Дайындық тобының балаларымен өткізілетін жаттығулардың әдістемелік нұсқаулары.
1. Бүл жастағы балалар,күрделі қозғалыстарды менгеруге қабілеті (ұзындыққа, биіктікке екпіндеп секіру, кіші допты лақтыру және т.т.) және психологиялық жағынан бір жақты жаттығуға «толық ереже бойынша» дайын. Бірақ та оларды жүйелі түрде жаттығуды орындауға ерте екенін ескерген жөн.
2. Бостанқы үйрету, әсресе күрделі қозғалыстарды жаттығулардың әдістемесі арқылы атқарылады.
3. Қозғалыс дағдысын қалыптастыру тезірек жүреді, егер де жаттығу түрлерін бірнеше рет қайталап жасатса (аз үзіліс беріп арасына).Мысалы:етпендеп келіп биіктікке және ұзындыққа секіруді 8 – 9 рет қатарынан қайталау керек , одан әрі қайталауды 3 – 4 – ке төмендетуге болады.Осы қозғалысты үретуге 3 – 4 сабақ өтсе болғаны.
4. Балаларға қозғалыстардың реиті мен оның қандайда бір фазалық бөліктерін көрсетіп және түсіндіріп қана қоймай, ол қозғалыстарды жасауда қандай әрекет жасау керектігін баса назар аударту керек. (секіруде-итерілу, өрмелеуде – қолмен ұстау және тағы басқа.)
5. Алты жастағы балалар көбінесе өздерінің физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайтындығын әрдайым есте ұстаған жөн.
6. Жеті жасқа арналған (ЖДЖ) жалпы даму жаттығуларын орындау олардан едәуір физикалық қарқынды қажет етеді. Себебі, физиологиялық эффект болу үшін жаттығулар жылдам қарқында және көлемі жағынан ауқымдырақ болып келеді.
7. Жаттығуды көрсету және түсіндіру алдымен болғаны жөн, одан кейін барып жаттығуды орындау дұрыс, таныс білетін жаттығуларды көрсетпесе де болады, тек оның қалай дұрыс орындалады соны айтып, ескерткен жөн. Сол арқылы оларды ойлауға, анализ жасауға үйреткен дұрыс.
8
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының мынадай түрлері кеңінен қолданады.
Дене (жаттығулар) тәрбиесін оқытудың сабақтық түрі:
міндетті оқыту сабағы;
қосалқы үйірмелік сабақтар (фитбол, хореография, балалар аэробикасы және басқа түрлері);
міндетті немесе қосалқы сабақтар ЕДТ (Емдік дене тәрбиесі);
Дене тәрбиесін оқытудың сабақтан тыс түрі:
ертеңгілік гимнастика;
ұйқыдан кейінгі гимнастика;
қозғалыс ойындар және спорттық қимыл-ойындары;
физкультминуткалар сабақ арасындағы;
серуендеулер мен табиғат аясына шығу;
дене тәрбиесі мейрамдары мен демалысы;
балалардың өз бетінше орындайтын дене жаттығулары;
Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына бөлінген міндетті минимумның саны төмендегідей болу керек:
аптасына 3 сағат дене тәрбиесі сабағы; (оның біреуі таза ауадағы серуендеу кезінде).
ертеңгілік гимнастика – күнде;
физкультминутка – күнде, әр пән сабақтарының арасында;
спорттық мейрамдар – жылына екі рет;
дене тәрбиелік демалыс – айына 1 рет;
денсаулық сақтау күндері – әр тоқсанда 1 рет (оның ұзақтығы тәрбиешінің басшылығы мен бүлдіршіндердің шама-шарқына қарай өткізіледі).
9
Достарыңызбен бөлісу: |