№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау



бет17/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДӘРІСТЕР ТРК

10. Параграф. Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау
364. Қосалқы ағаш ресурстарына қабық, түбір, бұтақ, тамыр, жапырақ, бүршік жатады. Қосалқы ағаш сүректерінің қажеттілігі және олардың тізімі бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.

365. Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау мүмкіндігінің көлемі мен аудандары, әртүрлі кесу шараларының жобалануына сәйкес болады.



11. Параграф. Ормандарды қайта қалпына келтіру, оларды дамыту және өнімділігі төмен ағаштарды жаңарту
366. Ормандарды қайта қалпына келтіру және оларды дамыту шаралары шаруашылық шараларды жүргізуге болмайтын жерлерден басқа мемлекеттік орман қорының барлық рұқсат етілген жерлердің МОҚ санаттарында жүзеге асырылады.

Жобалау жұмыстары орманды пайдаланушылардың көп жылдар бойы, орман екпелері мен табиғи жаңаруды зерттеу жұмыстары кезінде жиналған мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі.


Жобаланылатын іс шаралардың құрамына төмендегілер кіреді:
1) орманмен қамтылмаған аумақтарға екпе ормандарын отырғызу;
2) өнімділігі төмен және бұталы ормандарды жаңарту үшін, жасанды алқаағаштарды құру;
3) орманды басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде жас өскіндерді ескере отырып, олардың табиғи жаңаруының артуына әсер ету;
4) табиғи жаңарудың келешекте орман құруына мүмкіншілігі бар аудандарды қалдыру;
5) мелиоративтік орман өсіру.
367. Ұдайы өндіру мен орман өсіруді талап ететін және шаруашылық әсер етуге қолайлы учаскелерге енетін орман екпелерінің қоры аралап көріп таксациялау мәліметтері бойынша анықталады:
1) шаруашылық құнды тұқымдылардың табиғи жолмен өсуі мүмкін емес орманмен қамтылмаған учаскелер;
2) тексеру кезеңінде жаппай кесуге жіберілген басым тұқымдылардың толымдылығы бойынша, табиғи жаңаруы мүмкін емес кеспеағаштар;
3) қалпына келтірілген және басқа да орманмен қамтылмаған жерлер (орман мелиорациясы ретінде белгіленген, құмдар, жыралар, балкалар, карьерлер);
4) өнімділігі, толымдылығы төмен алқаағаштар мен екпе ормандарды отырғызу жолымен қалпына келтірілетін бұталы өсімдіктер.
368. Орман орналастыру кезеңіндегі кеспеағаштардың жасанды жолмен қайта қалпына келтіруді қажет ететін ауданы толысқан орман астарындағы табиғи жаңаруды және есепті кеспеағаштың нақты және болашақтағы пайдаланылуын ескере отырып есептеу арқылы анықталады.
369. Орман екпелерін отырғызу шаралары белгіленген учаскелерде есептік әдістемелік картасы болмаған жағдайда, орман орналастыру жобасының түсініктеме қағазында отырғызылатын көшеттердің саны және орналасуы көрсетіледі.
370. Алқаағаштары қайта құру кезінде ағаштар толық жойылғанда – орман екпелері жаппай жобаланады, ал коридорлар мен толымдылығы төмен телімдердің ашық жерлерінде көшет отырғызған жағдайда – жартылай жобаланады.
371. Табиғи жаңаруға жәрдемдесу тексеру кезеңіндегі тұқымдылардың өскіні нашар кеспеағаштарда, орман астарындағы толымдылығы төмен толысқан, толысушы және көнерген ағаштарда, ағашы кесілген және басқа да орманы табиғи жолмен өсетін орманмен қамтылмаған жерлерде белгіленеді.
Табиғи жаңаруға қолдан ықпал етудің әдістері төмендегідей болады:
1) басты мақсатта пайдалану үшін жаппай кескен кезде, құнды тұқымдылар өскіні мен балауса ағаштарды сақтау мен оларды келешекте күту;
2) шаруашылықта маңызы бар өздігінен шыққан ағаштар мен балауса ағаштарды күту;
3) сақталған өскіні жеткіліксіз учаскелерде орман екпелерін отырғызу;
4) біртіндеп топырағын өңдеу;
5) табиғи жаңарып келе жатқан учаскелерді қоршау;
6) жаңа кесілген жерлердегі табиғи жаңаруға қалдырылған жас өскіндерді жабайы және үй жануарлары зақым келтірмеуі үшін қоршап қою.
372. Орманның табиғи жаңаруына арналған іс шаралар өткен жылдардағы кесілген жерлерді зерттеу жұмыстарының негізіне сүйене отырып, орманмен қамтылмаған аумақтардағы балауса ағаштардың динамикалық жағдайын талдау арқылы жүзеге асырылады.
Табиғи жаңару учаскелерін таңдау басым тұқымдылардың орман жиегінде және кесілген жерлерде жақсы дамуына байланысты болады.
373. Ормандары ұдайы өндіру немесе табиғи жаңаруға қалдыру жоспарланған учаскелерде іс шаралардың жоспарлары арнайы ведомосқа барлық іс шаралардың түрлері бойынша қорытынды шығарылып және әр отырғызу әдісі бойынша есептік технологиялық картасы көрсетіліп жазылады.
374. Орманды дамыту кезінде жыралардың, балкалардың, құмдардың және тағы басқа ормансыз жерлердің жұмыс көлемі бөлек есептеледі.
375. Ормандарды ұдайы өндіру, өсіру көлеміне байланысты уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерінің саны, орман тұқымбақтарының аудандары мен оларға қажетті орман тұқымдары есептеліп шығарылады.
Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында орман тұқым шаруашылығы мен тұқымбақтарын дамыту, уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерін, аналық және ұластыру плантацияларын салу туралы ұсыныстар беріледі.
№6.Орман ресурстарының жіктемесі.
7. Орман ағаштарының породаларын сипаттау.
8.ҚР су ресурстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет