Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет110/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
108 
Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсаттары 
Оқушылар: 
- жасушаның митоз және мейоз арқылы бөліну 
жолдарының маңызын; 
- жануарлардың жыныссыз және жынысты көбею 
жолдарын тиісті терминологияны пайдалана отырып, 
ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.
- споралы өсімдіктердің ұрпақтарын сызбада атап 
көрсетіп жаза алады. 
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Митоз, мейоз, еншілес хроматидтер, жасушаның тіршілік 
циклі, гаметалар, диплоидты, гаплоидты хромосома 
жиынтығы, бөлшектену, вегетативті көбею, партеногенез. 
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: 
Митоз (мейоз) –бұл ...жасушаның бөлінуі, осы кезде ... 
Митоздың нәтижесінде...жасуша пайда болады.
Митоздың (мейоз) нәтижесінде ... 
Митоздың (мейоз) биологиялық маңызы ... 
Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерекшеленеді ... 
Бөлшектену ...жануарларда жүреді. 
Партеногенез ...көбею тәсіліне жатады. 
Жынысты көбею тәсіліне ... жатады. 
Құндылықтарды дарыту Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын 
болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола 
білу құндылықтары дамытылады. 
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық
нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. 
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, 
дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. 
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау 
жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру 
тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары 
дамытылады. 
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету 
құндылықтары дамытылады.
Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда 
ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз 
оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ 
пайдалану құндылықтары дамытылады.
Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, 
таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта 
бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. 
Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне 
жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге 
дайындық құндылықтары дамытылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет