68.Вестибулярлық анализаторлар.
Есту ағзалары орналасуына, атқаратын қызметіңе қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы қүлак дыбыс толқынын жинақтап, ортанғы құлаққа өткізеді, ортанғы құлақ ішкі құлақгың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (Корти) ағзаларынан басқа тепе-тендік аппараты да жатады. Тепе-теңдік ағзасы дененің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабыл-дап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-тендік ағзалары самай сүйегінің тасша болігінің ішінде орналасқан.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.
Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап, дыбыс жолына карай икемдейді. Жануарладың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып, дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады. Құлақ қалканының негізі шеміршектен түзілген. Сыртқы терімен жабысып, төменгі жағы сырғалықпен аяқталады. Сырғалық ішінде болбыр май тіні жатады. Құлақ қалқанының сырты шиыршық, оның ішкі жағынан катар жатқан ұзынша дөңесті ішкі шиыршық депатайды. Шиыршықтардың ішкі жағында құлақ қалқанының ойысы жатады.
Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп, дабыл жарғағына дейін жететін тү-тік тәрізді, оның ұзындығы 3—5 см дейін барады. Бұл түтіктің ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін (сера) шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлық (құлақ шайыры) дейді. Оның микробтармен күресетін қорғаныстық маңызы бар. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған төрізді, оның сыртқы беті эпителиймен, ал ортаңғы құлаққа караған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа. Оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортанғы кұлақтың балғашык сүйекшесі көрініп тұрады.
Ортаңғы құлаққа дабыл куысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс. Бұл қуыстың сырткы, ішкі, жоғарғы, төменгі және алдыңғы, артқы қабырғалары болады. Сыртқы кабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал артқы қабырғасында екі тесікше жатады. Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі тесікшесін кіреберіс терезесі деп атайды. Бұлтесікшелер арқылы ортаңғы кұлақ ішкі құлақпен байланыс жасайды. Жоғарғы қабырғасы ортаңғы кұлақ қуысын ми сауытының қуысынан, төменгі қабырғасы мойынтұрық ойысынан, алдыңғы қабырғасы ұйқы артериясының өзегінен, артқы қабырғасы емізік өсіндісінің қойнау куыстарынан бөліп тұрады. Дабыл қусында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгіше және төсше деп аталады] Бұл сүйекшелер бірімен бірі буынды қосылыстар жасап, дабыл куысының сыртқы қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады. Балғаша сүйектің басы, мойыны, сабы болады. Ол сабы арқылы дабыл жарғағының орта жеріне бекемдеп жатады, ал басы арқылы төсше сүйектің денесімен байланысады. Төсше сүйегі (есту сүйекшелерінің ортасында) бір жағынан балғаша сүйекпен, екінші жағынан үзенгіше сүйекпен жалғасады. Үзенгіше сүйек адам денесіндегі ең үсақ сүйек. Оның негізі мен қос аяқшасы болады. Негізі ішкі қүлактың сопақша тесігін жабады. Есту (Евстахий) түтігі ортаңғы қүлакты жүтқыншақ пен жалғастырады.Оның ұзындығы 3—4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен түзілген. Ауа жүтынған кезде осы түтік арқылы жүтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп түрады. Мүның дабыл жарғағының ауа толқыны қысымынан жарылып кетпеуіне пайдасы тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |