Дәріс 10
Тақырыбы: . Көркемдік әдіс, оның түрлері
Мақсаты- көркемдік әдіс туралы ұғымдарын кеңейту, оның түрлерін көркем шығарманы
талдау арқылы ұғындыру, меңгерту.
Жоспары:
1.Шығармашьшық және көркемдік әдіс. Көркемдік әдіс туралы ой-пікірлер.
2.Кеңестік эдебиеттанудағы көркемдік әдіс мэселесі. Соц.реализм.
3.Қазіргі қазақ әдебиеттануындағы әдістер.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б
|
2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б
|
4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. -Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
Жазушы шығармашылығы оның өмір тарихымен тығыз байланысты. Шығармашылық жазушының адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен, өз өмір тәжірибесімен, дүниетаньшымен ұласып, бірігіп, біте қайнасып жатады. Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың шығармашылық ерекшеліғін танытады. Оны тілден де, тақарыптан да, идеядан да, образ жасау тәсілінен де көруімізге болады. Әр шығармадан көрінетін осындай суреткерлік ерекшелік оньщ барлық шығармасынан көрінуі мүмкін. Осыны стиль, яғни суреткердің стилдік ерекшелігі деп атаймыз.
Стиль - өнер ерекшелігі. Әр стиль бір ғана суреткерге тән ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән болуы әдеби ағым деп аталады.
Стиль бір ғана суреткерге тэн ерекшелік болса, ағым бірнеше суреткерге тән шығармашылық бірлік.
Әдеби ағым - тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамьш, бірге жоғалып отырады. XVII ғасырдың аяқ кезеңінде туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе, Европа әдебиетінде кең өріс алған ағым классиңизм. Осы тұста өмірдегі абсалютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм өнерде классиңизмді ауыстырар тең ағым болып табылады. Сентименталистік шығармаларда сезімге табьшу әбден шарықтауу шегіне жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |