Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет7/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

31 - тарау. Батпақтарды қиып өту
453. I типтегі батпақтарда газқұбырын жер астынан төсеген кезде газқұбырын қату тереңдігінен 0,8 кем болмайтын, бірақ әдеттегі жағдайлар үшін көзделгеннен кем емес, тереңдікте орнату көзделеді.

Батпақтарда газқұбырын жер үстінен төсеген кезде оны минералды топырақта төсеу көзделеді.

454. Газқұбырын жердің үстінен төсеуге барлық типтегі батпақтарда, III типті батпақтарда-арнайы техника болған кезде рұқсат беріледі. Газқұбырларын төсеуді бұрылыстар саны барынша аз тік сызықты болатындай етіп қарастырады. Бұрылыстар газқұбырының бүгілуінің есебінен қамтамасыз етіледі.

455. Газқұбырын жердің үстінен төсеуді жобалаған кезде газқұбырын су шайып кетуіне, опырылуына жол бермес үшін су жіберетін құрылыстарды (құбырлар, науалар) қарастырады, сондай-ақ құбырдың астындағы шымды табанның отыруымен және батпақты құрғатудың нәтижесінде болатын қосымша қысымды ескереді.

456. Жердің астындағы және жердің үстіндегі газқұбырларын оңашалау төзімді оңашалағышты қолдана отырып орындалады.

457. Газқұбырын жердің үстінен төсеуге еркін техника болған кезде барлық типтегі батпақтарда, арнайы техника болған кезде рұқсат беріледі.

458. Батпақтарға төсеген кезде газқұбырын балласттауды материкке бекітілген бұрандалы анкерлермен немесе газқұбырының тұрақты болуын қамтамасыз ететін басқа тәсілдермен орындайды.

459. Газқұбырының жолына қызмет көрсету үшін топырақты жайып төгіп жол салған кезде II-III типтегі батпақтарда жайып төселетін топырақтың биіктігін шымның жүк түсуден отыруын есепке ала отырып жүргізеді.

460. Жер қазу жұмыстарын қысқы уақытта жоғарғы шым қабаты қатқан соң траншеяны қазу жолындағы топырақтың қатуын азайту жөніндегі шараларды есепке ала отырып жүргізеді.

461. Құрылыс кезінде жобада пайдаланылады:

1) жер астының газқұбырлары үшін траншеядан немесе төселген жолдан, жатқыза, траншеяның түбіне қарай тартып салу;

2) жер үстінің газқұбырлары үшін батпақтың шымды қабатына үйілетін үйіндіге салу.

462. Жолдың су басқан орындарында газқұбырын тікелей суға салып кейіннен жобалық белгілерге дейін батыруға және берік етуге рұқсат беріледі.

463. Жер бетінің газқұбырының табанын орнату, астына төсеу және жер астының газқұбыры үшін кесе-көлденең ені 50 мм асатын кесектері бар қатқан топырақты, қарды, мұзды пайдалануға рұқсат берілмейді.

464. Траншеяға салынған газқұбырларын көмуді батпақтардың типтеріне қарай жұмыстарды жүргізудің жобасына сәйкес орындайды.

465. Траншеяларды оңашалау-құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден тәуліктің салқын немесе суық мезгілінде көмеді.

466. Дәнекерлеу жұмыстары жазғы уақытта құбыр дайындайтын базаларда, қысқы уақытта-құрылыстың жолында орындалады.

467. Газқұбырларын оңашалауды заводтық немесе базалық шарттарда орындайды.

468. Газқұбырларын балласттау мен жобалық белгілерде бекітудің тәсілдері батпақтың түріне, шым табанның қуатына, топырақ суларының деңгейіне, төсеудің әдістеріне, жұмыстарды жүргізудің уақытына байланысты жобаға және жұмыстарды жүргізудің жоспарына сәйкес қабылданады.

469. Газқұбырларын жерден биік етіп салуды құрлықтың топырағына діңгек қағатын жабдықпен қағылып бекітілетін діңгектерде орындайды.

470. Газқұбырларының жолын қарап тексерген кезде газқұбырларына қызмет көрсетуге арналған жолдардың жай-күйін бақылайды.

32 - тарау. Тұзды топырақтар
471. Жобаларда газқұбырларының беріктігінің есебін табанының сулануы бірдей тегіс болмауына байланысты отыруды, сүзгілі ағынның жобасын, топырақтарда тұздың таралуының бір текті болмауын ескере отырып жүргізеді. Жобалауды топырақты сулаудың мүмкіндігі болмағанда, тұздар сілтіден айырылғанда топырақтың болмашы отыруы кезінде әдеттегі тұздалмаған топырақтағы сияқты, қалған жағдайларда-отыратын топырақтағы сияқты орындайды.

472. Газқұбырларын тұздалған топырақтарда төсеу үшін негізінен полиэтиленді құбырларды қолданады.

473. Құрылыс отыратын топырақтағыға ұқсас орындалады. Тұздалған топырақтың қалыңдығы 5 см кем емес үстіңгі қабаты үйіп салынатын жердің бетінен алынады.

33 - тарау. Үйілген топырақтар
474. Жер астының газқұбырларын үйілген топырақтардан төселген табанға салуды, олардың құрамы бойынша елеулі бір текті болмауын, қысылу қабілеті бірдей еместігін, гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруінен, сондай-ақ органикалық қоспалардың есебінен өздігінен тығыздалу мүмкіндігін ескере отырып қарастырады.

Егер үйілген топырақтар отыратын, ісінетін қасиеттерге ие болса, газқұбырларын төсеуді осы топырақтар үшін көзделген талаптарды есепке ала отырып қарастырады.

Егер үйілген топырақтардың құрамында Jоm органикалық заттар 0,1 көп болса, осы топырақтарды толық немесе жартылай тілуді, таптау немесе топырақты жуудың көмегімен топырақты тығыздауды қарастырады.

Іргетастардың қойнын толтыруды құрамында ірі қосындылары, көтеру қабілеті төмен (шым немесе басқалары) топырақтар болмаған кезде, жергілікті топырақпен қарастырады.

475. Құмдар мен шлактарды үйгеніне екі жылдан асқанда және шаңды-саз балшықты топырақтарды, күлді шлактарды үйгеніне-бес жылдан асқан кезде төселген топырақтардың қосымша отыруын есепке алмауға рұқсат беріледі.

476. Жер үстінің газқұбырларын төсеуді, осы төсемді батпақтарда жүргізу үшін көзделген ұқсас іс-шараларды жасай отырып қарастырады.

477. Тіректердің іргетастарын шымдылығы жоғары топырақтарға, шымдарға, әлсіз-минералды сапропелдер мен лайға сүйеуге рұқсат берілмейді.

478. Сусымалы, отыратын, ісінетін топырақтар болғанда топырақтардың осы түрлері үшін көзделген іс-шараларды орындайды.

479. Нығыздалмаған үйілген топырақтардағы құрылыс кезінде траншея жасалғаннан кейін табанды жобада көзделген тереңдікте мұқият нығыздап, нығыздалған қабаттың төменгі шекарасындағы топырақ қаңқасының көлемдік салмағын 1,6 г/см3 дейін жеткізеді.

480. Ірі бөліктері, тау-тасты топырақтар жабысқан, кірпіштер, металл бар топырақтардағы құрылыс кезінде құмнан (шаңдайтын және ұсақ түйірлісінен басқа) қалыңдығы 0,2 м кем болмайтын жастықты төсейді.

481. Көтеру қабілеті төмен және құрамындағы Jom органикалық заттары 0,1 көп топырақтарда құрлықтағы топыраққа қада қағуды (қаданың кері тебуі жобадан аспайды), табанды жобамен көзделген тереңдікке алдын ала нығыздау арқылы шіруге төзімді материалдардан жасалған таратушы жастықты төсеуді жүргізеді.

482. Жер бетінің газқұбырларын нығыздалмаған үйілген топыраққа салған кезде толтырудың алдында үйілген табанның астындағы топырақты жобада көрсетілген тереңдікке дейін нығыздау жүргізіледі.



34 - тарау. Жылу электр станциялары (ЖЭС) мен қазандықтардың газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланған кездегі жарылыс қауіпсіздігінің ерекше талаптары
483. Тараудың талаптары жеке жылу қуаты 420 ГДж/с асатын жылу электр станцияларының қазанды агрегаттарының газқұбырларына және газды жабдығына қолданылады.

484. Газ шаруашылығының объектілеріне ие әрбір жылу электр станциясында газқұбырлары мен газды жабдықты (техникалық құрылғыларды) пайдалану және жөндеу жөніндегі газ қызметі (телімі) құрылады.

485. Пайдалану құжаттамасының көлемі осы Талапқа, сондай-ақ жылу электр станцияларын пайдаланудың шарттары мен талаптарын ескеретін, белгіленген тәртіпте келісілген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келеді.

Газқұбырларының технологиялық жобалары ГРО жайларында және басқару қалқандарына ілінеді немесе автоматты басқарудың дисплейінде шығарылады.

486. Газқұбырлары мен газды жабдықты пайдаланғанда орындалатындар:

1) техникалық жай-күйін қарап тексеру;

2) ГРО-да (ГРҚ) орнатылған СБК және СТК іске қосылу өлшемдерін тексеру;

3) қазандарды қорғау және тосқауыл қою жүйелеріне қосылған СБК іске қосылуын тексеру;

4) бөлшекті пісірілген, ойық бұрандалы және дәнекерленген жалғаулар, арматураның сальникті толтырғыштардың саңылаусыз екенін аспаптардың немесе сабынды эмульсияның көмегімен тексеру;

5) ГРО жайлары мен қазандық залының (қазандықтың) газдалғандығын бақылау;

6) ГРО жайлары мен қазандық залының (қазандықтың) газдалғандығы туралы автоматты белгі берудің жұмысын тексеру;

7) технологиялық қорғану, тосқауыл қою құрылғыларының іске қосылуы мен дабыл белгісінің қызметін тексеру;

8) сүзгілерді тазалау;

9) газқұбырлары мен газды жабдықты техникалық жөндеу;

10) газқұбырларын коррозиядан қорғау құралдарын техникалық жөндеу;

11) газқұбырлары мен газды жабдықты резерв, жөндеу және сақтап қою тәртібінде қосу және ажырату;

12) ағымдағы жөндеу;

13) тәртіпке келтіру карталарын қайта қарай отырып газды пайдаланушы жабдықта тәртіптік - ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;

14) газқұбырлары мен газды жабдықты техникалық тексеру (техникалық диагностика);

15) күрделі жөндеу;

16) жұмыс істемей тұрған газқұбырлары мен газды жабдықты ажырату (дәнекерлеуге тұрақты бұқтырмаларды орнату арқылы кесу).

487. Техникалық жай-күйін қарап тексеру газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланудың қауіпсіздігі мен сенімді болуын қамтамасыз ететін мерзімдерде, бірақ ГРО, қазандықтар мен қазандардың ішкі газқұбырлары үшін ауысымына бір реттен кем емес, жер үстінің газқұбырлары үшін айына бір рет және жер астының газқұбырлары үшін осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

Қарап тексерген кезде қысымы 0,3 МПа асатын газқұбырларында арматурасындағы сальниктерді тартуға және дренажды құрылғылардан конденсатты айдауға рұқсат берілмейді.

488. СБК және СТК іске қосылу өлшемдерін тексеру 6 айда бір реттен кем емес, сондай-ақ жабдықты жөндегеннен кейін жүргізіледі.

ГРО сақтандырушы түсіру клапандары, ГРО шыққанда жұмыстық қысымның ең жоғарғы шегінен 15 % артқан кезде олардың ашылуын қамтамасыз ететін өлшемдерге құрылады; ал СБК, сонымен бірге қысым реттегішке құрылғандары іске қосылуының жоғарғы шегі жұмыстық қысымның 25 % аспайды.

СБК және СТК іске қосылу өлшемдерін тексергенде және ретке келтіргенде реттеуші клапандардың ГРО шыққан кездегі жұмыстық қысымы өзгермейді.

489. Қазандар мен жанарғы мойындардың СБК іске қосылуын тексеру қазанды 3 тәуліктен артық тұрғанынан кейін газбен тұтатудың алдында, қазанды газды жағуға жоспарлы ауыстыру алдында, сондай-ақ қазанның газқұбырларын жөндегеннен кейін жүргізіледі.

490. Сүзгіні тазалауды қысымның ауытқуы дайындаушы заводтың құжатында көрсетілген рұқсат берілген мәніне жеткен кезде жүргізеді.

491. ГРО жайлары мен қазандықтардың газдалғандығын бақылау газдалғандықтың стационарлы белгі құралдарымен немесе тасымалданатын аспаппен ауысымына бір реттен кем болмайтындай жайдың жоғары аймағынан жүргізіледі.

Газдың шоғырлануы анықталған кезде қосымша желдету және газдың шығуын анықтау мен жою жөніндегі шұғыл жұмыстар ұйымдастырылады.

492. Технологиялық қорғаныш құрылғыларының іске қосылуын және газқұбырларындағы газдың максималды және минималды қысымы бойынша дабыл белгісінің жұмысын тексеруді дайындаушы заводтардың нұсқауларында көрсетілген мерзімдерде жүргізеді, бірақ 6 айда бір реттен кем емес.

Тексерген кезде газқұбырларындағы газдың жұмыстық қысымы өзгермейді.

Тосқауыл қоюларды тексеру қазанды қосу немесе оны газды отынға ауыстыру арқылы жүргізіледі.

493. Газқұбырларына және газды жабдыққа техникалық қызмет көрсету 6 айда бір реттен кем болмайтындай жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге осы жұмыстарды орындаудың тәжірибесі мен мүмкіндігіне ие ұйымдар сырттан тартылады.

494. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін жайдың жұмыс аймағын (қазандық залын, ГРО) газдалғандығына тексеруді жүргізіп рұқсат-нарядына белгілейді.

495. ГРО техникалық қызмет көрсеткен кезде орындалатындар:

1) ажырату құрылғыларының (ысырмалардың, крандардың) жұмысқа қосылуы мен саңылаусыз екенін, сондай-ақ СБК мен СТК саңылаусыз екенін аспаппен немесе сабынды эмульсиямен тексеру;

2) өтетін орындардың, жетектерді бөлшектейтін құрылғы, реттегіш клапандары бар механизмдердің саңылаусыз екенін тексеру;

3) газқұбырларының бөлшекті пісірілген және дәнекерленген жалғауларының саңылаусыз екенін аспаппен немесе сабынды эмульсиямен тексеру;

4) сүзгіні қарап тексеру, тазарту;

5) жетектерді бөлшектейтін құрылғы, реттегіш клапандары бар механизмдерді тексеру, кинематикалық берілістегі шайқалуы мен басқа да ақауларын жою;

6) өлшеу құралдарының аспаптарын, сақтандырғыш бітейтін және реттейтін клапандардың импульсты желілерін үрлеу;

7) СБК және СТК ретке келтіру өлшемдерін тексеру;

8) үйкелетін бөліктерді майлау, арматураның сальниктерін тартып бұрау, қажет болған кезде оларды тазалау.

496. Ішкі газқұбырларына техникалық қызмет көрсеткенде орындалатын жұмыстар:

1) газқұбырларының бөлшекті пісірілген және дәнекерленген жалғауларының, арматураның сальникті толтырғыштарының саңылаусыз екенін аспаппен немесе сабынды эмульсиямен тексеру;

2) арматураның сальниктерін тартып бұрау, тазалау;

3) өлшеу құралдары аспаптарының импульсті желілерін үрлеу.

497. Маусымдық жұмыс істейтін газды жабдықты ажыратқан кезде газқұбырларына-оған баратын жерлеріне бұқтырмаларды орнатады.

498. Газқұбырлары мен газды жабдықтың ағымдағы жөндеуі, жабдықты сөндіріп және газқұбырларына газды беретін жағынан ажыратылатын жерінің шекараларына бұқтырмаларды орнатып, 12 айда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.

499. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және жұмыстың барысында жұмыс аймағының газдалғандағын бақылау жүзеге асады.

Жайдың ішіндегі газдың шоғырлануы жалынның таралуының төменгі шоғырлану шегінің 20 % асқан кезде жұмыстар тоқтатыла тұрады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін газқұбырлары саңылаусыздығына, ал дәнекерлеу жұмыстарынан кейін-қолданыстағы нормаларға сәйкес беріктігі мен саңылаусыздығына сынақтан өткізіледі.

Сынауды жөндеу жұмыстарын орындаған персонал станцияның шұғыл персоналының қатысуында жүргізеді. Сынақтың нәтижелері актымен ресімделеді.

500. ГРО газды жабдығының ағымдағы жөндеуі осы Талапқа сәйкес орындалады.

501. Жер үстінің газқұбырларын ағымдағы жөндеген кезде орындалатын жұмыстар:

1) майысқан, қабысқан жерлерін жөндеу, бекітілген жерлерін, тіректерін ауыстыру және қалпына келтіру;

2) жабылуының саңылаусыздығын қамтамасыз етпейтін ажырату құрылғыларын (тығынды арматура) бөлшектеу және жөндеу;

3) шуылға қарсы және жылу оңашалағыш жабындыларды қалпына келтіру;

4) газқұбырларын және арматураны бояу (5 жылда бір реттен кем емес);

5) жалғаулардың саңылаусыздығын тексеру және техникалық жай-күйін қарап тексерген кезде анықталған ақауларды жою.

502. Тығынды арматураны ағымдағы жөндеу кезінде орындалатындар:

1) арматураны тазалау, сағақты жүргізіп көру және майлау, сальникты толтыру;

2) ысырмалардың жабылуының саңылаусыздығын қамтамасыз етпейтін тығынды арматураны бөлшектеу;

3) электржетектерінің редукторларының майланғанын, олардың корпустарының тығыздығын тексеру;

4) бөлшекті пісірілген жалғаулардың тартылғанын (бекітілгенін) тексеру, тозған және бүлінген бұрандалар мен салмаларды ауыстыру;

5) жетекті құрылғының жарамдылығын тексеру және жөндеу;

6) газды арматураға дайындаушы заводпен сервистік қызмет көрсетілген кезде жұмыстардың мерзімі мен көлемі арматураны дайындаудың техникалық құжаттарымен анықталады.

503. Газды қазандардағы тәртіптеу карталарын қайта қарау 2 жылда бір реттен кем болмайтын мерзімділікпен, сондай-ақ қазанды күрделі жөндеуінен, газ жағатын құрылғыларды ауыстырғаннан кейін жүзеге асады.

504. Газқұбырлары мен газды жабдықты техникалық диагностикалау осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

505. Газқұбырлары мен газды жабдықты күрделі жөндеу техникалық диагностикалаудың нәтижелері бойынша тағайындалады.

Күрделі жөндеуден өтуге (ауыстыруға) жатқызылған газқұбырлары үшін жаңа құрылысына қойылған талаптарға сәйкес жобалық құжаттама жасалады.

Ішкі газқұбырларын, газды және қазанды жабдықты күрделі жөндеу бірге жүргізіледі.

Күрделі жөндеу туралы мәліметтер газқұбырының (ГРО) құжатына енгізіледі.

506. ЖЭС газбен жабдықтайтын жүйелерінде газқұбырларын трансформаторлы қосалқы станциялар мен электр тарататын ашық құрылғылардың, резервті отын қоймаларының, резервті отынды беретін галереялардың, ғимараттардың нөлдік белгісінен төмен аумағы бойынша салуға, сондай-ақ газқұбырларын тірек құрастырмалары ретінде және жерге қосу үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.

Ішкі газқұбырларын төсеу ашық күйінде жүзеге асырылады. Тығынды және реттейтін арматураны орнататын орындарға жасанды жарықтандыру беріледі.

Газқұбырларынан ЖЭС аумағында орналасқан объектілерге дейінгі минималды қашықтық 2 - қосымшада келтірілген.

507. Газбен жабдықтау жүйелерінде саңылаусыздығы «В» тобынан төмен емес болат арматураны қолданады.

Арматураны жалғаудың тәсілі (дәнекерлеу, бөлшекті пісіру) жобамен анықталады.

Қазанның жұмыс үдерісі барысында орнынан жылжитын жанарғыларды жұмыстық қысымға есептелген және қолдануға сәйкесінше рұқсаты және сертификаты бар металды жеңдердің немесе резинаматалы жеңдердің көмегімен газқұбырына жалғауға рұқсат беріледі.

508. Газбен жабдықтау (газды тарату) жүйелерінде тығын арматурасы (ажырату құрылғысы) жарылыстан қорғалып жасалған электржетегімен жабдықталады:

1) ГРО кіретін жерде;

2) реттеуші залға кіретін және одан шығатын жерде (екі және одан да көп залдар болған кезде);

3) реттеуші клапанды (бұдан әрі-РК) электржетегімен жабдықтаған кезде, газды ықшамдау желісіне кіретін және одан шығатын жерде;

4) ГРО шығатын жерде (екі және одан да көп ГРО болған кезде).

509. ГРО тығынды және реттегіш арматураның электржетегін басқару жергілікті басқару қалқанынан (бұдан әрі-ЖБҚ) жүзеге асады, сондай-ақ:

1) көлденеңінен байланысқан қазандар үшін қазандардың бірінің ЖБҚ басқару қалқанынан немесе басқару қалқанының қазандар тобынан (бұдан әрі-БҚт);

2) қуаты 800 МВт аз қуат блоктары үшін-блокты басқару қалқандарының (бұдан әрі-ББҚ) бірінен;

3) қуаты 800 МВт және одан жоғары қуат блоктары үшін-ББҚ-дан.

510. Газды жабдығы бар ЖЭС-дағы жеке тұрған ғимараттың жайларында (ГРО реттеу залы, газ шығыны есебінің және тазарту тораптарының орналасу орындары, ГРО ЖБҚ) жарықты дыбысты белгіні қазандардың басқару қалқандарына БҚт, ББҚ; ЖБҚ ГРО және жайдан шығатын жерде орнату арқылы газдалғандығының дабыл белгілерін қояды.

511. Станциялардың ГРО келесілерді өлшеу қамтамасыз етіледі:

1) ГРО кіру мен шығу кезінде, сондай-ақ әрбір РК кейін газдың қысымын;

2) газды тазарту сүзгілерінде қысымның ауытқуын;

3) температура мен газдың жұмсалуын;

4) реттеу залдарының жайлары мен ГРО ЖБҚ ауаның температурасын және газдалғандығын.

512. ГРО жататын ЖБҚ, БҚт және ББҚ панелдерінде болады:

1) басқару кілті, тығынды және реттегіш арматураның қалпын көрсеткіштер;

2) тығынды және реттегіш арматураны басқару орнын таңдаудың ауыстырып қосқыш кілті;

3) жабдықтың жұмысы мен жайдың газдалғандығы туралы жарықты дыбысты дабыл белгісі;

4) ГРО кіретін және шығатын жерде және газды ықшамдаудың әр сатысында газдың қысымын көрсететін аспаптар;

5) ГРО кіретін және шығатын жердегі газдың температурасын көрсететін аспаптар;

6) әрбір өлшеу нүктесінде газдың жұмсалуын көрсететін аспаптар.

513. Газқұбырын ғимараттың ішіндегі қазанға апаратын жерде екі ажырату құрылғысын орнату қарастырылады. Біріншісі-газдың жүрісі бойынша қол жетегімен орындалады; екіншісі-электржетегімен қазанды қорғау жобасына енгізілген.

514. Қазанға апаратын газқұбырында ажырату құрылғыларынан кейін қарастырылады: бөлшекті пісірілген жалғауларды ашуға арналған сайманы мен тоқты өткізетін тұтқасы бар бұрылысты немесе қаңылтырлы бұқтырманы орнататын бөлшекті пісірілген жалғау; үрлеу агентін қосуға арналған штуцер; жалпы қазанды СБК; ҚТҚ жанарғы мойындарына газқұбырының бұрандасы (тек газды қазандар үшін); реттегіш клапандар (негізгі, тұтатқыш).

Әр жанарғы мойынның алдында жеке реттегіш клапанды орнатқан кезде тұтатқыш клапан міндетті емес.

515. Газқұбырында қазанның әр жанарғы мойынының алдында екі СБК жүйелі түрде орнатылады.

Тығынды арматура ретінде әр жанарғы мойынының алдында тез қосылатын екі тығын клапандары мен жеке реттегіш клапанды орнатқан кезде жалпы қазанды СБК орнату міндетті емес.

Жалпы қазанды СБК орнатқан жағдайда бір СБК мен электржетегі бар (кезектілігі жобамен анықталады) ажырату құрылғысын және олардың арасына қауіпсіздік құбыржелісін орнатуға рұқсат беріледі.

Ажырату құрылғысын басқару қазанды басқару қалқанынан, жанарғы мойындарға қызмет көрсететін алаңнан қашық, сондай-ақ орнында қолмен басқару арқылы жүзеге асады.

516. СБК электрмагнитін тұрақты немесе ауыспалы тоқта қоректендіру техникалы-экономикалық негіздеуді ескере отырып жобада анықталады.

Тұрақты тоқта қоректендіру аккумуляторлы батареяның шиналарынан немесе басқару жүйелерін тізбектердің жарамдылығын үздіксіз бақылау құрылғысымен жабдықтаған жағдайда алдын ала қорек берілген конденсаторлардың батареяларынан жүзеге асырылады.

Ауыспалы тоқта қоректендіру үздіксіз қоректендіру блогын орнатқан жағдайда тәуелсіз екі көзден жүзеге асырылады.

517. Қазанның әрбір жанарғы мойыны жанарғының алауын тұтату тәртібінде және тұтату тәртібін қоса алғанда, қазанның барлық жұмыс тәртібінде жанарғы мойынның алауына сұрыпталған бақылауды қамтамасыз ететін ҚТҚ жабдықталады.

ҚТҚ басқару қазанды басқару қалқанынан, сондай-ақ жанарғы мойындарға қызмет көрсету алаңынан қашықтан жүзеге асады.

Газбен жұмыс істейтін қазанның әрбір жанарғы мойынын тұтату стационарлы орнатылған жеке ҚТҚ жүзеге асады.

518. Газқұбырында әр жанарғы мойынның соңғы ажырату құрылғысының алдында диаметрі 20 мм кем болмайтын, электржетегі бар ажырату құрылғысымен жарақталған қауіпсіздік құбыржелісі көзделеді.

519. Қазанның газқұбырларының ажырату құрылғылары мен сынамаларды іріктеп алуға арналған штуцерлері бар үрлейтін газқұбырлары жүйесі, сондай-ақ жағатын шығару газқұбыры болады.

Үрлейтін газқұбырлары қарастырылады:

1) тез тұтанғыш газқұбырын қоса алғанда, газқұбырының әрбір тұйық телімінің соңында;

2) қазанға баратын жердегі екінші ажырату құрылғысының алдында;

3) қазанның газқұбырында бұқтырмаларды орнататын орынның алдында;

4) қазанның СБК алдында;

5) егер газқұбырының ұзындығы 2 м аспайтын болса, жанарғы мойынның бірінші ажырату құрылғысының алдында;

6) газды қазандыққа сақиналы жолмен жеткізу кезінде секциялы ажырату құрылғысының екі жағынан да.

Үрлейтін газқұбырының диаметрі газқұбырының үрленетін жерінің 1 с ішіндегі 15 есе алмасу көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып есептеумен анықталады, бірақ бұл 20 мм кем болмайды.

520. Үрлейтін газқұбырларын қауіпсіздік құбыр желілерімен біріктіруге, сондай-ақ үрлейтін газқұбырларын бұқтырмалармен немесе реттегіш клапандармен бөлінген телімдермен біріктіруге рұқсат берілмейді.

521. Қазанда келесілерді өлшеу қарастырылады:

1) реттегіш клапанға дейінгі және кейінгі газқұбырындағы газ қысымы;

2) газдың ажырату құрылғысымен соңғы жүрісі бойынша әр жанарғының алдындағы газдың қысымы;

3) жанарғы мойындардың алдындағы ауаның және жанарғылардың деңгейіндегі немесе оттықтың жоғарғы бөлігіндегі түтінді газдардың қысымының ауытқуларын (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандар үшін);

4) «жылы жәшіктегі» ауа мен оттықтың түтінді газдарының арасындағы қысымының ауытқулары (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандар үшін);

5) ортақ қораптағы немесе қазанның тараптарындағы ауағарлардағы ауаның қысымы (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандардан басқа);

6) оттықтың үстіңгі жағындағы түтінді газдарының сиреуі немесе қысымы;

7) соңғы ажырату құрылғысы бойынша жанарғы мойынның алдындағы ауаның қысымы.

522. Газданған қазан технологиялық қорғау жүйелерімен (құрылғылары) жарақталады:

1) келесі жағдайларда газды беруді тоқтату:

бірінші тұтанатын жанарғының алауының от алмауы;

оттықтағы барлық жанарғылардың алауларының (оттықтағы ортақ алаудың) сөнуі;

барлық түтін сорғыштарды ажырату (тарту күші бір қалыпты қазандар үшін);

барлық үрлегіш желдеткіштерді ажырату;

барлық жаңғыртпа ауа қыздырғыштарды ажырату;

2) РК кейін газ қысымының берілген мәнінен төмен азаюы (газды негізгі отын түрінде пайдаланған кезде).

ажыратқан кезде қазанның жүктемесін 50 % дейін азайту:

екі түтін сорғыштың біреуін;

екі үрлегіш желдеткіштің біреуін;

екі жаңғыртпа ауа қыздырғыштың біреуін;

3) газды от алмаған немесе оның алауы сөнген кезде газды жанарғы мойынға беруден ажырату.

523. Газдалған қазан тосқауыл қою құрылғыларымен жарақталады, олар келесілерге жол бермейді:

1) жанарғы мойындардың алдындағы ажырату құрылғыларының біреуі болса да ашық қалпында болған кезде қазанға баратын газқұбырындағы ажырату құрылғысын ашуға;

2) оттықты, газағарларды (сонымен бірге айналымды), «жылу жәшігін» және ауаағарларды 10 минуттан кем болмайтын уақыттың ішінде алдын ала желдетусіз ҚТҚ қосуға және газды жанарғы мойындарға беруге;

3) кез келген ҚТҚ алдындағы газды бірінші жолы бойынша электржетегі бар тығынды құрылғының біреуі болса да ашық қалпында болған кезде ҚТҚ тез тұтанатын газқұбырындағы ортақ тығынды құрылғыны ашуға;

4) жанарғы мойынның (жанарғы мойындар тобының) алдындағы ауа шибері (клапаны) жабылған жағдайда немесе жеке үрлеу желдеткішін ажыратқан кезде жанарғы мойынға газды беруге;

5) ҚТҚ алау болмаған кезде жанарғы мойынға газды беруге;

6) жанарғы мойынның алдындағы тығын құрылғысының екеуі де ашық (жабық) қалпында болған кезде қауіпсіздік құбыржелісіндегі тығынды құрылғыны ашуға (жабуға).

524. Қазанның газбен жабдықтау (газды тарату) жүйесінде келесілерге дабыл белгісі қарастырылады:

1) ГРО алдында газдың берілген қысымының азаюы немесе артуы;

2) ГРО кейін газдың берілген қысымының азаюы немесе артуы;

3) қазанның РК кейін газдың берілген қысымының азаюы немесе артуы;

4) жалпы қораптағы немесе жанарғылардың алдындағы ауаағарлардағы ауаның берілген қысымының азаюы (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандардан басқа);

5) жанарғы мойындардың алдындағы ауаның және жанарғылардың деңгейіндегі немесе оттықтың жоғарғы бөлігіндегі түтінді газдардың арасындағы қысымның ауытқуының азаюы (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандар үшін);

6) «жылы жәшіктегі» ауа мен оттықтың түтінді газдарының арасындағы қысымның ауытқуының азаюы (үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандар үшін);

7) қазанның жанарғы мойнында алаудың болуы;

8) жанарғы мойынның ҚТҚ ЗЗУ алаудың болуы;

9) қазанның оттығында ортақ алаудың болуы;

10) осы Талаптармен көзделген қорғаныш құрылғылардың іске қосылуы;

11) реттеу залдарының жайлары мен ГРО ЖБҚ газдалғандығы.

525. Қазанды тоқтатуға немесе оны азайтылған жүктемеге ауыстыру үшін қолданылатын тосқауыл қоюлар мен қорғаныштарды орындау дайындаушы заводпен келісілген нормативтік құжаттар бойынша немесе ЖЭС үшін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

526. Газқұбырларын (ГРО дейін) апаттық сөндіру дәнекерленіп түйістірген жалғаулар ажыраған, газқұбыры мен арматура газ шығуы арқылы коррозиялы және механикалық зақымданған жағдайларда, сондай-ақ газқұбырларына және газды жабдыққа тікелей қауіп төндіретін жарылыс, өрт орын алған кезде жүргізіледі.

527. Газдалғандығы анықталған кезде жұмыстар тоқтатыла тұрады, газдың шығуын жою және апаттық жағдайларды жергілікті жерде жоюдың жоспарына, қажет болған кезде-әртүрлі ведомстолардың қызмет орындарымен бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес іс-шараларды орындау жөніндегі шаралар қолданылады.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қатыспайтын адамдарды қауіпті аймақтан кетіреді.

528. Газды қауіпті жұмыстар осы Талапқа сәйкес орындалады.

Газды қауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат нарядтарының үлгісі жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып ЖЭС арналған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

529. Газқұбырларында бұқтырмаларды орнату ажыратылған телімде оны алдын ала ауамен немесе инертті газбен үрлегеннен кейін және жанғыш газдың құрамын талдау үшін сынаманы алғаннан кейін жүргізіледі.

Газқұбырларындағы бұқтырмаларды алу осы Талапқа сәйкес бақылау тұщытуын жүргізгеннен кейін жүзеге асады.

530. ГРО газқұбырларындағы бұқтырмалар сақтап қоюдан немесе жөндеуден кейін газды жіберген кезде газқұбырларының техникалық жай-күйін қарап тексергеннен, техникалық жөндеу мен бақылау тұщытуынан кейін, ал газқұбырында күрделі жөндеуді (дәнекерлеу жұмыстарын) жүргізгеннен кейін-осы Талапқа сәйкес беріктігі мен саңылаусыздығын сынағаннан кейін алынады.

531. Қазанның газқұбырларын сақтап қою тәртібінен шығару кезінде немесе жөндеуден кейін бұқтырмаларды алу техникалық жай-күйін қарап тексергеннен, техникалық жөндеу мен бақылау тұщытуын жүргізгеннен, технологиялық қорғаныштың, тосқауыл қою мен дабыл белгісінің жұмысын тексергеннен, сондай-ақ жедел журналында қазанның тұтатуға дайын екені туралы жазбаны түсіргеннен кейін орындалады.

532. Газды арматураны бөлшектеумен, ішкі газқұбырларын жалғаумен немесе жөндеуімен, қазандардың ішіндегі жұмыспен байланысты жұмыстар басталғанға дейін, сондай-ақ қазандарды сақтап қою және жөндеу тәртібіне енгізген кезде қазанға қосылған газқұбырының және жанар мойындардың қорғанышты-тез тұтанатын құрылғыларына қосылған газқұбырының тармақтарында орнатылған ажырату құрылғылары бұқтырмаларды орнату арқылы жабылады.

Газқұбырлары ауаны немесе инертті газды үрлеу арқылы газдан босатылады.

533. Бұқтырмаларды орнату және алу жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін жұмыстың барысында жұмыс аймағының газдалғандығын тексеру жүргізіледі. Жұмыс аймағының ауасында газдың шоғырлануы рұқсат берілген шектен-300 мг/м3 асқанда, жұмыстар шлангалы противогаздарда орындалады.

534. ЖЭС құрамындағы күкірті жоғары газды жаққан кезде газқұбырларын сығылған ауамен үрлеуге рұқсат берілмейді.

535. Тұрақты пайдалануға енгізілген технологиялық қорғаныстар, тосқауыл қою және дабыл белгілері жабдықтың жұмыс істейтін барлық мерзімі ішінде қосылып тұрады.

536. Технологиялық қорғаныстар, тосқауыл қою мен дабыл белгілерінің жұмысын тоқтатуға келесі жағдайларда рұқсат беріледі:

1) өндірістік нұсқаумен байланысты сөндіру қажет болғанда;

2) ақаулы болғанда немесе жұмыс істемегенде;

3) кесте бойынша мерзімді тексерулер.

Сөндіруді станцияның техникалық басшысын немесе оны алмастыратын тұлғаны хабардар ету арқылы ауысым бастығының жедел журналдағы жазбаша бұйрығы бойынша орындайды.

537. Қолданыстағы жабдықтағы қорғаныш, тосқауыл қою және дабыл белгілерінің желілерінде жөндеу мен реттеу жұмыстарын рұқсат-нарядты ресімдемей жүргізуге рұқсат берілмейді.

538. Қазанды қосардың алдында (жөндеу, 3 тәуліктен артық резервте болу) тартып күшпен үрлейтін машиналардың, қосалқы жабдықтың, өлшеу және қашықтан басқару құралдарының, реттегіштердің жарамдылығы, сондай-ақ қорғаныш, тосқауыл қою және дабыл белгілерінің, хабарландыру және жедел байланыс құралдарының жұмыс қабілеті тексеріледі, атқарушы механизмдеріне енгізу арқылы қазанның СБК және жанарғы мойындардың іске қосылуын тексеру жүргізіледі.

Қазан 3 тәуліктен аз уақыт тоқтап тұрған кезде жөндеу жүргізілген өлшеу құралдары, жабдық, механизмдер, қорғаныш, тосқауыл қою және дабыл белгісінің құрылғылары ғана тексеріледі.

Анықталған ақаулар қазанды тұтатқанға дейін жойылады. Қазанды тоқтатуға арналған қорғаныш және тосқауыл қою құралдарының ақаулы екені анықталған кезде қазанды жағуға рұқсат берілмейді.

539. Сақтап қою немесе жөндеуден кейін қазанның газқұбырына газды жіберу түтін сорғыштарды, үрлейтін желдеткіштерді, кері айналдыру түтін сорғыштарын жұмысқа қосып, қазанды пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқауда көрсетілген жүйелікпен жүргізіледі.

540. Қазанның газқұбырларын қауіпсіздік құбыр желісі арқылы немесе газ жағатын құрылғылар арқылы үрлеуге рұқсат берілмейді.

541. Қазанды суық қалпынан жағудың алдында күшпен үрлейтін машиналарды жұмысқа қосып, қазанның СБК және жанарғы мойындарды қоса алғанда, қазанның жанарғы мойындарының алдындағы ажыратқыш құрылғылардың жабылуының тығыздығы тексеріледі.

Ажыратқыш құрылғылардың ысырмалары саңылаулы екені анықталған кезде қазанды тұтатуға рұқсат берілмейді.

542. Қазанды тұтатудың тікелей алдында және оны тоқтатқаннан кейін оттық, қазанның жағу өнімдерін бұратын газағарлар, кері айналдыру жүйелері, сондай-ақ коллекторлар орналасқан жабық ыдыстар («жылы жәшік») түтін сорғыштардың, үрлейтін желдеткіштердің және кері айналдыру түтін сорғыштарының барлығын қосу арқылы 10 минуттан кем болмайтын уақыт ішінде газдыауа жолының шиберлерін (клапандарды) ашып қойып және ауаның шығыны номиналдыдан 25 % кем болмайтындай етіп желдетіледі.

543. Үрлеу арқылы жұмыс істейтін қазандарды, сондай-ақ түтін сорғыш болмаған кезде суды қыздыратын қазандарды желдету үрлейтін желдеткіштерді және кері айналдыру түтін сорғыштарын қосып қойып жүзеге асырылады.

544. Қазандарды жағу үрлейтін желдеткіштер және түтін сорғыштар (бұлар қарастырылған жерде) жұмыс істеп тұрғанда жүргізіледі.

545. Қазанды жағудың алдында, егер газқұбырларында артық қысым болмаса, қазанның газқұбырларында оттегінің болуы анықталады.

Оттегі көлемі бойынша 1 % артық болған кезде жанарғыларды тұтатуға рұқсат берілмейді.

546. Барлық жанарғы мойындары СБК және ҚТҚ жабдықталған қазандарды жағу кез келген жанарғы мойынды қазанды пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген жүйелікпен тұтату арқылы басталады.

Бірінші тұтатылған жанарғы мойын от алмаған (сөнген) кезде қазанға және жанарғы мойынға газды беру тоқтатылады, оның ҚТҚ ажыратылады және жанарғы мойын, оттық және газағарлар осы Талапқа сай желдетіледі, бұдан кейін қазанды жағу басқа жанарғы мойында қалпына келтіріледі.

Бірінші тұтатылатын жанарғы мойынды қайтадан тұтату оның от алмау (сөну) себебін жойғаннан кейін жүргізіледі.

Екінші немесе одан кейін тұтатылатын жанарғы мойындары от алмаған (сөнген) кезінде (бірінші жанарғы тұрақты жанып тұрған кезде) осы жанарғы мойынға ғана газды беру тоқтатылады, оның ҚТҚ ажыратылады және осы жанарғы мойынға баратын ауаағардағы тығынды құрылғыны толық ашып қойып оны желдету жүргізіледі.

Оның от алмау (сөну) себебін жойғаннан кейін ғана оны қайта тұтатуға болады.

547. Жағу уақытында барлық қосылған жанарғы мойындар сөніп қалған кезде қазанға газ беру дереу тоқтатылады, олардың ҚТҚ ажыратылады және осы Талапқа сәйкес жанарғы мойындарды, оттықты, газағарларды желдету жүргізіледі.

Қазанды қайта жағу жанарғы мойындардың алауының сөну себебін анықтағаннан және жойғаннан кейін жүргізіледі.

548. Қазанды жалынды көмірлі немесе сұйық отыннан табиғи газға ауыстырудың тәртібі ұйымның техникалық басшысымен бекітілген қазанды басқару жөніндегі өндірістік нұсқаумен анықталады.

Жанарғы мойындар көп қабатты болып құрастырылған кезде төменгі қабаттағылар бірінші болып газға ауыстырылады.

Қазанды газды жағуға жоспарлы түрде ауыстырудың алдында атқару механизмдеріне немесе белгіге қазанның жұмысына кедергі келтірмейтіндей көлемде әсер ату арқылы СБК іске қосылуы мен қазанды газбен жабдықтау жүйелерінің технологиялық қорғаныш, тосқауыл қою мен дабыл белгісінің жұмыс қабілетіне тексеру жүргізіледі.

549. Қазанның газқұбырларына газды беру келесі жағдайларда дереу жедел персоналмен тоқтатылады:

1) технологиялық қорғаныштар іске қосылмағанда;

2) оттықта, газағарлардағы жарылыс, қаңқаның көтеретін арқалықтары немесе қазанның ұстындарының қызып кетуі (көзге көрінеді), орамның бұзылуы;

3) персоналға, жабдыққа немесе қазанды қорғау жүйелеріне кіретін қашықтан басқару тізбелеріне қауіп төндіретін өрт;

4) қашықтан немесе автоматты басқару құрылғыларында немесе барлық бақылау-өлшегіш аспаптарында қысымның жоғалуы;

5) қазанның газқұбырының қирауы.

550. Қазанды авариялық тоқтатқан кезде қазанға және қазанның барлық жанарғы мойындарына, олардың ҚТҚ газды беру тоқтатылады, қауіпсіздік құбыржелілеріндегі ажырату құрылғылары ашылады.

Қажет болған кезде үрлейтін газқұбырларындағы ажырату құрылғылары ашылады және осы Талапқа сәйкес оттық пен газағарлар желдетіледі.

551. Қазанды резерв тәртібіне ауыстыру үшін жоспарлы түрде тоқтатқан кезде қазанға, жанарғы мойындарға, ҚТҚ газды беру оларды кейіннен ажырату арқылы тоқтатылады; қауіпсіздік құбыржелілеріндегі ажырату құрылғылары ашылады, ал қажет болған кезде үрлейтін газқұбырларында да оттықты және газағарларды желдету жүргізіледі.

Желдету аяқталғаннан кейін күшпен тартып үрлейтін машиналар сөндіріліп, газдыауа жолының өтетін тесіктері, шағын люктері, шиберлері (клапандар) мен күшпен тартып үрлейтін машиналардың бағыттайтын аппараттары жабылады.

552. Егер қазан резервте болса немесе отынның басқа түрінде жұмыс жасаса қазанның газқұбырларында тығын арматурасынан кейін бұқтырмаларды орнатпайды.

Қазанның газқұбырларында басқа отында жұмыс жасаған кезде қазанның жанарғы мойындарының алдында ажырату құрылғыларын жабу тығыздығын қамтамасыз еткен жағдайда газдың артық қысымының болуына рұқсат беріледі.

553. ГРО жабдығын, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, сондай-ақ автоматты дабыл белгілерін қадағалау қазантурбиналы цехтың (ҚТЦ) және суды қыздыратын қазандықтың басқару қалқандарынан, ГРО жергілікті басқару қалқанынан аспаптардың көмегімен және қарап тексерген кезде орнында көзбен шолып жүргізіледі.

554. ГРО СТК алдындағы ашық қалпында болатын ажырату құрылғысы мөрлеп бекітіледі.

555. ГРО резервті ықшамдаушы желі жұмысқа үнемі дайын қалпында болады.

ГРО автоматты реттегіш клапаны жоқ орамды газқұбыры (байпас) арқылы қазанға газды беруге рұқсат етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет