Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Мамандығы: 0103000-“Дене тәрбиесі және спорт” Біліктілігі: 0103023 – «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»


Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің әлеуметтік -педагогикалық маңыздылығы



бет3/23
Дата23.05.2024
өлшемі82.19 Kb.
#501736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Кадеш Аслан

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің әлеуметтік -педагогикалық маңыздылығы.

Адамнын дене тәрбиесінің негізі ерте балалық шақта қаланады, өмір сүру ұзақтығына байланысты жедел түрде кеңейтіліп және тереңдей түседі.Кейінгі онжылдық көлемінде халық денсаулығының нашарлауы байқалады. Дені сау адамдардың саны 23,2%-дан 5-7%-ға дейін төмендеген.


Баланың жан-жақты дамуының негізгі оны дұрыс күту мен дене тәрбиесіне тікелей байланысты туылғаннан берілетін қимыл әрекеттерді меңгеру (еңбектеу, домалау, жүру,жүгіру, өрмелеу, кедергілерден өту, қозғалыс ойындары) интелектуалдық және фунционалдық дамуына көмектеседі, бойы мен денесінің өсу үрдісін тездетеді, денсаулылығын нығайтады, әр түрлі ішкі және сыртқы ортаның факторларына ағзаның қалыптасуын арттырады.
Адам өмірінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты дамуының негізі-ол дене тәрбиесі.Дұрыс дамып келе жатқан бала қозғалысқа талпынады.Қозғалыстың арқасында баланың тыныс алу органдары,қан айналым жүйесі, нерв жүйесі, ас қорыту жүйелерінің қызметі жақсарады.Олар баланы әр-түрлі ауыру-сырқауларға төзімді етеді,организмнің қорғаныс қызметін арттырады. Бала қозғалыс арқылы өмірмен танысады, жүйке процессі дамиды, өз беттілігі, жігері, тәртіптілігі дамиды.Қимыл-қозғалыс жиынтығы оған белгілі бір іс-әрекетті(жұмысты)жасауға мүмкіндік береді.
Қол салалары мен саусақтарының қимылы баланың дамуына көп әсерін тигізеді:үлкен қабаттының жұмысын белсенді етеді,сөйлеу-қозғалыс (речедвигательный)орталығының өсу қабылетін арттырады.Осы жағдайда бала миының шеке бөлігінің дамуына қалайлы кезең туады, ол баланың ақыл-ойының өсуіне негізгі себепкер болып табылады.Сондықтан бала неғұрлым әр-түрлі қимылдарды меңгерсе,соғұрлым оның сезімталдылығы,қабілеттілігі және тағы басқа мұмкіндіктері толығынан жетіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 7 жасқа дейінгі (бүлдіршіндер)балалар барады.Оларды физиологиялық және жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай даму кезіңдеріне бөлуге болады.



Жастары

Топтары

1.

Туылғаннан-бір жасқа дейін

Нәрестелер тобы

2.

1 жастан - 2 жасқа дейін

Бөбектер тобы

3.

2 жастан - 3 жасқа дейін

Бірінші сәбилер тобы

4.

3 жастан - 4 жасқа дейін

Екінші сәбилер тобы

5.

4 жастан - 5 жасқа дейін

Орта жас тобы

6.

5 жастан - 6 жасқа дейін

Ересектер тобы

7.

6 жастан - 7 жасқа дейін

Дайындық тобы

Балаларды жастық даму кезеңдеріне бөлу арқылы, олардың биологиялық даму кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеруге, дене тәрбиесі жүйесін құруға, оқытып үйретудің ұйымдастырылу формаларын қуруға көмектеседі.


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет