Регистр деп берліген уақыттың екілік комбинациясын сақтауға арналған тізбекті функционалды құрылғы. Регистрді RS, JK және D триггерлер қорында тұрғызуға болады. Ең ыңғайлысы D триггер қорында регистрлерді тұрғызу, себебі олардың бір ақпараттық кірісі бар. Регистр разрядының саны қолданылатын триггерлердің санына тең, бір триггер екілік комбинацияның бір разрядын сақтайды. Бірлік триггерді жадының бірразрядты регистрі ретінде қарастыруға болады.
Регистрлер ақпаратты жазу және оқу тәсіліне байланысты параллельді (жады) және тізбекті (ығысу) болып бөлінеді.
Регистрлер ең алдымен ақпаратты сақтауда қолданылады. Бірақ та регистрлер қорында түрлі құрылғыларды тұрғызуға болады.
Ығысу регистрінде параллельді және керісінше тізбекті кодты түрлендіруді қарапайым жүзеге асыруға болады. Оларды қателерді тауып және оларды түзететін кедергiге шыдамды кодтардың синтезi үшін кодталатын құрылғылар екілік санды аппараттық құрылғыларда бөлу және көбейтуді қабылдайды.
Ығысу регистрін сақиналы атауына ие есептеуішті тұрғызуға қолдануға болады.
4.2 Параллельді регистр
Параллельді (жады) регистр деп екілік комбинацияларды сақтауға арналған, жалпы синхронизацияланған кiрумен және тәуелсіз ақпараттық шығулары бар синхронды триггерлер жиыныннан тұратын тізбекті функционалды құрылғы. Ақпараттық кірулер мен шығулар (разраятар) саны қолданылатын триггерлер саны таң.
Интегралды қолдануда жады регистрлерді құру үшін динамикалық және статистикалық D- триггерлері қолданылады және оларды өзіндік статистикалық және динамикалық регистрлер деп атайды.
Динамикалық D- триггеріде тұрғызылған үшразрядты жадынынң динамикалық регистрі 6.1 суретінде көрсетілген.
4.1 сурет - Параллельді регистр
Бұл тіркегіш былайша жұмыс істейді. Синхронизациялайтын С кірісте 0-ден 1-ге ауысуы (перепад) пайда болғанда, D2…D0 шығысындағы ақпарат триггерде жазылады және С кірісінде келесі 0-ден 1-ге ауысу пайда болғанша сонда сақталады. Ақпаратты статикалық D-триггерде құралған жад тіркегішіне жазу жалғызданған статикалықтағыдай жүзеге асады. Ақпаратты жазу және есептеу бір такт ішінде жүреді.
Кейбір жад тіркегіштерінде шығыстың жоғары омдық қалпы және шығыстарды нөлге құру мүмкіндігі қарастырылған.
Жад тіркегіштерін мәліметтерде аралық біраз уақытқа сақтау үшін және ақпараттық-өлшемдік пен есептік құрылғыларда параллель кіріс-шығысты ұйымдастыру үшін қолданады.
Интегралдық орындаудағы параллель тіркегішке 1533ИР37 тіркегіші мысал бола алады. Оның шартты графикалық нұсқауы (УГО) 6.2-суретте көрсетілген.
6.2-сурет - 1533ИР37 параллелдік тіркегіші.
Ол сегізразрядты буферлік тіркегіштен тұрады. Тіркегіш динамикалық D-триггерлерден құрылған, ауыстыру такттік импульстің оң фронтымен жүзеге асады. Тіркегіште сегіз D0-D7 мәліметтер кірісі және сегіз Q0-Q7 шығысы бар. Оның арнайы кірісіне төмен деңгейді б берсек, онда такттік С кірісіне оң ауысу келіп түскеннен кейін ақпарат Q шығысында пайда болады. Егер –де жоғары деңгей құрылған болса, онда шығыстағы буферлік каскадтар жоғары импеданстік күйге (z күйі) ауысады. С такттік сигналы төмен деңгейде болғанда, тіркегіштің триггерлері С импульсінің алдыңғы оң фронтынан өткендегі белгіленген ақпараттарды сақтау режимінде тұрады.
Жылжыту тіркегіші дегеніміз- бұл ортақ синхронизациялайтын кірісі бар тізбектей қосылған синхрондық триггерлерден тұратын тізбектес функционалдық құрылғы және осы құрылғыда синхронизациялайтын кірісті сигналдың активті ауысуы пайда болған кездегі екілік комбинацияның бір разрядқа жазылу сдвигі жүреді. Тіркегіштің разрядтылығы қолданатын триггерлер санына тең болады. Интегралдық орындаудағы жылжыту тіркегіштері негізінен динамикалық D-триггерлерден құрылады және онда жазылған ақпараттарды үлкен разряд жағына (оң жағында) не болмаса екі жаққа да жылжыта алады. Екі жаққа да жылжыта алатын болса, лоар реверсивті деп аталады. Кез-келген тіркегіште міндетті түрде ақпаратты тізьектей енгізу кірісі болады. Реверсивтік тіркегіште мұндай кірістен екеу: біреуі-ақпаратты оңға жылжу кезіндегі енгізу үшін, екіншісі- солға жылжығанда енгізу үшін. Ақпараттарды тізбектей шығару мүмкіндігі де кез-келген жылжыту тіркегіштерінде болады. Бұл үшін онда тізбектей шығарудың арнайы шығысы бар, ал егер ақпараттың параллель шығаруы қарастырылған болса, онда шығыс есебінде параллель шығару үшін тіркегіштің соңғы (үлкен) разрядының шығысы қолданылады.
Тізбектей енгізуі , параллель шығаруы бар және ақпаратты үлкен разрядтар жағына (оңға) жылжытатын сдвигтің үшразрядты тіркегішінің сызбасы .3-суретте көрсетілген.
4.3-сурет- Жылжыту тіркегіші.
Бұл сызбаның жұмысын 4.4-суретте көрсетілген уақыттық диаграмманың көмегімен түсіндірген ыңғайлы. Синхронизациялайтын С кірісінде импульстің активті ауысуы (біздің жағдайда 0-ден 1-ге ауысу) пайда болғанда, осы кездегі әр триггердің кірісіндегі ақпарат оның шығысына көшіріледі. 4.4-суреттегі стрелкалар ақпараттың (0 немесе 1) қалайша көшірілетінін көрсетіп тұрады.
Сызбаға сай, әрбір триггердің кіріс ақпараты- бұл алдыңғы триггердің шығысындағы сигнал болып саналады. Бірінші триггердің кірісі болып тізбектей DS енгізуінің кірісі табылады.
4.4-сурет. Уақыттық диаграмма. 4.5-сурет. Ауысу кестесі
Бірінші триггердің шығысы кіші разряд болып саналады, ал соңғы триггердің шығысы –тіркегіштің үлкен разряды болып саналады.
Жұмыс басында барлық триггерлердің шығысында және DS кірісінде нөлдер деп есептелік, яғни тіркегіште 000 комбинациясы жазылған. t1 мезетінде әрбір триггердің кірісінде нөл болады, сондықтан ол барлық триггерлердің шығысына көшіріледі. t1-ден кейінгі тіркегіштегі комбинация-000. t2 мезетінде (С кірісінде 0-ден 1-ге ауысу пайда болғанда) DS кірісінде бір болған, ал қалған триггерлердің шығысында нөлдер болған, сондықтан бірінші триггерге бір жазылады, ал екінші және үшіншіге нөлдер жазылады. t2 -ден кейінгі тіркегіштегі комбинация- 001. t3 мезетінде DS кірісінде және үшінші триггердің кірісінде нөлдер болған,ал екіншінің кірісінде -бір, сондықтан бірінші мен үшінші триггерлерге нөлдер жазылады, ал екіншіге- бір жазылады. t3-тен кейін тіркегіштегі комбинация- 010 және т.с.с. DS кірісіндегі ақпаратты С кірісінде активті ауысу пайда болғанға дейін құрып қою қажет.
Жылжыту тіркегішінің жұмысын 4.5-суретте келтірілген күй кестесі (ауысу функциялары) көмегімен түсіндіруге болады. Кестенің әрбір жолы тіркегіштің шығысында активті ауысуы пайда болғанға дейінгі күйіне ( бағандар) және пайда болғаннан кейінгі күйіне ( бағандары) сәйкес келеді. DS бағанында DS кірісіндегі активті ауысу пайда болғанға дейінгі сигналдың деңгейі белгіленген, ал i –бағанында күйіне жеткізген импульстің нөмірі белгіленген.
Уақыттық диаграмма мен күй кестесі жылжыту тіркегішінде ақпараттың қозғалысын көрнікті көрсетеді.
Функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жылжыту тіркегішінде ақпаратты параллель енгізу, шығыстардың жоғары омды күйіне қосылу, нөлдік қалыпқа құру, және т.б. қарастырылуы мүмкін.
Жылжыту тіркегішін жад тіркегіші ретінде де қолдануға болады. Бірақ ол үшін ақпаратты тізбектес кіріс арқылы енгізу үшін тіркегіштің разрядтығына тең болатын тактілер саны қажет, жад тіркегішіндегідей біреу емес.
Универсалды тіркегішке К155ИР13 микросызбасы мысал бола алады (6.6-сурет). Оның жұмыс тәртібі SR және SL кірістеріндегі сигналдардың деңгейімен беріледі. Оңға жылжығанда DR кірісіндегі сигнал DO0 кіші разрядына әрбір такттік импульстің фронты бойынша көшіріледі, ал DO1 шығысындағы ескі ақпарат жоғалады. Солға жылжығанда ақпарат DL кірісінен DO1 шығысына жазылады, ал DO0 шығысындағы ақпарат жоғалады. SL=SR=1 болғанда, микросызба параллель тіркегіш сияқты жұмыс істейді. Оның DI кірістеріндегі ақпараттарды жазу такттік импульстің фронты бойынша жүреді. кірісіне нөлді бергенде тіркегіштің барлық триггерлері нөлдік күйге түседі.
4.6-сурет. Универсалды К155ИР13 тіркегіші.
5. САНАҒЫШТАР
5.1 Жалпы түсініктеме
Санағыш дегеніміз- бұл функционалды тізбектес құрылғы. Оның шығысындағы сигналдар комбинациясы С санау кірісіне импульстің активті ауысуы келіп түскенде белгілі бір заңдылықпен өзгереді. Шығыс сигналдарының өзгеру заңдылығы санағыштың ішкі күйін кодтаудың таңдалған әдісімен анықталады. Басқалардан қарағанда екілік, екілік-ондық, унитарлы кодтар жиі қолданылады. Осы кодтарды қолданатын санағыштар интегралды орындауда шығарылады және, сәйкесінше, екілік, екілік-ондық, сақиналық деп аталады. Санау кірісінен басқа санағышта оның мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да кірістері болуы мүмкін (бастапқы күйге құру, жұмысты шешу және т.б.).
Конструкторлық документацияның бірыңғай жүйесі (ЕСКД) С санау кірісін белгілеудің (және жалпы динамикалық ИМС кірістерін) бірнеше нұсқаларын ұсынады. Бұл нұсқалар 7.1-суретте көрсетілген : а) 0-ден 1-ге ауысу бойынша басқару (оң ауысу бойынша, фронт бойынша), және 7.1 б) суретінде- 1-ден 0-ге ауысу бойынша басқару теріс ауысу бойынша ( қайту (спад) бойынша ). Форма 1 суреті ең қолайлы болып табылады.
Санағыштың бастапқы күйін және пайдаланатын кодты біле тұра, шығыс сигналдарының комбинациясы бойынша оның санау кірісіне дәл сол мезетте келіп түскен импульстердің санын анықтауға болады. Сондықтан санағыштарды импульстерді санау үшін де қолдануға болады.
Санағыштың тұрақты күйінің (шығыстағы сигналдар комбинациясы) саны санаудың модулі немесе коэффициенті деп аталады. Санау модулі М деп белгіленеді және ол М модулі бойынша санағыш деп аталады. Санағышпен есептелуі мүмкін импульстердің максимал саны ( санағыш сыйымдылығы ) М-1 – ге тең. Санау кірісіне кезекті М-1 – ден кейінгі импульстің активті ауысуы келіп түскенде, санағыш бастапқы күйге ауысады. Мұндай жағдай санағыштың толып кетуі деп аталады.
Санағыштың модулі қолданатын кодқа және санағыш шығысының санына байланысты. Шығыс саны «n» болғанда, санаудың максимал модулі екілік үшін « 2n» , ал сақиналық санағыш үшін «n» (шығыс саны разряд санына тең) тең. Екілік-ондық санағышта бір ондық разряд үшін төрт шығыс (декадалар) қажет және мұндай декадалардың максимал санау модулі – 10.
Егер санағыштың кірісіне f жиілікті импульстар тізімі берілсе, санағыштың толып кетуіне периодты түрде f/M жиілігімен пайда болады. Бұл қасиет жиілікті бөлу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда шығыс сигналы соңғы разрядтан немесе толып кетуден қалыптасатын импульсі бар арнайы шығыстан түсіндіріледі. Сондықтан тек қана жиілікті бөлу үшін арналған санағыштарда бір негізгі шығысы болады және олар санағыш-бөлгіштер немесе сандық таймерлер деп аталады.
Қалпының өзгеру тәртібіне байланысты санағыштар қосып жинақтау (өспелі тәртіпте) және азайту (кемімелі тәртіпте) болады. Мысалы, қосып жинақтайтын екілік санағышта импульстің санау кірісіндегі әрбір активті ауысу осы санағышта жазылған санға бірді қосады, ал азайтатында бірге азайтады. Егер санағыш екі режимде де жұмыс істей алатын болса, онда ол реверсивті деп аталады. Интегралдық орындауда қосып жинақтайтын және реверсивті санағыштар шығарылады. Олардың қосып жинақтау режиміндегі бастапқы комбинациясы нөлдік, азайту режимінде М-1 .
Санағыштар триггерлерден құралады және түрлілігіне байланысты синхронды және асинхронды болып бөлінеді. Құрылымы бойынша асинхронды санағыштар тізбектес неесе параллель ауысуымен болуы мүмкін. Синхрондық санағыштар ең күрделі және жылдам әсер еткіш.
Жылдам әсер еткіштігі маңызды параметр болып табылады. жұмыс кезінде әлі жаңылу болмайтын екі активті ауысу арасындағы минималды уақытпен және активті ауысу пайда болып, жаңа күйдің (құру уақыты) құрау арасындағы уақытпен анықталады. Санаудың максималды жиілігі анықталады.
Көптеген санағыштардың бастапқы күйін қалауымызша өзгертуге болады. Бұл үшін оларда бастапқы күйді құрудың арнайы кірісі бар. Осы кіріске керекті бастапқы күйге сәйкес код комбинациясы және загрузканы басқару кірісі жіберіледі.
Асинхронды загрузкеасы бар санағыштарда ақпарат бастапқы күйді құру кірісінен загрузканы басқару кірісінде сигналдың активті деңгейі пайда бола салысымен-ақ шығысына көшіріледі.
Айтарлықтай барлық санағыштарда нөлдік күйге түсіру кірісі бар. Ол басқа кірістерге қарағанда басты басымдылыққа ие.
Санағыштар, өздік элементтер сияқты , әр түрлі сигналдардың санын есептеуге, жиілікті азайтуға, сондай-ақ түрлі құрылғыларды (сандық фазаайналдырғыштар, жиілік синтезаторы, т.б.) құру кезінде қолданылады.Қазіргі уақытта интегралдық орындауда шығарылатын санағыштар: тікелей байланысы бар асинхронды , параллелдік ауысуы бар асинхронды және синхронды.
5.2 Санағыштарды құру сызбасы.
Құрылымы бойынша ең қарапайым асинхронды екілік санағыштар болып табылады. Ол 7.2-суретінде көрсетілгендей, бір-біріне тізбектей жалғанған асинхронды Т-триггерлерден тұрады.
Б ір триггердің шығысы екінші триггердің кірісіне жалғанған бұл сызба тікелей байланысы бар сызба деп аталады. Екілік санағыштарда қолданбалы триггерлердің саны разряд санына тең болады.
5.2-сурет. Тікелей байланысы бар санағыш.
5.3-сурет 5.4-сурет
Санағыштың жұмысын уақыттық диаграммамен түсіндірген ыңғайлы. Қарастырылып отырған санағыш үшін мұндай диаграмма 5.4-суретте келтірілген. Санағыштың бастапқы күйі нөлдік. Бірінші триггердің кірісінде 1-ден 0-ге ауысу пайда болғанда ол нөлден бірге аусысады (t1). Бірінші триггердің кірісінде екінші 1-ден 0-ге ауысу пайда болғанда ол
бірден нөлге ауысады, ол екінші триггердің кірісінде 1-ден 0-ге ауысуды тудырады, ол нөлден бірге ауысады (t2). Үшінші 1-ден 0-ге ауысу пайда болғанан кейін бірінші триггер қайтадан ауысады және т.с.с. Диаграммадан байқайтынымыздай, сегізінші импульстан кейін толып кету жүреді де, санағыш қайтадан алдыңғы қалпына құрылады.
Санағыштың кезектес жұмысын сондай-ақ күй кестесінен де (ауысу функциялары) көруге болады. Қарастырылып отырған сызба үшін бұл кесте 5.3-суретте келтірілген. Бірінші бағанда күйдің нөмірі көрсетілген, екіншіде шығыстың импульстің активті ауысуы келіп түскенге дейінгі мәні, үшіншіде - келіп түскеннен кейінгі мәні келтірілген.
Сызбада 5.2-суретте триггерлер бірінші триггердің кірісіндегі активті ауысуға қатысты t=n*t3 уақыт ішінде тізбектей ауысады. Мұндағы n – триггерлер саны, t3 - бір триггердің қайта қосылу уақыты. Бұндай сандардың жылдам әсер етуі разрядтар санына тәуелді және олардың саны ұлғайса, жылдам әсер еткіштігі төмендейді.
Бұл кемшілікке қарамастан, өзінің қарапайымдылығының және жеңіл өсімшілдігінің арқасында мұндай санағыштар кеңінен қолданыста жүреді.
Тікелей байланысты К1533 екілік санағыштың ШГБ-уі және оның құрылым сызбасы 5.5-суретте келтірілген. Санағышта екі С0 мен С1 санау кірісі бар және екі құру R1, R2 кірісі бар. Триггерлерден құрылған (DD2-DD4) құрылған тізбек сегізге санағыш-бөлгішті құрайды, DD1 триггері жекеленген екіге бөлгіш сияқты жұмыс істейді. Егерр барлық триггерлерді тізбектей қосатын болсақ, Q0 шығысы С1 кірісіне қосылғанда, санау модулі 16 болатын санағыш пайда болады.
5.5 - сурет а) ШГБ және б) К1533ИЕ5 санауыштың структуралық сызбасы
Тікелей байланысы бар санауыштардағы шапшаңдылықты жоғарылату үшін параллелді тасымалдауды пайдаланады. Санауышты құру принципі және оны пайдалану 5.6. суретінде көрсетілген.
5.6 сурет. Паралллелді тасымалдайтын санауыш
Мұнда, триггердің шығысы келесі триггердің кірісімен ЖӘНЕ(И) элементі арқылы біріккен, және әрбір келесі ЖӘНЕ(И) элементіне кіші разрядты триггерлермен байланысқан барлық алдыңғы ЖӘНЕ(И) элементінің шығыстары қосылған.
Кіріс импульсінің 1-ден 0-ге ауысуы (перепад) барлық ЖӘНЕ элементіне түседі және тек сол сәтте басқа кірістерінде бірлік мәні бар ЖӘНЕ элементтері арқылы ғана триггерлердің кірісіне бірінші триггер бірмезетті өтеді. Мысалы, санауыш 5.3. суреттегі кестенің 5 жолына сәйкес келетін күйде болсын. Бұл жағдайда бірлік бірінші және үшінші триггерлердің шығыстарында болады. Кірісте +1 пайда болғанда 0-ден 1-ге ауысу (перепад) болады, бірлік тек қана бірінші ЖӘНЕ элементінің кірістеріне орналасады (екінші триггердің шығысында, яғни екінші ЖӘНЕ элементінің шығысында да нөл болады). Сондықтан, кірісте +1 пайда болғанда 1 ден 0 ге ауысу кезінде тек бірінші және екінші триггер ғана ауыстырып қосылады және санауыш 5.3. суреттегі кестенің 6 жолына сәйкес келетін 110-шы күйге ауысады.
Соңғы ЖӘНЕ(И) элементінің шығысында тасымалдау импулсі қалыптасады, ол санауыштардың өсуі үшін қолданылады.
Кіріс импулсіне қатысты соңғы триггердің іске қосылу уақытының кідірісі мұндай сызбада триггерлер санынан тәуелсіз және ол ЖӘНЕ элементіндегі сигналдың уақыт кідірісімен ғана анықталады. Бұл санауыштың кемшілігі тасымалдау сызбасының қиындатылуы мен санауыштың разрядтылығының көбеюінен ЖӘНЕ(И) элементінің шығысындағы жүктеменің өсуі, сонымен қатар, ЖӘНЕ(И) элементімен анықталатын кідіріспен бірге триггерлерлердің ауыстырып қосылуы.
Мұндай санауышқа үлгі ретінде 5.7 суретте көрсетілген К555ИЕ7 санауышы бола алады. Бұл реверсивті төртразрядты екілік санауыш. «+1», «–1» кірістері – қосындылау немесе алып тастау операциясын орындайтын есептеу кірістері. Тактілі импульстің кірісіне «+1» бергенде санауыштың шығыстарында Q1, Q2, Q3, Q4 екілік код 1-2-4-8 пайда болады. Барлық триггерлер бірлік күйінде болғанда келесі он алтыншы тактілі импульс(төменгі деңгейлі сигнал) тасымалдау шығысына өтеді (P ³ 15 қорытынды).
5.7 сурет Параллельді тасымалды санауыш К555ИЕ7
С инхронды санауыштарда барлық триггерлерді бірмезетті ауыстырып қосуға болады. Оларда синхронды Т және динамикалық D триггерлері пайдаланылады. Мұндай санауыштың структуралық сызбасы 5.8. суретте көрсетілген.
5.8 сурет
Мұнда кіріс импульстері триггерлердің синхронды кірістеріне түседі(беріледі). Информационды кірісте кіріс импулсінің активті ауысуы (перепад) пайда болғанда сигнал деңгейі орнатылады, ол осы триггердің қосылу қосылмауын анықтайды. Кірісте активті ауысу(перепад) пайда болғанда, санауыш элементіндегі өту(ауысу) процесі аяқталу керек және барлық триггерлер бірмезетті ауыстырылып қосылу керек (егер триггерлердің өздерінің ауыстырылып қосылу уақытын ескермесек).
Мысалы, санауыш 5.3 суреттегі 5 жолға сәйкес келетін күйде болсын және СЕ кірісінде бірлік мәні бар. Бұл жағдайда бірлік мәні тек қана бірінші ЖӘНЕ(И) элементінің барлық кірістерінде болады(себебі екінші триггердің шығысында нөл) және бірінші және екінші триггерлердің информационды кірістерінде бірлік мәні орналасады, ал үшінші триггердің кірісінде нөл болады. Осылайша активті ауысу кірісінде +1 пайда болғанда бірінші және екінші триггерлер ауыстырып қосылады және санауыш 110 күйіне өтеді.
СЕ кірісі берілген санауыштың триггерлерін ауыстырып қосуға рұқсат ететін кіріс болып табылады және ол есептеуге рұқсат ету кірісі деп аталады. Барлық триггерлер және СЕ кірісі бірлік күйінде болғанда СР шығысында сигналдың активті деңгейі қалыптасады. Санауыштарды өсіру кезінде СР шығысы келесі санауыштың СЕ кірісіне қосылады және тасымалдау шығысы деп аталады.
Синхронды санауышқа үлгі ретінде 5.9 суретте көрсетілген К555ИЕ7 санауыш бола алады. Бұл реверсивті төрт разрядты екілік-ондық(есептеу модулі 10-ға тең) информацияны синхронды параллелді жазатын синхронды санауыш.
V2 кірісіне логикалық 0 бергенде микросызба Dl – D8 кірістерінен информацияны параллелді жазу тәртібіне ауысады. Жазба синхронды және С кірісіндегі тактілі импульс шебі бойынша болады.
Р2 тасымалдау шығысында логикалық 1 пайда болады, егер санауыш 9 күйінде болса, ал P1 кірісінде логикалық 1 бар болса.
Азайту санауышының құрылу сызбасы 5.10 – суретте көрсетілген. Тасымалдау сигналы әрбір алдыңғы триггердің инверсті шығысынан алынған, қосындылайтын санауыштағы сияқты санауыштың күйі(қалпы) туралы информация триггерлердің тура(тікелей) шығыстарынан алынады.
Бірінші тактілі импульстен кейін бірінші триггер қосылады. Q1 шығысында пайда болатын 1/0 ауысу(перепад) екінші триггердің кірісіне түсіп, оны іске қосады. Осыған ұқсас екінші триггерден үшінші триггерге тасымалданады, одан кейін төртінші триггерге, нәтижесінде бірінші импульстен кейін санауыш 1111 (N=15) күйінде болады. Әрбір келесі импульстің келуімен санауыштағы қосынды бір мәнге азайып отырады. 16-шы импульстен кейін санауыш нөлге ие болады. Q4 шығысында тасымалдау сигналы қалыптасады. 5.11-суретте азайту санауышының уақытша жұмыс істеу диаграммасы көрсетілген.
Азайту санауыштары жекелей шығарылмайды, себебі реверсивті санауыштар қосу тәртібінде де, азайту тәртібінде де жұмыс істей алады.
5.11-сурет. Азайту санауышының уақытша жұмыс істеу диаграммасы.
5.3 Есептеу модулі ерікті санауыштар
Интегралды тұрғыда атқарылып шығарылған санауыштар бекітілген есептеу модуліне ие. Бірақ бекітілген модульден басқа модулге қажеттілік жиі туындайды. М модулі бойынша дайын санауышқа ие бола отырып, модулі аз санауышты екі әдіспен алуға болады.
Бірінші әдіс, санауыш толып кетпей тұрып оны бастапқы күйіне босату. Бұл үшін санауыш шығысына күй детекторы қосылады, ол есептеу соңындағы қажетті комбинация пайда болғанда босату сигналын өңдейді. Күй детекторы ретінде дешифраторды, сандық компаратор немесе ЖӘНЕ(И) элементін пайдалануға болады. 5.12 суретте ЖӘНЕ(И) элементін пайдалану сызбасы көрсетілген.
5.12 - сурет 5.13-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |