекеттердің қорғанысқа арналған әскери шығындары азайып, блоктың жеке құрамымен құрылымдық әскери бөлімдері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан әскери-саяси ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және доктриналар қайта қаралды.
НАТО-Қазақстан қатынастары 1992 жылы Қазақстанның Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық кеңесіне (1995 жылы Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі болып өзгертілді) кіруімен басталды. Ынтымақтастық аясы кеңіп, 1995 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды. 2002 жылы Қазақстан Жоспарлау және сараптау үрдісіне (ПАРП) араласып, әскери және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтті. 2005 жылы Қазақстанның алғашқы Серіктестік әрекеттерінің жеке жоспары (ИПАП) жасалғаннан кейін, ішкі реформалық үрдістерге баса назар аударылды [1].
Қазіргі кездегі НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі барысында Қазақстан айналасында да үлкен саяси ойындардың жүргізіліп жатқандығының белгілері анық білінуде. НАТО жетекшілігінің кейінгі кездердегі Қазақстан Республикасына қатысты жүргізіп отырған саясаты еліміздің осы ұйымға мүше ретінде кіруінің дайындықтары іспеттес. Дегенмен, Қазақстан НАТО-ға мүше-ел ретінде кіруге кезекте тұрған жоқ деп толық сеніммен айтуға болады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ресми мәлімдемесінен көруге болады. Онда: «Егер де осы ұйымның мүшесі деген мәртебе алу туралы айтатын болсақ, Қазақстанның НАТО-ға мүше ретінде енуі туралы мәселе бүгінгі күн тәртібінде тұрған жоқ, сондықтан біздің республикамыз Солтүстікатланттық альянсқа қатысушы елге айналды деп айту шындыққа сай келмейді. Сонда болса, Қазақстан НАТО-ның барлық әріптестік және ынтымақтастықты көздейтін барлық бағдарламасына белсенді түрде қатысады. Бұл ең алдымен Еуроатланттық әріптестік Кеңесі (СЕАП), «Бейбітшілік жолындағы әріптестік, «Бейбітшілік жолындағы ғылым», «Терроризмге қарсы күрес жоспары» және болашақта мүмкін болатын әріптестік бағдарламалар» делінген [2].
Қазақстанның НАТО ұйымымен белсенді өзара әрекеттестігінің басталуы 2000 жылдың орта шенінен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назрбаевтың НАТО-ның бас хатшысы лорд Дж. Робертсонмен Брюссель мен Астанадағы кездесулерінен кейін мүмкін болды. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру осы кезде мемлекет басшысының альянс жетекшілігімен ұдайы пікір алмасулар өткізуімен, солардың ішінде нақтырақ айтсақ, Қазақстан-НАТО қатынастарының көкейкесті мәселелер, аймақтық қауіпсіздік және көптеген т.б. мәселелерді талқылаулар орын алады. Екіжақты ынтымақтастық пен әріптестікке баға берер болсақ, сенімнің ең жоғары деңгейі НАТО және оның мүше-елдері қатысқан Ауғанстандағы антитеррорлық операцияны жүзеге асыру барысында көрсетілген болатын. Еуроатланттық әріптестік кеңесі шеңберіндегі Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы белсенді түрде іске асырылуда. Қазақстан НАТО-ның ЕАӘК/СЕАП/ мүше-елдері сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және НАТО-ның штаб-пәтері жанынан аккредитацияланған елшілер деңгейіндегі кездесулерде және аталмыш кеңес ұйымдастыратын тағы да басқа шараларға үнемі қатысып келеді.
2001-2003 жж. аралығында екіжақты ынтымақтастық пен әріптестік шеңберінде 26 жоспарланған шара іске асырылды. Оларға атап айтқанда, Cooperative Osprey-2001, Combined Endeavor-2001, екіжақты «Қалқан-2001», «Аймақтық ынтымақтастық-2001» әскери жаттығуларын айтуға болады. Шаралардың бір бөлігі 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасына байланысты басқа ауыстырылған болатын. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Брюссельдегі НАТО штаб-пәтеріндегі біздің өкіліміз өз жұмысына кірісті, ол сонымен қатар Қазақстан Республикасының ГФР мен Бнеилюкс елдеріндегі әскери атташе ретінде өкілдік етеді [3].
Есірткі мен есірткі саудасының таралуының мәселесінде НАТО біздің республикамызға кеден мен шекара пунктілерінде жедел тез арада есірткіні іздеп тауып алу, диагностика, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырып, осы бағытта көмек көрсетуге дайын. Сонымен бірге, республикамыз үшін мамандарды сапасы қажетті деңгейде дайындау мен қазақстандық мамандарды бақылаудың жаңа техникасы мен әдістемелерін, Қазақстан территориясы арқылы есірткі заттардың заңсыз тасымалдану арналарын тауып алып, жоюды үйрету бағытында да көп көмек көрсетілуде. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың белсенділігін арттырудың барлық мүмкіндіктері бар. Осы шаралар қорғаныс саясат пен стратегия, қорғаныс салаларындағы зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және технологияларды дамыту, жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына жол бермеуіне нұқсан келтіретін саяси және қорғаныс шаралары сияқты бағыттар бойынша өзара әрекет етуде жаңадан талпынастар мен ұмтылыстар қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасы НАТО ұйымымен ынтымақтастықта «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы бойынша ең алдымен маман-кадрларды дайындау мен әскери құрылымдарды жетілдіру мен дамыту сияқты мәселелерді бірінші орынға қойып отыр. Осы мақсатта 2003 жылдың 31 мамырында республикамыз «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы негізінде НАТО-ның шеңберіндегі операцияларға қатысуға мүмкіндіктер беретін «Қарулы күштер мен бақылау процесі» (ПАРП) деген бағдарламаға қосылды.
ПАРП бағдарламасы шеңберіндегі әріптестіктің аса маңызды мақсаттары: аэронавигация мен коммуникациялық жүйелерді сәйкестендіру, командалық-басқару штаб офицерлері үшін тілдік дайындық, НАТО-ның «БЖӘ» (ПИМ) бағдарламасы шеңберіндегі бітімгершілік операцияларға қатысу үшін қазақстандық әскери бөлімдерді дайындау, НАТО-ның картографиялық стандарттарын зерттеу шаралары жүзеге асырылуда.
2005 жылдың қаңтар айында, Ағымдағы жылдың қаңтар айында НАТО-ның штаб-пәтерінде «НАТО+Қазақстан» форматында әскери-саяси басшылық комитетінің мәжілісі өтіп, онда Қазақстан мен Солтүстік-Атлантикалық келісім ұйымы арасындағы диалогтың барлық сипаттары үйлестірілген «Серіктестік» Жеке іс-қимылдар жоспары қаралған болатын. Қаңтардың 31-і күні осы Жоспар бекітіліп, өз күшіне енді. Осылайша, Қазақстан - НАТО-ның ынтымақтастықтың жаңа тетігін қабылдаған Орталық Азия аймағындағы бірінші серіктес-мемлекет болып отыр. Қазақстанның НАТО жанындағы миссиясының басшысы, Бельгиядағы Елші Константин Жигаловтың айтуынша, «Жоспарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімнің ішінде, Қазақстанның барлық мүдделі ведомстволарының белсенді жұмыстарының арқасында жүзеге асырылды және ол 2005 жылдың шілде айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы алға қойған НАТО-мен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған міндетті жүзеге асыру болып табылады» [4].
«Серіктестік» жоспары аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, Қарулы күштерді түрлендіруге, ғылым, төтенше азаматтық жоспарлау, экология салаларындағы ынтымақтастыққа, лаңкестікпен күреске бағытталған жан-жақты жоспар болып табылады.
Жоспарға қолдың қойылуына орай, НАТО Бас хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хат жолдап, НАТО мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасты дамытуға деген жеке ұстанымы үшін алғыс білдірді және қауіпсіздік саласындағы маңызды мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артты.
«НАТО+Қазақстан» форматында әскери-саяси басшылық комитетінің 2002 жылдың 15 мамырында Рейкьявикте өткен Еуроатланттық әріптестік Кеңесіне мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысында Қазақстанның НАТО-мен жаңа қауіптердің алдын алу үшін ынтымақтастықтың пәрменділігін бекітіп, арттыру көзделді. Сонымен қатар Қазақстан тарапынан ЕАӘК-тің одан әрі қарай дамуы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар жасалынды.
НАТО-ның Халықаралық хатшылығы өкілдері тарапынан Қазақстан делегация басшысының айтқан сөздерінің мазмұны мен оның бағыттылығына оң баға берді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекетік хатшысы әрі сыртқы істер министрі
Қ.К. Тоқаевтың НАТО бас хатшысы Дж. Робертсонмен кездесуі барысында Қазақстан мен альянс арасындағы қорғаныс саласында, аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселелері екі-жақты мүдделілік білдіріліп, Қазақстанның Орталық Азия аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды ролі атап өтілді. Кездесу барысында Қазақстан тарапы «екі- жақты әріптестік деңгейі өте жоғары, алайда Қазақстан Республикасының НАТО-ға мүше-ел ретінде кіру туралы сөз қозғауға ешқандай негіз жоқ. Барлығы халықаралық жағдайдың өрбуіне және ең алдымен альянстың әлемдегі жаңа жағдайдағы трансформациялаудың динамикасына байланысты» деген еліміздің позициясы мәлімделінді [5].
Қазақстан – НАТО қарым-қатынасына алғашқы қадам 1992 жылдың қараша айында НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы М. Вернердің Алматыға сапарымен және Президент
Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылдың ақпанындағы НАТО-ның штаб-пәтеріне сапарымен басталады. Сол уақыттан бері Қазақстанға Альянстың саяси және әскери басшыларының өкілдері бірнеше рет келіп кетті.
Қазақстанның геостратегиялық орналасуына байланысты НАТО-ның толық мүшелігін иемденуге еш ниеті жоқ. Бірақ, ҚР ойынша, Батыс пен Шығыс Еуропаның және бұрынғы КСРО республикаларының әскери-саяси ынтымақтастығының белсенділігі Еуразия континентіндегі сенімділік климатының нығаюына үлкен әсер етеді. Қазақстан НАТО-мен біріккен жобаларға қатыса және альянстың үлкен әскери-техникалық күшіне назар аудара отырып, өзінің әскери дайындық дәрежесін көтеруді мақсат етеді.
1992 жылы Қазақстан НАТО-ның органы Солтүстік атланттық Ынтымақтастық Кеңесінің (ССАС) мүшесі болды. Бұл орган Шығыс Еуропаның және бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіз мемлекеттерімен ынтымақтастықты орнату үшін арнайы құрылған. Қазақстанның НАТО-мен (ынтымақтастығы) ССАС жүйесі бойынша іскерлік және өзара тиімді сипат алды.
1994 жылы 27 мамырда «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» құжатына қол қойып, Қазақстан бағдарламаның 19 қатысушы болды. 1994 жылдың желтоқсанында Қазақстан НАТО-ның жетекшілігіне болашақ ынтымақтастықтың бағыттары айқындалған презентациялық құжат ұсынды.
Бұл құжатта: ұлттық қорғанысты жоспарлау және қаржыландыру; қарулы күштерді демократиялық бақылаумен қамтамасыздандыру; жеке бөлімшелердің бейбітшілікті қолдау және гуманитарлық операциялар сияқты миссияларды орындау үшін және оларды дайындау мақсатымен біріккен жоспарлау мен әскери дайындық жүргізу; қарулы күштерге мамандар дайындау көзделген [6].
Қазақстан мен НАТО-ның біріккен қызметін бақылау үшін 1996 ж. қарашасында АҚШ-тың қолдауымен Моне қаласында (Бельгия) ҚР-дың НАТО жүйесіндегі серіктестігі бақылау тобында офисі ашылды. 1997 жылдың мамырында ССАС Еуроатланттық серіктестік кеңесі СЕАП болып өзгертілді. Қазақстан ССАС-тың мүшесі ретінде СЕАП-тың мүшесі автоматты түрде болды.1998 жылы 20 қаңтарда Брюссель келісіміне сәйкес НАТО-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның өкілдігі ашылды.
ҚР және НАТО ынтымақтастығының келісімді құқықтық негізі кеңеюде. 1996 жылы 31 шілдеде НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде Қазақстан мен НАТО арасында екі келісімге қол қойылды. Оның біріншісі - «Қауіпсіздік туралы келісім» болса, екінішісі - «Қарулы күштер мәртебесі туралы келісім». Бірінші келісім «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының ынтымақтастық шеңберіндегі территориялардағы қауіпсіздік мәселесі бойынша (әскери оқулар жүргізген жағдайларда, т.б.) бірлескен іс-қимылдарды реттеудегі құжат болуымен маңызды болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан мен НАТО арасында ынтымақтастық жеке серіктестік бағдарламалар арқылы жүргізіледі. Бұл бағдарламада Қазақстан-НАТО ынтымақтастығының басымды бағыттары көрініс тапты.
Бірінші кезекте - әскери ынтымақтастық және оқыту. НАТО мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнаған күннен бастап, НАТО-ның мүше мемлекеттері мен басқа серіктес мемлекеттер өткізіп жатқан «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасындағы әртүрлі шараларға, курстарға, семинарларға, жұмыс кездесулеріне 200-ден астам қазақстандық офицерлер қатысты [7]. НАТО-ның әскери-оқу мекемелерінде Римде (Италия), Обераммергауде (Германия), стратегиялық зерттеу орталығы мен Дж. Маршалл атындағы қорғаныс экономикасында, Гармиш-Партенкирхен қаласында (Германия) және т.б. жерлерде оқыған көптеген қазақстандық әскери басқарманың өкілдері НАТО мемлекеттеріндегі ұйымдардың әртүрлі аспектілерімен танысуда, НАТО елдеріндегі әріптестерімен жеке байланыс орнатуда үлкен мүмкіндік алды. «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарлама-сындағы әртүрлі оқуларға қазақстандық офицерлер 1995 жылдан бастап бақылаушы ретінде қатысты. Қазақстанның қарулы күштер Академиясының курсанттары АҚШ-тың Форт-полк әскери базасында НАТО-ның бейбіт шараларына қатысты. 1997 жылы маусымда және 1998 жылдың сәуірінде медициналық көмек көрсету туралы американ-қазақ шаралары өткізілді.
Бейбітшілікті орнату мен қолдауды жүзеге асыратын бітімгерлік операцияларды бірлесе өткізуге көңіл баса бөлінуде. 1997 жылы ынтымақтастың қорытындысы бойынша, бас штатта 7 офицер бейбіт шараларын жоспарлау мен дайындау үшін және әртүрлі штаттық дәрежелердегі 15 офицер дайындалды. 20-дан астам әскери әуе күштердің офицері, байланыс құрылымдары, техникалық қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штабы көп ұлтты күштердің бейбіт шараларына қатысты.
1997 ж. 10-11 наурызда НАТО-ның Бас Хатшысы Х. Солананың Алматыға сапары барысында Республика басшылығымен ынтымақтастықтың маңызды бағыттары белгіленді. Бұл ғылыми ынтымақтастық және Қазақстан үшін өзекті мәселе – қоршаған ортаны қорғау саласында. Сонымен қатар НАТО Бас Хатшысы аумақтық қауіпсіздік мәселесі бойынша ақпаратпен алмасуды ұсынды. Қазақстан өкілдері Альянстың негізгі форум және комитеттер жұмыстарына тұрақты қатысады. Оның ішінде: Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері кездесулері, елшілер дәрежесіндегі айлық кеңестер; саяси, басқару комитеттерінің отырыстарының; экономикалық директораттың; ғылым және экология комитеттері; ИПП тереңдету бойынша жоғарғы қызмет тұлғаларынң топтасуы; құбырлар жүйесі бойынша НАТО комитеті; СЕАП елдерінің қарулы күштер Бас штабтарының басшылар кездесуі және т.б.
«НАТО – Қазақстан» (7-11 сәуір 2008 ж.) ынтымақтастық аптасы аясында Орта Азия және Кавказ елдері бойынша НАТО бас хатшылығының арнайы өкілі Роберт Симмонс НАТО - Қазақстан ынтымақтастығы бойынша серіктестік қызметінің жеке жоспарлары (IPAP) мен жоспарлау және қайта қарастыру (PARP) процестері жөніндегі мәселелерді қарастыру үшін Алматы мен Астанадағы қазақстандық жауапты тұлғаларымен кездесу өткізді. Осы ынтымақтастық шеңберінде қоғамдық дипломатияның бірқатар іс-шаралары өткізілді.
11 сәуірде Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында НАТО депозитарлық кітапханасының ашылуы болды. Орта Азия мен Кавказ елдері бойынша НАТО бас секретариатының арнайы өкілі Роберт Симмонс өзінің құттықтау сөзінде: «НАТО – Қазақстан ынтымақтастық аптасы» қазақстандық қоғамның НАТО серіктестік саясатын жете түсінуіне айтарлықтай үлес қосты әрі НАТО мен Қазақстанның өзара ынтымақтастығын нығайтты. ҚР академиялық кітапханасында ашылып отырған депозитарлық кітапхана НАТО мен Қазақстанның гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын әрі қарай қарқынды дамытуға ықпал ететін болады», - деді [8].
НАТО депозитарлық кітапханасын құрғаны үшін ҚР ҰАК бас директоры Роза Бердіғалиева Роберт Симмонс мырзаға алғыс білдіріп, НАТО мен Қазақстанның өзара ақпарат алмасу барысында бұл бастаманың маңызы зор деп атап өтті. Мәртебелі мейманға оқырман билеті табыс етілді. Бұдан соң Роберт Симмонс мырза кітапханадағы құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырды. НАТО депозитарлық кітапханасының алғашқы ақпараттық материалдарына «НАТО анықтамалығы» жатады. Анықтамалықта 2005 жылдың күз мезгіліне дейін Солтүстік Атлантика Одағын дамытудың жан-жақты талдамасы, НАТО қызметі - «НАТО-Ресей. Прагматизм рухындағы серіктестік», «НАТО брифингі», «НАТО РИГИ-дан кейін» деген кітапшалары мен «НАТО жаңалықтары» бюллетені ұсынылған.
Бұдан әрі НАТО-ның мультимедиялық материалдары мен әр алуан жарияланымдары жеткізілмек. Аталған ақпарат құндылықтарын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының оқырмандары еркін пайдалана алады.
Сонымен, Қазақстан-НАТО әріптестігі қазіргі кезде тараптар арасында қол жеткізілген уағдаластық негізінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық құқықтық негіз қаланған. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен НАТО әріптестігін дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптастыруда. Сондай-ақ, Қазақстан мен НАТО арасындағы қатынастар толық, конструктивтілік пен өзара тиімді сипат алуда. Қазақстан-НАТО әріптестігінде маңызды орынды иеленетін жайт – тараптар арасындағы ынтымақтастықтың әскери-техникалық және саяси әріптестік мәселелері. Ал енді мұндай тығыз қатынастар аймақтағы және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосылған қомақты үлес екендігі ешқандай дау тудырмайды.
________________________
-
Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. - Алматы: Қарасай, 2006. - 226 б.
-
Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Алматы: ҒӨ Пбк «САІІНАК», 2002. - 325 б.
-
Бұл да сонда.
-
Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. - Алматы: Қарасай, 2006. - 226 б.
Достарыңызбен бөлісу: |