«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет51/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Моноциттер – мононуклеарлы фагоцитарлы жүйенің (МФЖ) басты тізбегі. Бұл элементтер жүйесінің айрықша белгілерінің бірі фагоциттік және пиноцитоздік қабілеттілігі. Себебі, комплементке және антителаларды қармап сезуге арналған рецепторларының болуынан және олардың шығу тегімен морфологиялық құрылысындағы ұқсастық.
Моноциттер тканьге өткеннен кейін олар макрофагқа айналады. Фагоцитоздың қасиетімен қоса макрофагалар арнаулы иммундық қасиетін құрайды. Бөгде заттарды сіңіріп, оларды ерекше қосылыс иммуногенге айналдырады. Сөйтіп, лимфоциттермен бірігіп, иммундық жауап береді. Макрофагалар асқынған жердегі клеткаларды орнына келтіруге, липаза және темір алмасуына, ісікке және вирусқа қарсы күреседі. Осылардың басты себебі, олар лизосим, комплемент (қанның сұйық заты) интерферон, эластаз, коллагенез фибриногендік факторларды бөлуі болып табылады.
Лимфоциттер лейкоциттердің 20-40%-ын құрайды. Ересек адамдарда 10,12, жалпы салмағы 1,5 кг лимфоциттер болады. Лимфоциттердің басқа лейкоциттерден айырмашылығы олар қан тамырынан шығып тканьдерге кіріп қана қоймай, қайтадан қанға келіп түседі. Олар басқаларына қарағанда ұзақ уақыт 20 жылдан аса (кейбіреулер өмір бойы) тіршілік етеді.
Ағзадағы ең басты иммундық жүйе болып есептеледі. Сонымен қатар өзіне тән иммундық “бақылау” жасауға жауап беруші клетка. Бөгде заттардан қорғау мен ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Тағы да бір таңғаларлық қасиет өздеріндегі ерекше рецепторларының көмегімен “өзінікін” және басқа “бөгделерді” ажырата алады. Қорғаушы антиденелер түзеді, бөгде клеткаларды жояды. Трансплантаттың күшімен тартылу реакциясын қамтамасыз етеді.
Жоғарыдағы көрсетілген қасиеттер лейкоциттердің арнаулы формалары арқылы іске асырылады. Барлық лимфоциттер: Т-лимфоциттер (тимус тәуелді), В-лимфоциттер (бурса тәуелді) және нөлдік болып 3 топқа бөлінеді.
Т-лимфоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі клетка негізін салушылардан шығып, айырықша безге (тимусқа) бөлініп, содан кейін лимфа түйіндеріне, көкбауырға немесе қан құрамына өтіп айналыста, қозғалыста болады. Сөйтіп, олар барлық лимфоциттердің 40–70 %-ын құрайды.
Т-лимфоциттердің де бірнеше түрлері бар, олардың атқаратын қызметі әртүрлі. Хелпер-клетка (комплексті) В-лимфоциттермен байланысып, оларды плазмалық клеткаға ауыстырады. Супрессорлы клеткалар (тежеуші) В-лимфоциттердің шамадан тыс реакциясын тежейді. Басқа лимфоциттердің арақатынастарының тұрақтылығын сақтауға қатысады. Бөгде клеткалармен қосылып, оларды бүлдіріп жойып отырады. Ісік клеткаларын, бөгде транспланттарды, мутантты-клетканы жоя отырып, генетикалық тепе-теңдікті сақтайды. Киллер-клетканың біреуі бір бөгде клетканы жойып отырады. Киллер-клеткалар иммундық медиаторлар немесе лимфокиндер бөледі. Бұл лимфо-киндер лизосомдық ферменттерді активтендіріп немесе макрофагтардың көмегімен бөгде клеткаларды жойып отырады. Т-лимфоциттердің ішінде, сонымен бірге иммундік еске сақтайтын клеткаларда кездеседі және амплифайер клеткаларда бар (Киллер-клетканы активтендіруші).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет