Педагогика



Pdf көрінісі
бет36/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Педагогика

Жалқы һәм жалпы ойын. Тіпті жас бала жалқы ойынды –
жалғыз 
ойнауды 
жақсы 
кѳреді. 
Әлі 
тілі 
еркін
жетілмегендіктен, ол басқа балалармен қатынаса алмайды. Ал
енді ѳскен сайын жалпы ойынды бірігіп ойнауды жақсы кѳре
бастайды. Жалғыз ойнаса, іші пысады. Жалпы ойын баланың
тілінің ѳркендеуіне кѳп пайда. Бірігіп ойнағанда тоқтаусыз
қозғалып, күліп, былдырлап сѳйлей береді. Жалпы ойын
жалпы тұрмысқа яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға
үйретеді. Ѳзінің сѳзін, тілегін біреуге тыңдатып, басқаның
тілегін, сѳзін ѳзі тыңдап, қысқасы біріккен тұрмыстың бірінші
шарты – жалпы заңдарды орындап, атқарып үйренеді. Ал енді
87


жалқы ойын яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар, еліктегіш
болмай, ѳз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы. Бірақ
осы екі түрлі ойынның екеуінің де кемдік жағы бар. Ылғи
жалғыз ойнап үйренген бала тағы, менменшіл болып, ылғи
кѳппен бірге ойнап үйренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш
болып шығуға мүмкін. Сондықтан дұрысы – ойынның екі
түрін кезекпен ауыстырып отыру.
Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған баланың
ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын деп
бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай болады: былай ойна деп
бұйырсаң, баланың ойыннан ынтасын суытып аласың.
Баланың ойынына үлкен адам кіріссе, балаға ойынның қызығы
бітеді. Ойын – баланың ѳз ісі. Баланың ойынына кірісуші
болма. Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.
Есте болу керек, бақыла деген сѳз қарауылда тұрған солдаттай
қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сѳз емес. Олай тұрсаң, бала
ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына қатысқың келсе,
ѳзің бала болып қатыс. Яғни ойындарына бѳгет, оралғы болма.
Балалар сенің жеткен адам екеніңді сезбейтін дәрежеде
болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сѳз – баланың жанындағы
суреттеулердің белгісі деген сѳз. Балаға уқалауына кѳнетін, не
қылса соған жарайтын жабайы ойыншық баланың ішін
пыстырады. Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір үйім құм
деген бір педагогтің сѳзі дұрыс сѳз. Базардан алып келген
әшекейлі ойыншығыңнан бірде құрық болатын, бірде ат
болатын бір шыбық балаға кѳп артық. Әшекейлі жат бір
ойыншықпен бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып
тастайды. Және балаға кѳп ойыншық беру жарамайды. Олай
болғанда балада іскерлік болмайды.
88


О
О Й Л А У


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет