9-дәріс. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Су ресурстарының маңыздылығы. Табиғи сулардың қасиеттері
Гидросфера /гр. hydцr - су, sphaіra - шар/ – географиялық қабықтың құрамдас бір бөлігі, жердің су қабығы. Оны дүниежүзілік мұхит пен құрлық сулары және атмосфералық ауа құрамындағы су булары құрайды (3-кесте).
3- кесте
Судың әлемдік қоры
Су көзі
|
Көлемі млн.км3
|
Әлемдік қордағы үлесі
% есебімен
|
Жалпы қорда
|
Тұщы су қорында
|
Дүниежүзілік мұхит
|
1340,7
|
96,4
|
-
|
Жер асты суы
|
23,4
|
1,68
|
29,5
|
Мұздықтар мен тұрақты қар жамылғысы, оның ішінде Антарктида
|
24,8
22,4
|
1,79
1,61
|
69,4
62,5
|
Мәңгі тоңға айналған жер асты мұздықтары
|
0,3
|
0,02
|
0,84
|
Батпақтар
|
0,01
|
0,0007
|
0,03
|
Өзендер
|
0,002
|
0,0001
|
0,006
|
Көлдер,
оның ішінде, тұщы сулы
|
0,18
0,09
|
0,01
0,006
|
0,25
0,25
|
Атмосферадағы су
|
0,01
|
0,0007
|
0,03
|
Судың барлық қоры, оның ішінде:
тұщы судың жалпы қоры
|
1389,5
35,8
|
100,0
2,58
|
-
100,0
|
Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км2 тең болса, оның үштен бір бөлігін ғана құрлықтар алып, қалған жартысынан астамы (361 млн км2) дүниежүзілік мұхит үлесіне тиеді. Су – қайта қалпына келетін табиғи ресурс. Жер шарындағы барлық тұщы су көздерінің негізі–әлемдік мұхит бетінен буланатын ылғал болып табылады. Егер жылына жер бетіне 577 000 км3 ылғал (оның ішінде, 458 000 км3 мұхит бетіне) түссе, сонша ылғал, жер бетінен (оның ішінде, 505 000 км3 мұхит бетінен) буланады.
Құрлық суларының өзі– жер беті (өзен, көл, мұздық және батпақ) және жер асты сулары болып бөлінеді. Жер бетіндегі барлық судың көп бөлігі (96,5%) мұхиттар мен теңіздерге тән болса, мұздықтарға 1,74%, жер асты суына 1,72%, жер асты тоңына 0,02% су үлесі тиіп, тек аздаған (0,02%), бөлігі ғана жер беті суы түрлеріне ( өзен, көл, батпақ, су қоймасы) тиеді. Тұщы су жер шары бойынша біркелкі таралмаған. Жекелеген аймақтар бойынша тұщы су қоры жөнінен Шетелдік Азия, Латын және Солтүстік Америка алдыңғы орын алады.
Құрлықтың дүниежүзілік мұхитпен байланысты бөлігі – ағысты облысқа жатады. Жер шарының көптеген өзендері суын теңіз бен мұхитқа апарып құяды. Соған байланысты жер шары өзендері мұхит алаптарына (Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиты) бөлінеді.
Құрлықтың дүниежүзілік мұхитпен байланыссыз бөлігі – ағыссыз (тұйық) облысқа жатады. Жер шарының жекелеген өзендері суын құрлық ішінде орналасқан көл-теңіздерге құяды. Соған байланысты, жер шары өзендері ішкі тұйық алапқа да бөлінеді. Мысалы, Еуразия материгі өзендері Каспий мен Арал теңізі және Балқаш көлі тұйық алаптарына бөлінеді.
Дүниежүзілік мұхит – барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы, жер шарының біртұтас су айдыны. Дүниежүзілік мұхит терминін алғаш рет ғылымға енгізген, орыс ғалымы Ю.М.Шокальский (1856-1940) болды. Басты ерекшелігі – су алқаптарының бір-бірімен үздіксіз жалғасып жатуында.
Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік бет деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетіне сай келеді. Алайда, көптеген жағдайлар (ауа температурасы, атмосфералық қысым, жел, жер қыртысының қозғалысы) мұхит суы деңгейінің ауытқуын туғызады. Мұхит суы деңгейінің ауытқу мерзімі өте қысқа және өте ұзақ болады.
Мұхит суы деңгейінің ауытқуы су балансы әсерінен болса гидрократтық өзгеру деп атайды. Мысалы, температура әсерінен су деңгейінің жазда көтерілуі және қыста керісінше төмендеуі.
Егер мұхит суы деңгейі жер қыртысының қозғалысы негізінде өзгерсе геократтық өзгеру деп атайды. Мысалы, Каспий теңізі деңгейінің өзгерісі.
Дүниежүзілік мұхит төрт бөлікке: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхитқа бөлініп, әр мұхит бір-бірінен алып жатқан ауданы, тереңдігі, суының көлемі мен физикалық-химиялық қасиеті және ағыстары мен биологиялық ресурстарының ерекшелігіне қарай айырма жасайды (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |