2. Кадр дайындау.
Тарих ғылымын өз уысында ұстау үшін, ондағы партиялық ықпалды ету мақсатында Қоғамтанумен айналысатын мамандарды қайта дайындау науқаны басталды. 1946 жылдың 1-тамызында ОК «О подготовке и переподготовке руководящих партийных и советских работников» деп аталатын қаулысы жария болды. Осы құжат бойынша ВКП (б) ОК жанынан партия қызметкерлері арасынан қоғамтанушы мамандар дайындау мақсатында Қоғамдық ғылымдар академиясы ашылды. Академияда «КСРО тарихы» кафедрасы ашылып, оған Е.Н.Городецкий, И.И.Минц, М.В.Нечкина, А.М.Панкратова сияқты ірі тарихшылар шақырылды.
1947 жылы Акадеияда аспирантура ашылды. Одақтас барлық республикаларда партия тарихы институты пайда болды. Мұның барлығы қоғамдық ғылымдарға партиялық бақылауды күшейудің амалы еді. Осымен қатар барлық жоғары оқу орындарында марксизм-ленинизм негіздері кафедралары жұмыс істей бастады. Оытушылық қызметке тек партия мүшелері қабылданды. Оларға жоғары жалақы төленді.
1947 жылы 700 жоғары оқу орындарында осындай кафедра жұмыс істеді. 1967 жылы КСРО-да 41 университет, 100 педагогикалық институтарда 100 мыңнан артық студенттер тарихи білім алды. 1960 жылы мектеп 113000 мұғалімдерінің 69 % жоғары білімді, ал 1967 жылы олардың пайыздық мөлшері 82 дейін өсті.
1949 жылдан бастап Москва, Ленинград, Киев университтерінде марксизм-ленинизм пәндері оқытушыларының біліктілігін көтеретін институттар жұмыс істеді. Ғылым кандидаттарын дайындау жолға қойылды. Соғыстан кейінгі 10 жылда 5108 адам тарих ғылымдары кандидаты атанды.
1960-1970 жылдар арасында СОКП тарихы жоғары оқу орнындағы негізгі пәнге айналды, оның оқу бағдарламасы мен оқулықтары Орталық комитетте мақұлданып, бекітіліп отыратын. Оқытушылары міндетті түрде партия мүшесі болып олардың кандидатуралары партия органдарынд қаралатын.
1960 – 1970 жылдары тарих ғылымы саласында жаңа оқулықтар, хрестоматиялар, құжаттар жинағы жарық көрді. Тарих ғылымының қосалқы және арнаулы пәндері одан әрі дамыды, монографиялық зерттеулердің саны артты. Тарихшылар ғылымдағы догматикалық трактовкалардан арылып, жаңа концептулды мәселерді шешуге талпынды. Өкініштісі оларға партияның саяси-идеологилық шеңберінен шығу оңайға түскен жоқ.
1966 жылы өткен партияның ХХІІІ съезінде жасалған ОК есепті баяндамасында қоғамдық ғылымдардың техникалық ғылымдармен қатар келешекке жол ашатындығы айтылды. Ілі-шала, келесі жылы, СОКП ОК-нің «О мерах по дальнейшему развитию общественных наук и повышению их роли в коммунистическом строительстве»деп аталатын қаулысында қоғамдық ғылымдарға ауыр міндет жүктелді.
Кадр дайындау мәселесі қайта көтерілді. Тарихи білім беру ісі қайта құрылды. Бұрынғы «СОКП тарихы» пәні орнына тәуелсіз республика тарихтары оқытыла бастады. Баламалы оқулықтар жазылды және олар жөнінде пікір-таластар орын алды. Мектеп пен жоғарғы оқу орындарында тарихты оқыту мәселесі қайта қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |