3. Алғашқы Кеңес тарихшылары.
Бахрушин Сергей Владимирович (1882–1950) – кеңес тарихшысы 1904 жылы Москва университетін бітірген. 1909 жылдан өмірінің соңына дейін осы университетте оқытушылық қызметте болды В. О. Ключевскийдің оқушысы. Сібір тарихының көрнекті маманы. Ол 1927 жылы «Очерки по истории колонизации Сибири в XVI – XVII вв.", 1959 жылы "Очерки по истории Красноярского уезда в XVII в.", "Ясак в Сибири в XVII в.", 1927 жылы "Остяцкие и вогульские княжества в XVI–XVII вв." сияқты іргелі ғылыми еңбектердің авторы. КСРО–ның ұлттық аймақтары тарихын зерттеуге ат салысты.
Михаи́л Миха́йлович Богосло́вский (1867–1929) орыс тарихшысы. В. О. Ключевскийдің оқушысы. 1890 жылы Москва университетінің тарих – филология факультетін бітірген. 1891 жылы сол университетке жұмысқа шақырылды. Орыс тарихының магистрі (1902). 1909 жылы «Земское управление на русском Севере в XVII в.»деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 90–ға жақын ғылыми еңбектердің авторы.
Роберт Юрьевич Виппер ( 1859–1954) орыс, кеңес тарихшысы. 1880 жылы Москва университетінің тарих–филология факультетін бітірген. В.И. Герье және В.О. Ключевский сияқты орыстың ірі тарихшыларының оқушысы. Университет бітіргеннен кейін әртүрлі оқу орындарында қызмет істеген.
1894 жылы «Церковь и государство в Женеве XVI в. в эпоху кальвинизма» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осыдан кейін ол Новороссийск университетінң профессоры болып тағайындалды. 1897–1922 жылдар аралығында Москва университеттінің профессоры.
Қазан төңкерісінен кейін Виппер В. И. Лениннің қаһарына ілігіп, қуғындалады. Тарихи көзқарасы жағынан алдымен позитивистерге еліктеді, содан кейін эмпирио–критицизма философиялық доктринасының ықпалында болып, өмірінің соңында марксшіл тарихшылардың тобына қосылды.
Ю́рий Влади́мирович Готье́ (1873 – 1943,) – орыс кеңес тарихшысы, академик.1895 жылы Москва университетінің тарих–филология факультетін бітірген. Әділет министірлігінің Москва мұрағатында Румянцев мұражайында қызмет істейді. 1900 жылы магистр дәрежесін алып, 1903 жылдан бастап Москва университетінің орыс тарих кафедрасына приват–доцент қызметіне орналасады. 1913 жылы «История областного управления в России от Петра I до Екатерины II» тақырыбында докторлық диссертация қорғайды. 1915 жылы сол университеттің профессоры. 1930 жылы Готье был арестован по «академиялық іс», бойынша тұтқындалып, Самара қаласына жер аударылды. 1933 жылы Москваға қайтуға рұқсат алып , оқытушылық қызмет атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |