Сүйіктім менің, электра (пьеса) Ласло Даркодан



бет14/16
Дата03.01.2023
өлшемі74.92 Kb.
#468093
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сүйіктім менің, Электра

ОН ЖЕТІНШІ КӨРІНІС
Электра, Орест, Хрисотемида, Хор, Мылқау.
ЭЛЕКТРА Көрдің бе, апатай, біз азатпыз.
ХРИСОТЕМИДА. Мен жайрап жатқан өліктен басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын.
ЭЛЕКТРА. Қуан, бұл біздің әкемізді өлтірген жендеттің өлігі.
ХРИСОТЕМИДА. Қуан десең, қуанайын.
ОРЕСТ. Қуан, бауырым, кесапат заманның біткеніне қуан.
ХРИСОТЕМИДА. Қуан десең, қуанайын.
ЭЛЕКТРА. Інісі мен сіңлісінің қолы қан, апамыздың қолы тап-таза.
ХРИСОТЕМИДА. Бұны өлтірген мен емес, біздер ғой.
ЭЛЕКТРА. Інісі мен сіңлісінің қолы тап-таза, ал апамыздың қолы қан.
ХРИСОТЕМИДА. Сен тағы да ақылыңнан алжаса бастадың ба?
ЭЛЕКТРА. Інісі мен сіңлісінің қолына Агамемнонның қаны жұққан жоқ.
ХРИСОТЕМИДА. Сонда маған да қолыңды қанға боя деп тұрсың ба, ол айтқаның бола қоймас.
ОРЕСТ. Қорықпа, апатай, Эгист өлген, саған сонша қорқатындай ештеңе жоқ.
ХРИСОТЕМИДА. Сен қорықпа десең, қорықпайын.
ЭЛЕКТРА. Орестен қорықпа.
ХРИСОТЕМИДА. Мен қолы қан адамның бәрінен қорқам.
ОРЕСТ. Сендерді осы үрейден құтқару үшін Эгист өлуге тиісті болды.
ХРИСОТЕМИДА. Сенің қолың қан. Жұрт қолы қан кісінің бәрінен қорқады.
ОРЕСТ. Мен сендерге азаттық әкелдім.
ХРИСОТЕМИДА. Біздің әкемізді өлтіргенде Эгис те солай деп жар шашқан.
ХОР. Естисің бе, падишам?
ОРЕСТ. Үйіңе бар, апа. Қаладағы жұртқа айт: бұдан былай патшадан қорықпасын.
ХРИСОТЕМИДА. Падиша, әмір еттіңіз, әміріңізге құлдық.
ОРЕСТ. Бар, апа, барып тыныш өмір сүре беріңіз.
ХРИСОТЕМИДА. Кімнің бұйырғанында не тұр? Кімнің менің ісім адал деп ант-су ішкеніңде не тұр? Патшаның айтқаны қашан да дұрыс. Патшаның қолы қашан да қан. Халықтың қорқатыны да сондықтан.
ЭЛЕКТРА. Сен бұрын аузыңды ашпаушы ең. Эгист бетіңе бір қараса болды, тепкі көріп қалған күшіктей жым болатынсың.
ХРИСОТЕМИДА. Жарайды, үндемей-ақ қояйын. Ең дұрысы: аузыңа ие болу екенін әлдеқашан ұққанбыз.
ЭЛЕКТРА. Әрине, сен тек үндемеуге ғана емес, өтірік айтуға да әбден маманданып алғансың.
ХРИСОТЕМИДА. Өтірікші болсам, өтірікші шығармын. Қорқақ болсам, қорқақ шығармын, бірақ қолым қанға боялған емес, Электра.
ЭЛЕКТРА. Қара. Қарап ал. Менің қолыма қара. Орестің қолына қара. Қан ба екен, қарап ал. Қасапшының қолындай ғой, ә? Мен ешкімнен бұл үшін қысылып-қымтырылмаймын. Мен азатпын. Хрисотемида, қолымыз осындай қан болғанның арқасында ғана азаттық алдық.
ХОР. Иә, азаттық жолы да. Қанды жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет