Бақылау сұрақтары:
Санитарлы-гигиеналық экспертизаның объектілерін атаңыз.
Санитарлы-гигиеналық экспертизаның құқықтық және нормативтік базасын құрайтын негізгі заңдарды және нормативтіқұжаттарды атап көрсетіңіз.
Санитарлы-гигиеналық экспертизаның классификациясын қарастырыңыз. Осы экспертиза түрін оның объектілерімен өзарабайланысын анықтаңыз.
Қоспалар не үшін арналған және олардың арналуларына байланысты қалай жіктеледі?
Санитарлы-гигиеналық экспертизаның әрбір түрлерін жүргізу үшін қандай негіздер қажет?
№6 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ветеринарлы-санитарлық экспертиза.
Сабақ мақсаты: ҚР-ның ветеринарлы-санитарлық экспертизасының құқықтық және нормативтік базасын оқып үйрену.
Тапсырма:
Дәріс конспектісі бойынша ветеринарлы-санитарлық экспертизаны оқып меңгеріңіз.
ҚР-ның ветеринарлы-санитарлық экспертизасының құқықтың базасын оқып меңгеріңіз. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: «ветеринарлық құжаттар», «ветеринарлық төлқұжат», «ветеринарлы-санитарлық қауіпсіздік», «ветеринарлы-санитарлық экспертиза», «экспертиза акті».
ВСЭ объектілері мен субъектілерін атаңыз.
ҚР ветеринариясының жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
ВСЭ-ның мақсаты, міндеттері және объектілерін атаңыз.
ВСЭ жүргізудің қажеттелігіне негіздеме беріңіз және оларды жүргізу үшін қандай негіздер қажет?.
ВСЭ субъектілерін және олардың бағыныштылық ретін атаңыз.
Белгіленген нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?
ВСЭ ақпаратпен қамсыздандырылуы үшін қандай құжаттар қажет?
№7 Тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |