6M020100 – «философия» мамандығы бойынша магистратураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама мазмұНЫ



бет1/8
Дата19.02.2024
өлшемі37.14 Kb.
#492477
  1   2   3   4   5   6   7   8
6М020100 Философия каз


6M020100 – «ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсат-міндеттері

Бағдарламаның мақсаты: магистратураға түсушілердің әлеуметтік философияның негізгі теориялық мәселелері, қазақ және қазіргі заман философиясының ерекшеліктері туралы білімдерін айқындау, философияны оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау.


Міндеттері:

  • философияның мәні туралы білімді меңгеру деңгейін анықтау;

  • қазақ философиясы, оның тарихи даму кезеңдері мен философиялық ілімдердің негізгі өкілдері жайында білім деңгейін айқындау;

  • әлеуметтік философияның іргелі ұғымдары мен принциптері, қоғам, адам мен табиғатты зерттеуде дүниетанымдық аспектілері мен методологиялық әдістерін білу деңгейін айшықтау.

  • кредиттік жүйе бойынша оқу жағдайында философияны оқыту методикасын игеру деңгейін нақтылау.

  • заманауи философияның негізгі бағыттары мен мәселелері туралы білім деңгейін бағалау.

  • түсушілердің ақиқатты сыни зерделеу деңгейңн айқындау.

Қабылдау емтиханының формасы аралас − жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан сұрақтарына берілген өзінің жауаптарын жауап парақтарына жазады, апелляция жағдайында жауап парағындағы жазбалар негізге алынады.




2. «6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

«6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлер келесі біліктіліктерге ие болуы тиіс:



  • философияның генезисін, ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін, тарихи-философиялық білімнің даму кезеңдері мен маңызды салаларын, негізгі философиялық ғылыми мектептерді, бағыттар мен концепцияларды білу;

  • философия тарихы, қазақ философиясының тарихы, әлеуметтік философия, әлеуметтік антропология мен эпистемология, тұлға философиясы салаларын жетік білу; заманауи құқық және саясат философиясының, тарих философиясы, тіл және сана философиясы салаларының негізгі концепцияларын меңгеру;

  • адам мен қоғам табиғатын тануда социогуманитарлық әдістемені, философиялық пәндерді білім беру мекемелерінде оқыту әдісін білу және оны педагогикалық практикада қолдана білу;

  • заманауи ақпараттық технологиялар негізінде философия саласында зерттеу жүргізу мен ұйымдастырудың әдістерін игеру;

  • әріптестер және студенттермен араласу этикасы мен психологиясына ие болу;

  • өз бетінше білімін жетілдіруге және өз бетінше оқуға бейім болу, әрдайым кәсіби біліктілігін жетілдіруге ұмтылу, білім және ғылым саласында жұмыс істеу;

  • әлеуметтік жағдайларды жетілдіруді жасай алу қабілетінің болуы және жанжалдарды күшкөрсетпеу жолымен шешу, әлемдік мәдениет принципі негізінде өмір сүруге ұмтылу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет