7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың моделі



бет8/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Амирова Ляззат Базархановна

1.3 ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың моделі


Аталмыш бөлімде біз, ең алдымен зерттеуіміздің негізі «әлеует» ұғымын контент-талдау арқылы жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.
Контент-талдау тиімді зерттеу техникасы болып табылады, ол нақты проблема туралы көрсету немесе ақпараттандыру сипатын, түрлі бейнелерді қалыптастыру ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Төмендегі контент - талдаудың арқасында «Әлеует» түсінігі 1935 жылдан 2015 жылға ғылыми басылымдарда: энциклопедиялар, сөздіктер, педагогикалық журналдар мен оқу құралдарымен егжей-тегжейлі зерттелді [128] (кесте 5).

Кесте 5 - Ғылыми басылымдардағы «Әлеует» ұғымының контент-талдауы (1935 - 2015 жж).





Авторлар

Түсінік

Сілтеме

1

2

3

Д.Н.
Ушаков

Әлеует – қандай да бір дүниені жүргізуге, сүйемелдеуге, сақтауға қажетті құралдар,
шарттар жиынтығы.

Түсіндірме сөздік «Орыс тілі» бас., Мәскеу - 1935-1940
жж.362-б.

С.А.Ожегов

  1. Әлеует – қандай да бір қатынастағы қуаттылық дәрежесі, қандай да бір құрал, мүмкіндіктер жиынтығы.

  2. Ішкі мүмкіндіктер.

Орыс тілінің сөздігі. 8-бас., Мәскеу - 1970ж.561-б.

А.М.
Прохоров М.Е.
Гиляров Е.М.
Жуков

Әлеует – мүмкіндіктердің кең сыныбын сипаттайтын түсінік.

Кеңестік энциклопедиялық сөздік, «Кеңес энциклопедиясы» бас.; Мәскеу
- 1979ж.1058-б.

Е.А.
Иванникова

  1. Әлеует – қандай да бір әрекет, қандай да бір функцияның ықтимал көрініс табуының дәрежесі.

  2. Әлеует – қажет жағдайда қандай да бір мақсатта қолданылуы мүмкін барлық құралдар, қорлар, көздер жиынтығы.

Орыс тілінің сөздігі, ТЗ, 8-бас.
«Орыс тілі» бас., Мәскеу – 1984ж.
330-б.

5 – кестенің жалғасы



1

2

3

М.С.
Гиляров

  1. Әлеует – ақпаратты жылдам жіберуді қамтамасыз ететін электр сигналы.

  2. Әрекет әлеуеті – жүйке жасушаларының қозуынан пайда болатын мембраналық әлеуеттің жылдам ауытқуы.

Биологиялық энциклопедиялық сөздік. 2- бас., «Кеңес энциклопедиясы» бас.; Мәскеу - 1979ж.501-б.

А.М.
Прохоров

Әлеует (лат. - күш) – міндеттерді шешу, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін мүмкіндіктер,
құралдар, қорлар көзі.

Үлкен энциклопедиялық сөздік. Мәскеу – 1991 ж.
«Мәскеу энциклопедиясы» бас.188-б.

Г.В.
Осипов

Әлеует – қандай да бір облыстағы қолда бар құралдар, қорлар, күштердің
жиынтығы.

Әлеуметтік энциклопедиялық сөздік, Мәскеу- 1998 ж., 254-б.

Т.А.
Ладыженская, А.К.
Михальская

Әлеует – адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің қандай да бір деңгейін қамтамасыз ететін өзара байланысты қасиеттерінің кешенін
көрсететін түсінік.

Педагогикалық сөзтану 2-бас., Мәскеу -1998 ж.
312-б.

Л.И.
Абалкин

  1. Әлеует –нақытылы бір салада қолда бар құралдар, мүмкіндіктер жиынтығы.

  2. Әлеует – моральды-саяси және экономикалық ресурстар жиынтығы.

Экономикалық энциклопедия, Мәскеу -1999 ж.,
587-б.

«Тұран» ұжымы

Әлеует – кәсіби қызметте нақты іске асырылуы мүмкін тұлғаның сұранысқа ие емес болып қалып отырған және
өзектендірілген интегративті күйі.

«Қазақстанның ұлттық экономикасының ғасырлар тоғысында дамуының отандық
әлеуеті» Алматы-2000.54-б.

В.С.Безрукова

  1. Әлеует – бұл тұлғаның әлі дамымаған, пайдаланылмайтын, сұранысқа ие емес қабілеттері, негізі, тұлғалық қасиеттері, білімі, дағдылары.

  2. Әлеует – жұмыскердің еңбек тапсырмаларын табысты орындау мен өндірістік міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның кәсіби елеулі қасиеттері мен сипаттарының даму

дәрежесі.

Рухани мәдениет негізі (педагогтың энциклопедиялық сөздігі) – Екатеринбург. 2000 301-б.

Джери Д. Джери Дж.

  1. Әлеует – ойлаудағы және міндеттерді шешудегі жаңашылдықпен сипатталатын интеллект аспекті.

  2. Әлеует – адам өмірінің басқа құндылықтарынан үстем тұратын тұтыну мен тұтыну игіліктерінің жоғарғы құндылықтар есебінде алға шығуымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс.

Үлкен әлеуметтік түсіндірме сөздік, Ұлыбритания -2001 ж, Т.1
544-б.

С.А.
Кузнецов

Әлеует – қандай да бір қатынастағы қуаттылық дәрежесі, қандай да бір
дүниеге барлық қажетті мүмкіндік, құралдар жиынтығы.

Орыс тілінің заманауи түсіндірме сөздігі. Мәскеу, - 2002 ж.,588-б.

5 – кестенің жалғасы



1

2

3

Е.Н.
Захаренко А.Н.
Комарова И.В.
Нечаева

Әлеует - қажет жағдайда қандай да бір мақсатта қолданылуы мүмкін қандай да бір облыстағы құралдар, мүмкіндіктер, көздер жиынтығы

Шет тіл сөздерінің жаңа сөздігі, Мәскеу-2003 ж., 507- б.

В.Д.Шолле

Әлеует – күш өрістерінің кең сыныбын
сипаттайтын түсінік.

Алтын қор. Энциклопедиялық
сөздік. Мәскеу -2003ж., 317-б.

А.А.
Әлімбаев

Әлеует – қандай да бір қызметтің шекті мүмкіндіктері немесе қабілеттерін, қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруды
білдіретін термин.

Өңір дамуының экономикалық проблемалары. Оқу құралы.
Қарағанды -2005. 213-б.

Л.П.
Кураков В.Л.
Кураков А.Л.
Кураков

Еңбек әлеуеті – адамдардың еңбек қабілеттілігін анықтайтын түрлі қасиеттерінің жиынтығы: адамның белгілі бір сападағы еңбекке қабілеттілігіне себеп болатын жалпы және арнайы білімдерінің, еңбек
дағдыларының көлемі.

Экономикалық энциклопедиялық сөздік, Мәскеу-2005ж., 701-б.

Е.Ю.Усик

  1. Әлеует – жас адамның қасиеттері мен сипаттарының жиынтығы, олар қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісінде пайдаланылуы мүмкін (толықтай және ішінара).

  2. Әлеует – социумның даму немесе құлдырауының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтайтын қасиеттер мен сипаттарға ие (қабілеттер, білім, денсаулық, мәдениет деңгейі және т.б.) адами ресурстар.

Терминологиялық ювенологиялық сөздік, 1-бас. Мәскеу-2005ж.,
264-б.

Р.Корсини, А.Ауэрбаха

  1. Әлеует - (лат. Potentia – күш) қандай да бір міндеттерді шешу, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін мүмкіндіктер, құралдар, қорлар, көздер.

  2. Әлеует – қандай да бір облыс, қандай да бір қатынастағы қолма-қол құралдар, мүмкіндіктер жиынтығы.

Психологиялық энциклопедия
«Аванта+» басп.,2-басп., СПб.: АҚШ – 2006
1096-б.

Е.Ф.
Губский Г.В.
Кораблева В.А.
Лутченко

Әлеует – бұл қабілет, күш, қуат, схоластикада материяға таңылатын қандай да бір дүниеге айнала алу мүмкіндігі.

Философиялық энциклопедиялық сөздік Мәскеу -2009ж, «ИНФРА-М»
басп.358-б.

Г.И.
Абдікеримова

Әлеует – тұлғаның социо мәдени және шығармашылық сипаттарының жиынтығы, қызметті жетілдіруге дайындығын және осы дайындықты қамтамасыз ететін ішкі құралдар мен
әдістердің болуын білдіреді.

Кәсіби педагогика. Оқу құралы. Алматы-2008.
«Экономика» басп.. 368-б.

  1. – кестенің жалғасы


1

2

3

Е.С.
Балтабаев А.Ж.
Куватов

Әлеует – адамның, жекелеген әлеуметтік топ пен жалпы қоғамның физикалық және рухани күштерінің жүйесі, оларды жүзеге асыру қоғамдық құрылымдардың кең ұдайы өндірісін және индивид өмір сапасын жоғарылатуды қамтамасыз
етеді.

«Студенттердің ұйымдастырушылық әлеуетін қалыптастыру». Павлодар- 2010. 23-б.

Н.
Темірбеков

Әлеует – жекелеген адамдар, ұйымдар немесе секторлардың белгілі бір рөлдерді орындау немесе белгілі бір өнімді дайындау тұрғысындағы дағдылары,
білімдері немесе қабілеттері.

«Маңызды күндер хроникасы» мақаласы. Өскемен-2011.
69-б.

Ф. Н.
Жакыпова

Әлеует адамның бар қабілеттерін тәжірибе жүзінде қолдануы мен пайдалануы тұрғысындағы осы шақты білдіреді (әлеует «ресурс» мәнін
қабылдайды).

«Қазақстанныың жоғары мектебі» Алматы, 2013ж. – 24- 26-б. «Жоғары білімдегі заманауи тенденциялар».

З. Ж.
Оразалиев

Әлеует адаммен жинақталған және оның қандай да бір қызметке қабілетімен шарттайтын қасиеттерінің жиынтығы тұрғысында көрініс табады.

«Жаңа мектеп» журналы, 2014ж.-16-19-б. «Білім
алушылармен рухани- адамгершілікті тәрбилеу
бойынша жұмыстың проблемлары мен әдістері»

Ж. Е.
Ермұхамедов а

Әлеует - жекелеген тұлға, қоғам, мемлекеттің белгілі бір саладағы мүмкіндіктері

«Бастауыш мектеп» журналы, 2014ж., Алматы.
«Қазақ тілі, Қазақстан тарихы және орыс әдебиетінің біріккен сабағы».

Т. А.
Талалаев

Әлеует – бұл адамның тұтынған азық- түлігіндегі энергияны пайдалану үлесі.

Эксперименттік білім бойынша халықаралық журнал. – 2015 ж., 729-729-б.
«Өріс теориясының элементтері. Векторлық
талдау»

Жоғарыдағыны қорытындылай келе, «Әлеует» түсінігі ғылымның түрлі салаларында және түрлі мағынада пайдаланатынын байқадық. Атап айтсақ, философиялық, психологиялық, экономикалық, биологиялық және педагогикалық тұрғыда ғалымдар қарастырған.


Ғылыми әдебиетті талдау әлеует көп мағыналы түсінік екенін көрсетті. Мысалы, әлеует туралы қажет жағдайда қандай да бір мақсатта қолданылуға болатын барлық құралдар, қорлар, көздердің жиынтығы ретінде айтады. Әлеует қандай да бір әрекет, қандай да бір функция көрініс табу ықтималдығы дәрежесімен байланыстырылады. Әлеует ретінде күш өрістерінің кең сыныбы сипатталатын шама (магнитті, эклектикалық, химиялық әлеует және т.б.)
түсініледі. Әлеует жекелеген тұлға, қоғам, мемлекеттің белгілі бір саладағы мүмкіндіктерін де білдіреді. Гуманитарлы және әлеуметтік-экономикалық пәндерге қатыстысы, мұнда әлеует әдетте адамның ресурстары, резервтері немесе мүмкіндіктері мен белсенділіктерінің синонимі ретінде қолданылады. Әрбір адам мұрагерлік тұқым қуалау арқылы және өмірлік тәжірибеге тәуелді болуы мүмкін белгілі бір әлеуетке ие деп айтуға болады.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, ғылымның басқа салаларында әлеует әдетте ресурстардың синонимі ретінде қолданылады және «кадрлық әлеует»,
«өнеркәсіптік әлеует», «энергетикалық әлеует», «ғылыми әлеует»,
«эстетикалық әлеует» және т.б. үйлесімде қолданылады. Дәлел ретінде Л. И. Абалкиннің Әлеует – «орын мен уақытқа байланған ресурстардың жалпыланған, жинақталған сипаты» деп есептейтін пікірін келтіреміз [43,с. 18]. Біз тұлға әлеуетінің алуан түрлерін зерттеушілер әдетте мүмкіндік пен шынайылық санатында адам тұлғасының статикалық емес қасиеті ретінде қарастырады және оның басты сипаттарының жиынтығы арқылы ашылады, олардың көмегімен әлеуеттің айқын және жасырын күйлерін бағалау
мүмкіндігіне қол жеткізілетінін анықтадық.
Төменде кесте 6 ғалымдардың еңбектеріндегі әлеует түрлерінің зерттелінуін көрсетуге тырыстық (кесте 6).

Кесте 6 - Ғалымдардың еңбектеріндегі әлеует түрлерінің зерттелінуі




Автор

сипаттама

Дереккөз

1

2

3

Д. Джери

Шығармашылық әлеует – ойлаудағы және міндеттерді шешудегі жаңашылдықпен сипатталатын интеллект аспекті. Шығармашылық қабілет дивергенттік ойлауды тұжырымдайды, әдетте қарапайым жағдайға мүмкін болғанша көп жауаптар санын талап етеді (мысалы, ерекше пайдалану, ассоциативті
байланыстар).

Үлкен әлеуметтік түсіндірме сөздік - М.:. 1999ж,
414-б.

Борисов А.Б

Еңбек әлеуеті бүгінгі таңда қолда бар және болашақта болжанатын елдің, өңірдің немесе кәсіпорынның еңбек мүмкіндіктері. Еңбек әлеуеті еңбекке қабілетті халық саны, оның кәсіби-білім
деңгейі және басқа да сапалық сипаттармен сипатталады.

Үлкен экономикалық сөздік. - М.: Кітап әлемі, 2003.- 895

Чамкаева Е.П.

Тәрбиелік әлеует балалардың жан-жақты дамуыгна көмектесетін факторлармен мен жағдайлардың шеңбері, ол отбасылық микро орта,отбасының өмір сүру салты, сондай-ақ, отбасының рухани-тәжірибелік қызмет саласындағы мүмкіндіктерін қамтиды.

Неміс педагогикасындағы
«жастар бірлестіктерінің тәрбиелік әлеуеті» түсінігінің мәні / Жас ғалым. 2012.
№5. 536-539-б.

  1. – кестенің жалғасы




1

2

3

М.В.Поп
ова

Еңбек әлеуеті бүгінгі таңда қолда бар және болашақта болжанатын елдің, өңірдің немесе кәсіпорынның еңбек мүмкіндіктері. Еңбек әлеуеті еңбекке қабілетті халық саны, оның кәсіби-білім деңгейі және басқа да сапалық сипаттармен
сипатталады.

Қаржылық сөздік 1983 34-б.

М.С
Гиляров

  1. Әрекет әлеуеті - жүйке жасушаларының қозуынан пайда болатын мембраналық әлеуеттің жылдам ауытқуы.

  2. Әлеует – ақпаратты жылдам жіберуді қамтамасыз ететін электр сигналы.

Биологиялық энциклопедиялық сөздік. 2-бас., Мәскеу
- 1989ж.501-б.

Немов Р. С.

Әрекет әлеуеті – нейрон денесінің мембранасында пайда болатын және жүйке жасушасы қозу күйіне келуі, жүйке импульстарын түрлендіруге қабілетті
болуы үшін жеткілікті болатын электрлік әлеует.

Психологиялық сөздік. 2007 жыл, Мәскеу «Идел -
Пресс» 235-б.

А.Сен,
М.Уль- Хак

Адами әлеует - бұл мемлекет халқының алуан түрлі айқын және жасырын қасиеттерінің интегралды формасы, белгілі бір табиғи – экологиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайларда азаматтарының даму мүмкіндігі мен деңгейін
көрсетеді.

В концепции (человеческого развития ) (Human Developmen) Нобелевская премия
(1998 г)

Н.А.
Преобра женская

Тұлға әлеуеті -темперамент, адам мінез – құлқы, оның тұлғалық пен шығармашылық мүмкіндіктері, іскерлік сапалары, қоршаған адамдармен қарым – қатынас құра
алуы, сонымен қатар ішкі үйлесімділікке жету әдістері туралы білуге мүмкіндік беруші.

Книга: (Потенциал вашей личности) из серии Практика
самопознания 2007год с. 188

Бабикова С.О.

ЖОО – ны газетінің педагогикалық әлеуеті – оқырманға педагогикалық әсер етуші газет мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жиынтығы, олар өзара байланысты және өзара шартталған БАҚ үшін ерекше жүйелер арқылы іске асып, жоғары даярлық деңгейінде оқырманға педагогикалық әсер етеді.

Педагогический потеннциал вузовской газеты в профессиональном становлении будущих учителей.дисс..к.п.н.Е
.2000.

Вьюнова Д.С.

Лидерлік әлеует - бұл алынған коммуникативті – ұйымдастырушылық тәжірибені қалыптан тыс педагогикалық жағдаяттарды шешуде кәсібилікпен орындай алу мүмкіндігі және оқушы ұжымының барлық мүшелерінің үздіксіз тұлғалық өсуін қамтамасыз етуші режим

Развитие лидерского потенциала студентов в воспитательном пространстве педагогического вуза...дисс.к.п.н.,
М.2012

Сонымен, біз әлеует ұғымының ғылымда жан-жақты зерттелгенін байқадық. Мысалға, шығармашылық әлеует, еңбек әлеуеті, адами әлеует, тұлғаның әлеуеті, әрекет әлеуеті, тәрбиелік әлеует және біздің зерттеуімізге тікелей қатысты лидерлік әлеует.


Жоғарыдағы айтылған пікірлерді қорыта келе, біз ғалымдардың еңбектеріндегі әлеуеттің зерттелінуін төмендегі суретте көрсеттік (сурет 1).
Лидерлік әлеуеттің даму мәселесін қазіргі кезде зерттеу үшін «тұлғаны»
«субъектілік феномені» ретінде түсініп, тұтастылықтың ерекше формасы, оған
«өзін әлемге деген өмірлік қатынас субъектісі ретінде тануы, заттық қатынас субъектісі, қарым – қатынас субъектісі және өзіндік сана субъектісі». Өзін субъект ретінде қайта жаңғырту маңызы, осылай болашақта өмір сүру, өзінен шығып және кері қайта оралу мүмкіндігі. Адамның субъект ретінде қайта туылуы және өзін солай көрсетуі, өзіндік құндылығы белсенді цикл түзеді.
Студенттердің лидерлік мүмкіндіктерінің көрінуі детерминация, мінез – құлық реттілігі (мақсат, мотив, әдіс өзара келісілгендігі), сонымен қатар өзгетоп мүшелерімен тиімді өзара әрекеттестікте болуы. Белгілі деңгейде бұл топ ішінен мүмкін болатын лидер жастарды іріктеуге әсер етеді.
Студенттерде лидерлік әлеует дамуы лидер болу қажеттілігі туындаған кезде қалыптасады, олар тұлғаның құндылықты – бағдарларына негізделеді. Сәйкесінше, психологиялық білім мазмұны осыған бағытталуы керек. Тек интеллектуалды емес, және де қоғамдық іс-әрекетте жетістікке жету ұстанымы лидерлік қызметтерді орындау мотивациясын тудырады. Беделге ие болу, жауапты шешімдер қабылдау құқығын әріптестерінің қабылдауы – бұл өмірдегі маңызды жетістік, ол өзіндік бағасын көтеріп және дербес абырой қалыптастырады.
«Лидерлік әлеует» термині бір қарағанда пайдалы болу үшін өте субъективті болып көрінуі мүмкін. Сөйтсе де, әлеуеттің жоғары деңгейі маңызды рөл ойнай алады. Корпоративті лидерлік кеңеске сәйкес лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейі үш құрамдас бөліктен тұрады: ұмтылыс, қабілет және қатысу. Барлық үш құрамдас бөлік бойынша жоғары ұпай алған тұлғаларды ұйымдағы лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейі бар үміткерлер деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет