Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет97/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

М. Н. Покро́вскийдің тарихи көзқарасы

Кеңес үкіметінің алғашқыжылдарындағы тарих ғылымының дамуы бел­гілі тарихшы Михаи́л Никола́евич Покро́вскийдің (1868–1932) аты­мен тығыз байланысты. 1930 жылы Тарих институтының 8–желтоқсанда өт­кен партия жи­нал­ы­сындағы баяндамасында. “Борьба на историческом фрон­те есть борьба за генеральную линию пар­т­ии. Положение “история –политика, обра­щенная в прошлое” означает со­бой, что всякая исто­ри­чес­кая схема есть зве­но, цепочка для нападения на генер­альную ли­нию партии. Существует самая тесная связь между борь­бой за гене­раль­ную линию партии и борьбой на историческом фронте. Их нельзя раз­рывать. Трудно себе представить та­кую вероятность, что сто­рон­­ник генеральной линии партии является ревизионистом в ис­то­ри­чес­ких работах. История ... не есть самодо­влеющая задача, история –ве­личайшее орудие политической борьбы; другого смысла история не имеет”, – деп келешектегі тарих ғылымының мақсаты мен міндеттерін айқындап берді. Ол тарихи зерттеулермен Қазан төңкерісіне дейін де айналысқан. 1907–1910 жыл­дары ол “История России в XIX веке” деп аталатын ең­бек­тің автор­ларының бірі. 1910–1912 жылдары"Русская история с древней­ших времен” (5 томдық), 1914–жылыекі томдық"Очерк истории русской культуры” сияқ­ты кітаптар­ды шығарды. Алғашқы шығармасының соңғы то­мының жариялану­ына үкімет тиым салды. Жалпы төңкеріске дейін оның «Русская история...» шы­ғар­ма­сы кітапханалардан алынып, оны пай­да­лану шектелді. 1920 жылы ол “Русская история в самом сжатом очерке” моно­гра­фия­сынжазды. В.И.Лениннің қолдауымен аталмыш кітап оқу орындарын­да оқу­­лық ретінде пайдаланылды. “Очерки русского революционного дви­же­ния XIX–XX вв.”, “Борьба классов и русская историческая­литера­тура”лек­ция курсы, екі бөлімнен тұратын “Очерк истории русской культуры” (1923) еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы оның мұрасын зерт­теу­ші­лер­дің айтуына қарағанда ол қысқа ғұмырында 588 еңбек жазыпты.
М.Н. Покровскийдің ойынша тарих дегеніміз адамзат қоғамының өткені, бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне ауысуы. Қоғамдық құрылыс­тың ауысуы прогресивті әрі заңды құбылыс. Тарихи қозғалыс тарихи про­цес­сті құрайтын толып жатқан элементтердің күрделі шиеленісуі. Оның жал­пы және айрықша белгілерінің жиынтығы «даму типін» анықтайды. Про­цесстердің аяқталғаны және аяқталмағаны болады. Покровский тек аяқ­талғанын ғана тарих деп санай­ды. Қоғамдық процесс өте күрделі, диа­лек­тикалық қарама–қайшылық­тарға то­лы, се­кір­мелі. Өйткені даму эво­лю­ция­лық жолмен де немесе революциялық тә­сіл­мен де іске асырылуы мүм­кін.
М.Н Покровский пікірінше қоғам өзінің ішкі резервтерінің есебінен дами­ды. Қоғамдық қатынастар дамуының әрбір келесі кезеңінде адамзат география­лық ортаға тәуелділігініен арыла бастайды. Табиғи жағдай тек қоғамдық даму­ды тежейді, бірақ тоқтата алмайды. Өндіріс пен сау­да­ның дамуы адамдға келең­сіз табғаи жағдайларды жеңуге көмек­те­седі.
Өткен тарихымызды талдауда М.Н. Покровский мына төмендегі схеманы ұсынады: “Прежде всего, конечно, выяснить условия гео­гра­фи­че­с­кой среды. Показать, как отразилась она на развитии про­из­во­ди­тель­ных сил. По­каза­ть далее, какие на основе этих последних возни­ка­ли группировки людей, клас­совые отношения. Выяснить, как эти от­но­­шения отразились на поли­тической надстройке... Нако­нец, из этой стру­ктуры вывести “психику общественного чело­века”, показать, как в данных условиях развития произ­водительных сил развивалась в Рос­сии “общественная мысль”.
М.Н. Покровский орыс тарихнамасының бұрынғы қайраткерлері ұсын­­­ған тарих жүйесінің негізгі ат байлар қазығы мемлекеттің қалып­та­суы және ныға­юы деген концепцияға үзілді–кесілді қарсы шығып, марк­сизм­нің формациялар ауы­суы идеясын тарихи дамудың бірден бір шарты екендігін дәлелдеуге тырыс­ты. “Для нас стержнем являются развитие производительных сил и клас­совая борьба” – дейді.
М.Н. Покровский тарихтағы жеке адамның ролі жөнінде де өз пікірін айт­қан ғалым. Тарихта жеке адамның, сословие мен таптардың мүдделері то­ғысуы мүмкін. Тарихи процесстегі объктивті және субъктивті жағ­дай­лар­дың арасында өт­кел бермейтін шыңырау жоқ. Олар арасындағы бай­ла­ныс диалектикалық си­патта. Әрбір жеке тұлғаның портреті оның морал­дық–этикалық, мәдени дең­гейі­не, діни және саяси көзқарастарына бай­ла­ныс­ты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет