2. ДӘріс тезистері



бет9/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Осы топтың «әдістері» оқушының тұлғасы үшін норма болуы тиіс мінез-құлық әдеттерін дамытуға бағытталады. Бұл әдістер күнделікті тұрмыстық-тәжірибелік салаға байланысты және олар баланың өзіндік әлеуметтік тұлғаның жеке тұлға болып қалыптасу қасиеттерін дамытуға бағытталады.
Мұндай әдістерге мыналар жатады:
Жаттығу; Үйрету; Талап ету; Тапсырма беру; Тәрбиелік жағдаяттарды ұйымдастыру
Жаттығудардың мақсаты оқушы істеуге, білуге тиіс ережелерді қайта-қайта беру арқылы, оны автоматты түрде меңгерту. Мұндай жаттығулардың нәтижесінде баланың жеке-дара қасиеттері – дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Бұл қасиеттердің табысты қалыптасуы үшін жаттығуларды баланың жастайынан беру қажет, жастайынан меңгерілген тәрбие тез игеріледі.
Тәрбиелеу арқылы қалыптасқан әдеттерге негізделген қасиеттерге: шыдамдылық, өзін-өзі бақылау дағдылары, ұйымдастыру, тәртіп, қарым-қатынас мәдениетін жатқызамыз.
Үйрету – бұл қарқынды түрде орындалатын жаттығулар. Әдетте бұл жаттығулар баланың бойында жоғары деңгейде, белгілі бір қасиет қалыптастыру керек болғанда қолданылады. Көп жағдайда үйрету әдісі оқушы үшін ұнамсыз, ауыр жүйе болып келеді. Гуманистік бағыттағы зорлап үйрету тәсілі балаға ауыр не қиын болып көрінгенімен, кейбір үйрету шаралары өте маңызды және ол тәрбиеленушінің игілігі үшін жасалады және ең соңында міндетті түрде жағымды нәтиже береді. Гуманистік педагогика зорлап, күштеп үйрету сынды адам құқығына қайшы келетін әдістерді қолдамайды, кебір маңызды, (бала қабылдамаса, күштеп орындалатын қасиеттерді ендіру үшін ол тәсілді басқа тәсілмен) ойын тәсілі арқылы жеткізуі тиіс.
Талап ету – бұл әдіс арқылы оқушының кейбір жағымды қызлықтарын одан сайын дамытып, ал жағымсыз қылықтарын тежеу арқылы, оқушы бойында өзін-өзі ұстау нормасының қасиеттерін қалыптастыру әдісі.
Жанама талап ету тікелей талап етуден біраз айырмашылықтары бар. Мұнда іс-әрекет стимулы ретінде талап ету емес, оқушының осы іс-әрекетке байланысты психологиялық факторы, қызығушылығы, уайымы, нәтижеге бағытталуы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет