Не журналистика кафедрасы



бет40/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Көркемдік әдіс - өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принңипі, сайып келгенде, өмір шындығьш өнер шындығына айналдыра саралап, бегілі бір қоғамдық идеал түрғысынан қайта туғызудың айрықша типі. Шығармашылық әдіс екеу: романтизм жэне реализм. Көркемдiк әдiс (грек тiлiнде methodos зерттеу жолы) – суреткердiң өзi танып-бiлген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниенi қайта жасауы. Сол себептi әдiс өзi қайта тудырған нақтылы дүниеден тыс өмiр сүре алмайды. Осы мәндi бiлдiретiн бұл категория тым ерте кездерде-ақ пайда болып, көбiнесе “стиль” немесе басқа да атаулармен жасап келдi. Әдебиеттану мен өнертануға қатысты эстетикалық категория боп қалыптасқан кезеңi 20-жылдармен тұспа- тұс келедi.
Әдіс — көркем шығарманың дүниеге келуінің кілті. Әдіс әрбір суреткердің сол өзі өмір сүріп отырғн қоғамдағы идеолоғияға қарым-қатынасын анықтайды.
Көркемдік әдіс — Жазушьшың өмірді бейнелеуде нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өзінің ой-түсінігіне сүйенуі - осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырьш дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс - романтизм мен реализм деуге болады. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қанатын кең жайды. Реализмге тән бейнелеу тәсілдері де қазақ әдебиетінде көптеген ақын, жазушылардың шығармаларында ертеден орын алып келеді. Алайда романтизмді қазақ әдебиетінде белгілі бір тарихи дәуірде берік орын тепкен ағым деуден гөрі , бейнелеу әдіс-тәсілдері түрінде көбірек кездеседі., деп қараған дұрыс! Романтизм әдісі бірыңғай қолданылмай , көбіне реалистік әдебиетпен жалғас, аралас келетіні осыдан болса керек.
Романтизм - өмірді, өмір құбылыстарын асқақтата суреттейтін әдіс. Көркем әдіс ретінде романтизм әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді., сөз өнерін көптеғен көркемдік ерекшеліктермен байытты. Романтизм мен реализмді екі түрлі әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр бере алатынын есте сақтауымыз керек. М:Жұмабаевтың «Батыр баяны» романтикалық сарын айқын көрініс тапқан , әсерлі шыққан туындылардың бірі.
Реализм - өмірдің көріністерін шынайы суреттеу ідісі. Реализм өмірде болатын үнемі кедесетін нақтылы жай-жағдайларды кеңінен қамтьш, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақгалган көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежеде көркем образдар, бейне, тұлға жасау.
Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамытты. Ағартушылық реализм, сьшшыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасьшың даму кезеңдерін айқындаған әдістер. Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм - поэтизм бірлігі сақталды. Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партияльшығы, таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардьщ алмасулары - әдебиеттің сатьшап дамуьшдағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясьшың күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды. Ондай ықпалдастьщтар ұлтымыздың бай фольклоры жэне поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде кәсіби ұлттық прозамыздың дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамып үлгерген бағыттар мен ағымдардың эстетикасы мең түрлі көркемдік әдістердің бейнелеу элементтері келді. Әдеби байланыстардьщ күрделенуі ұлттық әдебиетімізді жедел даму кезеңіне шығарды.
Ал қазақ прозасында ағымдарды саралау барысында символизм ұстанымдарымен қатар сентиментализмнің, экзистенциализмнің өмір құбылыстарын игерудегі ерекшеліктері, бейнелеу тэсілдері жекелеген туындыларында айғақтальш отырғанын таныдық. Сентиментализм ағымы XX ғасыр басындағы прозада ерекше аңдалады. Ал натурализм ұлттық эдебиетте реализм ағымы ретінде өмір сүрді.
Модернизм эстетикасы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ әдебиетінде түрлі ағымдар арқылы көрініп, сол ғасырдың 60-80 жылдарында өз жалғасын тапты. Жазушылардың адам табиғатының қарама-қайшылығына дендеу үшін архетип- кейіпкерлерге, мифологизм элементтеріне, аңыздық сюжеттерге жүгінуі қазақ прозасында неомифологизм ағымының қалыптасуына әкелді. Қаһарманның рухани өмірінің түйткілдерін импрессионистік тәсілдермен бедерлеп отыру артты. Экзистенциализмдегі өмір шындығын абсурд пен хаос дүниесі деп танитын идеялардың мейлінше маңызы өсіп, түрлі философиялық жинақтаулар жасалып отырды.
Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардың алмасулары - әдебиеттің сатылап дамуындағы ортақ заңдьшықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдьщ түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясының күрделенуіне экелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды. Ондай ықпалдастьщтар ұлтымыздың бай фольклоры жэне поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде кәсіби ұлттық прозамыздьщ дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамьш үлгерген бағыттар мен ағымдардың эстетикасы мен түрлі көркемдік әдістердің бейнелеу элементтері келді. Әдеби байланыстардың күрделенуі ұлттық әдебиетімізді жедел даму кезеңіне шығарды.
Тапсырма:
Нүрғали Р.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
Көркемдік әдістер. конспект жазу


Дәріс 11. Әдеби процесс және әдеби бағыт-ағымдар, әдеби мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет