66
- тауарлық-ілеспе құжаттаманың болуын және дұрыс ресімделуін бақылау
(отандық өнімге - дайындаушының сапа және қауіпсіздік куәлігі, санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы
белгісі бар сәйкестік
сертификаты, тауар-көлік жүкқұжаты; импорттық өнім үшін - санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы белгісі бар сәйкестік
сертификаты, тауар-көлік жүкқұжаты;
- ауыл шаруашылығы
шикізатына-ветеринарлық куәлік, тауар-көлік
жүкқұжаты; импорттық тағамдық қоспаларға-санитарлық-эпидемиологиялық
қорытынды,
-келіп түскен өнімнің (тауардың) түрлері мен атауларының орамада және
тауар-ілеспе құжаттамада таңбалануға сәйкестігін бақылау;
- өнімнің ілеспе құжаттамада көрсетілген партияға тиістілігін бақылау;
- тауардың қаптамасы мен таңбалануының
санитарлық ережелер мен
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылау;
- өнімнің бүліну белгілерінің болмауын көзбен шолып бақылау.
Тауар-ілеспе құжаттардың көшірмелері белгіленген тәртіппен расталуы
тиіс (жеткізушінің немесе дайындаушының мөрі).
- Тауар партиясына тауар-ілеспе құжаттаманы
бақылау әрбір қабылдау
кезінде жүргізіледі.
- Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кіріс бақылауы НҚ талаптарына
және салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
- Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда өнім, тауар қабылдауға
жіберілмейді және жеткізушіге қайтарылады.
- Азық-түлік шикізатына, азық-түлік
өнімдеріне, тамақ өнімдерімен
жанасуға арналған материалдар мен бұйымдарға кіріс бақылауын жүргізу
кезінде өндірістік бақылау шеңберінде азық-түлік
сауда және қоғамдық
тамақтандыру кәсіпорындарында зертханалық зерттеулер жүргізілмейді.
ТББ сондай-ақ буып-түю сапасын және дайын өнімнің дұрыс таңбалануын
тексереді.
Кіріс, операцияаралық және шығыстық бақылау
Достарыңызбен бөлісу: