Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Сыртқы газқұбырларын электрохимиялық



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5 - тарау. Сыртқы газқұбырларын электрохимиялық

коррозиядан қорғау
42. Жер астындағы болат газқұбырларын жобалаудың техникалық жоспарына оны электрохимиялық коррозиядан қорғау жөніндегі бөлім енгізіледі.

43. Газқұбырларын электрохимиялық коррозиядан қорғау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманың көлемі және мазмұны газқұбырларын жобалаудың сатысында анықталады.

44. Жер астының болат газқұбырларын, полиэтилен газқұбырларындағы болат қондырмаларды, ашық тәсілмен салынған құтылары электрохимиялық коррозиядан қорғау күшейтілген түріндегі қорғанышты оңашалағыш жабындылармен, ал коррозиялы белсенділігі жоғары топырақтарда немесе кездейсоқ тоқтың әрекеті қауіпті болған кезде-қосымша электрохимиялық құралдарымен жүзеге асады (бұдан әрі-ЭХҚ).

45. Полиэтиленді газқұбырларының ұзына бөлігінде және полиэтиленді газқұбырларының ғимараттың болат жетектерімен жалғасқан жерлеріндегі (жетектерде электрді оңашалайтын бөлшектері болған кезде) ұзындығы 10 м аспайтын болат қондырмалар үшін ЭХҚ көзделмейді.

Бұндай жағдайда траншеяларды бүкіл ұзына бойына және тереңдігі бойынша жабу құммен орындалады.

46. Электрохимиялық коррозиядан қорғау жобасын жасауды пайдаланушы (газды тарататын) ұйыммен келісілген тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының негізінде жүргізеді.

47. Электрохимиялық коррозиядан қорғау жобасы ең тиімді техникалы-экономикалық шешімдерді есеп ала отырып орындалады.

48. Жобалық ұйым қорғаудың жобасын құрылыс үдерісінің барысында жүзеге асыруды бақылайды және бақылау нәтижелері бойынша газқұбырын пайдалануға қосқанға дейін жобалық шешімдерге түзетулер енгізу жүзеге асады.

49. Қалаларда және елді мекендерде газқұбырларына бақылау-өлшегіш аспаптарды орнатуды аралары 200 м аспайтындай етіп, қалалар мен елді мекендердің аумағынан тыс жерде -500 м аспайтындай етіп орындайды.

50. Жер үстінің газқұбырлары құрылыс ауданындағы сыртқы ауаның температурасын есепке ала отырып сыртқы жұмыстарға арналған бояудың, лактың немесе эмальдың екі қабатымен сары түске боялады.

Ғимараттардың маңдай бетімен жүргізілетін сыртқы газқұбырлары ғимаратты қоршайтын құрастырманың түсіне сәйкес боялады.

6 - тарау. Тығынды, реттегіш арматура,

сақтандырушы құрылғылар
51. Газқұбырлары қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тығынды және реттегіш арматурамен, сақтандырғыш құрылғылармен, қорғаныш, автоматтандыру, тосқауыл қою және өлшеу құралдарымен жарақтандырылады.

Газды пайдаланатын қондырғылардың жанарғы мойындарының алдында Мемлекетаралық құрылыс нормаларына МҚН 4.03-01 сәйкес ысырмасының саңылаусыздығы А тобындағы СБК көзделеді.

Электрқуатын сыртқы көзден беруді тоқтату қуатты басқа көздерден қосымша қуатты жеткізбестен клапанның жабылуына алып келеді.

52. Қауіпсіздік құбыр желілерінде ашылу уақыты 1 секундты құрайтын СБК орнату көзделеді.

53. Тығынды және реттегіш арматура, сақтандырғыш құрылғылардың, қорғаныш, автоматтандыру, тосқауыл қою және өлшеу құралдарының саны және орналасу орындары, осы Талаптарға сәйкес газды пайдаланатын жабдықтың жұмысы кезінде оны қызмет көрсетуші персоналдың араласуынсыз қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ газқұбырлары мен газды құрал-жабдыққа (техникалық құрылғыларға) қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуін ескере отырып жобалық ұйыммен қарастырылады.

54. Сыртқы газқұбырларындағы тығынды арматура құдықтарда немесе оларсыз орнатылады.

Егер бұл бұйымның құрастырмасында көзделсе, тығынды арматураны топыраққа орналастыруға рұқсат беріледі.

55. Тығынды және реттегіш арматура, сақтандырғыш құрылғылардың, электрлі желілерді қорғау, қауіпсіздік автоматикасы, тосқауыл қою және өлшеу аспаптарының құрылысы өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органмен келісілген нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді.

56. Тығынды және реттегіш арматураның, сақтандырғыш құрылғылардың ысырмасының саңылаусыз болуы «В» тобынан төмен емес, дайындаушымен белгіленген қызмет мерзімінің ішінде тасымалдау ортасына төзімді болуды қамтамасыз етеді.

57. Тығынды және реттегіш арматура газды ортаға арналған. Ысырманың саңылаусыздығы газды ортаға арналған арматурадан төмен болмаған жағдайда басқа ортаға арналған тығынды арматураны қолдануға рұқсат беріледі.

58. Арматураның материалы климаттық жағдайлар мен газдың жұмыстық қысымын есепке ала отырып қабылданады.

59. Полиэтиленді газқұбырларында ажырату құрылғылары ретінде полиэтиленді немесе металл арматура пайдаланылады.

60. Арматураның корпусы таңбаланады, онда көрсетілетіндер:

1) дайындаушы кәсіпорынның атауы немесе тауарлық белгісі;

2) шартты өту;

3) шартты немесе жұмыстық қысымы және ортаның температурасы;

4) орта ағынының бағыты.

Арматура пайдалану жөніндегі нұсқауымен бірге жеткізіледі.

61. Диаметрі 100 мм және одан да көп болатын арматура белгіленген үлгідегі құжатымен бірге жеткізіледі, онда дайындаушы, бұйымның номері, саңылаусыздығы туралы мәліметтер, бақылаудың нәтижелері көрсетіледі.

Диаметрі 100 мм дейін болатын арматураға саны 50 бірліктен аспайтын тобына құжатты ресімдеуге рұқсат беріледі.

62. Сильфонды (металы тұтас) компенсаторларды температураның өзгерулері мен басқа да жылжулардың әсерінің орнын толтыру үшін, сондай-ақ газқұбырларындағы дірілді жүктемелерді азайту үшін, олардың беріктігі бірдей болған жағдайда газқұбырларына орнатуға рұқсат беріледі.

63. Линзалы компенсаторларды температураның өзгеруіне байланысты пайда болған ұзына бойына пішіні өзгеруінің орнын толтыру үшін қоса алғанда қысымы 0,6 МПа дейін газқұбырларына орнатуға рұқсат беріледі.

П-тәріздес компенсаторларды қолдану нормаланбайды, сальникті компенсаторларды қолдануға рұқсат берілмейді.

64. Арматураның маховиктерінде арматураны ашу және жабу кезіндегі айналдыру бағыты белгіленеді.

Жетекті тығын арматурасы пайдалану жөніндегі нұсқауымен бірге жеткізіледі.

65. Жайдың сыртынан орнатылатын тығынды арматура электржетегінің техникалық құжаттарында көрсетілген сыртқы ауа температурасының аралығына сәйкес болып орындалған электржетегіне ие, ол сондай-ақ жауын-шашындардан қорғалады.

66. Газқұбырларында орнатылатын арматураны басқару, қызмет көрсету және жөндеу оңай болады.

67. Арматураны газқұбырларының иілетін және айналдыратын қысымдарының мәні барынша жерлеріне орналастырады.

Салмағы 500 кг асатын арматураны газқұбырларының көлденең жерлеріне орналастырып, ол үшін арнайы тіректер немесе ілгіштер көзделеді.

68. Болат газқұбырларына бұқтырмаларды орнату ыңғайлы болуы үшін жобада түтіктерді қысуға арналған құралы мен токты өткізетін тұтқасы бар бұрылыс немесе қаңылтырлы бұқтырманы орнатуға арналған алынатын жалғамалар көзделеді.

Бұқтырмалар газқұбырындағы рұқсат берілген қысымның ең жоғарғы шегіне есептеледі және түтіктің шегінен асып шығып тұратын, таңбаланған (қысымы, диаметр) қанатшаларға ие.

69. Газды реттегіштің құрастырмасы қамтамасыз етеді:

1) аралас реттегіштер мен баллонды қондырғылардағы реттегіштер үшін шығатын қысымның жоғарғы шегі ± 20 % аспайтын және барлық басқа реттегіштер үшін ± 10 % аспайтын пара-парлық аймағы;

2) шығатын қысымды реттеудің жоғарғы шегінің 2,5 % аспайтын сезінбейтін аймақты;

3) 60 секундтан аспайтын тұрақты уақыт (газдың шығыны немесе кіретін қысым шұғыл өзгерген кезде реттеудің өтпелі үдерісінің уақыты).

70. Екі тұғырылы реттегіштердің жабық клапандары арқылы номиналды шығынның 0,1 % аспайтын көлемде газдың салыстырмалы түрде реттелмей шығуына жол беріледі; бір тұғырлы клапан үшін ысырмаларының саңылаусыздығы МСТ 23866 сәйкес келеді.

Бұрылысты тосқауыл қойғыштардың реттейтін құрылғылары ретінде қолданған кезде газдың жол берілетін реттелмей шығуы өткізу мүмкіндігінің 1 % аспайды.

71. СБК іске қосылу дәлдігі СБК ГРО белгіленетін бақылау қысымының берілген шамасының ± 5 % және шкафты ГРО, ГРҚ топтары мен аралас реттегіштер үшін ± 10 % құрайды.

72. СТК жұмыстық қысымның белгіленген жоғарғы шегінен 15 % асатын кезде ашуды қамтамасыз етеді.

Клапанның толық жабылуына әкелетін қысым, сәйкесінше стандартпен немесе клапандарды дайындаудың нормативтік құжаттарымен белгіленеді.

Серіппелі СТК оларды күшпен ашатын құрылғымен жабдықталады.

Қысымы төмен газқұбырларында күшпен ашатын құрылғысы жоқ СТК орнатуға рұқсат беріледі.

73. Газдың сүзгідегі қысымының рұқсат берілген төмендеу шегі дайындаушы заводпен белгіленеді. Сүзгілерде оларға дифманометрлерді жалғауға арналған штуцерлер немесе сүзгідегі қысымның ауытқуын анықтауға арналған басқа құрылғылары болады.

7 - тарау. Газды реттейтін орындар және қондырғылар
74. Газдың қысымын төмендету және оны берілген өлшемдерінде ұстау үшін газды тарату желілерінде ГРО, сонымен бірге ГРБО, ШРО және ГРҚ көзделеді.

75. ГРО, ГРБО және ШРО құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес орналастырады.

76. ГРО тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік, тұрмыстық ғимараттарға (өндірістік сипаттағы ғимараттардан басқа) жапсарлас етіп салуды, сондай-ақ оларды ғимараттардың жер асты және шатыр астының жайларына орналастыруды жоспарлауға рұқсат берілмейді.

77. ГРО ғимараты МҚН 4.03-01 сәйкес СО тобындағы отқа төзімділіктің I-II дәрежесіне жатады, бір қабатты жер асты жайы жоқ шатырлы болады.

ГРО газдандырылған бір қабатты өндірістік ғимараттарға, газдандырылған өндірістік ғимараттарға жапсарлас салынған қазандықтарға, өндірістік мақсаттағы тұрмыстық ғимараттарға, СО тобындағы отқа төзімділігі I-II дәрежедегі газдандырылған өндірістік ғимараттардың, жанбайтын жылытқышы бар жабындыларына және қоршалған ашық алаңдарға, сондай-ақ ГРБО контейнерлеріне орналастыруға рұқсат беріледі.

ГРБО жеке тұратындай етіп орналастырады. ГРБО контейнерлерінің құрылысы үш қабатты қоршайтын құрылғыдан (металдың екі қабаты және жанбайтын материалдардан жасалған жылытқыштан) тұрады.

Отқа төзімділігі бойынша дәрежесі СО тобындағы МҚН 4.03-01 бойынша II төмен болмайтын Г және Д категориялы жайлары бар ғимараттарға ГРО жапсарлас салуға және тұрғызуға рұқсат беріледі. ГРО ғимараттарының құрылыс құрастырмалары (жанасқан шектерде) өртке қарсылығы I типті, газды өткізбейді.

ГРО және ГРБО ғимараттарының жеңіл құрастырмадағы салмағы 70 кг/м2 аспайтын (қысқы уақытта қарды тазалап отырған жағдайда) жабындысы (бірлескен шатыр) бар.

Салмағы 70 кг/м2 асатын құрастырмадан жасалған жабындыны қолдануға терезенің ойықтары, жарық шамдары немесе жалпы алаңы жайдың ішкі көлемінің 1 м 3-500 см 2 кем болмайтын оңай алынатын панелдерді орнатқан кезде рұқсат беріледі.

78. Газды реттейтін қондырғылар (бұдан әрі-ГРҚ) орналасқан жайлар, сондай-ақ жеке тұрған және тұрғызылған ГРО және ГРБО А тобындағы жайларға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Реттейтін залдардың жайларының едендерінің материалы, терезелер мен есіктердің құрылысы ұшқынның шығуына жол бермейді.

79. А категориялы жайды басқа жайлардан бөліп тұратын қабырғалар мен қалқалардың өртке қарсылығы 1 типті, газ өткізбейтін болып жоспарланады, олар іргетасқа сүйенеді. Барлық ГРО жайларының қабырғасының және іргетастарының жіктері байланады. Кірпіштен қаланған бөлетін қабырғалар екі жағынан сыланады.

80. Қосалқы жайлардың технологиялық жаймен байланысы жоқ сыртқа шығатын жеке есігі болады.

ГРО және ГРБО есіктері өртке қарсы, сыртқа ашылатын болып жоспарланады.

81. Бөліп тұратын қабырғаларда (ішкі қалқаларда), сондай-ақ ГРО жанаса салынатын (жанасқан шектерде) ғимараттардың қабырғаларында түтін шығатын және желдеткіш арналарды салуға рұқсат берілмейді.

82. ГРО жайларын жылыту климаттық жағдайларға байланысты анықталады.

Жылу сақтағыштың максималды температурасы 130°С аспайды.

Автономды жылытқышты орнатқан кезде жылыту аппаратын шығатын жері жеке оңашаланған жайда орналастырады.

Газды жеткізетін құбырлар және жылыту жүйелері, сондай-ақ басқа да коммуникациялар ГРО (ГРБО) реттейтін залының қабырғасы арқылы өткен кезде газдың енуіне жол бермеу үшін нығыздалып қапталады.

ГРО жайларын, оларды жарылыстан қауіпсіз түрінде орындаған жағдайда тікелей осы жайларға орналастырылатын электр құралдарымен жылытуға рұқсат беріледі.

83. ГРО жайларында табиғи және (немесе) жасанды жарықтандыру және 1 сағаттың ішінде ауа алмасуының үшеуден кем болмауын қамтамасыз ету тұрақты қолданыстағы табиғи желдеткіш қарастырылады.

Көлемі 200 м3 асатын жайлар үшін ауаның алмасуы есеп бойынша, бірақ 1 сағат ішіндегі ауаның алмасуы біреуден болмайтындай етіп жүргізіледі.

84. Жабдықтарды, газқұбырларын, арматура мен аспаптарды орналастыру, оларға қызмет көрсету мен жөндеудің ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Жайлардағы негізгі өткелдердің ені 0,8 м кем болмайды.

85. ГРО, ГРБО, ШРО, ГРҚ келесілерді орнату көзделеді: сүзгі, сақтандырғыш бекіту клапаны, газдың қысымын реттегіш, сақтандырғыш түсіру клапаны, тығынды арматура, бақылау-өлшегіш аспаптары (бұдан әрі-БӨА), газдың шығынын есептейтін аспаптар, сондай-ақ жүйелі түрде екі ажыратқыш құрылғы мен жабдықты жөндеген жағдайда, олардың арасына үрлейтін құбыр желісін орнату арқылы айналып өтетін газқұбырын (байпасты) орнату.

Газдың жүретін бойындағы екінші ажырату құрылғысы оны жайлап реттейтіндей етіп жоспарланады.

Егер өндірістіктің жағдайлары бойынша газ беруде үзілістерді жасауға жол берілмейтін болса, ГРО газқұбырының ену қысымына беріктігі есебінің шартымен өндірістік кәсіпорындардың ГРО СБК орнатпауға рұқсат беріледі.

Бұл жағдайларда газдың рұқсат берілген шектерден асқаны немесе төмендегені туралы дабыл белгісі қарастырылады.

Автоматты тәртіпте ғана жұмыс жасауға есептелген және газды тұтынуда үзілістердің болуына жол беретін қондырғыларға, сондай ШРО жеке үйлерді газбен жабдықтаған кезде байпасты орнатпауға рұқсат беріледі.

86. СБК қысымды реттегіштің алдында орнату көзделеді.

СБК елді мекендер мен жекелеген тұтынушылардың газды жабдығын және газды пайдаланатын қондырғыларын қысымның нормативтік шамадан асып кетуінен қорғауды қамтамасыз етеді.

СТК қысымды реттегіштің артынан, ал шығынды өлшегіш болған кезде-шығынды өлшегіштің артынан орнату көзделеді.

СТК өндірістік қауіпсіздікке және тұтынушылардың газ жабдығының қалыпты жұмыс жасауына әсер етпейтін қысымның қысқа мерзімге арту жағдайларын ескере отырып, газдың атмосфераға шығуын қамтамасыз етеді.

СТК өткізгіш қабілетінің есебі белгіленген тәртіпте бекітілген нормалар бойынша жүргізіледі.

СТК алдынан ажыратқыш құрылғы қарастырылады, ол ашық қалпында мөрленеді.

87. Қысымды реттегішті таңдау тұтынушылардың газды жұмсауы мен қысымның талап етілген ауытқуының максималды есебі бойынша жүргізіледі. Қысымды реттегіштің өткізу қабілетін газдың жұмсалуының максималды есебінен 15-20 % артық, ал шығатын қысымды-номиналдыдан 10 % аспайтын шекте қабылдайды.

88. ГРО үрлейтін және түсіретін құбыр желілері көзделеді, олар газдың таралуының қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін орында, бірақ ғимараттың ернеуінен немесе жақтауынан жоғары тұруы 1 м кем болмайтындай етіп сыртқа шығарылады.

Газды шығару қабілеті 400 м 3/с дейін болатын ШРО үшін түсіретін газқұбырын СТК-шкафтың артқы қабырғасына шығаруға және газқұбырларын үрлеуді реттегішке дейін және одан кейін қауіпсіз орынға шығарылған шлангтардың көмегімен ажыратқыш құрылғылармен штуцерлер арқылы жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

89. Газды механикалы қоспалардан тазарту үшін сүзгілерде пайдаланылатын сүзетін материалдар газбен химиялық қосылыстарды түзбейді және оның әсерінен ыдырап кетеді.

90. Манометрлердің дәлдік тобы 1,5 төмен емес.

91. Әрбір манометрдің алдында манометрді тексеру және ажырату үшін үш қадамды кранды немесе соған ұқсас құрылғыны орнату көзделеді.

92. ГРО технологиялық жайларда жарылыстан қорғалып жасалған немесе ғимараттың сыртынан жай қалпымен жасалған телефондар орнатылады. Қызмет көрсетуші персоналдың ұялы телефондарды пайдалануына рұқсат беріледі.

93. ГРО газды пайдаланатын қондырғыға тікелей орнатуға рұқсат беріледі.

94. ГРҚ А және Б категориялы жайларда орнатуға рұқсат берілмейді.

95. ГРО ғимаратының ішкі көлемі 500 м3 артық болған кезде ішкі өрт сөндіру жүйесі көзделеді.

96. ГРО (ГРБО) электр қабылдағыштарының категориясы электрлі қондырғыларды орнатудың талаптарына жауап береді.

97. Электржабдығы жарылыстан қорғалып жасалады.

98. ГРО (ГРБО) жұмыстық және апаттық жарықтандыру көзделеді.

99. ГРО (ГРБО) ғимараттарының, сондай-ақ ШРО найзағайдан қорғайтын құрылғысы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес көзделеді.

100. ШРО жабдықтарын сенімді құлыптары бар металл шкафқа салады. Шкафты жылытуға құрылыс алаңының климаттық жағдайларын және дайындаушы заводтардың ШРО жабдықтарына берілген деректерін ескере отырып рұқсат беріледі.

101. ШРО жылыту жүйесі өндірістік қауіпсіздіктің талаптарын және жабдықтың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

8 - тарау. Газды таратудың технологиялық үдерісін басқарудың

автоматтандырылған жүйесі
102. Тұрғындарының саны 100 мың адамнан асатын қалалық елді мекендердің газды тарату желілері газды таратудың технологиялық үдерісін басқаруды автоматтандырылған жүйесіне ие (бұдан ары-ГТ ТҮ БАЖ).

ГТ ТҮ БАЖ газды тарату желілерін жобалаған, қайта құрған және техникалық қайта жарақтаған кезде қарастырылады және қамтамасыз етеді:

1) технологиялық жабдықтың жұмыс тәртібінің мониторингін;

2) өндірістік объектілердің қауіпсіздігі мен сақтауды;

3) газды таратудың тәртіптерін талдауды және тиімді басқаруды;

4) газды тарату желілерінің телімдеріндегі авариялық жағдайларды жергілікті орнында жойған кезде авариялық-диспетчерлік қызметтің жедел персоналынына арналған ақпаратты қалыптастыруды;

5) газдың есебін;

6) ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғауды;

7) функционалды тапсырмаларды арттырудың мүмкіндігін.

103. ГТ ТҮ БАЖ техникалық құралдарын орналастыру үшін сыртқы аппараттық дүңгіршектерді, сондай-ақ өндірістік ғимараттардың жабдықталған жайларын пайдаланады. Аппаратты жайлар ГРО БӨА жайларына қойылатын талаптарға жауап береді.

104. Басқару орындарын диспетчерлік телефон станцияларымен, ішкі дабыл белгісімен және телефон хабарларына арналған дыбыс жазу аппаратурамен жабдықтайды. Оларды авариялық-диспетчерлік қызметтің (бұдан әрі-АДҚ) орналастыруға рұқсат беріледі.

9 - тарау. Газды тұтынатын жүйелер
105. Өндірістік емес мақсаттағы ғимараттардың газды жабдығы жану өнімдерін атмосфераға шығаратын құбырымен және ауа алмасу саны есеп бойынша аықталатын, бірақ жұмыс уақытында ауа алмасуы сағатына үш еседен және жұмыстан тыс уақытта-бір реттен кем болмайтын тармақты-сорып алатын желдеткішімен қарастырылады.

106. Бұндай жабдықтарды жылумен жабдықтау үшін тұрғызылған немесе жапсарлас салынған жайларда жылу қуаты 360 кВт дейін болатын жылытатын газды жабдықты орнату көзделеді.

107. Жылытатын газды жабдықты орнатуға арналған жайдың:

1) биіктігі 2,5 м кем емес;

2) табиғи желдеткіші бар, сонымен бірге соратын және тармақты құрылғылардың көлемдері есеппен жасалады;

3) терезе ойықтарының шынылау алаңы жайдың көлемінің 1 м3 0,03 м2 есебімен алынған және отқа төзімділігінің белгіленген шегіне сәйкес аралас құрастырмалардан қалқаланған.

108. Жайларды маусымдық жылыту үшін жану өнімдерін шығаратын құбыры бар заводты жасалған конвективті және радиациялық әсерлі жабдық қарастырылады (тас пештер, калориферлер, термоблоктар).

109. Жиынтық жылу қуаты 360 кВт асатын газды жылыту жабдығын орнатуды қазандықтарға қойылатын талаптарға сәйкес қарастырады.

110. Құрылыстар мен ғимараттарды жылыту үшін нормативтік талаптарға және оларды қолданудың саласына сәйкес инфрақызыл сәулелі жанарғы мойындарды қолдануға рұқсат беріледі.

111. Газқұбырларын ашық қалпында төсеу көзделеді. Төсеу ашық болған кезде газқұбырына жету қамтамасыз етіледі.

Ғимараттардың құрылыстық құрастырмаларымен қиылысқан жерлерде газқұбырларын құтыларда төсейді.

Газқұбырларын енетін және шыққан орындарда монолитті құрастырмалы едендерде төсеген кезде еденнің үстінен шығып тұруы 30 мм кем болмайтын құтылар көзделеді.

112. Газқұбырларын адамдардың өтетін орындарында төсеуді 2 м кем болмайтын биіктікте қарастырады.

113. Негізделген жағдайлар болған кезде газқұбырларын алынбалы жалғауларсыз, ғимараттарға, ғимараттардың өндірістік жайларына қоса салынған қоғамдық мақсаттағы жайлар арқылы ашық транзитті төсеуге рұқсат беріледі, қызмет көрсетуші персонал оларға тәулік бойы кіре алуы шарт.

114. Ішкі газқұбырлары дәнекерленген металл құбырлардан орындалады. Газқұбырларын газды жабдықты, БӨА, тасымалданатын, жылжымалы және уақытша газды жабдықтың газды жанатын құрылғыларды жалғау осы мақсаттарға арналған икемді жеңдерді, олардың тасымалданатын газға, қысымға және температураға төзімділігін ескере отырып қарастырады.

115. Құбырлардың жалғау алынбайды. Алынбалы жалғаулар газды жабдықты, газды пайдаланатын қондырғыларды, арматура және БӨА жалғайтын орындарда, сондай-ақ егер бұл дайындаушы завод құжаттамасымен көзделген болса, газды жабдық пен газды пайдаланатын қондырғылардың орау газқұбырларында қарастырады.

116. Алынатын жалғаулардың нығыздайтын материалдары, олардың газқұбырын пайдаланудың бүкіл кезеңінде саңылаусыздығын қамтамасыз етеді.

117. Газқұбырларында ажырату құрылғыларын орнатуды қарастырады:

1) газқұбырын жайдың ішіне енгізгенде;

2) өндірістік газ есептегіштерінің алдында (егер есептегішті ажырату үшін енетін жердегі ажыратушы құрылғыны пайдалану мүмкін болмаса);

3) газды жабдыққа, газды пайдаланатын қондырғыларға және БӨА баратын тармақтарда;

4) мемлекеттік стандарттарға сай өндірістік және газды пайдаланатын қондырғылардың тұтататын-қорғанышты жанарғы мойындарының алдында;

5) үрлейтін газқұбырларында;

6) газқұбырын қазандыққа немесе өндірістік ғимаратқа жайдың ішіне енгізгенде ГРҚ немесе газды есептегішті ендіру орнынан 10 м астам қашықтыққа орналастырған кезде.

Газқұбырларын жасырын немесе транзитті төсеген кезде оларға ажырату құрылғыларын орнатуға рұқсат берілмейді.

118. Ғимараттардың газдандырылатын жайларын желдету оларда орналасқан өндірістердің технологиясы бойынша құрылыс нормалары мен талаптарға сәйкес келеді.

119. Газқұбыры мен байланыс және желілі хабар тарату ғимараттарының арасындағы қашықтықты қолданыстағы талаптарға сәйкес алады.

120. Газқұбыры мен электрмен жабдықтау ғимараттарының арасындағы және олар қиылысқан кездегі қашықтықты электрлі қондырғылар құрылысының талабына сәйкес алады.

121. Жылу шығаратын қондырғыларды қатты немесе сұйық отыннан газ тәріздес отынға ауыстыру кезінде жобада жылу ағынының көлемді тығыздығы есебі жүргізіледі, түтін шығатын құбырлар мен желдеткіштің қиюының жеткіліктігі, сондай-ақ түтін сорғыштар мен үрлейтін желдеткіштердің өнімділігі және қысымы анықталады.

122. Газды жанарғы мойындардан ғимараттардың қоршайтын құрастырмаларына дейінгі қашықтық 1 м кем емес.



10 - тарау. Газды тарату жүйелерінің құрылысы, құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
123. Құрылыс кезеңінің барысында құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу технологиясының сақталуы, газқұбыры құрылысының жобалық құжаттамасында көзделген техникалық шешімдердің орындалуы, сондай-ақ сәйкесінше материалдар мен бұйымдардың пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.

124. Газқұбырының құрылысы барысында жобада қабылданған инженерлік коммуникациялардың топографиялы жоспарлардың деректерімен сәйкессіздігі, сондай-ақ құрылыс объектіндегі нақты геологты-гидрологиялық деректердің инженерлік зерттеулердің деректерімен сәйкессіздігі анықталған кезде газқұбырының құрылысы жөніндегі жұмыстарды жүргізу жобалық ұйыммен келесіледі.

125. Жобадағы өзгерістер жобалық, газды тарату (пайдалану) ұйымымен және өндірістік қауіпсіздік саласындағы органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

126. Газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің құрылысы бекітілген жобалар бойынша орындалады.

Тапсырыс беруші құрылыстың сапасына өндірістік бақылауды ұйымдастырады.

127. Сыртқы (сонымен бірге кент аралық) газқұбырларының құрылысын инженерлік жүйелер (коммуникациялар) және құбыр желісінің тасымалы саласында қызмет атқаратын, дәнекерлеу өндірісінің аттестациядан өткен құрастырушылары, дәнекерлеушілері, мамандары, сәйкесінше өндірістік базасы және дәнекерлеу-құрастыру мен оңашалау жұмыстары сапасын бақылайтын, аттестациядан өткен зертханасы бар ұйымдар жүзеге асырады.

Дәнекерлеу-құрастыру және оңашалау жұмыстары сапасын бақылайтын, аттестациядан өткен зертхананы сырттан шақыруға рұқсат беріледі.

128. Бекітілген және келісілген жобалық құжаттама, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік сараптамасы газ тарату және газды тұтыну жүйелерінің құрылысы, қайтадан құру және техникалық қайта жарақтандыру басталғанға дейін Комитеттің аумақтық органына ұсынылады.

Өндірістік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы белгіленген тәртіпте өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен қаралады және бекітіледі:

1) қалалық сыртқы және кент аралық газқұбырлары;

2) елді мекендердің газды тарату жоспарлары (жүйелері);

3) өндірістік, ауыл шаруашылық және басқа да өндіріс орындарының, жылу, электр станцияларының, аудандық жылу станцияларының, өндірістік, жылу-өндірістік және өндірістік қазандықтардың (газды тұтыну жүйелерінің) сыртқы және ішкі газқұбырлары.

129. Өндірістік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы Қазақстан Республикасы 3 сәуір 2002 жылы белгіленген № 314 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.

130. Құрылыс-құрастыру ұйымы құрылыстың басталуы туралы Комитеттің аумақтық органын 10 күн бұрын ескертеді.

Тоқсан ішіндегі құрылыс-құрастыру жұмыстары көлемдерінің жоспарын ұсынған кезінде құрылыстың басталуы туралы ескертпенің мерзімі 5 күнге дейін қысқарады.

131. Тапсырыс беруші жобаға сәйкес жолдарды бөлуді ұйымдастырады. Бөлудің нәтижелері белгіленген тәртіпте актімен, сонымен бірге жұмыстарды жүргізудің журналындағы жазбамен ресімделеді.

Жер қазу жұмыстарын жүргізген кезде траншеяның жобамен белгіленген тереңдігі және газқұбырының табанын дайындау қамтамасыз етіледі. Көрсетілген жұмыстарды орындау белгіленген тәртіпте актімен ресімделеді.

132. Болат газқұбырын төсегеннен кейін траншеяларды толтыру, қажет болған кезінде алдын ала құмды төгіп дайындалған төсемге, кейіннен құм төгіп және жұмыстарды жүргізудің жобасына сәйкес нығыздау коэффициенті бойынша топырақты нығыздау арқылы жүргізіледі.

Газқұбырын болатқа коррозиялық жағынан белсенді әсер етпейтін және оңашалауға қатысты биотөзімді ұсақ түйірлі жергілікті консистентті топырақпен толтыруға рұқсат беріледі.

133. Жер астының болат газқұбырлары жолының ұзына бойына таным белгілері орнатылады.

Танымдық белгілерге газқұбырының орамдары, оның төселуінің тереңдігі және авариялық-диспетчерлік қызмет телефонының номері жазылады.

134. Полиэтилен құбырларынан жасалған газқұбыры жолының ұзына бойына ені 0,2 м кем болмайтын сары түсті белгі таспасына өшпейтін жазумен «От қауіпті-газ» деп жазып газқұбырының жоғары жағынан 0,2 м аралыққа іліп қою көзделеді.

135. Газқұбырларының (сонымен бірге кент аралық) жер астының инженерлік коммуникациялармен қиылысатын жерлерінде белгі таспасы газқұбырының ұзына бойына өзара қашықтығы 0,2 м кем болмайтын және қиылысатын құрылыстардың екі жағынан да 2 м аралықта орнатылады.

Кент аралық полиэтиленді газқұбырлары үшін танымдық белгілердің орнына белгі таспасымен бірге оңашаланған алюминилі немесе мыс сымды аппаратураға қосу мүмкіндігі болуы үшін астынан шығарып төсеуге рұқсат беріледі.

Траншеясыз төсеген кезде жол бөліктерінің шекараларында танымдық белгілер орнатылады.

136. Сыртқы газқұбырларын құрылыстарға, ғимараттарға және қатар жатқан көрші инженерлік желілерге қатысты орналастыру қала салу жөніндегі қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, ал өндірістік кәсіпорындар аумағында-өндірістік кәсіпорындардың бас жоспарлары бойынша жүзеге асады.

137. Газды тарату желілерінің қорғалатын аумақтары және қорғалатын аумақтарға кіретін шектеулі шаруашылықтардың жер телімдері құрылыс саласындағы өкілетті органмен көзделген тәртіпте белгіленеді.

138. Газқұбырларының бөліктерін жалғауды дәнекерлеу жолымен жүргізеді. Арматураны орнатқан жерлерде бөлшекті пісірілген жалғауға рұқсат беріледі.

Төмен және жоғары қысымды сыртқы болат газқұбырларының арматура орнатқан жерлерінде ойық бұрандалы жалғауларға рұқсат беріледі.

Полиэтиленді газқұбырларында, егер бұйымның құрастырмасы жұмыс қысымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етсе және оны қолдануға өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның рұқсаты болса, ойық бұрандалы жалғаулар (тұғырықтағы бұқтырма) қолданылады.

Ойық бұрандалы және бөлшекті пісірілген жалғаулар ашық және құрастыруға, көзбен шолып бақылауға, қызмет көрсетуге және жөндеуге ыңғайлы жерлерге орнатылады. Нығыздаушы беті тегіс бөлшекті пісірілген жалғауды қолдануға рұқсат берілмейді.

Полиэтиленды газқұбырларын жалғау қыздырылған піспекті құралмен дәнекерлеу арқылы немесе төсейтін электрлі қыздырғыштары бар жалғау бөлшектерінің көмегімен жүргізіледі.

Болат газқұбырын полиэтиленді газқұбырымен жалғау, сондай-ақ металл арматураға жалғау алынбайтын «полиэтилен-болат» әдісімен жасалады. Бөлшекті пісірілген немесе ойық бұрандалы жалғаулары бар арматураны жалғайтын орындарда алынатын «полиэтилен-болат» жалғауларын қолданады.

139. Газқұбырларының жалғайтын бөліктері мемлекеттік стандарттар немесе нормативтік құжаттама бойынша орталық дайындау шеберханаларында (бұдан әрі-ОДШ), қажетті жабдықпен жарақталған және өнім сапасын қамтамасыз ететін жүйелері бар шеберханаларда дайындалады.

140. Газқұбырларының құрылысы және құрастыру, жабдықты дайындау кезінде дәнекерлеудің сапасын қамтамасыз ететін дәнекерлеудің технологиясы және дәнекерлеу жабдығы қолданылады.

141. Арматурларды, аспаптар мен жабдықтарды газқұбырларына жалғау үшін қолданылатын бөлшекті пісірілген жалғаулар, сондай-ақ жалғаулардың саңылаусыз болуын қамтамасыз ету үшін нығыздағыш және майлағыш құралдар ретінде қолданылатын материалдар өндірістік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес орындалады.

142. Электродтар, дәнекерлеу сымы, флюстер дәнекерленетін болаттың маркасына және дәнекерлеу технологиясына, сондай-ақ газқұбырын салу жүзеге асатын сыртқы ауаның температурасына сәйкес таңдап алынады.

143. Қысымы 0,3 МПа дейін болатын, диаметрі 150 мм аспайтын, қабырғаларының қалыңдығы 5 мм дейін-жиектері еңкіш, қабырғаларының қалыңдығы 3 мм дейін-жиектері еңкіш емес, газқұбырлары үшін ацетиленді қолдану арқылы газды дәнекерлеуді жүргізуге рұқсат беріледі.

Пропан - бутанды қолдану арқылы газды дәнекерлеуді жүргізуге қысымы 0,005 МПа дейін болатын, диаметрі 50 мм аспайтын газқұбырларына ғана рұқсат беріледі.

144. Дәнекерлеудің басқа түрлері (балқыту арқылы түйістіре дәнекерлеу, индукциялық дәнекерлеу және басқалары) өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органмен келісілген технологияға сәйкес қысымы 0,005 МПа дейін болатын газқұбырларына қолданылады.

Дәнекерлі жалғаудың сапасы, оның негізгі металмен беріктігі бірдей болуын қамтамасыз етеді.

145. Жер асты газқұбырларының дәнекерленіп түйіскен жерлерінде таңбалау (дәнекерлеу жұмысын орындаған дәнекерлеушінің таңбасы) түсіріледі. Таңбалаудың тәсілі оның газқұбырын пайдаланудың барысындағы сақталуын қамтамасыз етеді. Дәнекерлеп түйістіруді бірнеше дәнекерлеуші орындаған кезде таңба дәнекерленетін жерлердің шекараларында қойылады.

Полиэтиленді газқұбырларының дәнекерлеп түйіскен жерлеріне дәнекерлеудің уақыты мен тәртібін, сондай-ақ дәнекерлеуді орындаған дәнекерлеушіні белгілеуге мүмкіндік беретін жұмыстарды жүргізудің журналы және (немесе) хаттамалар ресімделеді.

146. Болат газқұбырындағы ұстап тұратын жерлері негізгі жалғауды дәнекерлеуге арналған материалдармен орындайды.

147. Газқұбырын төсеудің технологиясы құбыр бетінің, оңашалаушы жабындылардың және жалғаулардың сақталуын қамтамасыз етеді.

148. Ішкі газқұбырларында, сондай-ақ ГРО және ГРҚ қоса алғанда

50 мм дейін болатын тармақтарының қиысқан жерлерінде (сонымен бірге импульсті желілерде) дәнекерленетін штуцерлердің жіктерінен негізі газқұбырының сақиналы жігіне дейінгі қашықтық 50 мм кем емес.

149. Газқұбырларының дәнекерленген және ойық бұрандалы жалғауларын қабырғаларға орнықтыруға рұқсат берілмейді.

150. Газды жабдықты орнатқан кезде жобаның талаптарынан басқа заводтың құрастыру жөніндегі нұсқауларының талаптары орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет