Сүйіктім менің, электра (пьеса) Ласло Даркодан



бет13/16
Дата03.01.2023
өлшемі74.92 Kb.
#468093
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сүйіктім менің, Электра

ОН ЖЕТІНШІ КӨРІНІС
Электра, Орест, Хор, Мылқау.
ЭЛЕКТРА. Арманға жеттік.
(Орест үнсіз.) – әділдік жеңді.
ОРЕСТ. Қуан. Қуғыннан құтылдық.
ЭЛЕКТРА. Қуанышымда шек жоқ. Күткен бостан күн келді. Тыңда, Орест. Тыңда, халқым. Бұрын би түгілі, билегендердің маңынан жүрмейтін Электра бүгін қуанғаннан қолды-аяққа тұра алар емес. Мына бір өлі мүрдені шыр айналып билеп кетті. Оның ағыл-тегіл қара қанын табанымен таптап билеп жүр. Қуанғаннан міне бүйтіп айқайлап та қояды. Электра қас дұшпанның қара қанын ішпей мас боп тұр. Ол оның өлім аузындағы қорқырағанын естіп мас боп тұр. Ол, міне, ата жауының өлер алдында шөлмектей боп көгеріп бара жатқан қорқынышты көзіне еш жасқанбай тура қарай алады.
(Орест үнсіз).
Мен есалаңмын ба? Ашып айт. Қалай билейді екем, қарашы, Орест? Қарап ал. Мен бұл сағатты он бес жыл күттім. Он бес жыл бойы басымнан қара түскен жоқты. Енді, міне, билеп жүрмін. Орест, мен азатпын, жалғандықтың көзін біржола құрттым! Мен билеп жүрмін. Мен жеңдім. Мен азатпын, Орест!
(Орест үнсіз).
– Сен неге менімен қуанбайсың? Сен неге билемейсің? қорқасың ба, Орест? Өліктің қасында билеуге қорқып тұрсың ба?
(Орест үнсіз).
– Өліктің тынышын алмаған дұрыс деп ойлайтын шығарсың. Орест, ол дұрыс емес. Балаларға озбырлар жеңілгенде қуану керек деп осы күннен үйреткен жөн. Күллі шаһар жиналып, би билейік. Індеттен құтылдық, Орест. Қолыңды бер, сүйіктім, мен сенімен билегім келеді.
ОРЕСТ. Қолымды көрмейсің бе, қып-қызыл қан ғой!
ЭЛЕКТРА. Қаннан қорықпа, өтіріктен қорық. Қаннан қорықпа, күнәдан қорық. Қаннан қорықпа, сұмпайылықтан қорық.
ОРЕСТ. Солай екенін өзім де білем. Бірақ, қолыма қарашы, қан ғой.
ЭЛЕКТРА. Қолыңды бер, мейлі менің де қолым қан болсын. Жүрегіме басайын: мейлі жүрегіме де қан толсын. Орест, қолындағы қанды өз киіміме жұқтырам.
ХОР. Қаннан қорықпаңдар, жалғандықтан қорқыңдар.
ЭЛЕКТРА. Басыңды тіземе қойшы. Тынықшы. Деміңді алшы, сүйіктім. Қасыңда мен отырайын. Келіп басыңды тіземе қойшы, өзім әлдилейін.
ОРЕСТ. Мұншама қайрат саған қалай біткен?
ЭЛЕКТРА. Мен азатпын ғой. Сен ғой бостандық алып берген.
ОРЕСТ. Мен шаршадым, Электра, кешір, мен қатты шаршап қалыппын.
ЭЛЕКТРА Сен осылай етуің керек еді.
ОРЕСТ. Иә, осылай істеу керек болды.
ЭЛЕКТРА Терезеге қарашы, қала қалай қуанып жатыр.
ОРЕСТ. Осылай істеу керек екен. Істедім. Енді қорықпаймын. Көрдің бе, қолым да дірілдегенін қойған. Қанын бетіме сүрттім, мен енді қорықпаймын, Электра.
ЭЛЕКТРА Сен мені азат еттің.
ОРЕСТ. Кісі өлтірушіден тек өлтіріп қана құтыласың. Заң солай. Азаттық жолы да қанды жол.
ЭЛЕКТРА Сен жалғандықты құрттың. Ластықты жойдың.
ОРЕСТ. Өз қаламды азат етуге он бес жыл әзірлендім.
ЭЛЕКТРА. Ал, мен соны он бес жыл күттім.
ОРЕСТ. Сен мұншалық қажырды қайдан таптың?
ЭЛЕКТРА. Мен сені күттім ғой, сүйіктім!
ОРЕСТ. Мен саған қараймын да, кім екеніңе түсіне алмаймын. Түсіне алмаймын да, қайран қаламын.
ЭЛЕКТРА. Мен Электрамын.
ОРЕСТ. Сені білгесін-ақ, мен жеке өзім ештеңе бітіре алмайтынымды ұқтым. Сені білгесін-ақ, мен жалғыз өзім ештеңеге тұрмайтынымды ұқтым. Сені білгесін-ақ, мен тек Орест болып та қоймай, сонымен бірге Электра да болғым келді.
ХОР. Азаттық жолы да, қанды жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет