Тапсырма: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлердің жасалу жолдары, шығарманың көркемдігіне талдау жасаңыздар. Эпикалық бейне ұғымына түсінік беріңіз.
Дәріс 9
Тақырыбы: Стиль жеке қаламгердiң өзiндiк стилi
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б
|
2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б
|
4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. -Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
Кең тұрғыда алып қарасақ, стиль – шығарманың тұтастығына негiз болып тұратын көркемдiк пiшiндердiң құрылымдық ұстанымы. Бұл тұста әр дәуiрге тән ортақ стильдердiң де, сондай-ақ жеке қаламгерлер стилiнiң де болатынын есте сақтау қажет. Әдебиеттану еңбектерiнде көпшiлiк қаламгерлерге ортақ стильден гөрi, жеке қаламгердiң өзiндiк стилiн қарастыру жиi кездеседi. Соған орай, стиль ұғымын жеке қаламгерге тән ерекшелiк ретiнде қабылдау дағдысы кеңiрек тараған. Осының сыры неде деп бiлген орынды? Стильдi бұл үлгiде танып-бiлудiң мәнi үлкен. Оның себебi, бiрiншiден, стильдi жеке қаламгерге қатысты қарастыру әдебиет туындысын тереңдете танып-бiлуге, оның құрамдас бөлiктерiн өзара органикалық бiрлiкте және тығыз байланыста талдауға мүмкiндiк бередi; екiншiден, жеке стильдердi танып-бiлмейiнше, қаламгерлердiң басым бөлiгiне ортақ, кең ауқымдағы стильдi тану да мүмкiн емес. Олай болса, қаламгер стилi немесе жеке шығарма стилi дегенде ненi түсiну керек? Бұл сауалға мейлiнше дұрыс жауап болып табылатын анықтама мынадай: “Стиль” ұғымы түрлi деңгейде, яғни белгiлi бiр дәуiрдегi әдебиет дамуының ерекшелiктерiнен бастап, әртүрлi әдеби бағыттар мен әдiстердiң (классицизм, романтизм, т.с.с.) ерекшелiктерi, жеке қаламгер шығармашылығына тән ерекшелiктер, сондай-ақ жеке шығарманың ерекшелiктерiне дейiнгi түсiнiктi қамтып, қолданыла бередi. Стиль ұғымының ауқымы неғұрлым кең, жалпы болған сайын, оны талдау барысында оған тән айшық-белгiлер саны да азая түседi. Себебi – кең ауқымдағы стильдiң негiзiн құрайтын туындылар саны да көп болатындықтан, олардың бәрiне ортақ болып келетiн сипаттар ғана алынады. стиль – әдеби шығарманың мазмұнын құрайтын көркемдiк құрылымының (тiл, сюжет, композиция, т.с.с.) өзiндiк даралық белгiсi. Стильдi шығарма мазмұнын құрайтын бiртұтас көркемдiк құрылымның идеялық-көркемдiк даралығы деп түсiну жеке шығармадағы көркемдiк ерекшелiктердiң (қандай маңызды болса да) санына негiзделмейдi. Керiсiнше, көркемдiк құралдардың өзара органикалық байланыстағы тұтас жүйе ретiнде пiшiн арқылы мазмұнды бейнелеу даралығы болып табылады. Стиль даралығы, әсiресе, әр қаламгердiң көркем тiл ерекшелiгiнен айқын байқалады. Мысал үшiн бiр тақырыптағы екi өлеңдi салыстырып көру де жеткiлiктi. Әрине, стиль даралығын көркемдiк пiшiнге қатысты басқа бөлшектерден де тануға болады. Мысал үшiн түрлi жазушылардың портрет суреттеу тәсiлдерiн алуға болады. Кейiпкердiң сыртқы келбетiн бейнелей отырып, жазушы оның iшкi жан-дүниесiн ашуға ұмтылады. Бұл – әдеби портреттiң көпшiлiгiне тән қызмет. Алайда әр қаламгер өзiнiң шеберлiк деңгейiне сай, адамды бейнелеудiң бұл тәсiлiн өзi көздеген идеялық- көркемдiк мiндеттердi шешу үшiн түрлiше қолдана бередi. Көркем тiл мен портреттiк бейнеге қатысты стильдiк даралық белгiлерi басқа көркемдiк құралдарға да қатысты. Қалай болғанда да, бiр жазушыға тән бұл ерекшелiктердiң барлығы осы жүйедегi өзiндiк даралықтарымен, қайталанбас қалпымен қарастырылуы шарт. Ал қандай да бiр жазушының өзiне ғана тән жеке стилiнiң қалыптасуы – ұзаққа созылатын тарихи даму нәтижесi. Стильдiң көркемдiк әдiстен айырмашылығы неде? Жазушы стилi өзiндiк даралыққа негiзделетiнi белгiлi, алайда бұл стильдiң өзi қаламгер ұстанған көркемдiк әдiспен тығыз байланысты. Стиль ұғымы сияқты көркемдiк әдiс туралы түсiнiк те жазушының жеке шығармашылық тәжiрибесiнен, сондай-ақ бiр-бiрiне уақыт, идея, адамгершiлiк және эстетикалық таным тұрғысынан жақын қаламгерлер тобының тәжiрибесiнен келiп шығады. Аталған жағдайлардың екеуiнде де көркемдiк әдiс дегенде, қаламгерлердiң дүниетанымымен, өмiрлiк концепцияларымен және олардың қоғамдық позицияларымен тығыз байланысты негiзгi ұстанымдар, нақтылай айтқанда, ақиқат өмiр құбылыстарын танып-бағалау, iрiктеу, бейнелеу ұстанымдары ұғынылады. Стильдiк ерекшелiктер көркемдiк құралдар жүйесiнде, олардың iшкi заңдылықтарынан өрбитiн байланыстары мен өзара қарым-қатынастары арқылы көрiнедi. Ал қаламгердiң өзiндiк көркемдiк әдiсi оның өмiрлiк материалды танып-бағалау, таңдау және бейнелеудегi өзiне ғана тән ұстанымдарынан келiп шығады. Демек, стиль мен әдiс – екi түрлi ұғым. Стильдi қарастыру көркемдiк құралдар жүйесiн өзара байланысты заңдылықтар аясында зерттеу болып табылады. Көркемдiк әдiстi зерттеу – қаламгер шығармашылығындағы өмiрдiң идеялық-көркемдiк концепция негiздерiн зерттеу. Бұл концепция көркем бейнелердiң заңды байланыстары мен өзара қарым-қатынастары арқылы танылады. Әдiс жазушының стилiн айқындайды. Нақтылай түсер болсақ, әдiс – стильдi туғызатын факторлардың бiрi, яғни әдiс стильдiк жүйенi анықтайды, алайда стильмен тең тұра алмайды. Бұл жағдай, әсiресе, жазушыға тән әдiстi статикалық сипатта, яғни оның шығармаларына тән негiзгi сипаттарды iрiктеп қарастырмай, жазушы дүниетанымының даму үрдiсiнде, ақиқатты танып-бiлудегi түрлi өзгерiстегi қалыпта, ұдайы қозғалыста қарастырғанда айрықша байқалады.
Тапсырма: Ә.Нүрпейісов «Соңғы парыз» романындағы тілдік ерекшеліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |