Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет48/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

«Жұмыспен 
қамтылу – азаматтардың 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына, заңдар мен өзге де 
нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жəне оларға 
табыс немесе кіріс əкелетін қызметі». Басқаша айтар болсақ
жұмыспен қамтылған тұлға – бұл өзінің еңбекке құқығын іс 
жүзінде жүзеге асырушы, яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға. 
Бұл ретте ескеретін бір жайт, ҚР Конституциясына жəне ҚР «ҚР 
еңбек туралы» заңына сəйкес азаматтарға өздерінің еңбекке 
қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда 
көздемесе, еңбекке мəжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол 
берілмейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде түзету 
жұмыстары көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде 
ғана жүзеге асырылады.
Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылмағандығы оларды 
жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды.
Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР 
«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 2-бабына сəйкес, 
жұмыспен қамтылған халыққа мына азаматтар жатады: 


1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не 
толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс 
орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) 
бар; 
2. кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын; 
3. өз бетінше жұмыспен айналысатын; 
4. қосалкы кəсіпкерлікпен айналысатын жəне шарттар бойынша 
өнімді өткізетін; 
5. жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша 
орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің 
(артельдердің) мүшелері; 
6. ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар 
немесе бекітілгендер; 
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық 
қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің ішкі əскерлерінде, Республикалық Ұланда, 
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі 
агенттіктің бөлімдерінде жəне өзге де əскери құрылымдарда 
қызмет етіп жүрген азаматтар азаматгар жатады. 
Байқап отырғанымыздай, «жұмыспен қамтылғандар» түсінігі 
«қызметкерлер» түсінігіне қарағанда əлдеқайда кең. Себебі, 
қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көпсанды болса да, бір 
бөлігін ғана құрайды. 
Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің 
еңбек ресурстарын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет