Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

Керей мен Қанжығалы сен емес пе ең? 
Байлаулы бұзауыммен тең емес пе ең? 
Кешегі жеті еріңді құнсыз қылған 
Балам-ау, әкең Қаржас мен емес пе ем, - 
дегенде, Досан ақын дәнеме тауып айта алмай жеңіліп 
қалыпты», - делінген [113].Міне, бұл айтыс үзіндісі де «Шорман» 
әңгімесінің негізін құрайтын оқиға желісінің халық арасында өте 
танымал болғандығын көрсетеді. 
М.Ж.Көпеев
фольклордың қандай түрін жазып алса да, соған 
анықтама беріп отырған. Мәселен, ол мақал-мәтелдердің қандай 
жағдайда, не себептен туғандығына, ел арасында не үшін 
қолданылатынына, о баста қандай мағына бергендігіне, тіпті қай 
заманнан бері айтылып жүргендігіне де т.б. назар аудартады.
Қолжазбаларының бірінде: «Молдалар», «Құдай сөзі құран айтады», 
«Пайғамбар сөзі, хадис-шариф мынау», «Хадис-шариф алла 
жаратады», «Шіп Алутин мен Алайман, хадис-шариф», - делінген 
айдармен мақал-мәтелдер топтамалары берілген [114]. Бірінде 
молдалар төңірегінде жиналған мақал-мәтелдер шоғыры орын алса, ал
қалғандарында «Хадис-шариф» кітабынан алынған мақал-мәтелдер 
топтамалары енгізілген. Мұндағы соңғы тақырыпта: «Ер туған жеріне, 
ит тойған жеріне» мақалының мағынасын қазақ білмейді: «Бұл Хадис-
Шарифта» Шіп Алутин мен Алайманның мағынасынан алынған сөз», 


69 
- деп, оның қандай мағына беретінін де ашып береді. Соның бір 
көрінісі – біз қарастырып отырған М.Ж. Көпеевтің «Шығасы шықпай, 
кіресі кірмейді» мақалының шығу төркіні әңгімесі [115]. Әңгіменің 
қысқаша оқиғасы мынандай: далада келе жатқан жесір әйелдің бір қап 
ұнын жел ұшырып әкетеді. Соның мәнісін білу үшін Хазірет Дәуіт 
Ғалейссаламға барады. Ол жауап берудің орнына бірде үш, 
екіншісінде бес пұт бидай беріп қайтарады. Әр қайтарғанында есік 
алдында ойнап жүрген Сүлеймен оның ұн алғанға мәз болмауы 
керектігін, қиянат иесін жауапқа тарту қажет екенін айтып, әйелді 
қайта әкесіне жұмсайды. «Осы саған далада біреу бір нәрсе үйретіп 
тұр ма, шыныңды айтшы», - деп Хазірет Дәуіт әйелден сұрағанында, 
ол үйретуші Дәуіттің он үш жастағы баласы Сүлеймен екенін айтады.
Одан әрі Сүлеймен келіп, әкесінің жел әрекетінің себебеін жел иесінен 
сұраған жөн екенін түсіндіреді. Кейін әкесі Хазірет Дәуіт 
ғибадатханаға барғанда құдай жіберген періште келіп оған түсінік 
береді. Сөйтсе, ол қап бидай теңізде батуға таянған бір кемеге 
ұшырылып апарылып, соның тесігін бітеген екен. Себебі олар құдайға
жалбарынып, кемедегі жарты қазынаны жетім-жесірлерге бермекші 
болыпты. Аяғында кемедегілер соны істепті де, жарты дүниені әйел 
алыпты. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» деген сөз содан қалды 
дейді. Сөйтіп, М.Ж.Көпеев
тұрғылықты жері Павлодар облысы 
Баянауыл төңірегінен, көршілес Ақмола, Көкшетау жерлерінен 
фольклорды тұрғылықты тәсіл арқылы жинаған. 
Қазақ фольклорын тұрғылықты тәсіл арқылы жинаушылардың 
бірі- Н.Н.Пантусов. ХХ ғасыр басында жариялаған Н.Н.Пантусов 
жинақтарының кейбір мәтіндері қайдан алынғаны көрсетілмегенмен 
[116], негізінен, мәтін паспорты беріліп отырылды. Мәселен, 
Н.Н.Пантусовтың «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» атты жинағын 
алайық [117]. Мұнда қазақтың 7 ертегісі, ырымдары, бата сөздері,
түрлі қарғыс үлгілері, өлеңдер берілген. Жинақ маңыздылығы
мәтіндер екі тілде қатар берілген: бірі- түпнұсқа араб әрпімен жинақ 
соңынан оңнан солға қарай тізбектелсе, екіншісі- аудармасы орыс 
тілінде берілген. Жинақтың араб әрпіндегі мұқабасында: «Жетісу
қазағының арасында жиып алған Николай Пантусов»,- деген дерек 
бар. Демек, бұл фольклор үлгілерін Н.Н.Пантусов бір елді- мекеннен, 
яғни Жетісу жерінен тұрғылықты тәсіл арқылы жинағаны 
анықталады. Мұндағы «Көгершін турасындағы» ертегіні 1905 жылғы 
19 қарашада жазып алған Кәрібоз Қаңтарұғлы (руы Құрман) есімі 
көрсетілген [117, 26 
б.
]. Ал, «Момынбай мен жеті қарақшы» ертегісін
жеткізуші Қапал жерінің қазағы Нысан Кемпрешев екені жазылған 
[117, 23 
б.
]. Сондай-ақ қазақ ырымдары да осы Қапал жерінен


70 
жиналғаны ескертіледі [117, 35 
б.
]. Ендеше, Н.Н.Пантусов 
тұрғылықты бір елді-мекенде фольклорды үздіксіз жинағаны күмән 
тудырмайды. Одан әрі қазақ өлеңдерін жинастырған. Мұнда 
Аблайханов екендігі айтылады да, мәтінді орыс тіліне аударған 
К.Чигиров есімін Н.Н.Пантусов жазады [117, 55 
б.
]. Демек, бұл
тұрғылықты жинау барысында Н.Н.Пантусов жергілікті жердің 
оқыған азаматтары Кәрібоз Қаңтарұлы, Нысан Кемпрешев, Мұртаза 
Аблайхановтардың көмегіне сүйенгені анықталды. 
Жергілікті жердегі ақындармен бірге халық ауыз әдебиетін жинау 
жұмысына бұрыннан бұл іске әуестеніп жүрген адамдар да ат 
салысады. Фольклордың жеке бір жанры, немесе белгілі бір тақырыбы 
төңірегінде жинау жұмысын жүргізетін адамдар да табылып отырды. 
Мәселен, белгілі тілші – ғалым Сәрсен Аманжолов жұмбақтарды 
жинады [118]. Жазушы Сапарғали Бегалин көп жыл бойына Жамбыл 
жөніндегі материалдарды жинап, халық арасына кеңінен тараған ақын 
шығармаларын жазып алды. Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы 
жайында С.Бегалиннің ел арасынан жинап алғаны қазіргі кезге дейін 
ақынның Қазан төңкерісіне дейінгі өмірбаянын толықтыратын 
мәліметтер болып табылады [119]. Ә.Марғұлан, М.Хакімжанова, 
Б.Жақыпбаев, Қ.Данияров, Қыздарбек Қазыбеков, Ф.Ғабитова, 
Ә.Қоңыратбаев т.б. адамдар көптеген эпосты, ақындардың әр түрлі 
шығармаларын, халықтың шешендік сөздерін ел аузынан жазып алды. 
1934 жылы 30 сентябрьде Қазақстан Коммунистік партиясының 
өлкелік комитеті ақындарға жәрдем көрсету жөнінде арнаулы қаулы 
шығарды. 
Қаулыда 
ақындардың 
басын 
қосып 
отыруы, 
жазушыларымыз оларды қамқорлыққа алуы жайлы шаралар 
белгіленген. Жедел істеуге тиісті жұмыстардың бірі ретінде ақындар 
слетін шақыру ұйғарылған. Ақындардың республикалық слеті бірінші 
рет 1934 жылы, онан кейін 1936 жылы өткізілді. Ал 1941, 1942, 1943, 
1944 жылдарда шақырылған слеттердің де ақындар үшін маңызы 
орасан зор болды. Қазақтың ауыз әдебиетін дамыта түсуге Ұлы Отан 
соғысы кезінде ұйымдастырылған айтыстар, қазақ өнері мен 
әдебиетінің онкүндектері көп көмегін тигізді. Ақындар бірімен бірі 
байланыс жасап, пікір алысып отыруына мол мүмкіндіктер туды. 
Жазушылар мен фольклористер ауыз әдебиетін дамыту ісіне белсенді 
түрде араласты. Қазақстан жазушыларының екінші съезінде сөйлеген 
сөзінде жазушы Л.Соболев ақындарға қамқорлық жасау жөнінде айта 
келіп: «Ақындардың саяси, мәдени дәрежесін көтеруіміз керек. Бұл 
жұмысты кәдімгідей дағдыға сіңіріп қалыптастыру қажет» [120],- деп 
көрсетті.


71 
Қазақтың халық ақындарының мұрасын жинау арқылы, олардың 
өмір сүріп келген жергілікті жерлерінің фольклорын да қағазға 
түсіріп 
отыру 
мүмкіндігі 
туды. 
Жазушылар 
мен 
фольклортанушылардың бірігіп жұмыс істеу нәтижесінде елге атағы 
шыққан: Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын жырау сияқты ақын, 
жыраулардың көп материал білетіндігі анықталды. Олардың Қазан 
төңкерісіне дейінгі шығармашылығын айқындаудың үстіне, совет 
дәуірінде шығарған өлең, жырларын жазып алу басталды. Мәселен, 
Жамбыл ақыннан оның Құлмамбетпен, Сарбаспен, Досмағамбетпен, 
Шашубай т.б. ақындармен айтыстары, Өтеген, Сұраншы жайындағы 
поэмалары, өткен ғасырда және осы заманда шығарған толып жатқан 
жыр, толғаулары жазылып алынды. Жамбылдың 1936 жылдан бастап 
айтқан шығармаларын ақынның әдеби хатшылары (Т.Жароков, 
Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Сатыбалдин) мұқият жазып 
алып отырды. Қарт жыршы Мұрын- жыраудан көлемді 35 эпикалық 
шығарма («Қырымның қырық батырынан») жазылып алынды. 
Нұрпейіс Байғанин шығармаларын жинау, жазып алу жұмысы 
1938 жылы жүргізіле бастады. Алдымен ақынның әдеби 
секретарьлары Іскендір Ахметов, Қуандық Шаңғытбаев арқылы, 
кейіннен Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл-әдебиет 
институтының Халық творчествосы бөлімі арқылы жүргізілді. 
Нұрпейістің айтып, жырлап қалдырған әдеби мұрасы мол. Ал, 
«Қобыланды», «Құбығұл» немесе «Аққкенже», «Нарқыз», «Өрістеген 
өмір» атты дастандарының өзі тек 1939 жылдан бері ғана қағазға 
түсті. 
Мұрын Сеңгірбаевтың туып-өскен жері қазіргі Атырау облысы, 
Каспий теңізіндегі Маңғыстау түбегі. Ол 18 жасынан бастап «Қырық 
батыр» жырын айта бастаған. Ендеше бұл халық ақындарының
мәдени мұрасын жинау кезінде, оларды үздіксіз жырлап өткен 
тұрғылықты елді-мекенінің фольклоры да тұрғылықты тәсіл арқылы 
қамтылды. 
Қазақ көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы Ө.Тұрманжанов 
жинаған «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» жинағы төрт мыңнан 
астам үлгілерді қамтиды. 1937 жылы «Социалды Қазақстан» газеті (3 
октябрь күнгі), 1941 жылы «Жаңа жазу» газеті (19 июнь күнгі)
беттерінде Қазақ ССР Ғылым академиясы филиалының Жамбыл 
атындағы әдебиет секторы жинаған бір топ мақал-мәтелдер басылды. 
Сонымен қатар мақалдардың аса көп жиналған тұсы Ұлы Отан 
соғысы кезі [121]. Бұлардың біразы 1943 жылы жеке жинақ болып 
басылды [122]. Бұл мақал-мәтелдердің қалай, кімнен, қашан 
жиналғаны жөнінде ақпарат көздері, өкінішке орай, көрсетілмеген. 


72 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында 
фольклорды тұрғылықты тәсіл арқылы жинаудың ұтымды жақтары 
көп болды: біріншіден, тұрақты бір елді- мекенде тұрып, фольклорды 
сол маңайдан үзіліссіз, үнемі жинайды. Екіншіден, фольклордың
барлық жанрлары асықпай іздестіріліп, қағазға мұқият түсіріледі. 
Үшіншіден, бұл жұмысқа жергілікті халық ортасынан шыққан 
азаматтары, не олардың туысқандары т.б. тартылады. Сондай-ақ 
жинаушы хабаршы-тілшілердің де көмегіне сүйенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет