Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Бағалау рәсімдерін орындаудың әдістері



бет58/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
multi-293 x970856161

3. Бағалау рәсімдерін орындаудың әдістері.
Стандартты бағалаулар әдісі жетекшінің қызметкердің жұмысының әрбір аспектісін сипаттайтын арнайы іс қағаздың толтыруынан тұрады. Бұл әдіс қарапайым және қолдануда түсінікті, бірақ жетекшінің бағасы әрқашан субъективті болғандықтан, оның негізділігін жоғарылату үшін, іс қағазды персонал бөлімінің қызметкерлері аттестацияланушының жұмысын алдын-ала жетекшісімен жан- жақгы талқылай отырып, толтыруға болады. Мұндай тәжірибе субъективизмді жеңуді қамтамасыздандырады, жұмыскерлермен жақсы қабылданады, бірақ айтарлықтай шығындарды талап етеді.
Сауалнамалар және салыстырмалы сауалнамалар әдісі қарапайым түрде сұрақтар мен олардың жазылу жиынтығына негізделеді. Бағалаушы әрбір сипаттамаға қарама-карсы жағына белгі қояды немесе бос орын қалдырады. Күрделендірілген нұсқа-да әрбір жайғасымның бағасы «өте жақсы»-дан «нашар» деген шәкіл арасында бағаланылады, ал нәтиже беруші жалпы баға болып бағалардың қосындысы саналады.
Мәжбүрлі талдау әдісі сарапшылардың жұмыскер үшін берілген жиынтықтан (мысалы, тез тіл табысатын, жұмыс тәжірибесі, жоспарлай білуі, жеке жүмысын ұйымдастыруы, байқағыштығы және т.б.) сәйкес келетіндей сипаттаманы талдауынан тұрады.
Бейнелеуші әдіс жұмыскердің жетістіктері мен кемшіліктерінің тізбекті шартты сипаттамасынан тұрады және алдыңғымен бірігуі де мүмкін.
Шешуші жағдайлар әдісі көбінесе орындаушыларды бағалауда қолданылады, ол жұмыскердің белгілі бір жағдайларда «дұрыс» және «дұрыс емес» мінездерін бейнелеп, сонан соң оларды жұмыстың сипатына қарай бөлуге негізделген. Мұнымен бағаланушы жұмыскердің мінез-құлқы эталонымен салыстырылады.
Мінез-құлқын бақылаудың шәкілдері әдісі де оны шешуші жағдайларда бағалауға негізделген, бірақ адамның осындай жағдайларда қанша рет және өзін қалай ұстағанын белгілеп отыруды ұсынады.
Мінез-құлықтың белгілер рейтингісінің шәкілдер әдісі 5-6 шешуші жағдайларды талдау негізінде бағалаушы мен сарап- шылардан құрастырылатын, жұмыстың 6-10 маңызды сипат- тамаларынан тұратын сауалнамаларды толтырудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет