Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Жұмыскерлердің қызметін бағалаудың мақсаттары



бет57/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
multi-293 x970856161

2. Жұмыскерлердің қызметін бағалаудың мақсаттары
Жұмысшы ұжымға бейімделгеннен соң және өз жұмысын тиімді орындау үшін тиісті дайындықтан өткеннен кейін оның еңбек тиімділігінің дәрежесі анықталынады. Бұл қызмет нәтижелерін бағалаудың мақсаты болып табылады және де мұндай бағалауды бақылау функциясының жалғасы деп белгілейміз.
Бақылау үрдісі бекітілген мөлшерден ауытқуларды анықтау үшін және қажетті жағдайда түзету шараларын жүргізу үшін нәтижелерді өлшеу мен стандартты белгілеуді қарастырады. Сәйкес түрде қызмет нәтижелерін бағалау басқарушылардан әрбір жұмысшының өз міндетін қаншалықты дәрежеде тиімді орындалып жүретіні туралы ақпаратты жинауды талап етеді. Жинақталған мәліметті бағынушыларға хабарлай отыра, басқарушы оларға жұмысты қалай істеп жатқандығы жайлы ақпарат беріп, өз тәртіптерін түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, қызмет нәтижелерін бағалау, басқарушыларға мейілінше айтулы жұмысшыларды анықтауға және жоғары қызметке көшіру арқылы олардың жетістіктерінің дәрежесін нақты көтеруге мүмкіндік береді.
Қызмет нәтижелірін бағалау 3 мақсатты көздейді: әкімшілік, ақпараттық және ынталандырушы мақсаттары.
Әкімшілік функциялар. Оларға қызмет бабы бойынша жоғарлату, төмедету, ауыстыру, еңбек келісім-шартын жою жатады. Әрбір ұйым қызметкерлердің еңбегін бағалауды қызмет бабы бойынша көтеру, басқа жұмысқа ауысу және еңбектік келісім-шартын жою туралы әкімшілік шешімдер қабылдау үшін жүзеге асыруы тиіс.
Ақпараттың функциялар. Қызмет нәтижелерін бағалау адамдарға орындалатын жұмыс деңгейі жайлы ақпарат беру қажет. Жұмысшы өзінің қаншалықты дәрежеде жақсы жұмыс істеп жатқандығы жөнінде ғана емес, сондай-ақ өзін қандай бағытта жетілдіруге болатындығы жайлы хабардар болады.
Ынталандырушы функциялар. Еңбек қызметінің нәтижелерін бағалау адамдар тәртібін талаптандырудың маңызды құралы болып табылады. Әкімшілік жақсы жұмысшыны анықтап алып, оған алғыс айтып, жалақыны көтеруі немесе қызмет бабы бойынша жоғарылатуы мүмкін. Жоғары өнімділікке жеткізетін тәртіпті жүйелі түрде дәріптеу болашақта да сәйкес тәртіпті қамтамасыз етеді.
Еңбек қызметін бағалаудың әкімшілік, ақпараттық, ынталандырушы функциялары өзара байланысқан. Сөйтіп, қызмет бабы бойынша көтерілуі туралы әкімшілік шешімдерді қабылдауға итермелейтін ақпарат адамды өз жұмысын жігермен жақсы орындауға ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет