А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі



бет11/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас бола отырып, бір – бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобы. Әрбір сөздің стильдік бояуы оның қарақан жеке басынан көрінбейді, стильдік жағынан бейтарап сөзбенен салыстыру арқылы келіп шығады. Сондықтан әрбір стильдік синонимнің қасында оның қарама – қарсы қойылып айтылатын бейтарап мәнді сыңары тұруы керек. Стильдік синонимдер әрқилы жалпы халықтық бір тұтас сөйлеу тілі және жазба тілі болып екі негізгі салаға бөлінуімен байланысты синонимдер де осы екеуінің әрқайсысына телінді болып, біреуін өзіне қарай меншіктеп тұрады.

  • Мағыналық – стильдік синонимдер кейде бір – бірінен не мағынасы жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді.Олар өзара әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп, екі жақты қарым – қатынас жасап тұра береді.

    Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты еңбегінде: «Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сын есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданылады.

    1. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.

    2. Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.

    3. Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.

    [С.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. 18-бет.]
    Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:

    1. Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.

    2. Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.

    3. Өзара синоним сөздер бір сөз тобына жатады.

    4. Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады деген.

    Филология ғылымдарының кандидаты Майра Балтабекқызы Нұрғалиева «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер» атты еңбегінде: «Белгілі бір ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің мағынасын бірі толықтырып тұрады» - деген.
    Синонимдердің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуында кірме сөздердің де орны ерекше екендігін анықтап,




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет