1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет15/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде - маңдай қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары қабынған, қарайып - қызарыңқыраған, əр жерінде уылған жаралар кездеседі. Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тəрізді зат бар.
Диагнозыаурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне жəне кеңсірік пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізде-леді. Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден жəне тыныс жолдары ауруларынан ажырата білу керек.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады. Əр малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дəрісін де қолдануға болады. Əрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тəулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет. Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нəтиже береді. Емдеу уақыты-бір сағат. Бұл дəрілердің 40-60 мг əр 1 м3 жерге шашады.
Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда əр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Əрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі. Шаруашылыққа тыстан əкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.


21.Жәндіктер коллекциясынан тері асты бөгелегін тауып, сипаттаңыз.
Бөгелектерді жинау. Тері асты және қуыс бөгелектерін сәуір айынан бастап, К.А.Бреев әдісімен мал макеті жанынан энтомологиялық тормен жинайды. Қой бөгелегін қора қабырғасынан, дуалдан, шөп маясынан цилиндрмен және химиялық пробиркамен жинайды. Зерттеу мақсатымен жылқы бөгелектерін терумен қатар, олардың жұмыртқаларын да жинау қажет. G. intestinalis жұмыртқаларын жылқының алдыңғы аяғының буын бетінен, иығынан, кеудесінен және бүйрек тұсынан жинап, санайды. Мал денесіндегі тері асты бөгелегінің интенсивтілігін анықтау үшін, жотасындағы төмпешіктерді санайды (көктемде) немесе төмпешіктерді бөтелке аузымен, пинцетпен тесілген тері астынан жинайды. Қарын бөгелектерінің III сатыдағы балаңқұрттарын жинау үшін, алдымен жылқыға емдік дозада күкірткөміртегін немесе хлорофос беріп, онан соң малдан бөлінген тезегін мұқият қарап, ондағы бөгелек балаңқұртын жинап, санайды. Танау бөгелектерін зерттеу үшін, өлген малдың танау қуысын ашып, ондағы балаңқұрттарын теріп, санайды. Ринэстриде балаңқұрттары жұтқыншақта, таңдайда кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет