Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Құрылыс және пайдалануға қабылдау



бет9/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

38 - тарау. Құрылыс және пайдалануға қабылдау
643. ГТҚ және БГҚ бар ЖЭС газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысы осы Талапқа сәйкес жүзеге асады.

644. ЖЭС сейсмикалығы 8 балл және одан да жоғары болатын аудандарда орналастырған кезде қосымша орындалатын талаптар:

1) газқұбырлары аласа тіректерге, ал автокөлік жолдарымен қиылысатын жерлерде-жартылай өтетін арналарға төселеді;

2) жер үстінің газқұбырларының бекітілген жерлері, құбырдың құлап кетуінен сақтандырылып еркін орындалады;

3) құбыржелілерінің эстакадалары сейсмикалық тұрақсыз ғимараттар мен құрылыстардан көрсетілген ғимараттар мен құрылыстардың биіктігінің 0,8 кем болмайтындай қашықтыққа аулақтатылады;

4) газқұбырларын сейсмикалық тұрақсыз ғимараттардың қабырғасымен төсеуге рұқсат берілмейді;

5) газқұбырының қозғалмайтын тіректердің арасындағы әрбір телімінің орнын толтыру қабілеті температуралық жылжудың есебі бойынша талап етілгеннен 100 мм артық болып қабылданады;

6) газқұбырын сейсмикалық тұрақсыз ғимаратқа кіргізу ұзындығы ғимарат биіктігінің 0,8 кем болмайтындай жер астынан немесе туннелді етіп орындалады;

7) газқұбырының ажырату арматурасы сейсмикалық тұрақсыз ғимараттан оның биіктігінің 0,8 кем болмайтындай қашықтыққа аулақтатылады.

645. Сейсмикалық аудандарда ЖЭС газқұбырларының құрылысы кезінде белгіленген тәртіпте бекітілген сәйкесінше құрылыс нормалары мен талаптары ескеріледі.

646. ГТҚ және БГҚ бар ЖЭС құрылыспен аяқталған объектілерін пайдалануға қабылдаған кезде осы Талаппен белгіленген талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Құрылыс және құрастыру барысында жол берілген ақаулар мен аяқталмай қалған жерлер, сондай-ақ жеке және функционалдық сынақтардың барысында анықталған жабдықтың ақаулары кешенді байқап көру басталғанға дейін құрылыс, құрастыру ұйымдарымен және дайындаушы заводтармен ретке келтіріледі.

647. ГТҚ және БГҚ жабдығын кешенді байқап көруді қабылдау комиссиясы арнайы нұсқау (бағдарлама) бойынша жүргізеді.

Жабдықты кешенді байқап көрудің кезеңіне қарай технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалау және ақаулар мен газдың шығуын уақытында жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін станцияның, құрастыру және ретке келтіру ұйымының персоналы тәулік бойғы кезекшілікті ұйымдастырады.

Станцияның персоналы болуы мүмкін ақаулар мен оларды жоюдың тәсілдері туралы нұсқаудан өтеді, сондай-ақ жоспарлармен және нұсқаулармен, қорғаныш құралдарымен және арнайы киіммен, аспаптар және жабдықпен қамтасыз етіледі.

648. ГТҚ кешенді байқап көру негізгі жабдық 72 сағат бойы номиналды жүктемемен және газдың жобалық өлшемдерімен негізгі отында тоқтамай кедергісіз жұмыс жасаған кезде; автоматты қосуды 10 рет табысты жүргізгенде; агрегаттың дірілді сипаттарының қолданыстағы нормаларға сәйкестігін тексергенде; автоматты реттеу жүйесінің тиімді жұмыс істеуін тексергенде және қосатын кешенге енетін барлық қосалқы жабдықты үнемі немесе кезекпен жұмыс істетіп барлық қорғаныш құрылғыларын екі рет тексеріп көрген кезде жүргізілген болып саналады.



39 - тарау. Газ шаруашылығының объектілерін пайдалану
649. ГТҚ және БГҚ бар ЖЭС газбен жабдықтау жүйелерінде техникалық басшымен бекітілген кестелер бойынша орындалады:

1) жабдықтың техникалық жай-күйін қарап тексеру;

2) ГДО орнатылған СТК және СБК іске қосылу өлшемдерін тексеру;

3) ГТҚ мен БГҚ қорғаныш және тосқауыл қою жүйелеріне қосылған СБК жұмыс қабілетін тексеру;

4) ГДО жайларындағы, қазандық және машина залдарындағы, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйесінің блоктары орналасқан жайлардағы ауаның газдалғандығын бақылау;

5) ГДО жайлары, қазандық және машина залдарында ауаның газдалғаны туралы автоматты дабыл белгілерінің жұмысын тексеру;

6) технологиялық қорғаныш, тосқауылдың іске қосылуын және дабыл белгісінің жұмысын тексеру;

7) сүзгілерді тазалау;

8) газқұбырларының бөлшекті пісірілген, ойық бұрандалы және дәнекерленген жалғаулары мен арматураның сальникті толтырғыштарының тығыздығын аспаптардың немесе сабынды эмульсияның көмегімен тексеру;

9) газқұбырлары мен газды жабдықты резерв, жөндеу және сақтап қою тәртібінде қосу және сөндіру;

10) техникалық қызмет көрсету;

11) ағымдағы жөндеу;

12) тәртіптеме карталарын қайта қарау арқылы газды пайдаланатын жабдықта тәртіптік-ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;

13) газқұбырлары мен газды жабдықты техникалық тексеру (техникалық диагностика);

14) күрделі жөндеу.

650. Технологиялық жабдық, бақылау, басқару, дабыл беру, байланыс құралдары келесі мерзімділікпен сырттай қарап тексеруден өткізіледі:

1) технологиялық жабдық, құбыр желісінің арматурасы, электржабдығы, қорғаныш құралдары, технологиялық құбыржелілері-ауысым басталардың алдында және ауысымның барысында 2 сағаттан кем емес;

2) бақылау, басқару құралдары, орындау механизмдері, дабыл белгісі мен байланыс құралдары-тәулігіне бір реттен кем емес;

3) желдету жүйелері-ауысым басталардың алдында;

4) өртті анықтау және өшірудің автоматты жүйелерін қоса алғанда өрт сөндіру құралдары-айына бір реттен кем емес.

651. Газқұбырларына және газды жабдыққа техникалық қызмет көрсету 6 айда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.

ГТҚ және БГҚ ішкі газқұбырлары айына бір реттен кем болмайтындай етіп техникалық қызмет көрсетуден және жылына бір реттен кем болмайтындай етіп ағымдағы жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеулердің мерзімділігі жабдықтың нақты жай - күйін есепке ала отырып белгіленеді.

Сығатын компрессорларға, пайдалану мерзіміне кепілдік берілген сақтандырғыш және реттеу арматурасына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді дайындаушы заводтың құжатына (нұсқауына) сәйкес жүргізіледі.

Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін олар тексеруден және сервистік қызмет көрсетуден өтеді.

652. Газқұбырларына, арматура мен технологиялық жабдыққа техникалы қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу осы Талапқа, дайындаушы заводтардың жабдықты құрастыру мен пайдалану жөніндегі нұсқауларына, сондай-ақ жылу электр станцияларын пайдаланудың шарттары мен талаптарын ескеретін, олардың өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

653. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау басталғанға дейін жайлардың (ГДО, машина залының, қазандықтың) жұмыс аймақтарының ауасын газдалғандығына бақылау жүргізіліп, талдау нәтижелері рұқсат-нарядта белгіленеді.

654. ГДО - ға техникалық қызмет көрсету кезінде орындалады:

1) тығын арматурасының жүрісі мен саңылаусыздығын, СТК саңылаусыздығын аспаптардың немесе сабынды эмульсияның көмегімен тексеру;

2) реттегіш клапандары бар жетекті механизмдердің бөлшектерінің өтетін орындарының тығыздығын тексеру;

3) газқұбырлары мен арматураның барлық жалғауларының тығыздығын аспаптардың немесе сабынды эмульсияның көмегімен тексеру;

4) сүзгілерді қарап тексеру және тазалау;

5) реттегіш клапандары бар жетекті механизмдердің бөлшектерін тексеру, рычагты берілістің шайқалуы мен басқа да механикалық ақауларын жою;

6) өлшеу құралдары аспаптарының импульсты желілерін, сақтандырғыш тығынды және реттеу клапандарын үрлеу;

7) тығынды және реттегіш құрылғылардың редукторларының бар екенін және майлаудың сапасын тексеру;

8) СТК ретке келтіру өлшемдерін тексеру;

9) үйкелетін бөліктерді майлау және арматураның сальниктерін тартып бұрау.

655. ГТҚ және кәдеге жаратушы қазандардың ішкі газқұбырларына техникалық қызмет көрсеткен кезде орындалатын жұмыстар:

1) газқұбырларының, газды жабдық және газды аппаратураның барлық жалғауларының тығыздығын аспаптардың немесе сабынды эмульсияның көмегімен тексеру;

2) арматураны қарап тексеру және оны тазарту;

3) реттегіш клапандары бар жетекті механизмдердің бөлшектерін тексеру, рычагты берілістің шайқалуы мен басқа да механикалық ақауларын жою;

4) үйкелетін бөліктерді майлау және арматураның сальниктерін тартып бұрау;

5) өлшеу құралдарының импульсты желілерін үрлеу.

Техникалық қызмет көрсету қолданыстағы жабдықта орындалады.

656. ГДО өндірістік аймағында технологиялық жабдық, газқұбырлары, арматура, электржабдығы, желдету жүйелері, өлшеу, аварияға қарсы қорғану, тосқауыл қою және дабыл белгісінің құралдары ауысым сайын қарап тексеріледі, анықталған ақаулар уақытында жойылып отырады.

Технологиялық жабдықты алдын ала сырттай қарап тексерусіз жұмысқа қосуға рұқсат берілмейді.

657. ГДО - ғы реттегіштерді ретке келтірудің өлшемдері ГТҚ жеткізудің бекітілген нормативтік құжаттарында немесе ГТҚ құжаттық сипаттарында көрсетілген газдың жұмыстық қысымының мәндеріне сәйкес келеді.

Газдың шыққан кездегі қысымының ауытқуы жұмыстық қысымның 10 % шегінде болуына рұқсат беріледі.

658. СТК газдың ГДО шыққан кездегі максималды жұмыстық қысымы 15 % артқан кезде ашылуын қамтамасыз ететін өлшемдерге құрылады.

СТК іске қосылу өлшемдерін ретке келтірген кезде газдың ГДО шыққан кездегі реттеуші клапандардан кейін жұмыстық қысымы өзгермейді.

659. ГДО пайдаланған кезде орындалатындар:

1) өндірістік нұсқаумен белгіленген, пайдаланудың қауіпсіздігі мен сенімді болуын қамтамасыз ететін мерзімдерде техникалық жай-күйін қарап тексеру;

2) сақтандырғыш-тығынды және түсіретін клапандардың іске қосылу өлшемдерін тексеру-3 айда бір реттен кем емес, сондай-ақ жабдықты жөндеу аяқталғаннан кейін;

3) техникалық қызмет көрсету-6 айда бір реттен кем емес;

4) ағымдағы жөндеу-егер газды жабдықты дайындаушылар жөндеудің басқа мерзімдерін белгілемесе, жылына бір реттен кем емес;

5) күрделі жөндеу-қарап тексеру мен ағымдағы жөндеулердің нәтижелері бойынша жасалған ақаудың ведомостарының негізінде жабдықты, өлшеу құралдарын ауыстыру, ғимаратты, жылыту, желдету, жарық беру жүйелерін жөндеу кезінде.

660. Сақтандыру клапандарын ретке келтіру мен іске қосылу өлшемдерін тексерудің тәртібі газдың реттегіштен кейінгі жұмыстық қысымын өзгертуге әкелмейді.

661. Жұмыс істеп тұрған сығатын компрессорлар үнемі бақылауда болады. Автоматикасы, апаттық желдетуі, тосқауыл қою және соратын жүйелердің желдеткіштері ажыратылған немесе істен шыққан компрессорларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

662. Сығатын компрессорлар келесі жағдайларда авариялы тоқтатылады:

1) газ шыққанда;

2) ажырату құрылғылары ақаулы болғанда;

3) дірілдер, бөгде шулар және соғылған дыбыстар болғанда;

4) подшипниктер мен толықтырғыш істен шыққанда;

5) майдың және судың рұқсат берілген өлшемдерінің өзгеруі;

6) қосатын аппаратураның электржетегінің істен шығуы;

7) механикалық беріліс құрылғылары мен жетектердің ақаулы болуы;

8) кіретін және шығатын патрубкалардағы газдың нормаланатын қысымының артуы немесе төмендеуі.

663. Компрессорды майлауға арналған майдың сертификаты бар және компрессордың заводтық құжатында көрсетілген белгіге (жабысқақтығы, жану, өздігінен тұтану температуралары, термиялық төзімділігі жөніндегі) және осы типтегі компрессордың нақты жағдайларда жұмысына тән ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

664. ГДО жайларындағы газдалғандығын бақылау газдалғандығының стационарлы дабыл белгілерімен немесе тасымалданатын аспаппен жайдың үстіңгі аймағынан тәулігіне бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.

Газдың шоғырлануы анықталған кезде жай қосымша желдетіледі, себебі анықталады және газдың шығуы дереу жойылады.

665. Газды агрегаттарға жеткізетін газқұбырлары газды жіберген кезде осы Талапқа сәйкес барлық ауаны итеріп шығарғанға дейін тасымалданатын газбен үрленеді.

Үрлеу жобамен көзделген орындардан үрлейтін газқұбырлары арқылы жүргізіледі.

666. Газды турбинаны қосу жүзеге асырылады:

1) суық қалпынан, турбина корпусының металының температурасы 150°С төмен болған кезде, құрастырғаннан немесе жөндеуден кейін;

2) суымаған қалпынан, турбина корпусының металының температурасы 150-250°С болған кезде;

3) ыстық қалпынан, турбина корпусының металының температурасы 250°С жоғары болған кезде.

Газдардың ағын бөлігінен температураның жоғарылау жылдамдығы, айналуы мен әрбір жылу қалпынан қосқан кездегі жүктемені таңдаудың жиілігі дайындаушы заводпен берілген мәндерден аспайды.

667. ГТҚ және БГҚ қосу түтін құбырына баратын шиберлерді толық ашып қойып жүргізіледі. Шиберлерді ауыстырып қосуға, кәдеге жаратушы қазанның жанарғы мойындарын тұтатуға газды турбина бос жүріске қосылған соң ғана рұқсат беріледі.

668. Жану камералары және кәдеге жаратушы қазанды қоса алғанда, ГТҚ немесе БГҚ - ның газды ауа жолдары газды турбинаның жанарғы құрылғыларын тұтатудың алдында роторды ауаның шығынын номиналының 50 % кем болмайтындай етіп қамтамасыз ететін қосу құрылғысымен айналдыру арқылы желдетіледі.

Газды турбинаны қосу әрбір сәтсіз болғаннан кейін, ГТҚ немесе БГҚ газдыауа жолдарын алдын ала желдетусіз отынды тұтатуға рұқсат берілмейді.

Газды турбинаның жоланың құрастырылуы мен түріне, кәдеге жаратушы қазанның, қосатын құрылғының түріне байланысты желдетудің ұзақтығы жобалық ұйыммен есептеледі және қосу (тұтату) бағдарламасында көрсетіледі, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқауға енгізіледі.

Газқұбырындағы жанарғы құрылғының алдындағы тығынды арматура газдыауа жолын желдету аяқталғаннан және қорғанышты тез тұтататын құрылғы қосылғаннан кейін ашылады.

669. Егер газды турбинаның жану камерасының жалын құбырларын (газды жанарғыларды) тұтатқан кезде немесе реттеудің барысында жалынның шалқуы немесе сөніп қалуы орын алса газды жанарғыға және оның тез тұтанатын құрылғысына газды беру дереу тоқтатылады.

Жану камераларын және ГТҚ немесе БГҚ газдыауа жолдарын өндірістік нұсқауда көрсетілген уақыт бойы желдетуден, сондай-ақ ақаулардың себептерін жойғаннан кейін кірісуге рұқсат беріледі.

670. Газды турбинаның стопорлы және реттейтін отын клапандары тығыз болады. Клапандар әрбір қосудың алдында, сондай-ақ күн сайын газды турбина базалық тәртіпте жұмыс істеген кезінде жүргізіліп байқалады.

671. Газды турбинаның стопорлының, СБК ысырмасының саңылаусыз екенін тексеру күрделі және орташа жөндеулер мен тәртіптеу жұмыстарынан кейін ГТҚ әрбір қосардың алдында, сондай-ақ мерзімді түрде айына бір реттен кем болмайтындай көзбен шолып жүргізіледі.

672. ГТҚ қосуды ауысымның бастығы, күрделі және орташа жөндеуден, тәртіптеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін-цехтың бастығы немесе оның орынбасары басқарады.

673. ГТҚ-жөндегеннен немесе 3 тәуліктен артық резервте тұрғаннан кейін қосудың алдында қосалқы жабдықтың технологиялық қорғаныш және автоматика, тосқауыл қою құралдарының, май жүйесінің, резервті және авариялық май сорғыларының, бақылау - өлшегіш аспаптарының және жедел байланыс құралдарының жарамдылығы және қосуға дайын екені тексеріледі. Бұндағы анықталған ақаулар жойылады.

674. Келесі жағдайларда ГТҚ қосуға рұқсат берілмейді:

1) қорғаныштарының біреуі болса да ақаулы немесе ажыратылған кезде;

2) реттеу жүйесінде газдардың рұқсат берілген температурасының артуына немесе турбинаның артық жұмыс істеуіне әкелетін ақаулардың болуы;

3) май сорғыларының немесе олардың автоматты сөндіру жүйелерінің біреуінің ақаулы болуы;

4) май сапасының нормасынан ауытқуы, сондай-ақ майдың температурасы белгіленген шектен төмен болғанда;

5) отын сапасының нормасынан ауытқуы, сондай-ақ отынның температурасы белгіленген шектерден төмен немесе жоғары болғанда;

6) газ тәрізді отынның шығуы;

7) ГТҚ жылу немесе механикалық күйінің бақылау көрсеткіштерінің жол берілетін мәндерден ауытқуы.

675. ГТҚ апаттық тоқтатқаннан немесе алдыңғы қосуда кідіріс орын алғаннан кейін, егер осы кідірістердің себептері жойылмаса, қондырғыны қосуға рұқсат берілмейді.

676. ГТҚ қосу келесі жағдайларда қорғаныш қызметімен немесе персоналмен тоқтатылады:

1) қосу операцияларының белгіленген жүйелігінің бұзылуы;

2) газдардың температурасының қосу кестесі бойынша рұқсат берілген шектен асуы;

3) қосу құрылғысының жүктемесінің рұқсат берілген шектен асуы;

4) қосу құрылғысын сөндіргеннен кейін біліктің айналу жиілігінің нұсқаумен көзделмеген төмендеуі;

5) ГТҚ компрессорларындағы ауытқулар.

677. Келесі жағдайларда газды турбиналы қондырғы қорғаныш қызметі немесе персоналмен дереу тоқтатылады:

1) газды турбинаның алдындағы газдардың температурасының рұқсат берілген шектен асуы;

2) ротордың айналу жиілігінің рұқсат берілген шектен асуы;

3) газқұбырларында жарылған жердің немесе майдың ажырауының анықталуы;

4) біліктің жол беруге болмайтын жылжуы, компрессорлар мен турбина роторларының жол беруге болмайтын салыстырмалы орын ауыстыруы;

5) майлау жүйесіндегі май қысымының немесе майлы бактағы деңгейінің жол беруге болмайтын төмендеуі, сондай-ақ кез келген подшипниктен құйған кезде май температурасының немесе нығыздағыш подшипниктің негіздерінің кез келгенінің температурасының жол беруге болмайтын артуы;

6) құбырмашиналары мен газды турбинаның аппараттарының ішіндегі шуларға тән емес металл дыбыстарының (шықырлаған, тықылдардың) естілуі;

7) тірек подшипниктерінің дірілінің рұқсат берілген мәннен жоғары болуы;

8) құбырмашиналардың немесе генератордың подшипниктерінен немесе ұшындағы нығыздағыштарынан ұшқын немесе түтіннің шығуы;

9) май немесе отынның тұтануы және өртті қолда бар құралдармен дереу өшірудің мүмкін болмауы;

10) газды турбинаның жану камераларында, кәдеге жаратушы қазанда немесе газағарларда жарылыстың орын алуы;

11) жану камераларында алаудың сөніп қалуы;

12) газды турбинаның стопорлы клапанның алдындағы сұйық немесе газ тәрізді отынның жол беруге болмайтын төмендеуі;

13) кәдеге жаратушы қазанның түтін құбырындағы жапқыштың жабық қалпында болуы немесе кәдеге жаратушы қазанға кіретін жердегі газ қысымының артуы;

14) реттеу және автоматтандыру құрылғыларында немесе барлық бақылау-өлшегіш аспаптарында қысымның жоғалып кетуі;

15) ішкі зақымданудың салдарынан құбыргенератордың сөндірілуі;

16) компрессорларда помпаждың пайда болуы немесе помпаждың шегіне жол беруге болмайтын жақындауы;

17) компрессорлардың үстіндегі ауа қысымының жол беруге болмайтын өзгеруі;

18) кәдеге жаратушы қазандардың қызуы беттерінен бөлініп шыққан өнімдердің тұтануы.

Газды турбинаны ажыратумен бірге қорғаныш қызметімен немесе персоналмен генератор ажыратылады.

678. Газды турбиналы қондырғы келесі жағдайларда электрстанцияның техникалық басшысының шешімі бойынша жүктемеден босатылады және тоқтатылады:

1) газды турбинаны пайдаланудың қалыпты тәртібі немесе қосалқы жабдықтың қалыпты жұмысы бұзылуы, ескерту белгісінің дабыл белгілері пайда болғанда, егер бұзылу себептерін қондырғыны тоқтатпай түзету мүмкін болмаса;

2) стопорлы, реттейтін және помпажға қарсы клапандар тұтылып қалуы;

3) ауа алатын құрылғының мұздануы, егер мұздануды ГТҚ жүктемемен жұмыс істеп тұрған кезде жою мүмкін болмаса;

4) турбина корпустарының, жану камерасының, өтпелі құбыржелілерінің температурасының жол беруге болмайтын артуы, егер бұл температураны ГТҚ жұмысының тәртібін өзгерту арқылы төмендету мүмкін болмаса;

5) газдардың өлшенетін температурасының бірқалыпты болмауының жол беруге болмайтын артуы;

6) жоғары қысымдағы компрессорлардың алдындағы температураның жол беруге болмайтын артуы, сондай-ақ қалыпты сумен жабдықтау бұзылған жағдайларда;

7) жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, қорғаныштың ақаулары;

8) шұғыл бақылау-өлшегіш аспаптарының ақаулары.

679. Кәдеге жаратушы қазаны бар ГТҚ немесе БГҚ апаттық тоқтаған кезінде:

1) газды турбинаның және кәдеге жаратушы қазандардың стопорлы клапанын, СБК және басқа да тығын құрылғыларын жабумен газды турбинаның жану камерасына отынды беруді тоқтатады;

2) газды турбинаның және кәдеге жаратушы қазандардың ажыратылған газқұбырларында үрлеу газқұбырлары мен қауіпсіздік құбыржелілерін ашады;

3) БГҚ құрамында көзделген булы турбина мен генераторды ажыратады.

680. ГТҚ мен БГҚ ажыратқаннан кейін жолдарды тиімді желдету қамтамасыз етіледі және бұл көзделген жерлерінде, жанарғы мойындарды ауа немесе инертті газбен үрлеу жүргізіледі.

Желдету аяқталған соң сорып алатын және (немесе) пайдалану жолдары қайта жабылады. Желдетудің және ГТҚ салқындаған кездегі роторларды айналдырудың ұзақтығы мен мерзімділігі пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.

681. Үрлейтін газқұбырлары мен қауіпсіздік газқұбырларындағы тығын арматурасы ГТҚ ажыратқаннан кейін үнемі ашық қалпында болады.

682. Газды жабдықты жөндеудің, жану камераларын немесе газағарларды қарап тексерудің алдында газды жабдық және тез тұтанатын құбыржелілерін тығын арматурасынан кейін бұқтырмаларды орнату арқылы қолданыстағы газқұбырларынан ажыратады.

683. Газды турбинаға газды жеткізетін жерде тығынды құрылғы жабық екеніне, газқұбырларында бұқтырмалардың орнатылғанына, газқұбырларының газдан босатылғанына, үрлейтін газқұбырларындағы арматура ашық екеніне көз жеткізіп алмай тұрып турбиналарды, жану камераларын, стопорлы және реттейтін клапандарды ашуға кіріспейді.

684. Газқұбырлары мен газды жабдықта жөндеу аяқталғаннан кейін жобаның талаптарына сәйкес, олардың беріктігі мен саңылаусыздығына сынақ жүргізеді.

40 - тарау. Технологиялық бақылау, автоматтандыру,

дабыл беру, қорғаныш және тосқауыл қою
685. Жобамен ЖБҚ мен ОБҚ қашықтан басқару (басқару орнын таңдаған кезде сәйкесінше ауыстырып қосумен) және орнында қолмен басқарудың мүмкіндігін сақтай отырып ГТҚ және БГҚ газбен жадбықтау жүйесінің элементтерін автоматты басқару қарастырылады.

686. ГТҚ және БГҚ тосқауыл қою мен тоқтатуды және оларды төмен жүктемелі жұмысқа ауыстыруды орындау дайындаушы заводтың техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асады.

687. Кәдеге жаратушы қазандары мен жылу алмастырғыш аппараттары бар ГТҚ немесе БГҚ құрамында жұмыс істейтін газды турбинаның газбен жабдықтау жүйесінде келесілерді өлшеу қамтамасыз етіледі:

1) ЖЭС газдың жалпы шығыны;

2) әрбір ГТҚ немесе БГҚ газдың шығыны;

3) ГДО шыққан кездегі газдың қысымы;

4) ГДО кірген кездегі газдың температурасы;

5) әр сүзгідегі газ қысымының ауытқуы;

6) ҚҚТ кірген және одан шыққан кездегі газдың қысымы;

7) ҚҚТ (ГРО) әрбір ықшамдаушы желісінен шыққан кездегі газдың қысымы;

8) әрбір сығатын компрессорға дейінгі және кейінгі (сатысындағы) газ қысымы;

9) газды тазарту блоктарының аппаратындағы сұйықтың деңгейі;

10) ГДО жайларындағы, ГТҚ машина залының тоқырау аймақтарындағы және кәдеге жарату қазандары мен жылу алмастырғыш аппараттар орнатылған жайдардағы ауаның газдалғандығын;

11) газды турбинаның стопорлы клапанының алдындағы және реттегіш клапанының артындағы, сондай-ақ кәдеге жаратушы қазанның реттегіш клапанының артындағы және жанарғыларының алдындағы газдың қысымын;

12) тоңазытқыштан кейінгі газдың температурасын;

13) компрессордың соңғы сатысынан шыққан кездегі газ температурасын;

14) сығу компрессорларының электрқозғалтқыштары подшипниктерінің температурасын;

15) сығу компрессорларының подшипниктерінің температурасын;

16) газ салқындатқыштың әрқайсынан (болған кезде) шыққан кездегі газ температурасын;

17) сығу компрессорларының маймен қамтамасыз ету жүйесіндегі майдың температурасын және қысымын;

18) газды салқындату жүйесіне кірген және одан шыққан кезіндегі салқындатқыш сұйықтың температурасын және қысымын;

19) сығу компрессорларының тұтынатын қуатын;

20) компрессорлардың артындағы газдың қысымын;

21) кәдеге жаратушы қазанның әрбір жанарғы мойнының алдындағы ауа қысымын (үрлейтін желдеткіштер болған кезде);

22) ГТҚ қосу құрылғысының айналу жиілігін;

23) ҚТҚ оталдырғышының айналу жиілігін.

688. ГТҚ және БГҚ газбен жабдықтау жүйесінде келесілер туралы технологиялық белгі беру қарастырылады:

1) тазарту блогының алдындағы газ қысымының артуы және төмендеуі;

2) ГДО - ға дейін және одан кейін газ қысымының артуы және төмендеуі;

3) газды турбинаның стопорлы клапанының алдындағы газқұбырында газ қысымының артуы және төмендеуі;

4) ГДО жайларының, машина залының, қазандықтың, ГТҚ ғимаратына қосылатын газбен жабдықтау блоктарының ауасында газдың шоғырлануының артуы;

5) сығатын компрессорлар орнатылған жайларда авариялық желдетудің қосылуы;

6) әрбір сығу компрессорындағы салқындату суының және майдың температурасының артуы;

7) сығу компрессорының электрқозғалтқышы подшипниктерінің температурасының артуы;

8) сығу компрессорының подшипниктерінің температурасының артуы;

9) газды турбинаның тығын арматурасының блок-контейнеріндегі ауаның температурасының артуы;

10) компрессорлы агрегаттың блок-контейнерінде ауа температурасының артуы;

11) сығу компрессорының май жүйесіндегі май деңгейінің төмендеуі;

12) газды тазарту блоктарының аппараттарында сұйық деңгейінің артуы;

13) сығу компрессорына дейін және кейін газ температурасының артуы;

14) ГДО жайларында автоматты өрт сөндіру жүйесінің іске қосылуы;

15) сығу компрессорының май жүйесіндегі май деңгейінің төмендеуі;

16) газды тазарту блоктарының аппараттарында сұйық деңгейінің артуы;

17) сығу компрессорының роторының дірілінің артуы;

18) газды турбинаның жану камерасының жалын құбырларында алаудың болуы;

19) кәдеге жаратушы қазанның жанарғы мойнында алаудың болуы;

20) газды турбинаның тез тұтанатын құрылғыларында алаудың болуы;

21) кәдеге жарату қазанының барлық жанарғыларында (ортақ) алаудың болуы;

22) технологиялық қорғаныштың іске қосылуы.

689. ГДО газбен жабдықтау жүйесінде келесі технологиялық қорғаныштар қарастырылады:

1) газдың қысымы ГДО шыққанда және әрбір сығу компрессорынан кейін белгіленген мәнінен артқан кезде СТК іске қосылуы;

2) салқындату суы мен майдың қысымы белгіленген мәнінен төмендеген және салқындату суы мен майдың температурасы белгіленген мәнінен артқан кезде сығу компрессорларының электрқозғалтқыштарын ажырату;

3) ГДО жайларында ауадағы газдың шоғырлануы жалынның таралуының төменгі шоғырлану шегінің 10 % жеткен кезде апаттық желдетудің қосылуы.

690. ГДО газбен жабдықтау жүйесінде технологиялық тосқауыл қоюлар қарастырылады:

1) газдың қысымы ықшамдау блогынан шыққан кезінде белгіленген мәнінен төмен азайған жағдайда ықшамдаудың резервтік желісінің қосылуы (резервтың автоматты енгізілуіне қойылған);

2) газдың қысымы ықшамдау блогынан шыққан кезінде белгіленген мәнінен жоғары көтерілген жағдайда ықшамдаудың резервтік желісінің қосылуы және жұмыстық желінің ажыратылуы.

Жабдықты және арматураны қашықтан және автоматты түрде қосалқы басқару болған кезде, олардың бір уақытта қосылуына жол бермейтін тосқауыл қою көзделеді.

691. Жарылыс қауіпті жағдайды болдырмау үшін кәдеге жаратушы қазандары бар ГТҚ және БГҚ келесілер орын алғанда газды турбинаны ажырататын технологиялық қорғаныштармен жарақталады:

1) газды турбинаның стопорлы клапанының алдындағы газ қысымының жол беруге болмайтын төмендеуі;

2) жану камерасының жалын құбырларының алауы сөнгенде немесе от алмауы;

3) компрессорлардың артындағы ауа қысымының жол беруге болмайтын өзгеруі;

4) компрессорлардың помпажының пайда болуы.

Қорғаныш іске қосылған кезде бір уақытта стопорлы және сақтандырғыш бекіту клапандарының жабылуы, реттегіш клапандардың, тез тұтанатын газқұбырындағы және газды турбинаға жеткізетін газқұбырларындағы тығын арматурасының жабылуы, дренажды және помпажға қарсы клапандардың ашылуы, генератордың желіден ажыратылуы, қосатын құрылғының ажыратылуы жүзеге асады.

692. Тұрақты пайдалануға енгізілген технологиялық қорғаныштар, тосқауыл қою және дабыл белгісі өздері орнатылатын жабдықтың жұмыс істеп тұрған барлық уақытының ішінде қосылған қалпында болады. Технологиялық қорғаныштарды енгізу автоматты түрде жүзеге асады.

693. Жұмыс істеп тұрған жабдықтағы, жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық қорғанышты жұмыстан шығаруға рұқсат берілмейді.

Жұмыс істеп тұрған жабдықтағы басқа технологиялық қорғанышты, сондай-ақ технологиялы тосқауыл қою мен дабыл белгісін жұмыстан шығаруға келесі жағдайларда күндізгі уақытта және біреуден көп болмайтын қорғаныш, тосқауыл қоюдың немесе дабыл белгісін жұмыстан шығаруға рұқсат беріледі:

1) анық ақау болғанда немесе жұмыс істемеген кезде;

2) техникалық басшымен бекітілген кестеге сай мерзімді тексергенде.

Ажыратуды ЖЭС техникалық басшысын ескерту арқылы ауысым бастығының жедел журналдағы жазбаша бұйрығы бойынша орындайды.

694. Жұмыс істейтін жабдықтың қорғаныш, тосқауыл қою және дабыл белгісінің тораптарында жөндеу мен ретке келтіру жұмыстарын рұқсат-нарядын ресімдемей жүргізуге рұқсат берілмейді.

695. Газдалғандық жағдайларында автоматтандыру, апатқа қарсы қорғану және дабыл белгісінің жүйелерін ретке келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет