14 - тарау. Газды тарату және газды тұтыну
объектілерін пайдалану
223. Газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілерін пайдаланушы ұйым Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңының талаптарын сақтайды, сонымен бірге:
1) газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілерінің жарамды және қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қоса алғанда, іс-шаралардың кешенін орындайды, осы Талаптарды сақтайды;
2) газқұбырларына және техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының көлемі анықталған, қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етудің міндеттемесі ретке келтірілген ұйымдармен келісім-шарттарды жасайды;
3) газқұбырларының, құрылыстары мен газды жабдықтың (техникалық құрылғылардың) осы Талаптармен белгіленген мерзімдерде техникалық диагностикадан өтуін қамтамасыз етеді.
224. Газ шаруашылығының объектілерін пайдаланумен айналысатын тұлғалар үшін ұйымның басшысымен жасалады және бекітіледі:
1) өндірістік қадағалау туралы талап;
2) технологиялық тәртіптемелер, олардың талаптарының сақталуы өндірістік объектінің саласын, газды жабдықты (техникалық құрылғыларды) пайдаланудың нақты талаптарын, жұмыстарды орындаудың технологиялық бірізділігін, олардың орындалуы сапасын тексерудің әдістері мен көлемін ескере отырып жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді.
ГРО, ГРҚ және қазандардың жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі технологиялық тәртіптемелерге газқұбырларының және газды жабдықтың технологиялық жобалары қосымша тіркеледі.
Технологиялық жобалар қауіпті өндірістік объектіні қайта құрғаннан, техникалық қайта жарақтандырғаннан кейін қайта қарап тексеріледі және қайта бекітіледі.
225. Газ шаруашылығына техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі осы Талаптармен, Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңымен, дайындаушы заводтардың нұсқауларымен анықталады.
226. Газ шаруашылығы объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеудің кестелері (жоспарлары) меншік иесі ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі және газқұбырлары мен газды құрал-жабдыққа қызмет көрсетудің келісім - шартын бекіту кезінде орындаушы ұйыммен келісіледі.
227. Меншік иесі ұйым жобалық және орындаушылық құжаттаманы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланудың барлық мерзімі ішінде (жойғанға дейін) сақтайды.
Оны сақтаудың тәртібі және шарттары ұйым басшысының шешімімен анықталады.
228. Әрбір сыртқы газқұбырына, электрден қорғайтын қондырғыға, ГРО (ГРҚ) меншік иесі ұйыммен объектінің негізгі техникалық сипаттамалары, сондай-ақ күрделі жөндеулер жүргізілгені туралы пайдалану құжаты жасалады.
15 - тарау. Газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
229. Әр ұйымда басшылардың немесе осы Талаптарды және басқа да нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарды білуіне тексеруден өткен мамандардың қатарынан газды тұтыну жүйелерінің қауіпті өндірістік объектілердің жалпы және жеке алғанда әр телімнің (объект) қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ететін тұлғалар тағайындалады.
230. Газды тұтынудың қауіпті өндірістік объектілерін қауіпсіз пайдалануды қадағалаудың функцияларына жататындар:
1) газбен жабдықтаудың жобаларын қарап тексеруге және газдандыру объектілерін пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
2) технологиялық тәртіптемелерді, апаттарды жоюдың жоспарын, өзара әрекет жасаудың жоспарларын жасау;
3) персоналдың өндірістік қауіпсіздік саласындағы аттестациясы (білімдерін тексеру) жөніндегі комиссияларға қатысу;
4) мамандар мен жұмысшыларды осы Талаптармен белгіленген тәртіпте дербес жұмыс жасауға рұқсат беру тәртібінің сақталуын тексеру;
5) қауіпті өндірістік объектіні апатсыз және қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына, газқұбырлары мен газды жабдықты жөндеу жоспарларының орындалуына, пайдалану және жөндеу кезінде техникалық құжаттаманың жүргізілуіне өндірістік қадағалауды жүзеге асыру;
6) осы Талаптарға жауап бермейтін, газды пайдаланатын қондырғыларды пайдалануға енгізуге жол бермеу;
7) газды жабдықты ауыстыру және үлгілендіру жөніндегі шаралар мен жоспарларды жасау, олардың орындалуын бақылау;
8) мамандар мен жұмысшылардың болуы мүмкін авариялық жағдайларды жою жөніндегі жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу;
9) өндірістік қауіпсіздік жөніндегі өкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізетін зерттеулерге қатысу.
231. Газды тұтынудың қауіпті өндірістік объектілерін қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) газбен жабдықтаушы (газды тарататын) ұйыммен, сондай-ақ келісім-шарт бойынша техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;
2) білімін тексеруден өтпеген немесе осы Талаптарды және басқа да нормативтік құқықтық құжаттардан білімі қанағаттанғысыз нәтиже көрсеткен, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін меңгермеген тұлғаларды газды жабдыққа қызмет көрсету және газды қауіпті жұмыстарды орындаудан шеттетеді;
3) газды тұтынудың қауіпті өндірістік объектілерін қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезінде қадағалауды жүзеге асырады.
16 - тарау. Сыртқы газқұбырлары және жабдықтары
232. Тұтынушыларға берілетін табиғи газдар мемлекеттік стандарттың және (немесе) белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Газдың иісінің қарқындылығы (одоризация) газды тасымалдаушы ұйыммен газды таратушы желілердің түпкі нүктелерінде МСТ 22387.5 сәйкес 3-4 балл шегінде қамтамасыз етіледі.
Бақылау орындары, сынамаларды іріктеп алудың мерзімділігі, сондай-ақ газ иісінің қарқындылығы (одоризация) МСТ 22387.5 сәйкес газды таратушы ұйымдармен анықталады. Тексерудің нәтижелері журналға тіркеледі.
233. ГРҚ шыққан кездегі газдың қысымының көлемі және сапасы жобамен анықталған номиналының деңгейінде ұсталады.
Елді мекендердің газқұбырларындағы газ қысымын бақылау оны 12 айда бір реттен кем болмайтындай өлшеу арқылы (қыс мерзімінде), газды тарату ұйымымен орнатылатын, газбен жабдықтау тәртібі бойынша ең қолайсыз орындарда газды барынша көп тұтынатын сағаттарда жүзеге асады.
Газды тарату ұйымдары, қажет болған кезінде ГРҚ кейін газдың қысымына телеметриялық бақылауды жүзеге асыра отырып, тұтынушыдағы газдың нормативтік қысымын қамтамасыз етеді.
234. Газқұбырларында ылғал мен конденсаттың бар екенін тексеру, оны кетіру, тығындардың пайда болуына жол бермейтін мерзімділікпен жүргізіледі.
235. Газқұбырларында орнатылған тығын арматура мен компенсаторлар жыл сайын техникалық қызмет көрсетуден және қажет болғанда-жөндеуден өткізіледі.
Техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер журналға, ал күрделі жөндеу (ауыстыру) туралы мәліметтер-газқұбырының құжатына енгізіледі.
236. Қолданыстағы сыртқы газқұбырлары мерзімге қарап тексерулерден, аспапты техникалық тексеруден, техникалық жағдайының диагностикасынан, сондай-ақ осы Талаппен белгіленген ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізіледі.
237. Жер үстіндегі газқұбырларын қарап тексерген кезде газдың шығуы, газқұбырларының тіректердің шегінен тыс орнынан жылжуы, дірілдің болуы, газқұбырларының иілуіне жол бермейтін салбырауы, тіректердің отыруы және зақымдануы, ажыратушы құрылғылар мен оңашалайтын бөлшекті пісірілген жалғамалардың, электр сымдарының құлауынан қорғау құралдарының жай-күйі, газқұбырларының бекіткен жерлері мен бояуының және автокөлік өтетін жерлердегі электрохимиялық қорғаныш құрылғылары мен габаритті белгілердің сақталуы анықталады.
Қарап тексеру 3 айда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.
Анықталған ақаулар уақытында жойылады.
238. Жер үстіндегі газқұбырларын қарап тексерген кезде газқұбырының жолындағы газдың шығуы, көмілген жерлерінің еңістерінің бүтіндігі бүлінуі және опырылған жерлері, ажыратушы құрылғылар мен автокөлік өтетін жерлердің жай-күйі анықталады.
Қарап тексеру 3 айда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.
Анықталған ақаулар уақытында жойылады.
239. Жер астындағы газқұбырларын қарап тексерген кезде газқұбырының жолында газдың шығуы сыртқы белгілерімен және аспаптармен, (сынамаларды іріктеп алу және талдау) газдың құдықтарда және жер астындағы инженерлік құрылыстың (коммуникациялардың) камераларында, бақылау құбырларында, ғимараттардың жертөлелерінде, шахталарда, коллекторларда, газқұбырының екі жағынан да 15 м дейінгі қашықтықта орналасқан жер асты өткелдерінде болуы тексеріледі; қабырға көрсеткіштерінің, құрылыстардың бағдарлары мен электрлі химиялық қорғаныш құрылғыларының сақталуы нақтыланады; газ құдықтары мен кілемдердің қақпақтары қардан, мұздан және ластардан тазартылады; топырақтың отыруы, жылжуы, опырылуы және эрозиясы, газқұбырын су тасқыны немесе жауын суының шайып кетуі анықталады; газқұбырының зақымданудан сақталуын көздейтін құрылыс жұмыстарының жүргізілу шарттары бақыланады.
240. Газқұбырының жолдарын қарап тексергенде жол төсейтін аудандағы жыралардың, арықтардың, өзендердің жағаларының жай-күйіне назар аударады және эрозиялы, көшкінді және басқа да құбылыстардың бар екені анықталған кезде газқұбырының сақталуын қамтамасыз ететін шараларды қолданады.
Траншеяның толтырған жерлері және газқұбыры табанының сақталуына бұзылу, опырылу, тіректердің топырақ табаны бетінің және (немесе) тіректердің астындағы іргетастар табанының отыру қаупі пайда болған кезде олардың беріктігін қамтамасыз ететін орнын толтырушы шаралар орындалады (беріктеу, үстіңгі суларды бұру, сулы бөгеттердегі су ағысын өзгерту және басқалары).
Бұл шаралар жеткіліксіз болған кезде жобалық ұйыммен газқұбырын ары қарай пайдалану немесе газқұбырының орнын ауыстыру (қайта төсеу) туралы шешімді қабылдайды.
241. Жер астының газқұбырлары жолын қарап тексерудің мерзімділігі олардың техникалық жай-күйіне, электрден қорғау құрылғыларының бар болуы мен тиімділігіне, газқұбырының қысымы бойынша категориясына, топырақтың отыру мен ісіну дәрежесіне, тау-кен жыныстарына, ауданның сейсмикалығына, жылдың мезгіліне және басқа да факторларға байланысты, осы Талаптың 1-қосымшасында келтірілген мерзімдерден кем болмайтындай етіп жүргізіледі.
242. Сыртқы газқұбырларын қарап тексеретін жұмыскерлердің газқұбырларының жолы, электрден қорғаудың жобалары, газды және басқа да құрылыстардың (коммуникациялар), құдықтардың орналасуы, газқұбырының екі жағынан да 15 м дейін орналасқан, газдалғандығы тексерілуге жататын ғимараттардың астыңғы жайлары көрсетілген бағдар карталары болады. Бағдар карталары жыл сайын салыстырып тексеріліп отырады.
Қарап тексеретін жұмыскерлер дербес жұмысын бастағанға дейін газқұбырының жолымен жергілікті орында танысады.
243. Газқұбырының жолындағы құрылыстың газдалғаны немесе сыртқы белгілері бойынша газдың шығуы анықталған кезде қарап тексеруді жүргізетін жұмысшылар дереу авариялық-диспетчерлік қызметті хабардар етеді және бригада келгенге дейін қоршаған адамдарды (үйдің тұрғындарын, өтіп бара жатқан адамдарды) газдалғандық және ашық отты, электр құбырларын пайдалануға болмайтыны және қажет болған кезде жайларды желдету керектігі туралы ескерту жөніндегі шараларды қолданады.
Қосымша түрде газқұбырының екі жағынан да 50 м дейін қашықтықта орналасқан ғимараттың газдалған жер асты жайларын, шатыр асты жайларын және бірінші қабаттарын, құдықтар мен жер асты құрылыстарының (коммуникациялардың) камераларын аспаптармен тексеру және желдету ұйымдастырылады.
244. Газқұбырларын қарап тексерудің нәтижелері журналда көрсетіледі.
Ақаулар анықталған немесе газқұбырының қорғалатын аймағында жұмыстарды өз бетінше жүргізген жағдайда сыртқы газқұбырларын қарап тексеретін жұмыскерлер газды тарату ұйымының басшылығына рапорт жазады.
245. Газқұбыры соның аумағы бойынша төселген ұйымның басшысы газ тарату (пайдалану) ұйымының персоналының газқұбырын қарап тексеруді, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, авариялық жағдайларды жоюды жүргізу үшін рұқсат алуын қамтамасыз етеді.
246. Ғимараттардың иелері жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен техникалы жасырын жерлердің кіретін және шығатын жерлерінде саңылау болмауын қамтамасыз етеді.
247. Сыртқы газқұбырлары мерзімді аспаптық тексеруден өткізіледі, оған енетіндер: оңашалаушы жабындылардың бүлінген жерлерін, газдың шығуын анықтау-болат газқұбырлары үшін; газдың шыққан орындарын анықтау-полиэтиленді газқұбырлары үшін. Оңашалаушы жабындылардың бүлінген жерлерін және газдың шығуын анықтау үшін сыртқы газқұбырларының техникалық жай-күйін мерзімді аспаптық тексеру кем жүргізілмейді:
1) 5 жылда бір реттен-жер үсті және жер асты газқұбырлары үшін, сонымен бірге болат газқұбырлары үшін кеме жүрмейтін су бөгеттері арқылы өтетін орындарда, бағыттап бұрғылау әдісімен құрастырылғандарынан басқа;
2) 3 жылда бір реттен-газқұбырларының кеме жүретін су бөгеттері арқылы өтетін орындар үшін, бағыттап бұрғылау әдісімен құрастырылғандарынан басқа.
Бағыттап бұрғылау әдісімен полиэтиленнен жасалған жер астының газқұбырларын су бөгеттері арқылы өтетін орындарда тексерудің мерзімділігі пайдаланушы ұйыммен белгіленеді.
Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе ауыстырудың (қайта төсеудің) жоспарына енгізілген газқұбырлары жылына бір реттен кем болмайтындай етіп аспаптық техникалық тексеруден өтеді.
248. Болат газқұбырларын кезектен тыс аспаптық техникалық тексеру дәнекерлеп түйістірген жалғаулары үзілуі, коррозиядан тесіліп зақымданған жерлері анықталған кезде, сондай-ақ электрден қорғау қондырғыларының жұмысында үзілістер болған кезде жылдың ішінде жүргізіледі:
1) 1 айдан артық-кездейсоқ тоқтардың әсері қауіпті аймақтарда;
2) 6 айдан артық-қалған жағдайларда, егер газқұбырының қорғалуы басқа қондырғылармен қамтамасыз етілмесе.
Қорғаныш қасиетін сипаттайтын оңашалаушы жабындыда коррозияның болуы және өлшемдерінің мәні газқұбырларын немесе онымен аралас құрылыстарды пайдалану кезінде ажырайтын барлық бұрандаларда анықталады.
Газқұбырларының жасырын орындарындағы дәнекерленген жалғауларды бұзбайтын әдістермен тексеру, егер газқұбырында бұрын олардың зақымдануы (ажыраулары) анықталған болса жүргізіледі.
249. Оңашалаушы жабындының зақымдануы анықталған орындарда, сондай-ақ аспаптарды пайдалану индустриалы кедергілер арқылы қиындатылған жерлерде көзбен шолып тексеру үшін ұзындығы 1,5 м кем болмайтын бақылау шурфтары қолданылады.
Индустриалы кедергілердің аймақтарындағы шурфтардың саны тарату газқұбырларында әр 500 м сайын және енгізу газқұбырларында әр 200 м сайын біреуін құрайды.
250. Жер асты газқұбырының саңылаусыздығын (тығыздығын) тексеру мақсаттарында немесе газдың шыққан жерлерін анықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау газқұбырының қабырғысынан 0,5 м кем болмайтын қашықтықта қысқы уақытта топырақтың қату тереңдігінен кем болмайтын тереңдікте, қалған уақыттарда-құбырдың төсеген тереңдігінде әр 2 м сайын жүргізіледі.
251. Ұңғымаларда газдың бар екенін анықтау үшін ашық отты пайдалануға қысымы 0,3 МПа дейін газқұбырлары жолының бойында ғимараттар мен құрылыстардан (қазандардан) 5 м кем болмайтын қашықтықта рұқсат беріледі.
Егер ұңғымалардағы газ жалындамаса, оның бар екенін тексеру аспаптар арқылы жүргізіледі.
252. Газдың бар екенін анықтау үшін көлемі бойынша сезімталдығы 0,001 % кем болмайтын сезімталдығы жоғары аспаптарды (газды іздегіштерді) пайдаланған кезде ұңғымалардың тереңдігі жол жабындысын газқұбырының өзегінің бойымен төсеудің мақсаттарында жабындының қалыңдығымен шектеледі.
253. Газқұбырларын пайдалануға қабылдау сәтінде газқұбырларының тығыздығын саңылаусыздығына тексеру жүргізілген.
254. Газқұбырларының кеме өтетін су бөгеттері арқылы су астынан өтетін орындарын тексеру сәйкесінше жабдығы мен құрал-саймандары бар ұйымдармен орындалады және де белгіленген тәртіпте бекітілген әдіс бойынша түбіне қатысты газқұбырының орналасуы және оңашалаушы жабындының зақымдануы нақтыланады.
Сонымен бірге бүтіндігін, су астынан өтетін орындардағы және газқұбырларының қалқып шығуына қарсы шаралар қолданған орындардағы салмақ қосылған жерлерінің өзара орналасуы анықталады.
255. Газқұбырларының кеме өтпейтін су бөгеттері арқылы су астынан өтетін орындарын тексеру белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқау (әдіс) бойынша пайдаланушы ұйыммен орындалады.
256. Аспапты техникалық тексеру кезінде анықталған газдың шығуы авариялық тәртіпте жойылады.
Кездейсоқ тоқтың қауіпті әсерінің аймақтарында және әкімшілік, қоғамдық, тұрмыстық және тұрғын үй ғимараттарынан 15 м жақын орналасқан газқұбырларында анықталған оңашалаушы жабындылардың ақаулары 1 айдың ішінде, қалғандары-оларды анықтағаннан кейін 3 айдан кешіктірмей жойылады.
Оңашалаушы жабындыны қалпына келтіргеннен және жөндегеннен кейін топырақ қатқанға дейін оның жай-күйін аспаптық әдіспен қайта тексеру жүргізіледі.
257. Аспаптық техникалық тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады.
17 - тарау. Сыртқы газқұбырларын ағымдағы және күрделі жөндеу
258. Газқұбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына жататындар:
1) техникалық тексеру кезінде анықталған ақауларды жою;
2) жер үстінің газқұбырларының артық салмағын жою, жер үстінің газқұбырларының бекіткен жерлерін қалпына келтіру немесе ауыстыру;
3) қажеттігіне қарай жер үсті газқұбырларын бояу;
4) жер үсті газқұбырларын үйіп көмуді қалпына келтіру;
5) газды құдықтардың, люктерінің, қақпақтарының, кілемдердің жай-күйін тексеру және қисайған, отырған және басқа да ақауларын жою;
6) қажеттігіне қарай ысырмаларды, крандар мен компенсаторларды бояу;
7) конденсатжинаушылардың және гидро ысырмалардың ойықты бұрандаларының саңылаусыздығын тексеру, олардың стояктарының ақауларын жою, конденсатжинаушылардың, гидро ысырмалар мен бақылау түтіктері шығаратын түтіктерін ұзарту немесе кесу;
8) газқұбырын сығымдаушы құрылғылардың көмегімен ажыратқан орындарда болат газқұбырларындағы қалыпты және қаңылтыр муфталарды, жартылай муфталарды немесе полиэтилен газқұбырларындағы қайырма қыздырғыш элементтері бар жартылай муфталарды дәнекерлеу жолымен газдың шығуын жою;
9) патрубкаларды (катушкаларды) пісіру;
10) болат газқұбырларының: жігінің түбі толық дәнекерленбеген, белгіленген нормалардан жоғары шлакты қосындылары және саңылаулар сияқты ақаулары бар түйіскен орындарына қаңылтыр муфталарды орнату;
11) болат газқұбырларының оңашалаушы жабындыларының бүлінген жерлерін, сонымен бірге су астынан өтетін орындарда белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат берілген арнайы желімдердің көмегімен жөндеу;
12) компенсаторларды жөндеу және ауыстыру;
13) арматураны ауыстыру;
14) жерден биік орнатылған арматураны жөндеу және ауыстыру;
15) люктер мен кілемдерді ауыстыру;
16) газды құдықтарды ауыстыру;
17) конденсат жинағыштар мен сифонды түтіктерді жою;
18) су астынан өтетін орындардың табанын, құбырларды орнықтыруды қалпына келтіру, сумен шайылған орындарды топырақпен толтыру және салмақ қосуды қалпына келтіру;
19) танымдық бағандарды немесе қабырғадағы көрсеткіштерді қалпына келтіру немесе ауыстыру;
20) топырақты су шайған немесе эрозиясы жағдайында газқұбырының топырақ үйілген жерін жобалық белгіге дейін қалпына келтіру;
21) газқұбырларының шатыр астына кіретін орындарын (сонымен бірге жерден шығатын орындарын) ауыстыру;
22) жекелеген болат жалғама бөліктерді, сонымен бірге полиэтиленді газқұбырларының «болат-полиэтилен» өткел жерлерін ауыстыру;
23) арматураны және компенсаторларды кірден және тот басқан жерлерін тазарту, оларды қажеттігіне қарай бояу;
24) ысырмалардың сағағын жүргізіп көру, оны майлау;
25) сальниктерді тексеру және толтыру;
26) ысырмалардың жетекті құрылғысын майлау және қажет болған кезде ақауларын жою;
27) компенсаторлардың жай-күйін тексеру (тартатын болттары алынады);
28) барлық дәнекерленген, ойық бұрандалы және бөлшекті пісірілген жалғауларды сабынды эмульсиямен немесе аспапты әдіспен тексеру;
29) тозған және бүлінген болттарды және салмаларды ауыстыру.
259. Арматураны және компенсаторларды ағымдағы жөндеу жылына бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.
Егер дайындаушы зауытпен басқа мерзімділігі анықталған болса, онда жұмыстар дайындаушының нұсқауына сәйкес орындалады.
Арматураны және компенсаторларды тексеру мен жөндеудің нәтижелері газқұбырының құжатына енгізіледі.
Арматураның газқұбырларындағы саңылаусыздығын жою газ қысымы 0,1 МПа артық болмаған кезде жүргізіледі.
260. Арматураның бөлшекті пісірілген жалғауларын нығыздауға арналған салмалы материал қолданыстағы стандарттарға сәйкес келеді. Паронитке қолданыстағы газқұбырына орнатардың алдында олифті сіңіреді.
261. Қолданыстағы газқұбырының арматурасының сальниктерін толтыру 0,1 МПа аспайтын қысымда жүргізіледі.
262. Ойықты бұрандалардан, конденсат жинағыштардың сифонді түтіктерінен газдың шығуын арнайы құралдарды қолдана отырып жою 0,1 МПа дейінгі қысымда жүргізіледі.
263. Газқұбырының бөлшекті пісірілген жалғауларының салмаларын ауыстыру, олардың ажыратушы бөліктерінің арасына кабелді ұстатқышты орнатқан жайдайда жүзеге асады.
Жұмыстарды жүргізген кезде электрхимиялық қорғаудың станциялары өшіріледі.
264. Болат газқұбырларының коррозиялы немесе механикалық бүлінген орындарын жөндеу ұзындығы 200 мм кем емес катушкаларды дәнекерлеу жолымен жүргізіледі.
Полиэтиленді газқұбырларының механикалық бүлінген орындары, сапасыз дәнекерленген түйіскен жерлері ұзындығы 500 мм кем болмайтын патрубкаларды дәнекерлеу арқылы жөнделеді.
Дәнекерленіп түйіскен жерлердің сапасы саңылаусыздығына сабынды эмульсиямен немесе аспаппен тексеріледі.
Бұдан өзге түйіскен жерлер, төсейтін қыздырғыштары бар муфталардың көмегімен дәнекерленген полиэтиленді газқұбырларының түйіскен жерлерінен басқа, физикалық әдіспен тексеріледі.
Болат газқұбыры өзінің орнынан жылжуы арқылы механикалы бүлінген кезінде бүлінген жерінің екі жағынан да жақын орналасқан дәнекерленген екі түйіскен жері физикалық бақылау әдісімен тексеріледі.
265. Болат газқұбырларының ажырап, жарылып бүлінген дәнекерленген түйіскен жерлері муфталарды орнату жолымен жөнделеді.
Муфталардың дәнекерленген жіктерінің саңылаусыздығы сабынды эмульсиямен немесе аспаппен тексеріледі.
Муфталарды дәнекерлеу 0,1 МПа аспайтын қысымда жүргізіледі.
266. Конденсатжинағыштарды жою, топырақтың қату аймағынан 0,2 м кем болмайтын төменде орналасқан құмыраларды кеспей жүргізіледі.
Бөлшекті пісірілген жалғаулар босаған кезде және газқұбырының қуысы ашылғанда газдың сыртқа шығуын барынша азайтатын және жұмыс орнын қуатты желдетуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.
267. Электрқорғанышы құрылғыларын коррозиядан қорғаудың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жататындар:
1) белгіленген қуатын өзгертпей электрқорғанышының құрылғыларын ауыстыру;
2) анодты жерге қосудың нұсқаларын олардың орналасқан орындарын, материалдары мен құрастырмаларын өзгертпей жөндеу және ауыстыру;
3) қорек желілерін (кабельдерді), дренажды кабельдерді, қорғанышты жерге қосудың нұсқаларын жобалық шешімді өзгертпей жөндеу және ауыстыру;
4) электрқорғанышы қондырғыларының жеке бөліктері мен блоктарын жөндеу және ауыстыру;
5) протекторларды ауыстыру.
268. Ағымдағы жөндеу жұмыстары пайдаланушы (газды таратушы) ұйымның техникалық басшысымен бекітілген жоспар немесе кесте бойынша орындалады.
269. Газқұбырларын күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
1) газқұбырларының жекелеген бөліктерін ауыстыру;
2) газды құдықтарды ауыстыру;
3) электрхимиялық қорғанышы қондырғыларын, қорек беретін және дренажды кабелдерді, сондай-ақ олардың анодты және қорғанышты жерге қосудың нұсқаларын ауыстыру;
4) оңашалаудың бүлінген жерлерін жөндеу;
5) газқұбырлары мен түйіскен жерлердің бүлінген орындарына муфталар орнату;
6) жер үстіндегі газқұбырларының тіректерін жөндеу және ауыстыру;
7) компенсаторларды жөндеу және ауыстыру;
8) топырақты су шайған немесе эрозиясы жағдайында газқұбырының топырақ үйілген жерін жобалық белгілерге дейін қалпына келтіру;
9) шатыр астына кіретін орындарын және жерден шығатын орындарын ауыстыру;
10) жекелеген жалғама бөліктерді, сонымен бірге полиэтиленді газқұбырларының «болат-полиэтилен» өткел жерлерін ауыстыру.
Электрқорғанышының қондырғыларын қуатын өзгертіп ауыстыру, анодты жерге қосудың нұсқасын орналастыру немесе құрастыру жоба бойынша жүргізіледі.
270. Газқұбырын оны жаңа жолға қайта төсеу арқылы күрделі жөндеу жоба бойынша жүргізіледі. Газқұбырын оның орналасу орнын өзгертпей күрделі жөндеуге орындаушылық құжаттамасына өзгертулерді енгізе отырып нобайы бойынша рұқсат беріледі.
Болат газқұбырлары қайта құру ашық немесе траншеясыз әдіспен жүзеге асады.
271. Қайта құрудың жобалары қолданысқа енгізілген нормативтік құжаттардың негізінде жасалады.
272. Ішіне полиэтилен (сонымен бірге кескінделген) құбырларды тарту үшін пайдаланылатын болат газқұбырларын каркас немесе қалыпқа жатқызады.
273. Оларды арнайы екі компонентті желімнің негізінде синтетикалық маталы шлангамен қайта құрған кезде болат газқұбырларының денесінде технологиялық құжаттамамен көзделген нормалардың шегінде коррозиялы саңылаулардың болуына жол беріледі.
Бұл жағдайда каркасты электрхимиялық коррозиядан қорғау сақталады.
274. Ішіне полиэтилен (сонымен бірге кескінделген) құбырларды тарту үшін пайдаланылатын болат газқұбырлары, өздері қалыптың қызметін атқаратын орындарда электрхимиялық коррозиядан қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |