1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Отбасының әлеуметтік қызметтері



бет10/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

13. Отбасының әлеуметтік қызметтері.
Отбасының қызметі — құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасындағы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсеретеді.
Отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды. Мысалы ата-ананың өз баласымен дос ретінде әңгіме айтуы, оны ұрып-соқпай сөз бен түсіндіруі, қандай жағдай болмасын оған қолдау көрсетуі шарт. Тек ата-ана емес балалар да олардың үміттерін ақтауға тырысады. Бауырлар бір-біріне қолдау көрсетуі, ата-әжеге құрмет – осының бәрі өте маңызды.
14. Неке мен отбасының альтернативті формалары.
Отбасының негізі, іргетасы - неке. Неке дегеніміз – екі адамның ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Әлеуметтануда “неке” дегеніміз –отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі түрі. Некенің мақсаты – отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. АҚШ-та және Батыс елдерінде моногамиялық неке деп аталатын үлгі қалыптасқан. Бір уақытта әр еркек тек бір әйел ғана ала алады және әр әйел тек бір ер адамға ғана тұрмысқа шыға алады. Алайда кейбір елдерде бір жұптан арты қалуға мүмкіндік беретін полигамия үлгісі де кездеседі. Полигамия ерлі-зайыптылардың бір уақытта бірнеше жұбайы болуы мүмкін неке.
Отбасы ұрпақ және ата-ана санына байланысты, үстемдік түріне қарай (патриархалдық, матриархалдық) бірнеше типтерге бөлінеді. Сонымен бірге отбасы нуклеарлық және аралас деп екіге бөлінеді. Біріншісінде ата-ана өз балаларымен өзге туыстардан бөлек тұратын тәуелсіз отбасы. Ал аралас отбасында ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де алдыңғы некесінен баласы бар отбасы.
Отбасы-неке қатынастарының альтернативті формалары.
Отбасылық-некелік қатынастардың нысандарына: азаматтық некелер, толық емес отбасылар немесе бір ата-анасы бар отбасылар, бір жынысты некелер, жалғыздық және коммуналар жатады.
Азаматтық неке - ерлер мен әйелдердің рәсімделмеген құқықтық қатынастармен бірге тұруы.
Толық емес отбасылар немесе бір ата-анасы бар отбасылар ажырасу, ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе әйелдің некеден тыс бала тууы нәтижесінде қалыптасады.
Бір жынысты отбасылар Нидерландыда, Бельгияда, Испанияда, Канадада, Норвегияда, Швецияда, Португалияда, АҚШ-тың жекелеген Штаттарында және басқа елдерде заңдастырылды.
Жалғыздыққа бейімділік бүгінде көптеген адамдар білім алуға және мансапқа көп уақыт жұмсайтындығына байланысты.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы - биологиялық және әлеуметтік топ. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс.
Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:

  • некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;

  • неке жасына жетпеген адаммен некелескен;

  • іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;

  • жақын туыстарымен;

  • өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;

  • бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет