Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Ерекше жағдайлардағы аумақтарда газқұбырларын жобалау, құрылысы және пайдалану



бет6/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

23 - тарау. Ерекше жағдайлардағы аумақтарда газқұбырларын жобалау, құрылысы және пайдалану
357. Ерекше жағдайлардағы аумақтарда газқұбырларын жобалау, құрылысы және пайдалану, олардың газқұбырына жергілікті жердің бедерімен, топырақтың геологиялық құрылысымен, гидрогеологиялық тәртіппен, газқұбырын салатын аумақты өңдеумен, климаттық және сейсмикалық жағдайлармен байланысты әсерінің, сондай-ақ басқа да әсерлердің болуы мен маңызын және олардың уақыт өте келе өзгеруінің мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылады.

358. Егер газқұбырларындағы пішіні өзгеруден болған қысым жобалау кезеңінде анықталған, рұқсат берілген өзгеруден аспаса және (немесе) осы пішіннің өзгеруін тудыратын жағдайлар болмаса, I типтегі отыратын, ісінуі әлсіз, борпылдақтығы әлсіз, тұздалуы әлсіз, нығыздалған үйілген топырақтарда қосымша шараларды қарастырмауға рұқсат беріледі.

359. Дәнекерлеп түйістіре жалғанған жерлерін ультрадыбыстық әдіспен 100 % бақылаған кезде сейсмикалығы 7 баллдан жоғары қалалық және елді мекендердің аумағында, өңделетін және игерілген аумақтарда беріктік қорының коэффициенті 2,8 кем емес құбырлардан полиэтиленді газқұбырларын төсеуге рұқсат беріледі.

360. ГРО ғимараттарын, газқұбырларының тіректерін, құдықтар мен газқұбырларындағы басқа да құрылыстарды жобалаған кезде осы Талапты, сондай-ақ құрылыстың ерекше жағдайларын ескеретін сәйкесінше құрылыс нормалары мен талабын басшылыққа алады.

361. Қамтамасыз ету деңгейі 2 % төмен сумен қаныққан топырақтарда жер астының газқұбырларын төсеген кезде қосымша жүкті (балластауды) қарастырады.

Жүктердің құрылысы топырақтың және топырақта болатын сулардың белсенді әсеріне төзімді болып табылады, оңашалауының бүлінуіне жол бермейді.

362. Топырақтағы судың деңгейі жоғары болған кезде суды азайтуды, дренажды құрылғыларды қарастырады. Газқұбырын жер үстінен немесе жерден биік етіп салуға рұқсат беріледі.

363. Газқұбырларының ғимараттар мен құрылыстарға кіретін жерлерінде құбырлардың еркін өтуіне мүмкіндік беретін икемді нығыздағыштарды қарастырады.

364. Топырақ пішінінің өзгеруі әртүрлі жерлерде жер газқұбырларын төсеген кезде газқұбырындағы қысымды азайтатын шараларды қарастырады (компенсаторларды орнату, газқұбырын екі жағынан да 50 диаметрден кем емес жерлерде қысылмайтын топырақпен толтыру).

365. Газқұбырларының құрылысына ұзын құбырларды қолданады.

366. Ғимаратқа кіретін жерлерде қалып пен газқұбырының арасындағы саңылауды ғимараттың отыру немесе ілгері шығуының 1/3 шамасынан кем болмайтындай диаметрдегі қалыптарды қарастырады.

367. Газқұбырының құрылысын бастаудың алдында инженерлік зерттеу деректерінің (топография, геология, гидрологияны, алаңның сейсмикалығын) жобаға сәйкестігін нақтылайды.

Олардың сәйкес еместігі анықталған кезде газқұбырының құрылысын әрі қарай жүргізуді жобалық ұйыммен келіседі.

Жобалық ұйым газқұбырының құрылысына оның барлық салынуы кезеңінде бақылауды қамтамасыз етеді.

368. Жағдайлары ерекше аудандардағы газқұбырларының құрылысы кезінде дәнекерлеп жалғанған (түйіскен) жерлердің сапасын физикалық әдіспен тексеру газқұбырларынан болатын тәуекелдің дәрежесі мен оларды пайдалану шарттарын ескеретін қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

369. Жағдайы ерекше аумақтарда газқұбырларын пайдаланатын газды шаруашылықтардың қызмет бөлімдері болады, олардың міндетіне кіретіндер:

1) құрылыс кезеңінде де, сонымен бірге газқұбырларына техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізу кезінде де техникалық шаралардың орындалуын бақылау;

2) газқұбырларына зиянды әсер ететін және олардың пішінін өзгертетін жүргізілетін және жоспарланған тау-кен жұмыстары туралы деректерді зерттеу және талдау;

3) тау-кен өңдеулері кезінде газқұбырларының қысымды-пішін өзгеруі жағдайын қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жер бетінің жылжуын аспаптық қадағалаудың деректері бойынша осы өзгерістерді болжау;

4) жер бетінің қарқынды жылжу үдерісінде, сондай-ақ топырақтың геологиялық құрылысы мен гидрогеологиялық тәртібімен туындаған басқа да жағдайларда, кезекті тау-кен өңдеулерін бастаудың алдында газқұбырларының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық мәселелерді шешу;

5) тау-кен өндірісінің орындарымен, жобалық ұйымдармен бірге, пайдаланатын газқұбырларын зиянды тау-кен өңдеулерінен қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ газдың жер асты коммуникациялары мен ғимараттарға енуінің алдын алу жөніндегі шараларды жасау.

370. Газды шаруашылықта газқұбырында жол беруге болмайтын қысым тудыратын топырақтың пішіні өзгеруі мен басқа да құбылыстарды анықтаған соң газқұбырларын қарап тексерудің қосымша жоспарлары мен кестелері жасалады.

371. Газқұбырларын жоспардан тыс қарап тексеруді газқұбырын төсеген ауданда орналасқан су сақтайтын коммуникациялар, құрылыстарда апат болғаннан, қатты жауыннан, топырақ сулары мен өзендердегі, арықтардағы, жыралардағы судың деңгейі көтерілгеннен, газқұбырының жолы суланған және батпақтануынан кейін жүргізеді.

372. Борпылдақтығы әлсіз, ісінуі әлсіз топырақтарда, I типті топырақтарда, нығыздалған үйілген топырақтарда, сейсмикалығы 6 баллға дейін (жер үсті газқұбырлары үшін) және 7 баллға дейін (жер асты газқұбырлары үшін) аудандарда газқұбырларын жалпы белгіленген мерзімдерде қарап тексереді.

373. Газқұбырларын пайдаланған кезінде газқұбырларын ғимаратқа кіргізетін орындарға назар аударады. Құбыр желісі мен қалыптардың арасындағы саңылауға, сондай-ақ компенсаторлардың қысымының жай - күйіне қадағалауды жүргізеді.

374. Суды газқұбырының траншеясынан бұру жөніндегі шараларды қарастырады, жолдың сулануы мен батпақтануына жол бермейді.

375. Жер астының газқұбырларын қарап тексерген кезде қысымы төмен және орташа газқұбырларынан 50 м және қысымы жоғары газқұбырларында 80 м радиустағы құдықтардың, шатыр асты және жер асты қабаттары жайларын газдалғандығына тексеруді жүргізеді.

376. Жер астының газқұбырларын қарап тексерген кезде құрылыстардың құдықтарының отыру немесе жылжуымен туындаған пішінінің өзгеруін, сондай-ақ оларда судың болуын қадағалайды.

377. Газқұбырын жер астына төсеген кезде топырақтың жылжуы (отыруы) анықталғанда оңашалауының жай - күйін және газқұбырының пішіні өзгеруіне әкелген себептерді анықтау үшін шурфтарды ашады.

Газқұбырын тексерудің нәтижелерін, оны әрі қарай пайдалану жөніндегі шешімді қабылдау немесе орнын толтырушы шараларды жасау үшін жобалық ұйымға ұсынады.

378. Ерекше жағдайлардағы аумақта газқұбырларын салу және пайдалану үшін автожолдардың құрылысын қарастырады.

24 - тарау. Отыратын топырақтар
379. Газқұбырларын жер астынан төсеген кезде топырақтың жол беруге болмайтын отырулары болғанда нығыздалған топырақтардан жасалған суды аз өткізетін экранды орнатады, оның қалыңдығы есептеумен анықталады. Траншеялардың қойнын толтыруды топырақтың табиғи тығыздығына нызыздау арқылы қабаттап су өткізбейтін топырақпен (жергілікті ағаш тәрізді саздақтар, сазбалшық) жүргізеді.

380. Газқұбырын жер үстінен төсеген кезде тіректердің іргетастары табандарының астынан су өткізбейтін экрандарды, іргетастың қойнын топырақпен толтыруды және шағын тұғырларды құруды қарастырады.

Шағын тұғыр іргетастардың қойнын 0,5 м кем болмайтындай етіп қайта жабады. Шағын тұғырдың астына қалыңдығы 0,15 м кем болмайтын сазды құлып орнатады.

381. Отыруы II типті топырақтарда траншеяны қазуды құрылыстың уақытында да, сонымен бірге пайдалану кезінде де жер бетінің суларының траншеяға ағуына жол бермеуді қамтамасыз ететін, жобамен көзделген жұмыстарды аяқтағаннан кейін жүргізеді.

382. Отыруы II типті топырақтарда траншеяны қазу кезінде, оның ұзындығын құбыр желілерін төсеуді және толтыруды қамтамасыз етуді есепке ала отырып ауысым аяқталғаннан кейін белгілейді. Толтыру топырақтың табиғи тығыздығына дейін нығыздай отырып жүргізіледі. Су өткізбейтін экранды, шағын тұғырды орнату, траншеяны толтыру жобаның талаптарын, сондай-ақ жалпы нұсқауларды ескере отырып жүргізеді.

25 - тарау. Ісінетін топырақтар
383. Жер астының газқұбырлары үшін ісінетін топырақты, негізінің есептік пішіні өзгеруі жол берілгеннен артық шамада болған кезінде қарастырады:

1) орнын толтыратын құмды (шаңдайтын және ұсақ түйірлілерінен басқа) жастықшаларды ені және биіктігі ісінбейтін немесе ісінетін топырақтардың қабатының шегіндегі есеп бойынша оларды көлемді салмағы 1,6 г/см 3 дейін нығыздаумен;

2) судан қорғайтын шараларды орындау;

3) аумақты, жер бетінің суларын траншеядан бұрып әкетуді қамтамасыз ететіндей жоспарлау;

4) ісінетін топырақты ісінбейтін топырақпен толық немесе жартылай алмастыру.

Ісінетін топырақтардың газқұбырына әсерін жоюдың немесе азайтудың әдісін таңдау жобамен анықталған техника-экономикалық негіздеулерді ескере отырып жүргізіледі.

384. Траншеяларды толтыруды не әкелінген сусымайтын топырақпен не жергілікті топырақпен оны алдын ала ылғалдап алып жүргізеді.

385. Ісінуі орташа және қатты ісінетін топырақтарда газқұбырларының құрылысы II типті отыратын топырақтардағы құрылысқа ұқсас тәсілмен жүзеге асады.

386. Газқұбырларын пайдаланған кезде траншеяны толтырудың және газқұбырының тірегінің ілгері шығуын анықтайды.

26 - тарау. Элювиалды топырақтар
387. Жобалаған кезде, элювиалды топырақтардың газқұбырларына әсері сипатына байланысты отыратын және ісінетін топырақтарға ұқсас шараларды қолданады.

Тау-тасты жыныстардың қосындысы бар топырақтарда, олардың жоғарғы қабатының борпылдақ жынысын қалыңдығы 0,2 м құммен (шаңдайтын немесе ұсағынан басқа) немесе ұсақ түйірлі қиыршық құммен, нығыздалған қиыршық таспен толық ауыстыру көзделеді.

388. Топырақта судың және ауаның әсерінен өз тұрақтылығы мен көтеретін қабілетін жоғалту орын алған кезде,топарықты шаңды саздақты және құмды негізі үшін 0,3 м кем емес, сондай-ақ ірі түйірлі аргиллитті-алевритті топырақтар үшін 0,15 м қалған элювиалды топырақтар үшін және жайыла көлбей жатқан қабаттары үшін 0,5 м кем болмайтындай аз алуды қарастырады.

389. Элювиалды топырақтарда газқұбырларының құрылысы кезінде ұқсас қасиеттерге ие, ісінетін, отыратын топырақтардағы құрылыс кезінде көзделген шаралар орындалады.

390. Судың және қоршаған ортаның температурасының әсерінен тұрақсыз күйге ауысатын топырақтардағы газқұбырларының құрылысы кезінде жобалық тереңдіктегі траншея жасалмайды.

391. Траншеяның жиегінде оңашаланған немесе зауыттық жағдайлардағы газқұбырын төсеу ауысымның ішінде траншеяны салу және толтыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі жағдайларды ескере отырып траншеяның түбін өңдегеннен кейін жүзеге асады.

Траншеяны толтыру газқұбырын құрастырғаннан кейін бірден жүргізіледі.

27 - тарау. Борпылдақты топырақтар
392. Борпылдақтығы орташа, борпылдақтығы күшті және аса борпылдақ топырақтарда газқұбырларын төсеуді, әдетте, қату тереңдігінен төмен қарастырады. Газқұбырының құбырын толтыру мен денесін қағуды қатпайтын сусыма топырақпен (құмы орташа және ірі түйірлі және басқалары) жүргізеді.

393. Газқұбырын толтыру мен денесін қағудың қалыңдығы 10 см, құм төгуді-20 см кем болмайтындай етіп алады.

394. Аяздың әсерін азайтудың мақсатында қажет болған кезде борпылдақтыққа қарсы шараларды, толтыру топырақтарын мұқият нығыздауды қарастырады; жолдың бойындағы аумақты жоспарлаудың есебінен жер бетінің суын бұрып әкету; топырақты борпылдақ емес топыраққа ауыстыру және тағы басқа.

395. Газқұбырларының табиғи және жасанды бөгеттер арқылы өтетін жерлерін жердің үстінен жоспарлайды немесе қату тереңдігінен төмен төсейді.

396. Траншеяны қазуды құрылыстың уақытында да, сонымен бірге пайдалану кезінде де жер бетінің суларының траншеяға ағуына жол бермеуді қамтамасыз ететін, жобамен көзделген жұмыстарды аяқтағаннан кейін орындайды.

397. Траншеяларды қазуды газқұбырын толық толтыруды қамтамасыз етуді есепке ала отырып ауысым аяқталғаннан кейін орындайды. Су өткізбейтін экранды, шағын тұғырды орнату және траншеяны толтыру жобаның талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

398. Жолды жоспардан тыс қарап тексеру елді мекеннің салынған бөлігінде 7 күнде бір реттен кем емес және салынып бітпеген бөлікте 15 күнде бір рет күзгі-қысқы мерзімде шұғыл суытқан кезде жүргізеді.

28 - тарау. Сейсмикалық аудандар
399. Газқұбырларының сейсмикалық тұрақтылығын жер үстінен төсеген кезде сейсмикалығы 6 баллдан жоғары, ал жер астынан төсеген кезде-7 баллдан жоғары болғанда, қамтамасыз етеді:

1) жолдың сейсмикалық жағынан қолайлы телімдерін таңдау арқылы;

2) полиэтиленді құбырлар үшін беріктігінің коэффициентін 2,8 кем болмайтындай етіп арттыру арқылы;

3) сәйкесінше есептеулерден өткізілген газқұбырларының құрылысының беріктігі мен тұрақтылығы арқылы.

400. Топырақтың есептік сейсмикалығы мен ауытқуларының өлшемдерін жер үстінің де, сондай-ақ жер астының да газқұбырлары үшін бірдей етіп алады.

401. Табиғи және жасанды бөгеттер арқылы, сондай-ақ тектоникалық опырулар телімдерінде газқұбырларын салуды жер үстінен жүргізеді.

Жолды таңдаған кезде қия беткейлі, тұрақсыз, отыратын және ісінетін топырақты, таудың етегімен қиысатын, белсенді тектоникалық опырулары бар телімдерге, сел және көшкін жүру қаупі бар беткейлерге, сондай-ақ, карсты үдерістердің дамуы мүмкін немесе сейсмикалығы 9 баллдан асатын телімдерге жоламайды.

Келтірілген жағдайларда газқұбырларын төсеуге сәйкесінше негіздеу және Комитеттің аумақтық органдарының келісімі болған кезде рұқсат беріледі.

402. Елді мекендердің кіру қысымы 0,6 МПа асатын ГРО және технологиялық үдерістері үзіліссіз кәсіпорындар үшін ГРО қирауы мүмкін аймақтарынан тыс ажыратқыш құрылғыларды орнату арқылы жер астының айналма газқұбырларын қарастырады.

Бұндай кәсіпорындар үшін газды екі газқұбырынан беретіндей етіп қарастырады.

403. Жобаларда газқұбырларын жабдықпен, сондай-ақ құрылыстар мен ғимараттың құрастырмалары арқылы өтетін орындарда жылжымалы жалғауды қарастырады.

Газқұбырларын жалғаған орындарда (бұрандаларда) және жабдыққа жалғаған жерлерде бұрылыс бұрыштарының немесе орнын толтырушылардың есебінен орнын толтырушы телімдерді құруды қарастырады.

404. Халқының саны 1 миллион адамнан асатын сейсмикалығы 7 балл болатын елді мекендерді, сондай-ақ халқының саны 100 мың адамнан асатын сейсмикалығы 8 және 9 балл болатын елді мекендерді газбен жабдықтаудың жобаларында екеуден кем болмайтын ГТС қарастырылады.

405. Сейсмикалығы 7 балл және одан жоғары аудандарда сыртқы газқұбырларын жобалаған кезде:

1) жер үстінің газқұбырларының жолдарын сейсмикалығы тұрақсыз құрылыстар мен ғимараттардан осы құрылыстар мен ғимараттардың биіктігінің 1,2 кем болмайтын қашықтыққа аулақтатады;

2) сейсмикалығы тұрақсыз құрылыстар мен ғимараттардың қабырғалары бойынша газқұбырларын салуға рұқсат берілмейді;

3) сейсмикалық жүк түсуді есепке ала отырып газқұбырларының қозғалмайтын тіректердің арасындағы телімдерінің орнын толтырушы қабілетін анықтайды;

4) газқұбырларының ажыратушы арматурасын сейсмикалығы тұрақсыз ғимараттардан ғимараттың биіктігінің 1,2 кем болмайтын қашықтыққа аулақтатады;

5) сейсмикалығы тұрақсыз ғимараттарға ғимараттың биіктігінің 1,2 кем болмайтын ұзындықтағы телімде газқұбырларын жер астынан кіргізуді қарастырады.

406. Құбыр қабырғаларының қалыңдығы диаметрі 50 мм дейін құбырлар үшін 3 мм кем емес, диаметрі 50 мм жоғары 200 мм дейін құбырлар үшін-4 мм кем емес және диаметрі 200 мм асатын құбырлар-6 мм кем емес болып таңдап алынады.

407. Газқұбырын ғимаратқа енгізу көлемі құбыр желісінің диаметрінен 30 см кем болмайтын ойықтар арқылы жүзеге асады және газқұбырының өзегі ойықтың ортасы арқылы өтеді.

408. Жер үстінің газқұбырларын тіректерге бекіту құбырды құлап кетуден сақтайтындай еркін орындалады.

409. Жер үсті газқұбырларының ауытқуын азайту үшін компенсаторлар орнатуды, тіректердің аралығының көлемін азайтуды немесе құбырдың қаттылығын арттыруды қарастырады.

410. Жолдың тұрақсыз және отыру немесе сусып жылжу мүмкіндігі жоғары топырақтардағы телімдерінде бақылаудың және авариялық телімдерді ажыратудың автоматты жүйесін қарастырады.

411. Траншеяның ішінде құбыр секцияларын өріп дәнекерлеуді анкерлі өрмеден жүзеге асырады.

412. Құбырларды жинап сақтау арнайы алаңда жүзеге асады және оларды домалап кетпеуі үшін бекітіп қояды.

413. Сейсмикалығы 9 балл және одан жоғары алаңдарда өзендер мен басқа да кедергілерден өтетін жерлерде жер сілкінісінің уақытында дірілдерді жазу үшін сейсмометрлі аспаптарды орнату қарастырылады.

414. Газқұбырларының жолдарын кезектен тыс қарап тексеруді оларға сейсмикалық әсер болғаннан кейін жүргізеді.



29 - тарау. Өңделетін аумақтар
415. Өңделетін аумақтарда газқұбырларын жобалау пайдалы қазбалардың мекені орналасқан алаңдарда құрылыс салуға белгіленген тәртіпте берілетін рұқсат болған кезде, құрылыстар, ғимараттар мен табиғи объектілерді тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен қорғаудың белгіленген тәртіпте бекітілген шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

416. Газқұбырларын жобалаған кезде ескеріледі:

1) жақын 20 жылға жоспарланған тау-кен жұмыстарынан жер бетінің жылжуы мен пішіні өзгеруінің максималды күтілетін көлемі;

2) тау-кен жұмыстарының әсер ету аймақтарының шекаралары;

3) әр өңдеу жұмысынан болатын жылжуы мен пішіні өзгеруінің күтілетін көлемі, жобалаудың басталуына қарай жүргізілуі белгілі жұмыстардың күнтізбе жоспарлары, сондай-ақ әр өңдеу жұмысынан кейін полумульдтың орналасу орны мен жылжу ұзындығы.

417. Газқұбырлары құрылысын тау-кен геологиялық негіздеуде қосымша мазмұндалады:

1) салынуы алдағы 20 жылда жоспарланған газқұбырларының жолындағы телімдердің шекаралары туралы мәліметтер;

2) газқұбырының қорғалатын және тоқсауылы бар целиктердің, сондай-ақ ірі тектоникалық бұзылған орындардың шекараларымен қиылысатын жерлері;

3) тау-кен жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жер бетінде опырылулар мен ірі жарылған орындардың пайда болуы мүмкін аймақтар;

4) жұмыстарды жүргізудің негізгі өлшемдері: өңделген жердің тереңдігі, полумульдтың қуаты, ұзындығы, сорғылардың әсерін сипаттайтын атқарылған жұмыстың коэффициенттері және өлшемі.

418. Тау-кен жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарлары бар газқұбырлары үшін жүргізілетін жұмыстардан газқұбырларын қорғау жөніндегі шараларды жобада қарастырады.

Бұл үшін құбырлардың металына дәнекерлеп жалғанған жерлердің бірдей берік болуын, компенсаторларды орнатуды, қысым түсіруі аз құрылысты, құбыр қабырғасының қалыңдығын есептік көрсеткіштерімен салыстырғанда арттыруды, беріктігі жоғары болатан жасалған құбырларды қолдануды қарастырады.

419. Газқұбырын қорғау аймағының ұзындығы жылжу мульдасының шекарасынан әр тарапқа 150 диаметрге арттырылған жылжу мульдасының ұзындығымен анықталады.

420. Газқұбырларының табиғи және жасанды тосқауылдар арқылы өтетін орындарында, сондай-ақ есептеулер бойынша, жер астынан төсеген кезде газқұбырларындағы рұқсат берілген қысымнан асатын қысымдардан опырылулар, жарылулар болуы мүмкін телімдерде газқұбырларын жердің үстінен төсеуге кеңес беріледі.

421. Газқұбырларын жобалаған кезде ескерілетін, атқарылатын жұмыстан болатын әсерлер оның жол бойындағы әртүрлі нүктелерінде беріледі.

422. Жолды бөлген кезде тау-кен жұмыстарының әсерінің шекараларын тұрақты белгілермен бекітеді. Белгілердің биіктік белгілері және жолдың пикеттеріне байланған жерлері бар.

423. Электрқорғанышының жүйелеріне қосылған жерлерде электр сымдарын газқұбырына бекітудің құрастырмасы құбыр жылжыған жағдайларда жалғаулардың сенімді болуын қамтамасыз етеді.

424. Газқұбырларының болат құбырларын жалғау электрмен дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Қысымы 0,3 МПа дейін, диаметрі 100 мм аспайтын жер үстінің газқұбырларында ғана газбен дәнекерлеуге рұқсат беріледі.

Жер астының газқұбырларында дәнекерленіп жалғанған жерлер 100 % физикалық әдістермен бақылаудан өткізіледі. Дәнекерлеп жалғанған жерлерде кез келген ұзындықта және тереңдікте толық дәнекерлемей тоқтата салуға рұқсат берілмейді.

425. Газқұбыры қысым түсіруі аз топырақтан қалыңдығы 200 мм кем болмайтын негізге төселеді және осы топырақпен биіктігі 300 мм кем болмайтындай етіп толтырылады.

426. Тарату газқұбырларын пайдаланатын ұйымдарда келесі мақсаттарда қызметтерді қарастырады:

1) жобаға және тау-кен өндірісі кәсіпорындарының шараларына сәйкес газқұбырларын қорғаудың ұйымдық-техникалық мәселелерін шешу;

2) газқұбырларының жолындағы тау-кен жұмыстарының жоспарларын талдау және атқарылатын жұмыстардың газқұбырларына әсерін болдырмайтын немесе азайтатын шараларды орындау;

3) жер бетінің пішіні өзгеруін қадағалаудың нәтижелері бойынша маркшейдерлік қызметтермен ұсынылған деректерді жинау, тау-кен кәсіпорындарымен бірге жобалық ұйымға ұсыну үшін газқұбырларын пайдаланудың кестесін жасау;

4) тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлік қызметтерімен және жобалық ұйымдармен бірге пайдаланылатын газқұбырларын тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен қорғаудың шараларын, сондай-ақ газдың жер асты коммуникациялары мен ғимараттарға кіруінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жасау;

5) газқұбырларының құрылысын, жөндеуді және пайдалануды бақылау.

427. Тау-кен жұмыстарының әсері болатын аймақта орналасқан газқұбырлары мен олардағы құрылыстарға жер беті жылжуының белсенді кезеңінде техникалық қызмет көрсетудің мерзімділігі құрайды:

1) қысымы төмен жер үстіндегі газқұбыры-7 күнде бір рет;

2) қысымы орташа және жоғары жер астының газқұбыры және жер үсті газқұбырлары-күніне бір рет.

428. Газқұбырлары мен олардағы оңашалаудың техникалық жай-күйін бақылаудың аспаптық әдісі-жылына бір рет, аспаптар болмаған кезінде-газқұбырының ең қысымды орындарында бұрғылау-жылына бір рет.

429. Құдықтардағы арматураны техникалық жөндеу-2 жылда бір рет, жер үстіндегі газқұбырларында-5 жылда бір рет.

430. Жер асты газқұбырларының авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тау-кен жұмыстарын бастардың алдында, егер жобамен жер бетінің жылжуының белсенді кезеңіндегі орнын толтырушы шаралар көзделмеген болса, газқұбырын топырақтың қысып қалатын әсерінен босату үшін топырақтың отыру мульдының шекарасынан 50-100 м траншеяны қазады.

431. Қысқы уақытта траншеяны байланысуы әлсіз жылытушы материалмен (керамзит, шлакты мақта және соған ұқсастары) толтырады.

432. Ашылған траншеяны механикалық бүлінулерден және оған жер бетіндегі сулардың кіруінен қорғайды.

433. Топырақтың жылжуының белсенді кезеңі ақталғаннан кейін газқұбырын ұзына бойына созылған қысымды алу үшін кеседі және не катушкаларды дәнекерлейді, не топырақтың болжанған пішіні өзгеруін ескере отырып компенсаторды орнатады.

434. Жер асты газқұбырының жер бетінің жарылуы пайда болған орындардағы жай-күйін қадағалау үшін шурфтеуді жүргізеді, ал газқұбырында қысым барынша көп болады деп күтілген орындарда қарап тексеретін құдықтарды салуды жоспарлайды.

Жер бетінің пішіні өзгеруінің аяқталуы маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның қорытындысымен расталады.

30 - тарау. Таулы аудандар
435. Таулы жағдайларда және жер бетінің бедері қиылысуы күшті аудандарда газқұбырларын төсеуді тұрақсыз және қия беткейлі баурайлардан, сондай-ақ сел тасқыны, таудың көшкіні мен соған ұқсас жағдайлар орын алатын аудандардан аулақта, су басатын немесе су бөліп кететін аймақтардан тыс жерде қарастырады.

436. Көшкінді аудандарда және топырақтың опырылуы мүмкін жерлерде сырғанауы немесе опырылуы мүмкін беттен төмен тереңдетіп алып және топырақтың газқұбырының жолына әсер етуі туындауы мүмкін жағдайда газқұбырын тереңдетудің қажетті тереңдігін қамтамасыз ете отырып төсеуді қарастырады.

437. Газқұбырын төсеуді судың шайып кетуі немесе топырақтың жылжуы мүмкін беттен 0,5 м кем болмайтын тереңдікте 5 % қамтамасыз етумен жүргізеді.

438. Таулы аудандарда жер үстінен төсеуге рұқсат беріледі және де селді тасқындарды, таудағы су тасуларын, қар көшкінін бұру, көшкін құбылыстары, топырақтың жылжуы мен опырылуының алдын алу жөніндегі қорғаныш шаралары қарастырылады, сондай-ақ жер бетінің суын бұрып әкету қамтамасыз етіледі.

439. Құбыр желілерін беріктігіне есептеген кезде, баурайдың қия беткейлі болуынан газқұбырының орнынан жылжуынан туындайтын қысым ескеріледі және қажет болғанда орнын толтырғыштар мен қозғалмайтын тіректерді қарастырады.

440. Газқұбырларын жер астынан төсеген кезде ұзына бойымен 15° аспайтын еңістікті қамтамасыз етумен траншеяны жоспарлауды немесе газқұбырының орнынан жылжуына және траншеяның көміліп қалуына қарсы қосымша шараларды қарастырады.

441. Тау-тасты немесе ірі түйірлері бар басқа топырақтарда газқұбырларының оңашалаушы жабындысын сақтау үшін жобада топырақтың кетіктерін кетіру және ірі немесе орташа түйірлі құмнан қалыңдығы 0,2 м кем болмайтын төсемді төсеп газқұбырын қалыңдығы 0,2 м кем болмайтындай етіп толтыру көзделеді.

442. Газқұбырын тек көтере алатын топыраққа ғана төсейді.

443. Таулы жағдайлардағы жұмыстарды жұмыс жүріп жатқан орындарда сел тасқынының, таулы су тасуларының, тас құлауының, ұзақ жауындар мен қар көшкінінің болу мүмкіндігі барынша аз кезеңінде орындайды.

444. Газқұбырының осындай жағдайлар болуы мүмкін телімдерінің құрылысы кезінде хабарландыру, апаттық-құтқару және басқа да қызметтерді құрайды.

445. Ұзына бойына еңіс жерлерде траншеяларды жасау жұмыстарды жүргізудің жоспарына сәйкес орындалады.

446. Тау өзендері, селді тасқындардың арналары мен жайылған жерлерді қиып өтетін жолдың бөліктерінде траншеяларды жасауға, құбырларды шығару және төсеуге рұқсат берілмейді.

447. Көшкін немесе опырылу орын алғанда, селді тасқындардың, тау суының тасуы және басқа да қолайсыз құбылыстар болуы мүмкін екені расталған кезде құрылысты тоқтатады.

448. Траншеяларды жасағанға дейін құбырларды шығаруға рұқсат берілмейді.

449. Газқұбырын тазарту, оңашалу және траншеяға салу жұмыстары кезінде ұзына бойының еңістері 15° жоғары болғанда газқұбырының орнынан жылжуына қарсы шараларды жасайды.

450. Ұзына бойының еңістері 20° дейін жерлерде құбырды жинауды және дәнекерлеуді еңіс бойынша төменнен жоғары қарай, еңіс қия беткейлі болған кезде-газқұбырының дайындалған өрімін кейіннен тасып жеткізумен аралық көлденең жатқан алаңдарда жүргізеді.

451. Газқұбырларын пайдаланатын ұйымдардың қызметтері болады, олардың міндетіне жататындар:

1) газқұбырын селді тасқындардан, таудағы су тасулары, қар көшкінінен, көшкінді құбылыстардан, топырақтың опырылуынан қорғаудың ұйымдық-техникалық мәселелерін шешу;

2) газқұбырының жолына қолайсыз әсерлерді болжамдау жөніндегі деректерді жинау және жобалық ұйыммен бірге олардың газқұбырына әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды жасау;

3) газқұбырларының траншеясын су шайып кетуден, траншеяның көмілген жерінің жылжуынан қорғау үшін қарастырылған құрылыстардың, сондай-ақ газқұбырының өзінің сақталуын үнемі қадағалауды жүзеге асыру.

452. Газқұбырының жолын кезектен тыс қарап тексеруді. Газқұбырының жолында селді тасқындар, таудың су тасқыны және басқа да қолайсыз құбылыстар болуы мүмкін екені туралы ақпаратты алған жағдайда, сондай-ақ олар аяқталғаннан кейін жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет