1. Алғашқы қазақ-кеңес зерттеушілері.
Осы жылдары алғашқы кеңес этнографы А.А.Четыркин, көптеген қазақ әндерін, ертегі, жұмбақтарын, ұлттық ою–өрнек үлгілері суреттерін, ұлттық киім мен тұрмыстық заттарды мұражайға тапсырды. Қоғам мүшелері 1923 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне, 1924 жылы қазақ халқы қолөнерінің бұйымдарын Парижде өткен әлемдік этнографиялық көрмеге апарылды.
Қазақстан зерттеу қоғамы халық ағарту жұмыстарына да белсене ат салысты. Әсіресе мектеп істерін ұйымдастыру, қазақ тілінде оқулықтар жазу, әдістемелік құралдар әзірлеу, археологиялық карта жасау сиқты жұмыстарды тиімді жүргізді. Қоғамның «Труды» деп аталатын ғылми еңбектер жинағында Орынбор өлкесіндегі, Оралдағы, Еділ бойындағы, Қазақстандағы ұлттық қозғалыстар туралы мақалалар мен монграфиялар, зерттеулер жарияланды. А.А.Диваевпен А.Л.Мелков, А.В.Затаевич жинастырған қазақ ауыз әдебиеті мен халықтық музыка үлгілері жарыққа шықты.Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жұмысына болашақ қазақтың ұлы жазушысы Мұқтар Әуезов және алғашқ қазақ кәсіби театр режиссеры Жұмат Шанин өз үлестерін қосты.
Алғашқылардың бірі болып өлкетану жұмыстарына белсене араласқан ағайынды, В.Н. Белослюдов және А.Н.Белослюдовтарды айтпай кетуге болмайды. Қоғам мүшелері Ресей кеңестік социалистік республикасының Жер халық комиссариаты мен Қазақ кеңестік социалистік республикасы Жер халық комиссариатының ұйымдастырған экспедицияларына белсене қатынасты. Мектептер мен техникумдарда өлкетану үйірмелерін құрды. Зерттеу нәтижелері Қоғам шығарып тұратын «Записки» деп аталатын ғылыми еңбектер жинағына жарияланып отырды.
Т.Шонановтың 1926 жылы Ташкентте жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» деген еңбегі қазақтың бұрынғы жер иелену тарихын, жерге деген көзқарасын, патшалық отарлау саясатының салдарынан жерден тапшылық көргендігін мол фактілік материалдар негізінде көрсеткен зерттеу болды.
Мәскеу, Ленинград, Омбы, Орынбор ғалымдары Бартольд, А.Ю.Якубовский, А.К.Самойлович, М.Е.Массон, т.б. Қазақстан тарихы мәселелерімен шұғылданды. ХХ ғасырың 20–жылдары республикада КСРО ҒА мен Географиялық қоғамның археологиялық–этнографиялық экспедициялары (Ә.А.Диваев, А.В.Затаевич, Ж.Т.Шанин, С.И.Руденко) жұмыс істеді.
Осы уақыттағы кейбір ғалымдар өлкедегі отарлаудың көлеңкелі тұстары, орыс езгісінің пәрменділігі, әскери–әкімшілік орындардың құрылымы мен қызметіне шолу жасап, әрекеттерін ащы шындықпен көрсетуге тырысты. Солардың бірі қоғам қайраткері Г. Сафаров өз еңбегіңде өлкедегі отарлау алғашқы кезде әскери басқыншылық түрінде болып, содан кейін барып Ресейден дайын күйінде әкімшілік – полицейлік құрылымының әкелгендігін ашық айтады. Мұндай қорытындыны екінші бір чиновник П.Г. Галузо да жасайды. Ол Ресей мен Қазақстанның бірінің отарлаушы, екіншісінің отар ел екендігін ашып көрсетті. П.Г. Галузо отарлық билікті «түзімдіктерді билейтін аппараты» және «орыстың әскери – шенеуіктік аппарат» деп екіге бөліп қарастырады. Ол орыс тарихнамасында кеңінен таралған Ресей отарлауының өркениеттілк концепциясына соққы берді. «Отарланған Түркістан» еңбегінде ол орыс отарлауының жергілікті халыққа әкелген қайғы–қасіретін бұлтартпас фактілермен дәлелдеп берді.
Қазақстан тарихы мен Қазақстан Компартиясының тарихы, ұлт–азаттық қозғалысының тарихы туралы еңбектер шығару жөнінде алғашқы шаралар жүзеге асырылды, тарихшы мамандарын даярлау басталды. ХҮІІ–ХІХ ғасырлардағы Қазақ тарихы, әсіресе, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері Ә.Бөкейхановтың «Қазақ (Қырғыз) өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде жан–жақты қаралды. Досмұхамедов, Рысқұлов, Жандосов, П.Г.Галузо зерттеулерінде де Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселелері қарастырылды. 1932 жылы 8 наурызда республикадағы ғылыми–зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартып, үйлестіру үшін КСРО ҒА–ның Қазақстандық базасы құрылды.