Диваев Ә..Тарту. Зерттеу.Алматы,1992.
Бахрушин С.В. Очерки по истории колонизации Сибири. XVI–XVII вв. М., 1928.
Богословский М.М. Историография, мемуаристика, эпистолярия: (Науч. наследие) /АН СССР. Архив АН СССР; Сост. Черная Л.А.; Отв. ред. Клибанов. М., 1987.
Виппер Р.Ю. Большие проблемы истории. Рига, 1990.
ХІІІ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
КЕҢЕС ТАРИХНАМАСЫ
1.Тарихи мекемелер жұмысын қайта ұымдастыру.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткенен кейін тарихшылар сапына бір топ майдангерлер келіп қосылды. Олар ғылымға прагматикалық көзқараспен қарап, маркстік қиялға негізделген тарихтың схемалық формасынан бас тартты. Билік майдангер-тарихшылардың жаңа идеяларына екі жақты көзқараста болды. Бір жағынан ескі концепциядан бас тартуын қолдаса, екінші жағынан ғылымды бақылаудан айырылып қалудан қорықты.
Партия-кеңес органдары соғыс уақытында қоғамдық ғылымдарға берілген біраз «жеңілдіктерді» қайтарып алуға талпыныс жасады. Идеологиялық қысым қайта жолға қойылды. 1946 жылы ВКП(б) ОК органы ретінде «Культура и жизнь» газеті шыға бастады. 1946 жылдың 30 қарашасындағы номерін тарих ғылымының өзекті мәселелеріне арналды. Мақалада тарихшыларға «теориялық мәселелерді» қарастыру, «ірі тақырыптарды» зерттеуге кеңес берілді.
1945-1950 жылдары барлық одақтас республикаларда тарих және тіл ғылыми-зерттеу институттары ашылды. Республикаларда жергілікті халықтардың тарихы бойынша Ғылым академиясының біріккен сессиялары өтті.
1956 жылы партия тарихы институттары қайта құрылды. Енді олар «СОКП ОК жанындағы Марксизм-Ленинизм институттары» деп аталатын болды. 1960 жылдардың басында институттың одақтас республикаларда 16 бөлімшесінде 400 денаса қызметкер жұмыс істеді. 1960 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК «О мерах по улучшению работы института Марксизма – Ленинизма при ЦК КПСС» қаулысына сәкес марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін, СОКП және әлемдік коммунистік қозғалыс құжаттарын баспаға дайындау тапсырылды.
1957 жылдан бастап «История СССР» и «Вопросы истории КПСС» журналдары шыға бастады. Бұл басылымдарда ел және партия тарихы тақырыптарында өзекті материалдар жарияланды.1953 жылы И.В.Сталин қайтыс болғаннан соң тарихшылар арсында қоғамдағы саяси-эканомикалық жағдай туралы қарама-қайшы пікірлер туындады. 1956 жылы өткен партияның ХХ съезі қоғамды елең еткізді. Оның тарихи шешімі қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде тарих ғылымының алдына жаңа мақст пен міндеттер қойды.
Дегенмен соғыстан кейінгі, әсіресе, 50-жылдарда ғалымдардың көзқарасында өзгерістер байқалды. Олардың бір бөлігі Еуропа елдерінде болып, ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, күнделікті өмірдің құндылықтарына басқаша қараушы еді. Оның үстіне КСРО елінде орыс ұлтшылдығы күшейе түсті. Сталиннің «соғысты орыс халқының арқасында жеңіспен аяқтадық» деген тезисі шовонистік пиғылдағы ғалымдар мен партия қайраткерлерінің мерейін үстем етті. Осындай жағдайда идеялогиялық ахуал шиеленісе түсті. Партия органдары өзінің ұйымдастыру ресурсын кеңінен пайдалануға тырысты. Мұның мысалы ретінде « ленинград ісін» келтіруге болады.«Звезда» және «Ленинград» журналдары жіберген «идеалогиялық қателіктерді» әшкерлей отыра, коммунистік партия «псевдоним», «космополитизм» қылықтарына қарсы күресті.
1961 жылы партияның үшінші бағдарламасын қабылдаған СОКП-ның ХХІІ съезі өтті. Съезде «Ұлы Октябрь социалистік революциясына» баға берілді, социализм орнату концепциясының жаңа трактовкасы жасалды, «тапсыз қоғам» жөнінде ұзақ айтылды, «жаңа адам» қалыптастыру теориясы туралы сөз болды. Бәрінен бұрын КСРО-да 20 жылдан кейін коммунистік қоғам орнайды деген тұжырым бүкіл әлемді таң қалдырды.
Міне, осындай миға қонбайтын конйепциялардан кейін қоғамдық ғылымдар дағдарысқа кезікті. Оның үстіне гуманитарлы ғылымдар жаратылыстану ғылымдарының табысты жетістіктерінің көлеңкесінде қалды. Тарихи зерттеулерге қоғам сенімсіздікпен қарады. Кейбіреулер тарихпен айналысу абырой әпермейтін іс, сондықтан оны ғылым ретінде есептеудің өзі қажетсіз деген сөздерге дейін барды.
1962 жылдың желтоқсан айында 2 мың адам қатынасқан Бүкілодақтық тарихшылар жиыны болды. Онда «Тарих саласындағы негізгі міндеттер және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау» тақырыбында баяндама жасаған Б.Н.Пономарев жеке басқа табынушылықтың жағымсыз әсерінен арылу жағдайында тарихшылар алдында төмендегідей міндеттер тұрғандығын атап көрсетті. Біріншіден, барлық тарихи кезеңдер материалдары негізінде тарихи процесстердің жалпы заңдылықтарын анықтау міндеті. Екіншіден, КСРО тарихын зерттуші ғалымдар кеңес заманының тарихына аса көңіл аударуы керек. Үшіншіден, тарихтың әлеуметтік және методологиялық жағын күшейту мәселесін қарастыру қажеттілгі туындайды. Жиын тарих ғылымының одан әрі дамуына позитивті ықпал жасады. Кейбір мұрағат қорлары ашылды, кеңес тарихшылары өздерінің шетелдік әріптестерімен байланыс орнатуға қол жеткізді.
1962 жылы СОКП ОК-інің «Вопросы истории КПСС» журналы туралы қаулысы шықты. Қоғамтану кафедралары меңгерушілерінің Бүкілодақтық жиынында сөйлеген, сол кездегі партияның басты идеологі, М.А.Суслов академик М.Н.Покровскийдің еңбектерін қайта бастыруға рұқсат берді.
1964 жылы КСРО ҒА қоғамдық ғылымдар секцисы мәжілісінде «Тарихтың1961 жылы партияның үшінші бағдарламасын қабылдаған СОКП-ның ХХІІ съезі өтті. Съезде «Ұлы Октябрь социалистік революциясына» баға берілді, социализм орнату концепциясының жаңа трактовкасы жасалды, «тапсыз қоғам» жөнінде ұзақ айтылды, «жаңа адам» қалыптастыру теориясы туралы сөз болды. Бәрінен бұрын КСРО-да 20 жылдан кейін коммунистік қоғам орнайды деген тұжырым бүкіл әлемді таң қалдырды.
Міне, осындай миға қонбайтын конйепциялардан кейін қоғамдық ғылымдар дағдарысқа кезікті. Оның үстіне гуманитарлы ғылымдар жаратылыстану ғылымдарының табысты жетістіктерінің көлеңкесінде қалды. Тарихи зерттеулерге қоғам сенімсіздікпен қарады. Кейбіреулер тарихпен айналысу абырой әпермейтін іс, сондықтан оны ғылым ретінде есептеудің өзі қажетсіз деген сөздерге дейін барды.
1962 жылдың желтоқсан айында 2 мың адам қатынасқан Бүкілодақтық тарихшылар жиыны болды. Онда «Тарих саласындағы негізгі міндеттер және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау» тақырыбында баяндама жасаған Б.Н.Пономарев жеке басқа табынушылықтың жағымсыз әсерінен арылу жағдайында тарихшылар алдында төмендегідей міндеттер тұрғандығын атап көрсетті. Біріншіден, барлық тарихи кезеңдер материалдары негізінде тарихи процесстердің жалпы заңдылықтарын анықтау міндеті. Екіншіден, КСРО тарихын зерттуші ғалымдар кеңес заманының тарихына аса көңіл аударуы керек. Үшіншіден, тарихтың әлеуметтік және методологиялық жағын күшейту мәселесін қарастыру қажеттілгі туындайды. Жиын тарих ғылымының одан әрі дамуына позитивті ықпал жасады. Кейбір мұрағат қорлары ашылды, кеңес тарихшылары өздерінің шетелдік әріптестерімен байланыс орнатуға қол жеткізді.
1962 жылы СОКП ОК-інің «Вопросы истории КПСС» журналы туралы қаулысы шықты. Қоғамтану кафедралары меңгерушілерінің Бүкілодақтық жиынында сөйлеген, сол кездегі партияның басты идеологі, М.А.Суслов академик М.Н.Покровскийдің еңбектерін қайта бастыруға рұқсат берді.
1964 жылы КСРО ҒА қоғамдық ғылымдар секцисы мәжілісінде «Тарихтың методологиялық мәселелерін зерттеу» тақырыбында П.Н.Федосеев және В.А.Францев есімі ғалымдар баяндама жасады. Осының нәтижесінде академия президиумының қарары шықты. Бұл құжатта тарихшыларға мынандай ұсыныстар берілді: тарих пен әлеуметтану арасындағы байланысты күшейту; әлемдік тарихи процесстегі әрбір елдің даму заңдылықтарын бөліп қарастыру; формация, заман, кезеңдер негізінде ғылыми кезеңдеу мәселесін шешу; тарихтағы саналылық пен стихиялықтың, жеке тұлға мен бұхара халықтың арақатынасын, тап күресінің ролін анықтау.
60-80-жылдары Кеңес тарихнамасында дағдарыс байқалды. Бейклассикалық және постбейклассикалық методологияның тарих танымның дамуына әсерінен салалық методологиядан жалпығылми методологияға ауысу проблемасы туындады. Осы жылдары Б.Д. Греков, П.А. Зайончковскидің ғылыми мектебі қалыптасты.
А.В.Арциховский, С.Н.Валк, Е.М.Жуков, И.И.Минц, Б.Ф.Поршнев, Т.Пашуто, Р.Г.Скрынников, В.Б.Кобрин, А.Н.Сахаров, Ю.А.Поляков, Н.И. Павленко, И.Я.Фроянов, Я.Н.Эйдельман сияқты тарихшылардың еңбектері кеңес тарихнамасына қосылған үлкен үлес болды.
Осы жылдары жеке басқа байланысты әдебиеттер тек қана мамандарды ғана емес, сонымен қатар көшілік оқырмандардың қызығушылығын туғызды. Кеңес генералдарының естеліктері. Г.К. Жуков, А.М. Василевский, И.Х. Баграмян естеліктеріндегі бесцелерге айналып, жұрт іздеп жүріп оқитын шығармаға айналды.
90-жылдар мен ХХI ғасырдың басында Кеңес үкіметінің ыдырауы тарих ғылымына қызығушылықты туғызды. Тарихтың идеологиялық функциясынан арылуы, мұрағат қорындағы және кітапханадағы тиым салу әрекетін тоқтатылуы тарих ғылымына үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік ғылыми жүйенің ыдрауы, оның дамуына мелекеттің көңіл бөлмеуі ғылымда жағымсыз әрекеттердің пайда болуна әкеліп соқты. Ұлттық тарих ғылымының тәуелсіздікке қол жеткізуі ғылымда жаңа бағыттардың және ағымдардың пайда болуына жағдай жасады.
Коммунистік идеологияның тарих сахынасынан кетуіне байланысты ғалымдар алдында қандай методологияны таңдау мәселесі тұрды. «Формация немесе өркениет?», «Қоғам немесе мемлекет?,» «Реформа немесе революция?» сияқты концепциялар күн тәртібіне көтерілді. Методологиялық, проблемалық және историософиялық плюрализм мәселелері туындады. Марксизмге көзқарас өзгеріп, ғылымдағы тарихшылар зерттеу барысында догматизм мен ескірген стереотиперден бас тартты. Тарихи зерттеулерге Еуропа методологиясының әсері көрініс тапты. Эмиграцияда жазылған орыс ғалымдары шығармалары қайта басылды. Ресей тарихнамасы «буржуазиялық тарихнаманың дағдарысы» түсінігінен арылды.
Әлбетте соңғы жылдары тарих ғылымының дамуы үлкен қиндықтарға кездесті. Кітап бастыру және оны тарату, кітапхананы қамтамасыз ету ісіндегі кемшіліктер тарихи сананың қалыптасуына кері әсерін тигізді. Ғылымдағы делитантардың көбеюі, тарихты аңызға айналдырушылармен күрес, өткен заман құндылықтарынан себепсіз бас тарту немесе белгісіз тұлғаларды батырға айналдыру сиқты мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Москвалық математик ғалымдар Носовский Г. В., Фоменко А. Т.( «Новая хронология и концепция древней истории Руси, Англии и Рима. (Факты.Статистика. Гипотезы). Том 1-2», -М.: МГУ, 1995) әлем тарихына арналған псевдоғылыми шығармалары тарихшылар арасында дүрлігу туғызды. Осылардың концепцисын жақтап 800 мың данамен 100-ге жақын еңбектер жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |