Бекіту сұрақтары:
1. Позитивтік методология неге сыналды?
2.Макс Вебердің тарихи көзқарасы?
3. Джордж МаколейТревельян ағылшын тарихнамасына қандай жаңалықтар әкелді?
4. Вильгелм Дильтейдің және оның оқушыларының тарх ғылымына қосқан үлесі?
Тарихнамалық деректер:
Дильтей В. Собрание сочинений в 6 тт. – М.: Дом интеллектуальной книги, 2000.
Вебер М. Аграрная история древнего мира. –М.: , 2001.
КрочеБ.Теория и история историографии.– М.: , 1998. – 192 с.
Шпенглер О. Закат Европы. М: «Наука», 1993. – 592 с.
Тойнби А. Дж. Постижение истории. Сборник. / Пер. с англ. Е. Д. Жаркова, М., Рольф, 2001. – 640 с.
Блок М. Апология истории, или Ремесло историка / Пер. с фр. – Таллин: Ээсти раамат, 1983. – 184 с.
Ясперс К. Смысл и назначение истории: Пер. с нем. 2–е изд. – М.: Республика, 1994.–527 с.
ХІ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
КЕҢЕС ТАРИХНАМАСЫ
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының ашылуы.
1917 жылғы қазан төңкерісінің нәтижесінде Ресейде Кеңес үкіметі орнады. Бір елде социалистік қоғамдық құрылыс дүниеге келді. Жаңа қоғамның негізгі идеологиясы марксизм–ленинизм негізінде көрініс тапты. Коммунистік партияның ықпалындағы тарих ғылымы сол идеологияның пәрменді құралына айналды.
1922 жылы «Под знаменем марксизма» журналына В. И. Лениннің идеология саласындағы міндеттерді айқындайтын «О значении воинствующего материализма» атты мақаласы жарияланды. Қоғамдық ғылымдар саласында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарын реттеп отыратын 1918 жылдың 25 маусымындағы Бүкіл Ресейлік Атқару комитетінің декреті негізінде Соцалистік (1923 жылдан бастап Коммунистік) академия құрылды. Оның құрамына белгілі ғалымдар мен қатар қоғам қайраткерлері де кірді. Жаңа құрылған ғылыми орталық К. Маркс, Ф. Энгельс, және В.И.Ленина еңбектерін жариалай бастады. 1922 жылдан бастап «Вестник Социалистической академии» (кейін «Вестник Коммунистической академии») журналын щығарды. 1929 жылы академия құрамында Тарих институты ашылды.
1921 жылдың қаңтарында екінші бір ғылыми–зерттеу мекемесі – Маркс және Ф. Энгельс және В. И. Ленин институттары ашылды. Бұл мекемелер марксизм классиктердің хаттарын, қолжазбаларын, шығармаларының фотокөшірмесін жинап, оларды жариялай бастады. «Архив К. Маркса и Ф. Энгельса» (1924 г.) және «Летописи марксизма» (1926), В. И. Ленин институтында 1927 жылдан бастап «Записки Института Ленина» жинақтары жарық көрді.
1922 жылы қоғамдық ғылымдар ғылыми–зерттеу институттарының Ресейлік Ассоциациясы құрылды. Негізгі міндеттерінің бірі қоғамтану ғылымдары үшін кадр дайындау еді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен жоғары білікті маман дайындау ісін де қайта құру жұмысы да жолға қойылды. 1921 жылы Коммунистік Академия жанынан марксизм курстары, «Қызыл профессура институты» жұмыс істей бастады. Ірі университеттерде қоғамтану факультеттері ашылды.
Міне осындай шаралар Ресейде марксшіл тарихшыларды дереу дайындау қажеттілігін туғызды. Жаңа жағдайға байланысты Н. И. Кареев, Е.В. Тарле сияқты бұрынғы либералды бағыттағы буржуазиялық мамандардың кейбірі өздерінің көзқарастарын қайта қарады. 20 жылдардың аяғында Ресейде буржуазиялық тарихнама күйзеліске ұшырады. И.И. Скворцов–Степанов, Н. М. Лукин, Ф. А. Ротштейн, В. П. Волгин, В. А. Быстрянский сияқты тарихшылардың еңбектері тарихнамада маркстік позицияның қалыптасқандығының дәлелі еді.
1925 жылдан бастап марксшіл тарихшылардың Қоғамы құрылды. 1926 ж. «Историк–марксист» журналы шыға бастады. 1928 жылдың 28 желтоқсаны мен 1929 жылдың 4–қаңтары арасында марксшы тарихшылардың Бүкілодақтық бірінші конференциясы өтті. 30–жылдардың орта шенінде тарих орта және жоғары мектептерде арнайы пән ретінде оқытыла бастады. 1934 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына азаматтық тарих пәні кірді. Москва, Ленинград тағы да басқа университеттерде тарих факультеттері ашылып, жоғары білікті тарихшы мамандарды дайындай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |