Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Дәріс № 10. Тақырыбы: «Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»



бет50/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Дәріс № 10.

Тақырыбы: «Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»

1 Сортсынау әдістемесінің ерекшеліктері

2 Табиғи мал азықтық жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері
Сортсынауда, табиғи мал азықтық жерлерде, суармалы жағдайда және топырақтарды жел эрозиясынан қорғау танаптық тәжірибелерді жоспарлауда, салуда және өткізуде агротехникалық танаптық тәжірибеге қойылатын барлық талаптар сақталу керек – типтілік, дәлділік бір айырмашылық принципін сақтау, бірақ мұнда бірқатар ерекшеліктер бар, сондықтан осы тарауда оларға назар аударылады.
1 Сортсынау әдістемесінің ерекшеліктері
Сорттарды салыстырмалы бағалау жұмыстарының технологиясы «Ауылшаруашылық дақылдарының мемлекеттік сортсынау әдістемесінде» тиянақты түрде келтірілген, оның негізгі ұстанымдары төменде келтірілген.
Сорттарды сынау бірнеше кезеңде өтеді: біріншіден селекциялық орталықтарда және ғылыми мекемелерде жаңа сорттарды шығарғанда, ал сортты шығарғаннан кейін – мемлекеттік сортсынауда, мұнда тәжірибелерді салу мен өткізу әдістемесінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ, бірақ сортсынау жүйесіне өз әдістемесі жасалған, бұл жұмыстар соған сәйкес жүргізіледі.

Селекциялық мекемелерде сынаудың үш түрі өткізіледі – алдын-ала, конкурстық және мемлекеттік.

Алдын-ала сынау біріншілік селекциялық атқарудағы селекциялық материалды бағалау үшін жүргізіледі, яғни мұнда селекционер перспективті нөмірлерді, линияларды таңдап, жамандарын шығарып тастау мүмкіндігіне ие болады.

Конкурстық сынау – алдын-ала сынаудан таңдалған селекциялық нөмірлердің ең жақсыларын, жаңа сорттар сияқты мемлекетік сынауға берер алдындағы соңғы тексеру болып табылады. Селекциялық үдерістің алғашқы кезеңдерінде тұқымдар аз, сондықтан алдын – ала сынауда конкурстық сынауға қарағанда мөлдектер ауданы аз, ал кейде қайталымдарда да аз, басқа әдістемелік талаптары бірдей.

Мемлекеттік сортсынау арнайы сортсынау учаскелерінде жүргізіледі, олар әр облыстың территориясында 7-12 жерде біркелкі орналасады.

Сынаудың келесі түрлері бар: конкурстық, кеңейтілген, суармалы және кептірілген жерлердегі арнайы, сорттарды агротехниканың әртүрлі тәсілдерінде сынау, аурулар мен зиянкестерге жаңа сорттар төзімділігін тексеру, өндірістік және тағы басқалар.
Осы тарауда конкурстық, кеңейтілген және өндірістік сынаулар ерекшеліктеріне назар аударылады. Конкурсты және кеңейтілген сынауларда тәжірибелерді қою және өткізу әдістемелері селекциялық мекемелердегі конкурстық сортсынау әдістемелерімен сәйкес келеді.


Сорттарды сынау агротехниканың әртүрлі тәсілдерінде көпфакторлы тәжірибелер принципі бойынша жүргізіледі. Сортсынауда ауыспалы егіс және агротехникалық фон барлық учаскеде бірдей болу керек, бұған жоғарыда сәйкесінше тарауларда назар аударылды.
Ауылшаруашылық дақылдардың сорттарын конкурстық сынауларда тәжірибені қою мен өткізуге, оның дәлдігін арттыру үшін, аса қатты талаптар қойылады, өйткені тәжірибе қателігі 3-4% аспау керек. Бұл тәжірибелерде мөлдектердің минималды ауданы астық, жарма, дәнді бұршақ және басқа дақылдарда 4-6 реттік қайталымда 100 м2 кем болмау керек, көпжылдық және біржылдық мал азықтық шөптер, сүрлем дақылдары үшін 6 реттік қайталымда 50 м2 кем болмауы керек. Кейбір жағдайда конкурстық сортсынауда мөлдектер ауданын 3-4 реттік қайталымда 300-600 м2 дейін арттырады.
Сорттар мөлдектер бойынша сорттар мен стандарттарды салыстыруға болатындай орналастырылады, ол үшін қайталымдағы стандарттар санын арттырады, ал әр түрлі морфологиялық ерекшеліктері бар сорттарды қайталымдар мен мөлдектерде қуатты вегетативті массасы бар өсімдіктер көрші өсімдіктерге әсері болмайтындай етіп орналастырады.
Танаптың ерекшеліктеріне, сорттар және қайталымдар санына сортсынау бойынша тәжірибені агротехникалық сияқты, бір қабатқа салуға болады немесе бірнешеуге, бірақ әр қабатта қайталымдар саны жұп болу керек.


Кеңейтілген сынау конкурстықтан сорттар жинағының көп болуымен ерекшеленеді, сондықтан егер 20-дан астам сорт сыналып жатса, қосымша стандарт кіргізуге тура келеді. Селекциялық мекемелердегі және мемсортжүйесінде барлық өндірістік сынаулар бір әдістемемен өткізіледі.

Сортсынау жұмысында тәжірибелерді қойғанда ең маңыздысы себу болып табылады, өйткені онда кеткен қателер түзелмейді. Сондықтан тұқымдар тиянақты түрде дайындалады, әрбір сорт сыртқы және ішкі этикеткалары бар қаптарға салынады, сепкіштер қорғаныс жолақтарында себу үшін себу нормасына қойылады, әрбір сортты себу алдында сепкіш керекті себу нормасына қойылады, себуден кейін тұқымдар қалдықтары сол қапқа қайта салынады да өлшенеді, ал журналға нақты себілген тұқымдар санының көрсеткіші және олардың қалдықтары жазылады. Нақты себу нормасының ауытқулары есептелгеннен 4-5% аспау керек.
Себу жұмыстары өндіріс жағдайларына ұсынылған мерзімдерде жүргізіледі, егер олар зерттелетін сұрақ болмаса, себу нормасы сабақ бітіктігінің оңтайлы жиілігіне жету үшін қойылады. Сортсынауда тұқымдарды себу нормасы бір гектарда шыққан тұқым санына қойылады, тұқымдар массасына, ал кең қатарлы себу тәсілінде өсімдіктердің қоректену алаңына саналып қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет