10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна


Талғамы жақсының таңдауы жақсы екені рас. Десе де, талғам туралы дауласуға болмайды. Ал, Сіз қандай стильді, қандай түсті ұнатасыз?



бет16/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Қазақ тілі

Талғамы жақсының таңдауы жақсы екені рас. Десе де, талғам туралы дауласуға болмайды. Ал, Сіз қандай стильді, қандай түсті ұнатасыз?

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: шүберек, талғам, ұстаным, үйлесім табу, бетарап, реңді, дене бітімі, белдемше, тұрақты, жеңді көйлек, ыңғайлы, қатпар, желбіреуіш, шілтер, желбіршек.
  • Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
  • Үстеуді, сөйлемдегі қызметін, сын-бейне үстеулерін, мөлшер үстеулерді еске түсіріңіз.
  • Әсемдік, әдемілік, талғампаздық туралы нақыл сөздер, қанатты сөздер жазып келіңіз. Біреуіне жазбаша тоқталыңыз.

Проза және поэзия

Өнер алды – қызыл тіл.

Мақал.

Өнердің түрі көп: сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, музыка, би, сөз өнері, т.б. Бұлардың ішінде қайталанбас өнер туындылары қаншама: әлемнің жеті кереметі, ұлы суретшілердің өнер туындылары, атақты музыка шығармалары. Бірақ осының барлығының ішінде бірінші орында тұратыны – сөз өнері. Себебі қандай сәулет нысаны болсын, би немесе музыка туындысы болсын айтайын деген ойын дәл сөзбен жеткізгендей жеткізе алмайды. Леанардо да Винчидің шығармаларының да, Египеттің пирамидаларының да, аспалы бақтың да кереметтерін тілмен, сөзбен айтып жеткізуге болады.

Проза – (латын сөзі) әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман). Поэзия (грек сөзінен аударғанда «жасаймын», «тудырамын») – өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия ұйқасқа, сөздің ырғағына негізделеді. Поэзиялық шығармаларға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу басым.

Прозаның да, поэзияның да атқарар жүгі үлкен. Әдеби шығармалардың негізгі мақсаты – адамды тәрбиелеу, адамға ой салу. Жалпы, әдеби шығармалардың қай түрінде болмасын сол елдің рухани, мәдени мұрасы көрініс табады. Өйткені, әдебиет – өмір айнасы, әдебиет – ұлт жанының айнасы.

Қазақ әдебиетінің тарихы да халқының тарихындай, ертеден басталады. Сонау халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз, жырлардан бастап бүгінгі әдеби шығармаларға дейін – барлығы халықтың ойын, мақсатын, тәрбие негізін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет