Петруше́вский Дмитрий Моисеевич (1863–1942), орыс тарихшысы, медиевист 1886 жылы Киев университеттін бітірген. Москва, Варшава, Петербург, Иванов қалаларында оқытушылық қызметте болды. 1906–1911 жылдар аралығында Москва университеттінің профессоры. Орта ғасыр қоғамының әлеуметтік–эканомикалық қатынастар тарихының маманы. «Восстание Уота Тайлера» атты еңбегі тарихи материализм әсерімен жазылған. «Очерки из историисредневекового общества и государства» Батыс Еуропада феодалдық формацияның генезсіне арналған. «Очерки изистории английского государства и общества в средние века» сияқты тағы да басқа шығармалары бар.
Платонов Сергей Федорович (1860 – 1933) орыс тарихшысы 1882 жылы Петербург университетін бітірген. Ал 1899 жылы сол университетің профессоры. 1918–1929 жылдар арасында Археографиялық комиссияның төрағасы болды. 1928 жылы А.С.Пушкин еңбектерін жарыққа шығару комиссиясының төрағасы, 1925–1929 жылдарда А.С.Пушкин үйінің, 1925–1928 жылдары КСРО ҒА кітапханасының директоры қызметтерін атқарды. Саяси көзқарасы бойынша монархист болатын. Қазан төңкерісінен кейін де сол көзқараста болды. Кейін тұтқындалып, Самара қаласына жер аударылды.
Александр Евгеньевич Пресняков (1870–1929) – Орыс тарихшысы, 1893 жылы Санкт–Петербург университетінің тарих–филология факультетін бітірген. 1909 жылы «Княжое право в Древней Руси», 1918 жылы «Образование Великорусского государства. Очерки по истории XIII–XV столетий») тақырыптарында магистірлік және докторлық диссертация қорғаған. Әртүрлі оқу орындарында орыс тарихынан сабақ берді. 1907 жылдан Санкт–Петербург университетінің орыс тарихы кафедрасының – приват–доценті, 1918 жылы сол оқу орнының – профессоры болып сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |