1-жүргізуші: Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр бүгін қорқак, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. 2-жүргізуші
1-жүргізуші: Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
2-жүргізуші: Қыран құстың кос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
1-жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!
2-жүргізуші: Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!
ФОНФАР 1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді өлең сүйер, өнер сүйер және тілін сүйер ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Серікбол Қондыбайұлы атындағы №22 мектептің қазақ тілі және әдебиеті ұстаздарының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі және әдебиеті апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл, - деп Бауыржан Момышұлы бекер айтпаса керек.
2-жүргізуші: Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
1-жүргізуші: Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл.
2-жүргізуші: Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесе - бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесе - бұл күйініш.
Бұл сөздер - біздің ойымыздан шығып тұрған сөздер емес, сонау замандағы ұлт жанашырларының жүрегінен туып, қазір де халық жадында сақталған әсем сөздер.