нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген
азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар,
бұларға қоса
шетелдіктің ықтиярхатын жəне азаматтығы жоқ адам тұрғылықты
жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куəлігін табыс
етеді. Алайда,
мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу
жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мəжбүрлі
көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар,
өз бетімен
жұмыс іздеп жүргендер жəне бір жылдан астам уақыт жұмыс
іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды.
Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10
күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уəкілетті
органда тіркелген жұмыссыз адамдар – күнтізбелік күн
ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал селолық елді
мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына кемінде бір рет поселке,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде белгіленуі тиіс.
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
- 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
- зейнеткерлік жасына жеткен жəне
еңбек өтілі бойынша
зейнетке шыққан зейнеткерлер.
Мүгедектер
медициналық-əлеуметтік
комиссия
берген
қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас
тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған
кəсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан,
соның
ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын
екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар,
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде
дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар
оларды тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде
халықты жұмыспен қамту туралы
органға өздерінің жұмыссыз
ретінде тану туралы қайтадан жолдана алады.
Көрнеу жалған мəліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен
қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету
жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде
тіркеуге алынбайды.