190
191
Экономикалық орта. Нарық үшін адамдардың өздерімен
қатар, олардың сатып алу қабілеттіліктері де маңызды. Сатып алу
қабілеттіліктерінің жалпы дəрежесі ағымдағы табыс дəрежесіне,
бағаға, қаржы сақтауға, несие алудың
қол жетімділігіне байла-
нысты. Сатып алу қабілеттілігіне экономикалық құлдырау, жұмыс-
сыздықтың көптігі, несие алу құнының өсуі əсер етеді.
Нарық қайраткерлері табыстардың бөлінуіндегі географиялық
ерекшеліктерді де ескеруге тиісті. Олар өз күштерін келешекте
табысты болатын аудандарға шоғырландыруы керек.
Табиғи орта. 60-жылдары қоғам
дамыған мемлекеттердегі
өнеркəсіптік қызметтер қоршаған ортаға зиянын тигізеді деп
алаңдады.
Мазасызданған заң шығарушылар қоршаған ортаны қорғау
бойынша түрлі шараларды ұсына бастады.
Қоршаған ортадағы
өзгерістер фирмалар өндіретін жəне нарыққа ұсынатын тауарларға
да əсер етті.
КЕЙБІР ШИКІЗАТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ.
Мұнай, тас
көмір, басқа да жаңармайтын ресурстардың азаюына байланысты
маңызды мəселе туындауда.
Бастапқы шикізаттардың барлығына қарамастан, тапшы
саналатын пайдалы қазба байлықтарды қолданатын фирмалардың
қызметі күрделеніп, анағұрлым үлкен
шығындарды талап етуі
мүмкін. Ал бұл шығындарды тұтынушылардың иығына арту
оңайға түспейтін шығар. Ғылыми-зерттеу жəне іздеу жұмыстарымен
айналысатын фирмалар шикізаттың жаңа көздерін ашу жəне жаңа
материалдар шығару арқылы бұл мəселені ішінара шеше алады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ ҰЛҒАЮЫ. Өнер-
кəсіптік қызмет барлық уақытта қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Осы мəселеге қатысты қоғамдағы алаңдаушылық жағдайға
икемделетін фирмалардың
алдында жақсы маркетингтік
мүмкіндіктер ашып отыр. Қоршаған ортаға зиян келтірмейтін
өндіріс пен тауарлардың жаңа орауыштарының балама тəсілдерін
іздеу басталды.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛ-
ДАНУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ҮРДІСІНЕ
БАТЫЛ АРА-
ЛАСУЫ. Маркетинг қызметінің басшылығы осы мəселелердің
барлығын назарда ұстауға тиісті. Бұл фирма қызметіне қажетті
ресурстарды, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін дəрежеде алу
мүмкіндігіне ие болу үшін қажет. Бұл мағынада кəсіпкерлік қызмет
мемлекеттік органдардың да, қоғамдағы
ықпалды топтардың да
мықты бақылауында қалатын болар. Бизнес реттеудің барлық
формаларына қарсылық көрсетудің орнына, мемлекеттің алдында
тұрған материалдық ресурстармен жəне энергиямен қамтамасыз
ету мəселесін шешуге қатысу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: