Сабақ Тақырыбы: Тауарлық экспертизаның әдістемелік негіздері



бет6/20
Дата13.10.2022
өлшемі349 Kb.
#462621
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Саба Та ырыбы Тауарлы экспертизаны дістемелік негіздері

Сабақ мақсаты: Ет және ет өнімдерінің жалпы сипаттамаларын және сапасына қойылатын талаптарын оқып үйрену.


Тапсырма:

  1. Соғымға арналған жануарлардың түрі, жасы, жынысы, семіздігі (тығыршықтығы), еттің термиялық күйі бойынша классификациясы. Еттің тауартанушылық маркерленуі.

  2. Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ет сапасының экспертизасы.

  3. Балғындық көрсеткіштері бойынша ет сапасының экспертизасы.

  4. Қабылдау кезіндегі ет сапасының экспертизасы. Сыртқы түрін бақылауы және үлгілерді алу. Ет сапасының әдістері және көрсеткіштері.

  5. Еттің ақаулары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Соғымға арналған жануарлардың түрлерін атаңыз.

  2. Семіздігі бойынша бұзау және сиыр еті қандай категорияларға бөлінеді?

  3. Еттің термиялық күйлерін сипаттап беріңіз.

  4. Ет категориялары бойынша қандай таңбалар қойылады?

  5. Етте және ет өнімдерінде қандай ксенобиотиктер (бөгде заттар) кездесуі мүмкін?

  6. Ет және ет өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын токсикоинфекциялардың қоздырушыларын атаңыз.

  7. Токсикоздардың түрлерін және олардың қоздырушыларын атаңыз.

  8. Етте бұзылудың қандай түрлері туындайды?

  9. Микробты бұзылулардың түрлерін сипаттап беріңіз.

  10. Ет және ет өнімдерінің органолептикалық бақылауы қалай жүргізіледі?

  11. Еттің және ет өнімдерінің сапасын қандай химиялық әдістермен анықтауға болады?

  12. Ет және ет өнімдерінің негізгі ақауларын атаңыз.

10 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Балық және балық өнімдерінің экспертизасы. Жалпы сипаттамалары. Классификациясы және ассортименті. Сапасына қойылатын талаптар, буып-түю, маркерленуі, сақталуы. Ақаулар.
Сабақ мақсаты: Балық және балық өнімдерінің жалпы сипаттамаларын және сапасына қойылатын талаптарын оқып үйрену.


Тапсырма:

  1. Дәріс конспектісі бойынша балық және балық өнімдерінің тауартанушылық экспертизасын оқып меңгеріңіз.

  2. Өндіріс аймағында балықтың экспертизасын ұйымдастыру.

  3. Тірі күйінде реализациялау үшін қолданылатын балықтардың түрлері. Тірі балықты тасымалдау. Тұтыну орындарында тірі балықты сақтау. Тірі балықтың сапасына қойылатын талаптар.

  4. Салқындатылған балық. Салқындату әдістері және олардың сапасына әсері. Ассортименті. Салқындатылған балықтың сапасына қойылатын талаптар. Буып-түю, маркерлеу, тасымалдау және сақтау. Ақаулар.

  5. Балық консервілері. Классификациясы, ассортименті. Химиялық құрамы және тағамдық құндылығы. Консервілер өндірісі үшін қолданылатын балықтардың түрлері. Шпротты және сардинді өндірістердің ерекшеліктері. Экспертизасы. Ақаулары. Сақталуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет