Оқытудың логикалық негізі. Әр сабақтың оқушы үшін қызықты әрі пайдалы болып өтуі үшін әр пән мұғаліміне қосымша құрал бола алады. Мектеп, колледж, университет көлемінде білім алушының жас ерекшелігін ескеріп қолдануға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселе жөнінде оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мен жан-жақты дағдыны қалыптастыруда белсенділік деңгейінің көтерілетінін анықтадық, педагогикалық идея бойынша берілген бөлімдік білімнің шынайы өмірмен байланысын әр сабақ сайын жақындата түстік. Демек біз өз пәнімізде жеткен мақсатқа кез келген пән мұғалімі жете алады.
Гипотеза: білім алушылар жоба негізінде оқи отырып, бір-бірімен тәжірибе алмасады, тіл табысады, достық, ынтымақ орнайды, қабілеті ашылып, шығармашылығы дами түседі. Ортақ идея туындап, сол бағытта ізденеді, талқылайды, бірін-бірі қайта бағалайды, әрқайсысы өз позициясын дәлелдеуге тырысады, нәтижесінде сараптай келе бір ортақ шешім қабылдап, соңғы өнімді ұсынады.
Мақсаты: қоғамдағы өзгерістерді оңтайлы қабылдай алатын, білім алушыға құндылықтар негізінде сапалы білім бере отырып, идеялық адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан-жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын, тұлғаның қалыптасуына қолдау көрсететін кәсіби шеберлігі шыңдалған ұстаздардың біліктілігін жетілдіру.
Шығармашылық топ мүшелері өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы әдістердің тиімділігін сараптайды, жүйелейді. Жоба негізінде білім беру үдерісінде сынып контингентінің пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Қабілет, дағды, біліктілік қалыптасады әрі дамиды. Сыни көзқарасын еркін жеткізе алады және көпфункционалды жеке тұлға қалыптасады.
Педагогикалық идеяның міндеттері:
Мамандардың педагогикалық іс-тәжірибесіне жоба негізінде білім беруді белсенді түрде қолдануды кіріктіру, зерделеу, зерттеу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру.
Әр педагог оқушыларды жобалау, шешімдер қабылдау және шығармашылық жұмыстарды орындауға баулу.
Баспа әрекетін жоспарлау және жариялау.
Семинар-конференцияларды бастамашылдық әрекетімен өткізу.
Кәсіби сайыстарға қатысу.
Шебер-сынып ұйымдастыру.
Жоба үдерісі бойынша зертханалар мен қажетті саяхат орындарын алдын ала жоспарлау.
Жоба таныстырылымын, жоба шеруін, жоба фестивалін өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |