1941-1945 жылдардағы кеңес тарихнамасы.
Екінші дүние жүзілік соғыс бүкіл кеңес елін мекендеген халықтар өмірін астан–кестенін шығарды. Тарих ғылымында да түбегейлі өзгерістер болды. Жас тарихшылардың басым көпшілгі әскер қатарына шақырылды. Орталық қалалардағы ғылыми зерттеу мекемелері мен оқу орындары елдің шығыс аударына көшірілді. Москва университетінің тарих факультеті алдымен Ашхабад қаласына, кейін Свердловскіге, КСРО ҒА тарих институты Алматы, Киев және Харьков университеттері Қызылорда қалаларына көшірілді. Бұл оқу орындары жергілкті жерлердегі ғылыми жұмыстың жандануына септігін тигізді.
Соғыс ғылыми–зертту тақырыбына да өз түзетулерін еңгізді. Енді олар кеңес халқының отаншылдық сезіміне әсер ететін тақырыптарға көңіл аударды. ВКП(б) ОК тапсырмасымен тарихшылар ғылыми–көпшілік сипатындағы кітапшалар жариялай бастады. 1941 жылы КСРО ҒА жанынан белгілі тарихшылар Греков, Бахрушин, Тарле, Готье, Минц, Хвостов, Рубинштейн сияқты ғалымдаран тұратын Ғылыми насихат Бюросын құрды. Бюро мүшелері «Ұлы отан соғысы жағдайында тарихты оқыту» деген жалпы атаумен бірнеше оқу құралдарын дайындады. Орыс тарихындағы батырлар, орыс әскерінің тарихтың әр кезеңдеріндегі жеңістері насихаттайтын мақала, кітапша жене монографиялар жазылды. Тіпті белді тарихшылар майдангерлер арасында осындай тақырыптарда лекция оқып, олардың әскери рухын көтеруге ат салысты.
Патриоттық пафос көптеген тарихи концепцияларды қайта қарауға мүмкіндік туғызды. Мұз қырғыны, Грюнвальд шайқасы, Ливон соғысы, Жеті жылдық соғыс, Севастополь қорғанысы сиқты тақырыптарға аса көңіл бөлінді. Дмитрий Донской, Пожарский, Минин, Румянцев, Кутузов сияқты тарихи есімдер газет–журнал беттерінде негізгі тақырыпқа айналды. Орыс еліне татар–монгол шапқыншылығы еске түсті. Киев Русінің әскери искусствосы, 1812 жылғы Отан соғысы туралы кітаптар жарық көрді. 1919 жылғы Петроградты қорғау, 1918 жылғы немістермен соғыс, 1918 жалғы Царицинді қорғау туралы құжаттар жарияланды. Академик М.Н. Дружинин «Фащистер және славяндар» атты кітапша жазды. 1941 жылдың 11–желтоқсанында А.С.Щербаковтың бастамасымен «Москва қорғанысы тарихы» бойынша комиссия құрылды. Мұндай комиссиялар әр жерде құрылып, соғыс тақырыбында материал жинай бастады. Жиналған материалдар кейін мемлекеттік мұрағат қорларына тапсырыды. Соғыс жылдарында кадр дайындау жұмысы тоқтаған жоқ. Жеті ірі гуманитарлық орталықтарда 220 диссертация қорғалған (олардың 116, яғни 52,7% Москва университетінде, 48 немесе 21,8% – Ленинград университетінде).
Қазақ тарихының дамуына жанашырлық жасаған Ресей ғалымдарының бірі де бірегейі Анна Михайловна Панкратова (1897– 1957). 1944 жылдан РКФСР Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, 1943 РКФСР мен Қазақ КСР–інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, 1953 КСРО Ғылым Академиясының академигі. 1917 Одесса университетін бітірген. А.М.Панкратова Ресей жұмысшы қозғалысы мен кеңестік қоғам тарихын зерттеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941–1945) Алматы қаласында тұрып, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінде жұмыс істеді. Қазақстанда тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанның алғашқы тарих оқулығын жазу ісін басқарды. Мәскеу, Ленинград және жергілікті тарихшылардың басын біріктіріп қазақ халқы үшін өте қажетті шығарманы жазуға қол жеткізді. Авторлар ұжымына А.Баевский, Е. Бекмаханов, А. Бернштам, М. Вяткин, Б. Греков, Н. Дружинин, Н. Тимофеев, А. Якунин, М. Әуэзов, Е. Исмаилов, С. Мұқанов сияқты белгілі ғалымдар кірді. Соғыс жылдарындағы ауыр материалдық және моральдық жағдайға қарамастан, одақтас республикалардың ішінде алғаш рет, осындай іргелі еңбек жарық көрді. Кітап көптеген ғылыми бастамаларға себеп болды, тарихи деректер жинақталды, ғылыми да ғылыми емес пікірталастардың тақырыбы айқындалды. Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. «Кенесары Қасымов бастаған ұлт–азаттық көтеріліс» деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар «Қазақ ССР–інің тарихы» Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап». А.М.Панкратова Мәскеуге қайта оралғаннан кейін де Қазақстанмен байланысын үзген жоқ. Ол Е. Бекмаханов пен оның пікірлестерін жазалауға батыл қарсы шықты және кейіннен олардың қызметке орналасуларына көмектесті. Шоқан Уәлихановты ақтап алуға да көп еңбегін сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: |