Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет39/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
multi-293 x970856161

Ұйымдық жоспар. Бұл бөлім келесідей ақпараттардан тұрады:
1) меншік түрі жөнінде (шаруашылық серіктестіктер бойынша құрылу және серіктестік шарты көрсетіледі, акционерлік қоғамдар бойынша - акционерлер құрамы және оларға тиесілі үлестері, акционерлік қоғамдар бойынша шығарылған акциялар көлемі мен олардың эмиссиясы көрсетіледі);
2) кәсіпорынның ұйымдық күрылымы жөнінде (кәсіпорынды басқарудың үйымдастырушылық сызбасы, бөлімше құрамы мен олардың функциясы, филиалдары мен олардың еншілес кәсіпорындары, олардың бас кәсіпорынмен ұйымдастырушылық өзара байланысы);
3) персонал жөнінде (директорлар кеңесінің мүшелері, қысқа өмірбаяны жайлы анықтамалар, қаржылық кұжаттарға қол қоюға құқығы барлар, жетекші кұрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу, жетекші персоналдардың еңбекақы мәселелері);
4) кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөнінде (кәсіпорынның кұрылуы мен қызмет етуінің кұкықтық аспектілері).

Әдебиеттер:


1. Рахметов Б. А. Персоналды басқару, теория, тестілер, тәжірібе сабақтары: оқу құралы / Б. А. Рахметов. – Алматы: Экономика, 2006.
2. Управление персоналом организации: учеб./ Под ред. А. Я. Кибанова; ГУУ – 4-е изд., доп. и перераб. – М.: НИЦ ИНФРА-М, 2014.-695 с.
Тақырып 7. Рекрутмент
1. Персонал рекрутингі
2. Құрылымдық жəне технологиялық жұмыссыздарды реттеуде классикалық рекрументі
3. Рекрументті басқару кластерлік жолының тиімділігі


1. Персонал рекрутингі
Заманауи əлемдік экономиканың жаһандануы мен ақпараттандырылуы жағдайында өндірісті модернизациялау нарық механизмдерінің нормалы түрде жұмыс істеуі үшін арнаулы бизнес- қызметтер қажет, оларға персоналды іздеу, таңдау жəне жұмыспен қамту да жатады, оларды рекрутингтік қызмет деп атайды, бұл бағыт қазір Батыс елдері мен Ресейде белсенді дамуда. Оның тіршілік етуінің негізі компанияның бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін білікті қызметкерлердің, мамандар мен менеджерлердің тапшылығы болып табылады, қазір рекрутмент — экономиканың белсенді дамушы саласы.
Рекрутмент — бизнестің жаңа бағытты саласы, сондықтан оның негізгі анықтамасы мынау деп баса айту қиын. Рекрументтік нарық қызметіне-жарнамалық агенттер қызметіне жоғары сұраныс, кадрлық компаниялардың қызметін пайдаланған кəсіпорындар, көрсетілген қызмет пен сапаға қанағаттанбайды, себебі оларда кəсіби стандарттың жоқтығы, сондай-ақ осы қызметтің түріне мемлекет немесе кəсіби қауымдастықтар тарапынан лицензиялау, агенттіктердегі кадрлардың тұрақсыздығы жəне кадрларды таңдау бойынша кеңесшілердің білігінің аздығы, кадрлық агенттіктердің саны мен олардың қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің жоқтығы да теріс əсер етеді. Сондықтан шетел тəжірибелеріндегі, тіпті Ресей елінің рекрументтік компанияларды құру идеясын біздің елімізге енгізу керектігі кезек күттірмейтін мəселе, əсіресе өндіріс саласына, Ресейде, біздің елімізде ішінара персоналды іздеу жəне таңдау нарықтық экономиканың қалыптасуымен енді. Оның пайда боуына ашылған бизнес əсер етті, осы кезде кадрлық агенттердің жəне рекрументтік компаниялардың көмегіне жүгінетін тəжірибесі бар шетелдік ұйымдар келе бастады.
Рекрутменттің дамуына басқарушылық кезеңде қолданылатын, ағылшын тілді сөздердің көп болуы, заңнама мен нормативтік базаның болмауы теріс əсер етті. Рекрутменттің дамуына орай, оның даму белгілері мен технологияларын қарастыруға болады, рекрументтің теориялық-əдіснамалық негіздерінің дамуына орай, оны жүйе ретінде қарастыру мүмкін болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет